Реферат орындаған: Канышева Ж. К топ: пмно-1вв К/О 2024 жыл Квиллинг тарихы



бет1/3
Дата15.03.2024
өлшемі20.69 Kb.
#495650
түріРеферат
  1   2   3
квиллингтің тарихы реферат


Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау Университеті

РЕФЕРАТ

Орындаған: Канышева Ж.К
Топ: ПМНО-1вв К/О

2024 жыл
Квиллинг тарихы


Жоспар:
1. Квиллинг тарихы
2.Квиллинг туралы мағлұматтар
3. Жұмыс жасауға қажетті құрал – жабдықтар
4. Бұйымды құрастыру алгоритмі
5. Технологиялық карта
6. Қауіпсіздік ережесі

Квиллинг тарихы. Қағаздың қыр - сырын қанық білетіндердің қатары – қолөнердің квиллинг деген түрімен айналысатындар. Қағазды жіңішке әрі ұзыншалап қиып, оны шиыршықтап (спираль тәрізді), түрлі формаға келтіріп жаңа дүние жасайтын қолөнерді квиллинг деп атайды. Шиыршықталған қағаздан әдемі гүлдерден бастап, сан түрлі ою - өрнекті ғажап дүниелерді жасауға болады. Тек қиялыңызға ерік беріп, жаныңызға жақынды тани алсаңыз болғаны
XV - ХVІ ғасырларда квиллинг үлкен өнер саналса, ХІХ ғасырда ол тек әйел затының ермегі болып қалды. Одан кейін мүлде ұмыт болған қолөнердің бұл түрі кейінгі уақытта қайта жанданып, кеңінен таныла бастады.
Біреулер шиыршықталған қағаздан алуан түрлі бұйымдар жасау орта ғасырларда Еуропа елдерінде дамыған десе, енді біреулер оны Таяу Шығыстан бастау алған дегенді алға тартады. Сондай - ақ бұл өнердің шыққан жері – Ежелгі Египет дейтіндер де кездеседі. Дегенмен, бұл айтылғандарға қарамастан, квиллингтің отаны негізінен Оңтүстік Корея саналады. Бүгінде бұл елде қағаздан түрлі бұйымдар жасаушылардың үлкен Ассоциациясы да жұмыс істейді.
Корей елінде дамыған қағаз шиыршықтау өнері еуропалықтардікінен сәл өзгешелеу. Еуропалықтар шиыршықталған қағаздарды барынша аз пайдаланып, құрастыру әдіс - тәсілі мейлінше қарапайым бұйымдар жасауды жөн көреді. Сондай - ақ шиыршықталған қағаздан жасалған әдемі гүлдер мен түрлі өрнектерді суреттер мен фотоальбомдарды сәндеуге кеңінен қолданады. Ал шығыс шеберлері болса, керісінше, қарапайымнан көрі барынша күрделі дүние жасауға құмар. Оны қағаз шиыршықтаудағы қолданатын құрал - жабдықтарынан - ақ байқауға да болады. Шығыс шеберлері қағазды жіңішке бізге немесе инеге ораса, еуропалықтар бұған жіңішке таяқшалар қолданады екен. Шиыршықталған қағаз ораған құралына орай әр түрлі сипатта болатыны сөзсіз, онда да үлкен айырмашылық байқалады. Квиллинг өнері осылай барынша жіңішке таяқшаға қағазды шиыршықтап орай отырып, түрлі кереметтер тудырады. Міне, түрлі - түсті қағаз бен желімді пайдаланып және қиялыңызға ерік беріп, үлкен дүниелер жасауға болады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет