Реферат «Операциялық жүйе»


Операциялық жүйе туралы түсінік



Pdf көрінісі
бет4/12
Дата01.02.2023
өлшемі1.16 Mb.
#469024
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Реферат «Операциялық жүйе» Операциялық жүйе

1.2 Операциялық жүйе туралы түсінік
Компьютерде атқарылатын нақты əрекетті команда деп атайды. Программа командалар тізбегінен тұрады. Компьютер
жұмысы программа арқылы басқарылады. Программаларды атқаратын қызметіне байланысты қолданбалы, жүйелік,
аспаптық деп 3 топқа бөледі.
Жүйелік бағдарламалар. Компьютерде программалардың жұмысын қамтамасыз ететін, компьютердің барлық
құрылғыларын бір жүйеге байланыстыратын программалар жүйелік программалар деп аталады. Жүйелік программалар –
ақпаратпен ыңғайлы жұмыс істеу үшін қосымша жұмыстар атқарады: компьютердің жұмысын тексереді, компьютер
туралы анықтама береді, ақпаратты өшіріп, сақтап жəне көшірмесін дайындауға мүмкіндік береді.
Жүйелік программалар үш топқа бөлінеді: ОЖ, драйвер, утилиттер. Утилиттер көшірмелік, тығыздаушы, антивирустық
болып бөлінеді.
ОЖ – компьютер іске қосылғанда шақырылады, компьютер жұмысын басқарады, құрылғыларын, аспаптарын тексереді-
тестілейді; жедел жад пен дискідегі орынды бақылайды, қолданбалы программаларды орындайды. Операциялық жүйе
компьютер іске қосылғанда жүктеледі. Кең тараған ОЖ-лер ретінде MS DOS, Windows жүйелерін атауға болады. DOS
операциялық жүйесі 1981 жылы IВМ PC компьютерлерімен бірге шығып, ол əрбір компьютерге орналастырылған
болатын. DOS – дискілік операциялық жүйе дегенді, ал MS – операциялық жүйені жасаған Microsoft фирмасы атын
білдіреді. Магниттік дискідегі, не басқа информация сақтауға арналған компьютерлік жабдықтағы ақпарат сақталатын
атауы бар орынды файл деп атайды. Файл атауы файл аты мен файл кеңейтілуінен тұрады. Файл аты 8 (256), ал файл
кеңейтілуі 3 таңбадан аспауы керек. Келесідей файл кеңейтілулерін қарастырайық.
com, exe – орындалатын программалар
bat – командалық файл
pic, pcx, bmp – бейнелік файлдар
doc, rtf, txt – мəтіндік файлдар
xls – 
кестелік файл
mdb – МҚ файлы
ppt – презентациялық файл жəне т.б.
Компьютермен жұмыс істеуде MS DOS операциялық жүйесінің көптеген кемшіліктері болды:
-əр жолы жүйемен тек бір мақсатты шешу ғана мүмкін;
-күрделі программалармен жұмыс істеу мүмкін емес;
-командалар тек пернетақтадан енгізіліп орындалады жəне олардың аты мен орындалатын əрекет қандай команда арқылы
берілетінін білу керек;
-жұмыс көзбен көру түрінде орындалмайды, көрнекі емес, программалар пайдаланатын сұхбаттық ішкі терезелері жоқ
жəне т.б.
1985 жылы Microsoft Windows фирмасы алғашқы рет MS DOS қуатынан жүздеген есе артық Microsoft Windows 1.0 атаулы
жүйелік программаны, ал одан кейінгі жылдары түрлі нұсқаны дайындап шығарды. MS Windows мүмкіндігі мол жəне
пайдаланудың терезелік, визуальды принципіне негізделген. Соңғы шыққан Windows 95, 98, 2000, XP, ME, Vista сияқты
жеке операциялық жүйелер. Windows – көп есептік операциялық жүйе. Көп есепті операциялық жүйе бірнеше
программамен бір мезгілде жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Windows жүйесінің MS DOS-қа қарағанда артықшылықтары:
-қолданбалы программаларды іске қосу, олармен жұмыс істеу тəсілдері ықшамды;
-программаның жұмыс істеуі кезінде оны уақытша тоқтатып, ретімен басқа бірнеше қолданбалы программаларды да іске
қосуға болады;
-қосымша программаларда түрлі форматты суреттерді салу, графиктерді сызу жəне оларды бір бетке енгізу тəсілдері
қиын емес жəне т.б.
Windows экранының негізгі бөлігін Жұмыс үстелі алып жатады. Онда қапшықтың, дисктің, программаның жəне т.б
объектілердің белгішелері орналасқан. Егер белгішеде 
белгісі болса 
, онда ол жарлық деп аталады. Жарлық – жұмыс
үстелінде емес, қандайда бір бумадағы объектіге сілтеме.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет