Реферат «Операциялық жүйе»



Дата19.11.2019
өлшемі1.02 Mb.
#447509
түріРеферат
Операциялық жүйе

"Қаржы академиясы" АҚ


РЕФЕРАТ

«Операциялық жүйе»

Орындаған: ВТКС-33

Тобынын студенті: Ибраев Ахмет

Нұр-Сұлтан 2019

КІРІСПЕ
Операциялық жүйе (ОЖ) компьютердің барлык құрылғыларының жұмысын және бағдарламалық жасақтауды басқару үшін қажет. Операциялық жүйе - компьютер косылғанда бірге жүктелетін және оның барлық құрылғыларының жұмысын басқаратын арнайы бағдарлама. ОЖ колданушымен сұхбат ұйымдастырады, орындауға басқа бағдарламаларды іске қосады, компьютердің ресурстарын (жедел жад, дискідегі орынды, т.б.) бөледі.

Дербес компьютерлер үшін ОЖ-лер бірнеше параметрлер бойынша ерекшеленеді: бір есепті және көп есепті; бір қолданушылық және көп колданушылық болып жіктеледі.



Бұдан басқа, ОЖ-де командалық немесе графикалық (немесе екеуі бірдей) көп терезелі интерфейс болуы мүмкін. Бір есепті ОЖ әрбір кезеңде компьютерде адамға бір ғана есепті шешуге, яғни тек бір ғана іспен айналысуға мүмкіндік береді. Көп есепті ОЖ бір мезгілде бірнеше бағдарламаларды іске қосуға мүмкіндік береді. Бұдан бірнеше жыл бұрын Місrosoft компаниясының қарапайым бір есепті, бір қолданушылы командалық интерфейсі бар МS-DОS операциялық жүйесі ең танымал болған.

Операциялық жүйелердің қазіргі кездегі атқаратын ролі жоғары болуы және оның заманға сай өзгеріп отыруы курстық жұмыстың өзекті мәселесі болып отыр.

Курстық жұмыстың мақсаты: Операциялық жүйе туралы түсінік беру, олардың даму тарихы мен компьютерге орнату жолдарын, оларды баптау әдістерін көрсету.

Осы мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қойылды:

- операциялық жүйе туралы мағлұмат жинастыру;

- олардың түрлерін анықтау;

- операциялық жүйенің құрылымына шолу жасау;

- компьютерге орнату әдістерін көріп, танысу



Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды және қолданылған әдебиеттерден тұрады. Кіріспеде жалпы құрылымы туралы айтылған. Бірінші бөлімде операциялық жүйе туралы түсінік берілген, Windows операциялық жүйесінің даму тарихы және оның элементтері туралы айтылған. Ал екінші бөлімде Windows операциялық жүйесін комьютерге орнату жолдары, оларды баптау әдістері көрсетілген.

1 ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК
1.1 Операциялық жүйелердің даму тарихы
ОЖ тарихы жарты ғасырдай уақытты қамтиды. Ол көбінесе есептеуіш аппаратураның және элементтік базасының дамуымен байланысты анықталады. Бірінші сандық есептеуіш машиналар 40ж. басында пайда болып, операциялық жүйелерсіз жұмыс істеді, ұйымдардың есептеу процессіндегі барлық есептері бағдарламалаушымен басқару пультінен қолмен істелінді. 50ж. ортасынан мониторлық жүйелер пайда болды, олар тапсырмалар пакетін орындауда операторлар жұмысын автоматтандырды. 1965-1975ж. интегральным микросхемаларға өту компьютерлердің келесі ұрпағына жол ашты, олардың өкілі IBM/360. Осы кезеңде қазіргі ОЖ – лерге қатысты барлық коцепциялар: мультипрограммалау, мультипроцесстеу, көптерминалды іс-тәртіп, виртуальды жад, файлдық жүйелер, қол жетуді шектеу және желілік жұмыстар жасалды. 60-ж. аяғында ARPANET глобальды желісін жасау жұмыстары басталды, ол Интернет желісінің аттану нүктесі болды. 70-ж. ортасына қарай мини-компьютерлер кең тарала басталды. Мини-компьютерлердің архитектурасы мэйнфреймдармен салыстырғанда қарапайым болды, бұл олардың ОЖ –лерінде де кескінделді. 70-ж. ортасынан бастап UNIX ОЖ-ні қолдану компьютерлердің әртүрлі типтеріне жеңіл түрде көше бастады. ОЖ Unix алдымен мини-компьютерлерге жасалған болса да, оның икемділігі, элеганттылығы, қуатты функционалдық мүмкіндіктері және ашықтығы компьютерлердің барлық класстарында орнықты позицияда болуына жағдай туғызды. 80ж. басы операциялық жүйе тарихында дербес компьютерлердің пайда болуымен айрықша мәнді болды. 80 жылдарда коммуникациялық технологияларға локальдық желілер үшін негізгі стандарттар: 1980 жылы — Ethernet, 1985 — Token Ring, 80ж. аяғында — FDDI қабылданды. Бұл төменгі деңгейдегі желілік ОЖ үйлесімділігін, сондай-ақ желілік адаптер драйверлерімен ОЖ интерфейсін стандарттауды қамтамасыз етті. 90ж. басында барлық ОЖ-лар әртекті клиенттер және серверлермен жұмысты қолдай алатын қабілеті бар желілік ОЖ айналды. Тек қана коммуникациялық есептерді (Cisco Systems компаниясының IOS жүйесі) орындауға арналған мамандандырылған желілік ОЖ-лер пайда болды.. Соңғы онжылдықтар ішінде корпоративтік желілік ОЖ-лерге ерекше көңіл бөлінді, олар үшін масштабтаудың жоғарғы дәрежесі, желілік жұмысты қолдау, қауіпсіздіктің дамыған құралдары, гетерогендік орталықта жұмыс істеу мүмкіндігі, орталықтан әкімшілік ету және басқару құралдарының болуы сипатты.
Windows операциялық жүйесінің даму тарихы
Windows операциялық жүйесі қолданушының дербес компьютерде жұмысын ыңғайлату үшін ойлап табылған. Оның пайда болуына дейін, кез-келген операциялық жүйе, қолданушыдан компьютердің басқару командалар тілін білуді талап еткен. Windows жүйелік ортаның бейнесін және онымен жұмыс жасау ережелерін өзгертті. Қолданушыға арналған қарапайым жұмыс ережелері бар ыңғайлы графикалық интерфейс пайда болды. Бірақ бұл өнімнің алғашқы версиялары суық қабылданып, қолданушылар арасында да, кәсіпкерлер арасында да үндес таппады. 1985-1990 жылдар арасында сұраусыз болған Windows, келесі бесжылдықта, MS-DOS операциялық жүйесінің алғашқы версиясының графикалық қабықшасынан Windows 95, Windows 98 және Windows XP версияларының толық операцияларық жүйесіне дейін өтіп, компьютерлік әлемнің бейнесін күрт өзгертті.

Microsoft компаниясы IBM дербес компьютерлеріне арналған графикалық қабықшаларды жасауды 1981 ж. бастады. Жұмыстың бірінші этапы 1983 жылдың сәуір айында Interface Manager программасымен аяқталды. Бірақ, өкінішке орай, бұл программа да қабылданбады. Тек 1985 жылдың маусым айында ғана Interface Manager программасы Windows 1.0. атауымен жарық көрді. Бұл вариант та алдыңғылар сияқты үндес таппады, бірақ бұл бағытта жұмыс жалғаса берді.

1987 жылдың қазан айында Windows 2.0. версиясы жарық көріп, үндес тапты. Жартыжылдың ішінде осы программаның бірінші миллион көшірмесі сатылды. Windows 2.0. үшін Microsoft Excel кестелік процессоры және бірқатар мәтіндік процессорлар, солардың ішінді Word 1.0. программасы жасалынды.

1990 ж. мамыр айында Windows 3.0. жарық көрді. Бұл версия қолданушылардың арасында тез үндес тапты. Windows 3.0.-да толық графикалық интерфейс қана болмай, сонымен қатар ол көпмәселелік режимін қолдады. Windows жүйесінің ең маңызды жақсы жағы – сырт құрылғылармен жұмысты үйлестіру: бұл жүйе қосымшаларға типті интерфейсті ұсына отырып, сырт құрылғылардың жұмысын ұйымдастырады. Компьютерді тышқанның көмегімен басқаруға мүмкіндік беретін, программалар диспетчері де (Program Manager) пайда болды.

Бірақ та Windows 3.0. жұмысының сенімділігі жоғары болған жоқ. Бұл кемсіздік 1992 ж. сәуір айында шыққан Windows 3.1. версиясында жойылды.

Сонымен, 1993 ж. қазан айында пайда болған, 3.11. жұмыс топтарына арналған Windows-тың версиясы, жергілікті желілерді күтетін программалық қамтамасыздандыруды орнатумен байланысқан, кіші кәсіпорындардың мәселесін шешті.

1995 ж. қыркүйек айында шыққан Microsoft Windows 95 операциялық жүйесі IBM PC компьютерлік платформасына арналған тұңғыш графикалық операциялық жүйе болды. Windows 95 жақсы жақтарының маңыздылығы, оның компьютерлік әлемдегі триумфты бастамасы болды. Бірақ бұл жүйені пайдаланған кезде, оның көптеген кемшіліктері шыға бастады, біріншіден жұмыс деңгейінің сенімділігі жоғары емес. Олардың көбісі Windows 95-тің OSR 2 атты модификациясында жойылды.

1998 ж. шыққан Windows 98 операциялық жүйесі маңызды деңгейде болашаққа бағғытталды. Оған, бұған дейін бөлек бөлек қойлыған, стандартты программалар комплектіне кіретін программалар өнімдері енгізілді. Маңызды деңгейде коммуникациялық мүмкіндіктер күшейді. Windows 95 пен Windows 98-дің бірдей тұжырымдамасына қатысты, олар орындалатын функцияларымен бір-біріне өте жақын және қолданушы жұмысына өте ұқсас интерфейстерді ұсынады.

2000 жылдың аяғында Windows 2000 ізбасары Windows Whistler деген кодты атауы бар операциялық жүйе кең тарады. Алдымен жетілдірушілер жаңа операциялық жүйенің желілік жұмысқа ғана бағдарын емес, сонымен қатар оның ішкі құрылғыларының жаңашылдығын көрсету үшін, оған Windows NET1.0 деген атауды беруге жоспарлаған. 2001 ж. жазына қарсы бұрынғы Whistler Windows XP деген атау алды. XP – ағылшын тілінен аударғанда тәжірибе, сынау дегенді білдіретін experience деген сөздің қысқартылған түрі.

Оның негізгі басқару құрылғылары – графикалық манипулятор және перне тақта. Бұл жүйе жеке компьютерді басқаруға арналған, бірақ шағын жергілікті компьютер желісін құруға арналған керекті құралдары және де компьютердің ауқымды желіге қосылуға арналған құрылғылары да бар.

Windows қасиеттері

көпмәселелік;

объектілі-бағдарлы үйлесімділік;

қолданушы графикалық интерфейс;

компьютерге жаңа құрылғылардың қарапайым қосылуы.

Көпмәселелік – бірнеше қосымшалардың жұмысын және қосылуын қамтамасыз етеді.

Объектілі-бағдарлы үйлесімділік – операциялық жүйенің элементтерін объект ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. Объет онымен орындалатын операциялармен де мінезделеді.

Қолданушы графикалық интерфейс – объектілермен орындалатын жұмысты бірыңғайлатады және көрнекі жасайды.



1.2 Операциялық жүйе туралы түсінік
Компьютерде атқарылатын нақты әрекетті команда деп атайды. Программа командалар тізбегінен тұрады. Компьютер жұмысы программа арқылы басқарылады. Программаларды атқаратын қызметіне байланысты қолданбалы, жүйелік, аспаптық деп 3 топқа бөледі.

Жүйелік бағдарламалар. Компьютерде программалардың жұмысын қамтамасыз ететін, компьютердің барлық құрылғыларын бір жүйеге байланыстыратын программалар жүйелік программалар деп аталады. Жүйелік программалар – ақпаратпен ыңғайлы жұмыс істеу үшін қосымша жұмыстар атқарады: компьютердің жұмысын тексереді, компьютер туралы анықтама береді, ақпаратты өшіріп, сақтап және көшірмесін дайындауға мүмкіндік береді.

Жүйелік программалар үш топқа бөлінеді: ОЖ, драйвер, утилиттер. Утилиттер көшірмелік, тығыздаушы, антивирустық болып бөлінеді.

ОЖ – компьютер іске қосылғанда шақырылады, компьютер жұмысын басқарады, құрылғыларын, аспаптарын тексереді-тестілейді; жедел жад пен дискідегі орынды бақылайды, қолданбалы программаларды орындайды. Операциялық жүйе компьютер іске қосылғанда жүктеледі. Кең тараған ОЖ-лер ретінде MS DOS, Windows жүйелерін атауға болады. DOS операциялық жүйесі 1981 жылы IВМ PC компьютерлерімен бірге шығып, ол әрбір компьютерге орналастырылған болатын. DOS – дискілік операциялық жүйе дегенді, ал MS – операциялық жүйені жасаған Microsoft фирмасы атын білдіреді. Магниттік дискідегі, не басқа информация сақтауға арналған компьютерлік жабдықтағы ақпарат сақталатын атауы бар орынды файл деп атайды. Файл атауы файл аты мен файл кеңейтілуінен тұрады. Файл аты 8 (256), ал файл кеңейтілуі 3 таңбадан аспауы керек. Келесідей файл кеңейтілулерін қарастырайық.

com, exe – орындалатын программалар

bat – командалық файл

pic, pcx, bmp – бейнелік файлдар

doc, rtf, txt – мәтіндік файлдар

xls – кестелік файл

mdb – МҚ файлы

ppt – презентациялық файл және т.б.

Компьютермен жұмыс істеуде MS DOS операциялық жүйесінің көптеген кемшіліктері болды:

-әр жолы жүйемен тек бір мақсатты шешу ғана мүмкін;

-күрделі программалармен жұмыс істеу мүмкін емес;

-командалар тек пернетақтадан енгізіліп орындалады және олардың аты мен орындалатын әрекет қандай команда арқылы берілетінін білу керек;

-жұмыс көзбен көру түрінде орындалмайды, көрнекі емес, программалар пайдаланатын сұхбаттық ішкі терезелері жоқ және т.б.

1985 жылы Microsoft Windows фирмасы алғашқы рет MS DOS қуатынан жүздеген есе артық Microsoft Windows 1.0 атаулы жүйелік программаны, ал одан кейінгі жылдары түрлі нұсқаны дайындап шығарды. MS Windows мүмкіндігі мол және пайдаланудың терезелік, визуальды принципіне негізделген. Соңғы шыққан Windows 95, 98, 2000, XP, ME, Vista сияқты жеке операциялық жүйелер. Windows – көп есептік операциялық жүйе. Көп есепті операциялық жүйе бірнеше программамен бір мезгілде жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Windows жүйесінің MS DOS-қа қарағанда артықшылықтары:

-қолданбалы программаларды іске қосу, олармен жұмыс істеу тәсілдері ықшамды;

-программаның жұмыс істеуі кезінде оны уақытша тоқтатып, ретімен басқа бірнеше қолданбалы программаларды да іске қосуға болады;

-қосымша программаларда түрлі форматты суреттерді салу, графиктерді сызу және оларды бір бетке енгізу тәсілдері қиын емес және т.б.

Windows экранының негізгі бөлігін Жұмыс үстелі алып жатады. Онда қапшықтың, дисктің, программаның және т.б объектілердің белгішелері орналасқан. Егер белгішеде белгісі болса , онда ол жарлық деп аталады. Жарлық – жұмыс үстелінде емес, қандайда бір бумадағы объектіге сілтеме.



1.3 Windows операциялық жүйесінің негізгі элементтері
Windows-тың экраны Жұмыс тақтасы деп аталатын жүйелі объект. Жұмыс тақтасы – бұл Windows-тың объектілері және оны басқару элементтері бейнеленген графикалық орта. Кәдімгі жағдайда Жұмыс тақтадан бірнеше экран элементтерін және тапсырмалар тақтасын байқауға болады.

Белгілер – Windows объектілерінің графикалық бейнелері, тапсырмалар тақтасы – басқарудың негізгі элементтерінің бірі.

Windows-та командалардың көптеген бөлігін тышқанның көмегімен орындауға болады. Тышқанмен тышқан сілтемесі деп аталатын белсенді басқару элементі байланысқан (бағыттама белгісі).


Файлдық жүйенің объектілері: Файл және бума

Файл объектісі

Windows ортасында кез-келген файл, онда сақталынатын ақпараттың негізін көрсететін атауы бар объект ретінде қабылданады. Windows ортасында MS DOS ортасына қарағанда файлдың атауы ұзын бола алады және ол сандардан, қазақ, орыс, латын әріптерінен, әр-түрлі символдардан құрылуы мүмкін. Контексті менюді шақырып, «Свойства» командасын таңдап, файлдың жалпы қасиеттерімен танысуға болады.
Бума объектісі

Windows –тың файлдық жүйесінің келесі негізгі объектісі – бума. Windows бумасы, іс жүргізудегі құжат сақтайтын кәдімгі бума қызметін атқарады: ол құжаттарды ретімен сақтайды.

Бумаға, файлға сияқты атау беріледі. Буманың қасиетімен де файлдың қасиетімен сияқты контексті менюді шақырып «Свойства» командасын таңдап, танысуға болады.
Объектілердің белгілері және жарлықтары.

Белгі объектінің графикалық бейнесі болып табылады. Белгімен орындалатын мәселе, іс жүзінде объектімен орындалады.

Windows ортасында негізгі түсініктердің бірі – жарлық. Бұл сол жақ бұрышында қара бағыттамасы бар бейне.

Жарлық – бұл кез-келген бір объектінің сілтемесі, сол объектінің орнын көрсететін екінші бейне. Объект пен оның жарлығы әр түрлі жерде орналасады.

Жарлық өлшемі 1 КБайт файлда сақталынады. Оның жеңіл құрып, жоюға болады. Бұндай әрекет онымен байланысқан файлға ешқандай кедергі жасамайды.

Жарлықпен орындалатын әрекеттер, файлмен орындалатын әрекеттермен іспеттес (аналогичны).

Терезелер – графикалық интерфейстің объектілері.

Қолданушының жаңа графикалық интерфейсінің негігізін, жақсы ұйымдастырылған және ойластырылған терезелер және басқа графикалық объектілер жүйесі ұсынады.



Терезе – құжат, қосымша, мәліметтер бейнеленген, экран мониторындағы көмкерленген тіктөртбұрышты аймақ. Егер қолданушы тереземен жұмыс жасап отырса, ол терезе белсенді болып саналады.

Windows-тың жалпы тұжырымдамасы, жаңа қосымшаны қосқан кезде, бәрін жаңадан меңгермеу үшін, жұмыс тәсілдерін және элементтерін барынша қалыптаудан тұрады. Сондықтан терезелер структурасы барынша бірыңғайлатылған және қолданушы интерфейсі бірқалыпты.


Берілгендермен алмасу.

Жақын уақытқа дейін компьютер әлемінде берілгендер алмасуын, жедел жады және сырт құрылғылар арасында берілгендерді енгізу және шығару процесстері ретінде түсінген. Windows тұжырымдамасының пайда болғанынан бастап, берілгендер алмасуын берілгендердің бір объектілерден келесілерге өтуі ретінде түсіне бастады.

Мұндай объектілер – қосымшалар, бумалар, құжаттар, ал көшірілетін берілгендер – құжат үзінділері, құжаттар, файлдар, бумалар және т.б. болып табылады.

Сонымен, файлды немесе буманы көшіру нәтижесінде, олардың көшірмелері пайда болады, ал қосымшалар арасында берілгендермен алмасу нәтижесінде әртүрлі қосымшаларда қалыптасқан, үзінділерден жиналған құжаттар құрылады.



Windows ортасында берілгендер алмасуы «Алмасу буфері» немесе белгіленген объектіні тышқан көмегімен орнынан жылжыту арқылы орындалады.


1.1 - сурет. Жұмыс үстелі


Жұмыс үстелінің арнайы бумалары

Менің компьютерім – компьютердің дискілерінің мазмұнын көрсететін және файлмен, бумамен әртүрлі операциялар /программаны іске қосу, көшірме алу, жылжыту, файлдарды жою, және т.б/ орындауға мүмкіндік беретін арнайы папка.

Қоржын – барлық жойылған файлдар мен папкалардың тізімі көрсетілген, арнайы папка.

Портфель – әртүрлі компьютерлерде өңделген құжаттардың көшірмелерін келістіру үшін қолданылады.

Желілік орта – локальдік желіге қосылған компьютердің дискісінің мазмұнын қарау үшін және онда әртүрлі операциялар жасау үшін қолданылатын арнайы папка.

Тапсырмалар тақтасы - қосымшаларды іске қосу үшін және бір қосымшадан екінші қосымшаға ауысу үшін қолданылады. Тапсырмалар тақтасында Пуск батырмасы, екпінді қосымшалардың батырмасы және индикаторлар орналасады.

Windows-қа қандайда бір команданы орындау үшін, қосымша информация керек болған жағдайда Сұхбат терезе ашылады.

Жанама меню – объектіні басқару жөніндегі негізгі командалардан тұрады. Жанама мәзірді шақыру үшін объектінің үстінен тышқанның оң жақ батырмасын басу қажет. Мысалы, тапсырмалар тақтасының үстінен тышқанның оң жақ батырмасын басса, екпінді қосымшалардың терезелерін басқаратын командалардан тұратын жанама мәзір ашылады. Жанама мәзірінің командалары да сол жақ батырма арқылы таңдалынады.

Қоржын/Корзина – барлық жойылған файлдар мен папкалардың тізімі көрсетілген арнайы папка. Жойылған бумалар мен файлдарды қалпына келтіру үшін: алдымен оны белгілеп, одан кейін Файл мәзірінен Восстановить командасын таңдау қажет. Ал бумалар мен файлдарды қоржыннан жою үшін: белгілеп, Delete пернесін немесе батырмасын басу жеткілікті. Қоржындағы барлық бумалар мен файлдарды жою үшін Файл мәзірінен Очистить корзину командасын таңдау керек.

Windows ож-нің негізгі элементі – терезе. Экранда көрінетін терезелер негізгі, сұхбаттық және мәліметтік болып үш түрге бөлінеді.

Windows терезесі –Windows-тың әртүрлі программалары орындалатын экранның төртбұрышты аумағы. Әр программаның өзінің терезесі болады. Барлық терезенің құрамы және құрылымы бірдей болады.

Терезенің құрамына келесі элементтер кіреді:

1 – тақырып қатары – программаның аты және терезенің аты көрсетілген терезенің жоғарғы жолы;

2 – терезені жинап қою батырмасы;

3 – терезені қалпына келтіру батырмасы (бұл батырманың болуы терезенің қалпынан тәуелді);

4 – терезені жабу батырмасы;

5 – жүйелік меню батырмасы– терезенің жүйелік менюын ашады;

6 – менюлар қатары – терезені басқару менюларынан тұрады;



7 – саймандар тақтасы – жиі қолданылатын командаларды шақыратын батырмалардан тұрады;

8 – айналдыру сызығы – терезенің мазмұнын қарауға мүмкіндік береді;

9 – жұмыс өрісі – объектіні (текст, сурет, белгіше және т.б.) орналастыруға және олармен жұмыс істеуге арналған жазықтық;

10 – қалып-күй – қалыптың индикаторлары орналасқан төменгі жолақ;

11 – терезенің жақтаулары

Терезе экран бетінде үш түрде болады:



толық экранды – терезе экран бетімен бірдей болып ашылады;

қалыптытерезе экранның қандайда-бір бөлігін алып тұрады;

жиналған – терезе жиналған күйде .

Терезені жабу: Қосымшамен (программа) жұмысты аяқтау үшін, терезені жабу қажет. Екпінді терезені келесі әдістердің бірімен жабуға болады:

терезені жабу батырмасын басу ;

пернеліктен Alt+F4 пернелер тобын басу;

Файл менюінен Выход командасын таңдау;

терезенің жүйелік менюынан Закрыть командасын таңдау (жүйелік меню батырмасын сырт еткізу).


Оларға қосымша, жүйе құрамында электрондық почтамен, факспен және желімен жұмыс істеуге арналған Интернеттің және ойын программаларының болуы мүмкін.

Windows-тың тағы бір ерекшелігі – Windows ортасында жұмыс істейтін түрлі қосымшалардың өзара әрекеттестігі. Мысалы, алмастыру буфері арқылы не өз терезесін пайдаланып бір қосымшаның берілгендерін екіншісіне ауыстыруға болады.

Кез келген ОЖ үшін файлдық жүйенің орындайтын іс-әрекеттері:

файл құру және оған ат беру;

каталог (бума) құру және оған ат беру;

файлдарды бір дискідегі каталогтардың бірінен екіншісіне не бір дискіден екіншісіне көшіру, іздеу;

файлды не каталогты жою;

автоматты түрде файлдың көшірмесін сақтап қою және т.б.

Windows ож-де файлдың атауы ең көп дегенде 255 символдан, кеңейтілуі 3 символдан тұрады. Атауы мен заты нүкте арқылы ажыратылады. Мысалы: Договор аренды.doc

Файлдың атауында келесі символдарды қолдануға болмайды: * ? \ / | : < > "



Файлдың атауының алдында оның затына байланысты белгіше тұрады.

1.4 Операциялық жүйелердің түрлері
Microsoft Windows  -  IBM  тәрізді  компьютерлерде  графикалық интерфейсті қолдануды кеңінен жүзеге асырған, қазіргі заман талабына сай жасалған операциялық орта. Оның дамытылған нұсқалары түрінде Windows NT, Windows 2000 сияқтыоперациялық жүйелер кеңінен қолданылуда.
Windows 98 (кодтаулы аты Memphis) — Microsoft корпорациясының 1998 жылдың 25 маусымында жарыққа шыққан компьютерлергеарналған графикалық операциялық жүйесі. Бұл жүйе Windows 95 жаңалатынған түрі болып саналады. MS-DOS 7.1 негізінде жасалған гибридтелген 16/32-разрядты өнім.

Дамытылған  AGP  жүйесін қолдауы, толығымен жасалған USB драйверлері, WebTV мен бірнеше мониторлармен бірдей жұмыс жасай алатын жаңа өнім болып келді. Windows 95 OSR 2.5-тегі дей Internet Explorer 4 интерфейсі сақталған.

Windows 98 арналған жүйелік қажеттіліктері: жүйені қондыруға керек ті процессор 486DX/66 MHz немесе одан да мықтырақ, 16 Мб ОЗУ және қатті дискті қосымш 195 Мб бос орын қажет етеді.
Windows 2000 (тағы да оны Win2k, W2k немесе Windows NT 5.0, кодтаулы аты Cairo) — Microsoft корпорациясының Windows NT отбасындағы 32-биттік процесстермен жұмыс жасайтын компьютерлерге арналған операциялық жүйесі.

Жүйе 1994 жылы жарияланды. Альфа-сынақ 1995 жылдың басынан бастап 1997 жылдың қыркүйек айы аралығында болды. Тұңғыш бета-нұсқасы жұртшылыққа 1997 жылдың 27 қыркүйегінде көрсетілді.
Ағымдағы сөздердің сыртқа таралуы

2004 жылдың 12 ақпанында пирингтік сайтында Windows 2000 ағымдағы сөздерінің бөлшектері сыртқа таралғаны мәлім болды. [1]
Windows XP (жасалу кезіндегі кодтаулы аты — Whistler; ішкі нұсқасы — Windows NT 5.1) — Microsoft корпорациясының Windows NT отбасындағы 2001 жылдың 25 қазанында жарыққа шыққан, компьютерлерге арналған операциялық жүйесі. Бұл жүйе Windows 2000 Professional дамытылған түрі болып саналады. XP атауы ағылш.eXPerience сөзінен шыққан (тәжірибе).
Windows Vista  Microsoft корпорациясының Windows NT отбасындағы, компьютерлерге арналған операциялық жүйесі. Ол жасалу кезінде «Longhorn» деген кодтаулы атымен аталды.
Windows Update — Windows жүйесінің қауіпсіздік мүмкіндігі.

Бұл қауіпсіздік жаңартуларды, маңызды жаңартуларды және жаңарту бумаларын пайдаланушы белгілеген кесте бойынша өздіктік түрде қотарып алуға және орнатуға арналған. Сонымен қатар осы мүмкіндіктің көмегімен маңызды жаңартулардың пайда болғаны туралы құлақтандырулар алуға болады.


2 ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕРДІҢ ҚЫЗМЕТІ МЕН ОРНАТЫЛУЫ
2.1 Операциялық жүйенің функциялары және міндеттері
Операциялық жүйе екі негізгі қызметті орындайды:

барлық қолданбалы және жүйелік программалардың жұмыстарын қолдап, олардың бір – бірімен және аппараттық жабдықтармен байланыстарын қамтамасыз ету;

әрбір адамға ЭЕМ –ді жалпы басқару мүмкіндігін беру.

ОЖ негізгі мақсаты – программалардың бір – бірімен және сыртқы құрылғылары мен әрекеттігін қамтамасыз ету, ЭЕМ –нің жадын бөлу, жұмыс кезінде туындайтын әртүрлі оқиғаларды анықтау, жұмыс нәтижелерін қағзға, экранға шығару жолдарын ұйымдастыру, мәліметтерді сыртқы ортадан алу және беру т.б. ОЖ –нің негізгі ядросы машина іске қосылған сәттен бастап ЭЕМ –нің жадында болады. Машинаны жалпы басқару үшін ОЖ –нің командалық тілі пайдаланады, оның көмегімен адам дискіні белгілеу, мәліметтерді көшіру, кез келген әртүрлі әрекеттерді орындайды.

Microsoft корпорациясының ОЖ даярлау жолындағы келесі елеуліқадамы болып ондағы графикалық интерфейс қондырма программа күінде емес, сол жүйенің ажырамас бөлігі болатын операциялық жүйені даярлау болып саналады . Осылайша Windows 95, Windows 98, және Windows NT операциялық жүйелері пайда болды. Қазіргі операциялық жүйелердің адамға беретін жеңілдіктері MS DOS  жүйесінің мүмкіндіктеріне қарағанда өте жоғары, ал графиктік интерфейс солардың тек бір қыры ғана.

Бұдан былай Windows жүйесі деген сөзді Windows 3.1х (кез-келген сан) және Windows 95 операциялық жүйелері деп ұққан жөн.

Компьютердің жалпы құрылымында операциялық жүенің орналасуын келесі 1-суретте көрсетелік. Астында екі немесе оданда көп деңгейден тұратын аппаратты қамсыздандыру орналасқан.Ең төменгі деңгейде интегралды микро схемалардан,электронда-сәулелі трубкалардан, қоректену көздеріне тұратын   физикалық жабдығы бар.  Жоғарыда микроархитектуралық дейгей орналасқан. Осы деңгейде орталық процессордың ішкі регистрлеры, арифметика-логикалық жабдықтар орналасқан.
Операциялық жүйенің орындайтын негізгі функциялары

1. пайдаланушыдан қабылдайтын командалар және олардың өңдеуі.


2. басқа программаларды іске қосу, тоқтату, кідіру үшін қабылданатын және орындалатын программалық сұраныс;
3. орындалатын программаларды оперативті жадыға жүктеу;
4. программаның инициациясы (передача ей упр-я в рез-те пр-р исп-т прогр-му)
5. барлық программалар мен деректердің идентификациясы,
6. деректер базасын басқару жуйесінің жұмысын жасау, программалық жасаудың тиімділігін көтереді;
7. мультипрограммалау режимін жасау (екі және одан да көп программалардың бір процессорда орындалуы);
8. барлық енгізу-шығару операцияларын ұйымдастыру және басқару функцияларын жасау;
9. жадыны үлестіру;
10. берілген стратегиялар және қызмет көрсету пән бойынша есептердің жоспарлауы мен диспетчерлеуі;
11. орындалатын программалар арасындағы деректер мен хабарлардың алмасу кетігін ұйымдастыру;
12. деректердің сақтауын жасау; бір программаны баска программаның қатерінен сақтау;
13. жүйенің бөліктік жаңылысу кезінде берілетін қызмет;
14. программалау жүйесінің жұмысын жасау арқылы пайдаланушылар өз программаларын дайындайды;


Операциялық жүйенің міндеттері:

дербес компьютерлердің аппараттық бөлігінің қосымшасы.Ол мәселелік программаларды сыртқы құрылғылармен байланыстыруды қамтамасыз етеді. Ал пайдаланушыға команда арқылы дербес компьютерлердің жұмысын басқаруға мүмкіндік береді.

Операциялық жүйемен қатынасу қызметін алу үшін программаларға қажет интерфейсті операциялық орта дейміз (енгізу-шығару операциясын орындау, жадының участкесін алу немесе босату).

Әр бір программалау жүйесі өзіне сәйкес операциялық жүйеде жұмыс жасайды. Операциялық жүйені қызметтеу үшін арнайы жүйелік программалар утилит дейміз.

Операциялық жүйені жіктеу. Операциялық жүйелер біріншіден жалпы және арнайы тағайындалады. Есептерді өңдеу режимінде операциялық жүйе бір программалы және мультипрограммалы режимдерге бөлінеді.

Бірсанашықтық есептеу жүйесінде бірнеше программаның бір уақытта орындалып жатқандай көріністі біз мультипрограммалық есептеуді ұйымастыру тәсілі деп атаймыз.

Операциялық жүйе- дербес компьютерлердің ақпараттық бөлігін және мәселелік программаларды басқаруды қамтамасыз ететін және пайдаланушы мен өзара байланысты қамтамасыз ететін программалық құралдардың жиынтығы. 

Операциялық жүйе ДЭЕМ-нің программалық құралдарының ажырамас бөлігі болып саналады. Әрбір адамға ЭЕМ-нің барлық құрылғыларын басқару мүмкіндігін беретін, сол себепті басқа программаларды аппаратурамен байланыс жасаудан босататын, компьютерде жұмыс істегісі келетін әрбір адамға өте қажет операциялық жүйенің, яғна системаның алатын орны ерекше болып есептеледі.

Операциялық жүйе екі негізгі қызметті орындайды:

барлық қолданбалы және жүйелік программалардың жұмыстарын қолдап, олардың бір – бірімен және аппараттық жабдықтармен байланыстарын қамтамасыз ету;

әрбір адамға ЭЕМ –ді жалпы басқару мүмкіндігін беру.

ОЖ негізгі мақсаты – программалардың бір – бірімен және сыртқы құрылғылары мен әрекеттігін қамтамасыз ету, ЭЕМ –нің жадын бөлу, жұмыс кезінде туындайтын әртүрлі оқиғаларды анықтау, жұмыс нәтижелерін қағзға, экранға шығару жолдарын ұйымдастыру, мәліметтерді сыртқы ортадан алу және беру т.б. ОЖ –нің негізгі ядросы машина іске қосылған сәттен бастап ЭЕМ –нің жадында болады. Машинаны жалпы басқару үшін ОЖ –нің командалық тілі пайдаланады, оның көмегімен адам дискіні белгілеу, мәліметтерді көшіру, кез келген әртүрлі әрекеттерді орындайды.

Microsoft корпорациясының ОЖ даярлау жолындағы келесі елеуліқадамы болып ондағы графикалық интерфейс қондырма программа күінде емес, сол жүйенің ажырамас бөлігі болатын операциялық жүйені даярлау болып саналады . Осылайша Windows 95, Windows 98, және Windows NT операциялық жүйелері пайда болды. Қазіргі операциялық жүйелердің адамға беретін жеңілдіктері MS DOS  жүйесінің мүмкіндіктеріне қарағанда өте жоғары, ал графиктік интерфейс солардың тек бір қыры ғана.

Бұдан былай Windows жүйесі деген сөзді Windows 3.1х (кез-келген сан) және Windows 95 операциялық жүйелері деп ұққан жөн.



Компьютердің жалпы құрылымында операциялық жүенің орналасуын келесі 1-суретте көрсетелік. Астында екі немесе оданда көп деңгейден тұратын аппаратты қамсыздандыру орналасқан.Ең төменгі деңгейде интегралды микро схемалардан,электронда-сәулелі трубкалардан, қоректену көздеріне тұратын   физикалық жабдығы бар.  Жоғарыда микроархитектуралық дейгей орналасқан. Осы деңгейде орталық процессордың ішкі регистрлеры, арифметика-логикалық жабдықтар орналасқан.
Операциялық жүйелердің артықшылықтар мен кемшіліктері

Осы заманғы жалпы тапсырмаларды атқаруға арналған компьютерлер, соның ішінде жеке компьютерлерде, бағдарламаларын жегу үшін Операциялық жүйені қажетсінеді. Жеке компьютерлерге арналған Операциялық жүйе мысалдары ретінде келесілерін келтіруге болады: Microsoft Windows, Linux, Mac OS (Darwin) және Unix.

Операциялық жүйенің айырмашылықтарының бірі:

Бірнеше бағдарламаны бір уақытта жегуге мүмкін етеді.

Бағдарлама жазуды оңайлатады, себебі бағдарламаның жабдықтарды басқару қажеті пайда болмайды. Бұкіл жабдық пен бағдарламалардың өзара әрекеттесуін Операциялық жүйе басқарады. Бұған қоса бағдарламаға жабдық пен басқа бағдарламалармен әрекеттесуге жоғары деңгейлі тілдесуді қамтамасыз етеді.
2.2 Windows XP операциялық жүйесін орнату
Операциялық жүйе туралы жалпы мәлімдеме. Windows XP жүйесінің алдыңғы операциялық жүйелерінің салыстырмалы артықшылықтарын қарап шығайық. Ең алдымен жаңа және ыңғайлы пайдаланушылық интерфейсін атап өтейік. Алдынғы болжамаларында байқалмаған Windows XP жұмыс үстелінің параметрін орнату мүмкіншілігі бар. Бастау менюінің сырт пішіні өзгертілген (қалауынша ерте болжамаларында қолданылған классикалық стилін қолдануға болады). Іздеу параметрлері режимінде (Бастау • Іздеу) іздеу облысын маңызды қысқартатын, яғни процесті тездету үшін іздеу мүмкін объектілер тематикамен және функционалдық тағайындауымен топтастырылған. Windows XP жүйесінің қалған жаңалықтарымен жұмыс барысында танысамыз. Windows XP жүйесінің сөзсіз артықшылығы пайдаланушылар арасындағы жылдам ауысу мүмкіншілігі. Өз атының астында жазылған, тек қана өз мәліметтеріне рұқсаты бар бірнеше пайдаланушы бір компьютерді пайдалана алады. Пайдаланушыны ауыстыру үшін жүйеден шығу керек емес. Windows XP жүйесі жаңа мүмкіншіліктерімен жабдықталған Windows Media ойнатқышын қолданады. Ол радиостанциялардың цифрлік форматын сүйейді, жылдамдатылған тәртіпте бейнені өндіреді, кейбір функциялар мен режимдерді қолдануға рұқсат береді (жергілікті желімен жұмыс істегенде ыңғайлы). Windows XP жүйесінің маңызды артықшылығы - жүйе және жұмыс тұрақтылығын жоғарылататын әр түрлі қосымшалармен және құрылғылармен жұмыс істеу. Windows XP жүйесі әртүрлі құрылғыларды және жабдықтауларды өңдеу барысында қолданатын көптеген замандас технологияларды (мысалы, үлкейтілген пернетақталар, жаңа аудио және видео құрылғылар, өткізгішсіз желі құрылғылар, жоғарғы рұқсаты бар мониторлар және тб.) сүйейді. Windows XP жүйесімен іске асырылған жойылған көмекшімен жұмыс істеу көптеген қосалқы хабарларды, қажетті мәліметті немесе басқа іздеу процесін жеңілдетеді. Windows XP жүйесі компьютер пайдаланушыға жойылған үстелмен қажетті әрекеттер өндіруге мүмкіндік береді.

Windows ХР құру тәсілдері. Windows ХР операциялық жүйе инсталляциясының келесі тәсілдерді бар: • Windows ХР құруы; • Windows ХР басынан бастап құруы; • Windows ХР алдыңғы Windows болжамымен бірге инсталяциялау; • Windows ХР қайта орнату. Windows ХР басынан бастап инсталляциялау тәсілі барысында компьютердегі барлық мәліметтің жойылатының еске алған жөн. Сондықтан тап осы тәсілмен жаңа операциялық жүйе құруға пайдаланады. Бұл тәсіл компьютерге Windows ХР үйлесімді жүйесін құрып, жұмыстын тұрақтылығы мен сенімділігін қамсыздандыратының атап кеткен жөн.

Windows ХР жүйесін алдыңғы Windows болжамымен бірге құрған кезде автоматты түрде операциялық жүйесінің жаңаруы Windows ХР деңгейіне дейін өтеді. Бұл жағдайда компьютердегі файлдар, қосымшалар, құру параметрлері және де басқа мәліметтер сақталады. Windows ХР қайта орнатуы тек қана операциялық жүйенің тұрақсыз жұмыс істеуі барысында қолданылады. Windows ХР қайта орнату реті сәйкес бөлімінде көрсетілген.



BIOS-ты күйге келтіру. Windows ХР жүйесін бағдарламаның дистрибутиві бар дискіден орнатады. Компьютер компакт - дискіден еңгізілуі үшін лайықты тәртіпте BIOS-ты құру қажет. Көпшілік жағдайда BIOS құру режиміне кіру үшін компьютерді қосқан кезде Delete пернесін басып ұстап тұру қажет. Ашылған Boot менюінде бірінші еңгізу құралы түрінде компакт-дискіні таңдаған жөн (BIOS құру үлгісі 2.1-суретте көрсетілген).

2.1 - сурет


Берілген күйлерді орындап және сақтағаннан кейін компьютер компакт -дискіден еңгізіле бастайды (барысында еңгізілетін дискіні диск тегерішіне орнату қажет).

Жүйені күйге келтіру. Жүйенің құру тәсілін таңдап және BIOS параметрлерін орнатқаннан кейін файылдық жүйесін анықтау керек: NTFS немесе FAT32. Бұл таңдау әртүрлі факторларға байланысты: операциялық жүйенің қанау шарты (үй ішінде немесе офиста), өңделетін мәліметтер көлемі мен ерекшеліктері және тб. NTFS жүйесі жоғарғы тұрақтылығымен ерекшелінеді (ол әсіресе аппараттардың тұрақты жұмыс істемеуі барысында байқалады),

FAT32 жүйесі жад ресурстарын талап етпейді және жұмысты тез орындайтының атап кетейін. Компьютер компакт - дискіден еңгізіліп болған соң экранға Бағдарлама жабдықтың конфигурациясын тексеріп жатыр деген мәлімет шығады. Бұл тексеру пайдаланушы көмегінен тыс автоматты түрде өтеді. Бұдан кейін құру шебері қажетті файлдың бастапқы көшіруіне кіріседі (2.2-сурет).



2.2-сурет


Бастапқы файл көшіру процесі бірнеше уақытқа созылатының атап кеткен жөн. Керекті файлдар еңгізіліп болғаннан кейін экран бетінде қажетті құру режимін таңдау терезесі пайда болады (2.3-сурет). Осы кезеңнен бастап Windows XP құру барысында пайдаланушы қатысады.

2.3-сурет


Windows XP құрылуын жалғастыру үшін Enter пернесін (2.4-суретте көрсетілген Microsoft бірлестігінің лицензиондық келісім мәтіні бар терезе ашылады) және құру шеберінің жұмысын аяқтау үшін F3 пернесін басу қажет. R пернесін басқанда Windows XP-дің бұрыңғы қалпына келтіру режимі пайда болады. Оның суреттеуі төмендегі сәйкес бөлімінде көрсетілген.

2.4-сурет


Құрылудың жалғасы тек қана F8 келісім шартын қабылдау пернесін басқаннан кейін ғана мүмкін. Келесі кезеңде қатты дискіде операциялық жүйе орнатылатын бөлімін таңдау қажет (2.5-сурет).

2.5-сурет

Enter пернесін басу барысында жүйе мәзір орналасқан бөлімінде құрылады. Бөлімді жою үшін мәзірді орнатып, D пернесін басу қажет. Белгіленбеген қатты диск облысында (егер ондай облыс бар болса) жаңа бөлім құру үшін С пернесін басу керек. 2.5-суретте мысал түрінде көрсетілген қатты диск түгелдей белгіленген. Егер процессорда белгіленбеген облыс бар болса, онда ол 5-суреттің тізімінде көрсетілгендей мөлшер нұсқауы (мысалы, Белгіленбеген облыс 20015 Гб) берілген соңғы поцизияда орналасады. Жаңа бөлімді экран бетінде пайда болған нұсқау сәйкесінше қажетті әрекеттерді орындай отырып дискімен жұмыс істеу шебері құрайды.

Қажетті бөлімді таңдағаннан кейін және Enter пернесін басқаннан кейін 2.6-суретте көрсетілгендей терезе ашылады.



2.6-сурет



Бұл терезеде файлдық жүйені таңдау қажет. Алдыңғы терезеде қарастырылған мысалында алдын-ала NTFS жүйесінде қалыпталған бөлім алынған болатын (2.5-сурет), сондықтан бұл оқиғада ағымдағы файлдық жүйені өзгертусіз қалдыру позициясын таңдайық (2.6-сурет), содан кейін Enter пернесін басайық. Егер қалыпталған бөлім таңдалса, онда мұндай позиция тізімде болмайды, яғни қажетті файлдық жүйені таңдап Enter пернесін басу қажет. Дискімен жұмыс істейтін шебер дискіні таңдалған файлдық жүйесі сәйкесінше қалыптайды. Бұдан кейін операциялық жүйені құру шебері файлдарды көрсетілген қатты диск бөліміне көшіреді (2.7-сурет).

2.7-сурет


Көшіру процесі бірнеше уақытқа созылуы мүмкін. Бұл кезде терезенің төменгі оң жағында көшіріліп жатқан файлдар аттары көрсетіледі. Көшіріліп болғаннан кейін компьютерді қайта еңгізу керек. Экран бетінде пайда болған қайта еңгізудің екі түрінің бірін таңдау терезесі ашылады: тездетілген (Enter пернесін басу арқылы) немесе автоматты түрде (компьютер 15 секундтан кейін еңгізіледі).



Компьютерді қайта еңгізгеннен кейін экран бетіне Windows ХР еңгізу терезесі көрінеді (бұл терезе компьютерді әрбір қосу немесе қайта еңгізу кезінде көрінеді ), содан кейін — 2.8-суретте көрсетілгендей жүйені құру терезесі шығады.

2.8-сурет



Бұл терезенің сол жағында Windows ХР операциялық жүйенің құрылу реті көрсетілген. Тізімде ағымдағы кезең бөлінген — бұл жағдайда ол Windows құру. Терезенің төменгі сол жағында құрылуының аяқталу уақыты көрсетілген (еске алған жөн – бұл уақыт жеткілікті шартты, өйткені жүйенің құрылу уақыты кескін үйлесіміне және компьютердің аппараттық қорына байланысты). Терезенің оң жағында Windows XP операциялық жүйесінің артықшылықтары мен жаңа мүмкімшіліктері туралы мәліметтік жарнамасын көре аласыз. Құру шеберінің жұмыс процесінде бұл облыстағы мәтін ауысып отырады. Бірнеше уақыттан кейін Windows XP құру шебері тілдің параметрін және аймақтық стандартты орнатуын сұрайды (2.9-сурет).

2.9-сурет



Берілген терезе екі бөлімнен тұрады. Жоғарғы бөлім аймақтық параметрлеріне арналған. Қарастырылып жатқан мысалда Windows XP орысталған болжамы құрылып жатыр. Сондықтан үнсіз жолдаумен Ресей аймағы алынған. Шешімді өзгерту үшін осы облыста орналасқан күйге келтіру пернесін басу қажет. Нәтижесінде тілдер және аймақтық стандарттар терезесі ашылады (2.10-сурет).

2.10-сурет



Берілген терезенің аймақтық параметрлері қосымшасының жоғарғы жағында ашылған тізімінен қажетті аймақты таңдайды. Таңдалған аймақтын ұлттық және тілдік ерекшеліктеріне тәуелді кейбір бағдарламалар анықталған түрде сандарды, ақша сомасын, мезгіл және уақытты суреттейді (осы бірліктердің мысалдары үлгі облысының сәйкес жолдарында суреттелген). Саналған объектердің параметрлерін күйге келтіру үшін күйге келтіру пернесін басу керек. Нәтижесінде аймақтық параметрлерін күйге келтіру терезесі көрінеді (2.10-сурет).

2.10-сурет


Ағымдағы терезе келесі қосымшалардан тұрады: Сандар, Ақша бірлігі, Уақыт. Әрбір қосымшаның құрамын қарастырайық. Сандар қосымшасының (2.10-суретте көрсетілген) ашылған тізімінен немесе пернетақтадан келесі параметрлер мәндерін еңгізеді:

бүтін және бөлшекті сандар бөлімін бөлетін символдар;

бөлшекті сандар бөлімінде көрсетілген белгі саны;

бүтін сандар бөлімінде дәрежені бөлетін символдар: мысалы, 1 000 000 немесе 1.000.000 деп жазуға болады (соңғы жағдайда мұндай символ нүкте болады);

санды құрайтын цифрлерді топтау тәсілі (мысалы, 1 000 немесе 1000 деп жазуға болады);

кері сандар белгісі (әдетте — «алу» белгісі);

кері сандар суреттеу форматы;

абсолютті мәндері бірден кіші нөлдерін сандарда суреттеу;

тізім элементтерін бөлу символы;

өлшеу бірлік жүйесі.

Үлгі облысының сәйкес жолында құрылған параметрлерінде дұрыс және кері сандар мысалы көрсетілген.

Ақша бірлігі қосымшасында валюта форматын күйге келтіреді. Бүтін және бөлшек бөлімін бөлу, бөлшек белгілерінің саны, дәреже топтарын бөлу және топтағы цифрлер саны мәнің сәйкес ашылған тізімнен таңдайды немесе пернатақтадан еңгізеді. Жолда дұрыс және кері ақша сомасының форматын дұрыс және кері сомның суреттеуі сәйкесінше көрсетеді (мысалы, 15,5 р. немесе р. 15,5). Ақша бірлігінің белгілеуі жолында атауын немесе ақша бірлігінің символын көрсетеді (мысалы, Ресей үшін руб. немесе RLJR деп көрсетеді). Үлгі облысының сәйкес жолында орнатылған параметрлерінде ақша сомасының суреттеу мысалы берілген. Уақыт қосымшасында жүйелік уақыт көрсетілуін күйге келтіреді.

Уақыт форматы жолында керекті көрсету форматын көрсетеді: мысалы, «сағат:минут:секунд» (15:53:25) немесе «секунд:минут:сағат» (25:53:15) — екі жағдайда да «он бес сағат елу үш минут жиырма бес секунд » көрсетілген. Ағымдағы жол мәнің ашылған тізімнен таңдайды немесе пернетақтадан еңгізеді (келесі мәндерді қабылдау: h — сағат, m — минут, s — секунд). Уақыт компонентінің бөлгіші жолында секунд, минут және сағатты бөлетін символ көрсетіледі. Керек жағдайда сәйкес жолда таңғы және кешкі уақыт көрсетілуін көрсетуге болады. Әдетте түске дейінгі уақытты AM, ал түстен кейін РМ – аббревиатурасымен белгіленеді, бірақта пернетақтадан кез-келген мәнді еңгізуге болады. Үлгі облысында орнатылған параметлеріндегі жүйелік уақыт суреттеу мысалы көрсетілген. Жүйелік мезгіл суреттеуін мезгіл қосымшасында орнатады. Сәйкес жолдарында толық және қысқа мезгіл форматын және де оның компоненттерінің бөлгішін (күн, ай және жыл) көрсетеді. Қажетті параметрлерді орнатқан соң Қолдану, содан ОК батырмасын басу қажет. Тілдер және аймақтық стандарттар терезесіне қайта оралайық (2.9-суретті қара). Осы терезенің төменгі жағындағы аймақтық параметрлер қосымшасы жолында Интернеттен жергілікті мәлімет алу үшін елді орнату қажет. Ағымдағы жол мәнің тек қана жоғарғы жағындағы терезе мәнінен ажыратылу үшін ауыстыру қажет. Мысалы, пайдаланушы Ресейде тұрса, бірақта Белорусь жаңалықтарын алып тұрғысы келсе, онда орналастыру жолында Белорусь мәнің таңдау қажет. Ағымдағы жол мәні тек қана кейбір жаңалықтар жабдықтаушылармен (мысалы, MSN) ғана назарға алынуын еске салған жөн. Аймақтық параметрлерін суреттегеннен кейін тілдер еңгізу параметрлерін (керек жағдайда өзгерту) тексеру қажет. Бұл параметрлерге терезенің төменгі облысы арналған (9-сурет). Демек, тілдің еңгізу параметрлерін орнату үшін терезенің сәйкес бөлігінде орналасқан күйге келтіру

батырмасын басу керек. Мұның нәтижесінде тілдер және мәтін еңгізу қызметі терезесі ашылады (2.11-сурет).



2.11-сурет


Компьютер қосылған кезде үнсіз қолданатын тіл еңгізу облысында тілді таңдаған жөн. Жүйеге қажетті тілді қосу үшін қосу батырмасын басу қажет. Ашылған тізімнен қажетті тілді және пернетақта салуын таңдауға болатын Тіл еңгізуін қосу терезесі ашылады (2.12-сурет).

2.12-сурет


Керекті тілдер қосылғаннан кейін тілдер арасында ауысу тәсілін таңдау керек (басқаша айтқанда — пернетақта салуын ауыстыру). Бұл үшін мәтін еңгізу қызметін және тілдер терезесін күйге келтіру облысында пернетақта параметрі батырмасын басу қажет (2.11-суретті қара). Пернетақта параметрлерін қосалқы күйге келтіру терезесі ашылады (2.13-сурет).

2.13-сурет


Caps Lock өшіру ауыстырғыш қосқышының жайы қандай пернемен бұл тәртіпті өшіруге болатының анықтайды: Caps Lock немесе Shift. Еңгізу тілдерді ауыстыру үшін арнайы ашылған терезедегі перне үйлесуін ауыстыру батырмасын басу қажет (2.14-сурет).

2.14 - сурет


Кажетті тәсілдің еңгізілуі Тілін ауыстыру қосқышының көмегімен орнатылады. Көп жағдайда еңгізу тілдер арасында ауыстыру үшін Ctrl+Shift пернелер үйлесімі қолданылады. Көрсетілген тәсілмен тілдер және мәтін еңгізу қызметі терезесінде еңгізу тілдер параметрлерін күйге келтіреміз және ОК батырмасын басамыз (12-суретті қара). Содан кейін 9-суретте көрсетілген терезеде Windows XP құру шебері жұмысының келесі кезеңіне өту үшін Келесі батырмасын басамыз. Жүйені құру шебері пайдаланушының атын және мекеме атауын көрсетуін сұрайды (2.15-сурет).

2.15-сурет


Аты және мекеме мәнінің жолы пернетақтадан еңгізіледі. Келесі батырмасын басқаннан кейін жүйе құру шебері кілтті еңгізуді сұрайды (2.16-сурет).

2.16-сурет



Өнімнің кілті жолында пернетақтадан осы Windows XP көшірімнің заңдылық алуын растайтын бірегей нөмірін еңгізу қажет. Бұл нөмір Windows XP операциялық жүйесінің көшірмесімен бірге жіберілетін шынайылық сертификаттың төменгі жағында орналасқан, және де латын әріптерінен және цифрлерінен тұрады. Кілтті еңгізгеннен соң келесі батырмасын басайық. Жүйе құру шебері сәйкес жолда компьютер аты мен администратор паролін еңгізуді сұрайды (2.17-сурет).

2.17-сурет


Компьютер аты егер ол жергілікті желіге қосылған болса әлдеқайда маңызды: атының арқасында машина басқалардың арасында теңестіріленеді. Әдетте компьютер атын жүйелік администратордан алуы мүмкін (немесе ұнаған атты алуға болады). Егер де компьютер жергілікті желіге қосылмаған болса, онда компьютердің аты жолында кез-келген мәнді еңгізуге болады. Администратор паролін еңгізу кезінде үлкен жауапкершілікпен қарау керек. Еңгізілген парольді міндетті түрде жаттап алу қажет, өйткені администатор паролі жоғалса операциялық жүйені қолдану мүмкін емес болады. Пайдаланушы аты мен администратор паролі пернетақтадан еңгізіледі, әдетте администратор паролі кездейсоқ қате жібермеуі үшін екі рет еңгізуді сұрайды. Бұдан кейін келесі батырмасын басамыз.

Шебер уақыт, мезгіл және сағат белдеуін еңгізуді ұсынады (2.18-сурет).



2.18-сурет


Егер сәйкес жалаушасы орнатылса, онда операциялық жүйе автоматты түрде жазғы уақытқа және керісінше ауысып отырады. Уақыт, мезгіл және сағат белдеуін күйге келтірген соң келесі батырмасын басамыз. Шебер қажетті желілік параметрлерінің үлгісін орнатуын сұрайды (жай немесе ерекше) (2.19-сурет).

2.19-сурет


Біз жай параметрлерді таңдауды ұсынамыз (не болмаса да, операциондық жүйені құрып тастағаннан кейін желілік параметрлерін ауыстыру мүмкін), содан кейін келесі батырмасын басамыз. Келесі жүйенің құрылу кезеңінде жұмыс тобын және доменді таңдау қажет. Біздің оқиғамызда үнсіз жолдаумен құрылған параметрлерді өзгертпей таңдаймыз және келесі батырмасын басамыз. Содан кейін операциялық жүйені құру шебері керекті әрекеттерін орындайды (файлдарды көшіру, параметрлерді сақтау және тб.), кейінен компьютер қайта қосылады. Егер Windows ХР құрған кезде администратор паролі берілген болса (18-суретті қара), онда жүйеге кіру үшін парольді еңгізу қажет. Ал егер пароль берілмеген болса, онда қайта қосылғанан кейін экран бетінде Windows ХР интерфейсі пайда болады (2.20-сурет).

2.20-сурет


Windows ХР операциялық жүйесі құрылды.

ҚОРЫТЫНДЫ
Операциялық жүйе – компьютер құрылғыларының үздіксіз жұмыс істеуін ұйымдастырушы және түрлі командаларды орындауы арқылы пайдаланышының машина жұмысын басқаруына жеңілдік келтіруші жүйелік программалар. Оның негізгі қызметі – программалардың бір – бірімен және сыртқы құрылғылармен өзара әрекетін ұйымдастыру, оперативті жадты бөлу, компьютердің жұмыс істеу кезіндеқате жіберілу сияқты түрлі оқиғаларды анықтау, дискіні жұмыс істеуге дайындау, монитор мен принтердің жұмыс істеу режимдерін орнату, пайдаланушының программасын іске қосып, оны орындау т.б..

Яғни ОЖ – машина жұмысын басқаруға толық жеңілдік беретін жүйе. Ол осы үшін арналған иілгіш не қатты магниттік дискіге жазылып қойылады. Сондықтан ОЖ – ны дискілік операциялық жүйе ( ДОЖ, не DOS ) деп те атайды.

Дербес компьютерлер үшін кең тараган оиерациялық жүйелерге МS (РС) DOS, Windows 95Windows NT,OS/2, UNIX жатады,Дербес компьютерлерлерге арналған операциялық жүйелердің барлығы да тек бір адамдық болып табылады. Расында да екі адамның бір мезетге бір компьютерде жұмыс істеуін елестету қиын ғой. WINDOWS 95, WINDOWS NT, OS/2, UNIX көп мақсатты жүйелер болып саналады. Көп мақсаттылық — бір компьютерде бір уақытта қатарласа бірнеше есепті шығару мүмкіндігі немесе бірнеше әрекеттің қатар атқарылып жатуы.

Мысалы, Сіз мәтін көшіріліп жатқан шақта ойнап та отыруыңызға боладь, өйткені бұл жұмыстарды әртүрлі қүрылғылар атқарады немесе ол қүрылғылардың жұмыс жылдамдығы адамның жылдамдығынан өте жоғары болып келеді. Көптеген ІВМ - үйлесімді компьютерлер дискілік МS DОS операциялық жүйесі мен көп терезелі WINDOWS графикалық операциялық жүйесін пайдаланады.Операциялық жүкелер көптеген функцияларды орыңдайды: информацияны дискіге жазу-оқуды жүзеге асырады, мәліметтер сақтауды ұйымдастырады, компьютер құрылғыларының өзара байланыста жұмыс істеуін, барлық қолданбалы программалар жұмысының орындалуын қамтамасыз етеді. Бұл жүйе ЭЕМ іске қосылғаннан кейін иілгіш не қатты дискіден алғашқы жүктелетін кещенді программа болып табылады. Белгілі бір қосымша қызмет атқаруға керекті программалар тобы утилиттер болып табылады.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР


  1. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі:Информатика және компьютерлік техника/ Жалпы редакциясын басқарған – түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5

  2.  MS Windows source code escapes onto Internet (Ағылшынша). Theregister.co.uk (13 ақпан 2004). 

  3.  Microsoft Launches Windows Vista and the 2007 Office System to Consumers. PressCentre. Microsoft New Zealand (30 қаңтар 2007). 

  4.  http://baurzhan.info/2009/06/28/linux-бастауыштар-үшін-бөлім-1-негіздер-мен/

  5.  How 16-Bit and 32-Bit Programs Multitask in Windows 95. support.microsoft.com (15 қараша 2006). Тексерілді, 9 сәуір 2010.

  6. ↑ Windows 95 Architecture Components  (ағыл.). technet.microsoft.com. Тексерілді, 9 сәуір 2010.

  7. ↑ Windows 'Prettified' Filenames

  8. ↑ "You cannot use virtual device driver (.vxd) files common to Windows 98 or Windows 95 drivers with Windows 2000."

  9. ↑ Availability of Universal Serial Bus Support in Windows 95

  10. ↑ Enhanced Keyboards and Windows


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет