Реферат пәні: Білім ортасы мен білім алушының үндесуі Тақырыбы: Қазақстан Республикасы Жер құқығы



Дата08.12.2022
өлшемі39.39 Kb.
#466871
түріРеферат
реферат


М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті

РЕФЕРАТ



Пәні: Білім ортасы мен білім алушының үндесуі
Тақырыбы: Қазақстан Республикасы Жер құқығы

Орындаған:
Досымбай Ж.
Қабылдаған: Бидайшиев Ғ.

Тараз 2022ж.


Жоспар
Кіріспе
1. Жер құқығының мәні
2. Жер құқығы құқық саласы ретінде, ғылым саласы ретінде түсінігі
3. Жер туралы заңнаманың мақсаттары мен міндеттері
4. Жер пайдалану құқығы.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

КІРІСПЕ
Жер құқығы — құқықтың мемлекеттегі жер қатынастарын реттейтін саласы. Жер құқығы Қазақстан Республикасында дербес құқық саласы болып табылады. Оның негізгі міндеттері: жер учаскесіне меншікті құқығы мен жер пайдалану құқығының пайда болуын анықтау және оның дамуына жағдай жасау; жер учаскесіне меншік құқығы мен жер пайдалану құқығының өзгертілуі мен тоқтатылуы негіздерін анықтау; жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыру тәртібін белгілеу; жерді ұтымды пайдалану мен қорғау; топырақ құнарлылығын ұдайы қалпына келтіру; табиғи ортаны сақтау мен жақсарту мақсатында жер қатынастарын реттеу; шаруашылық жүргізудің барлық нысандарын тең құқықпен дамыту үшін жағдайлар жасау; жеке және заңды тұлғалар мен мемлекеттің жерге тиісті құқықтарын қорғау; жерге байланысты жылжымайтын мүлік нарығын жасау және оны белгілі деңгейде дамыту; жер қатынастар саласында заңдылықты нығайту. Қазақстандағы барлық жерге байланысты мәселелер Қазақстан Республикасының “Жер туралы” (2001) Заңымен реттеледі.


Қазақстан Республикасының жер құқығы дербес құқық саласы ретінде КСРО-ның ыдырауымен Қазакстан Республикасы егемендікке ие болғанннан кейін қалыптасты. Ол жай «бос жерде» пайда болған жоқ. Қазақстан Республикасының жер құқығы Қазақ КСР жер құқығының жалғасы болып табылады, бұл құқық КСРО жеріне айрықша құқық негізінде қалыптасқан жер қатынастарының кешенін реттеді. Аталған құқықтық қатынастардың сипаты мен мазмұны қазіргіге қарағанда басқаша болды, сол себепті де, олар Қазақстан Республикасы Конституциясының қағидалары мен нарықтық экономиканың жаңа жағдайларына сәйкес келмеді.
Қазақстан Республикасының жер құқығы дербес құқық саласы ретінде КСРО-ның ыдырауымен Қазақстан Республикасы егемендікке ие болғаннан кейін қалыптасты. Ол жай «бос жерде» пайда болған жоқ. Қазақстан Республикасының жер құқығы Қазақ КСР жер құқығының жалғасы болып табылады, бұл құқық КСРО жеріне айрықша құқық негізінде қалыптасқан жер қатынастарының кешенін реттеді. Аталған құқықтық қатынастардың сипаты мен мазмұны қазіргіге қарағанда басқаша болды, сол себепті де, олар Қазақстан Республикасы Конституциясының қағидалары мен нарықтық экономиканың жаңа жағдайларына сәйкес келмеді.

1.Жер құқығы құқық саласы ретінде, ғылым саласы ретінде және оқу пәні ретінде түсінігі


Адам қоғамының барлық өмiрiнде, оның қалыптасуы мен дамуында жер өте маңызды роль атқарған. Жер – табиғаттың берген сыйы ретiнде, адам қоғамының пайда болуына дейiн болған. Бiрақ, жер өзiнiң еңбектiң жалпы заты қызметiн атқаруы үшiн мiндеттi түрде оны бiреу иемденуi қажет және өндiрiстiк процесiн жүзеге асыруы қажет. Мемлекетіміздің басты байлығы – оның экономикалық және әлеуметтік қолайлы негізі болып табылатын жер ресурстары. Қазақстан Республикасындағы саяси және экономикалық құрылысты реформалау процессі жер қатынастарын түбегейлі өзгерту және мемлекеттің тікелей бақылауы мен басқаруы арқылы жер реформасын жүргізу қажеттілігін туындатып отыр. Сонымен қатар, нарықтық экономикаға өту жердің негізгі өндіріс құралы, аумақтық кеңістіктің негізі және маңызды табиғи объект ретінде жердің басты функцияларын сақтай отырып, жерге әртүрлі меншік нысандарын, жер пайдалану құқығының ақылығын енгізу және жерді заңды түрде азаматтық және шаруашылық айналымның объектісі ретінде тану қажеттілігін объективті түрде туындатып отыр. Қазіргі кезде жердің экономикалық маңыздылығы өте жоғары деңгейде. Жер адам қоғамының кез-келген шаруашылық қызметінің және өмірінің негізі. Жердің экономикалық қасиетімен қатар, экологиялық маңыздылығында ескеру қажет. Жер – қоршаған ортаның ажырамас бөлігі, табиғи ресурс. Жер – тұтастай алғандағы адамзат үшін қажетті және басты материалдық ресурс болып табылады. Аталған бұл термин көп қырлы болып табылады және бірнеше мағынада қолданылады: Жер кең мағынада алғанда жер шары ретінде түсініледі. Жер адамның өмір сүретін ортасы және табиғи байлықтардан, жер бедерінен, ландшафттардан құралатын Жер шарының қабаты ретінде. Жер жер құқығының реттеу пәні ретінде.Бұл тұста біз жер деген түсініктің астарынан табиғи ресурстарды, ауыл және орман шаруашылық өндірістерінің басты өндіріс құралы, құрылыстар, құрылымдар және басқа да объектілер салу үшін қажет болып табылатын кеңістіктің базис деген мағыналардыкөре аламыз. Заң ғылымында құқық нормаларын жекелеген салаларға өзара ажырату үшін келесідей алғышарттар қолданылады: бұл құқықтық реттеудің ерекше пәні, ерекше реттеу әдісі, құқықтық реттеудің жүйеленген қайнар көздері, өзіндік қағидалары және жеке құқық саласына бөліп шығаруға деген қоғамның мүдделігі. Жер қатынастарының экономикалық, әлеуметтік және экологиялық мәні жер қатынастарының ерекше құқықтық реттеу пәні ретінде тануға негіз болады.
Жер қатынастары тек жер құқығының нормаларымен ғана емес, сонымен қатар, әкімшілік құқық, азаматтық құқық, қаржылық құқық және өзге құқық салаларының нормаларымен реттеледі. Сәйкесінше, аталған жер құқық қатынастар тобын реттеу әдісінің ерекшелігі, яғни, жер қатынастарының субъектілеріне әсер етудің ерекше үйлесімдігі бар. Жер құқығының жүйеленген қайнар көзі 20 маусым 2003 жылы қабылданған Жер кодексі және жер заңнамасының жүйесін қалыптастыратын нормативтік құқықтық актілердің жиынтығы бар. Жер құқық қатынастарын реттеу барысында басшылыққа алынатын құқық қағидалары осы аталған заңнама жүйесінде тікелей көрініс тапқан. Ал енді жер құқығының дербес құқық саласы ретінде қызмет етуі – тұрақты даму жағдайында, жерді азаматтық айналымға енгізу жағдайында тұрған, қазіргі уақытта еліміздің жерін ұтымды пайдалану мен қорғауды қамтамасыз етудегі қоғамның мүдделілігін айқындайды. Жер құқығы аталған талаптардың барлығына жауап береді, сол себептен жеке дербес құқық саласы болып табылады. Сонымен, жер құқығының бар екенін дәлелдейтін мынадай белгілері бар: Жер құқығы қатынастарының қалыптасуы және дамуы; Жер құқық қатынастары саласындағы заңдардың қалыптасуы мен дамуы; Қалыптасқан жер құқық қатынастарын мемлекет тарапынан реттеу механизімінің болуы; Жер құқығының өзіне тән қағидаларының болуы. Қазіргі таңда жер құқығын бірнеше мағынада түсінуге болады. Олар: жер құқығы құқық саласы ретінде, ғылым саласы ретінде және оқу пәні ретінде. Құқық саласы ретінде жер құқығыдегеніміз – жерді пайдалану мен қорғаумен, жерді жеке меншікке және жер пайдалану құқығына берумен байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған құқық нормаларының жиынтығы. Ғылым саласы ретінде жер құқығы дегеніміз – көптеген ғылыми теориялардың, тұжырымдардың, ой-пікірлерінің және әртүрлі ғылыми көзқарастардың жиынтығы болып табылады. Бұлардың мақсаты ғылыми тұрғыда жер құқығының пайда болуын түсіндіріп беру, оның әрі қарай даму жолына болжам жасау. Сонымен бірге, жер қатынастарын құқықтық реттеудегі ақтаңдақтарды, кемшіліктерді жою, оларды болдырмау және осы саладағы заңдардың өзара қарама-қайшылықтарын жою болып табылады. Жер саласындағы қазіргі күнгі отандық ғалымдар – Әбдірайымов Б.Ж., Байдельдинов Д.Л., Стамқұлов Ә.С., Бектұрғанов А.Е., Хаджиев А.Х., Еркінбаева Л.Қ., Айгаринова Г.Т. т.б. Оқу пәні ретінде жер құқығы – дәрістік және тәжірибелік сабақтардың жиынтығы, яғни, жер құқығы ғылымының негізгі ережелерінің белгіленген жүйе бойынша мазмұндалуы болып табылады.
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 12-бап 14-тармағына сәйкес, жер дегеніміз – Қазақстан Республикасының егемендігі белгіленетін шектегі аумақтық кеңістік, табиғи ресурс, жалпыға ортақ өндіріс құралы және кез-келген еңбек процессінің аумақтық негізі. Осы анықтамаға сәйкес, жердің күнделікті өмірде атқаратын қызметі мен ролін анықтап алуға болады:
Жердің саяси-құқықтық қызметі - яғни, мемлекетіміздің егемендігі белгіленген шекара шегіндегі, Қазақстан халқының тұрғылықты тұрақты мекені;
Жердің экологиялық қызметі - яғни, жер қоршаған ортаның құрамдас және ажырамас бөлігі, табиғи ресурс;
Жердің экономикалық қызметі - яғни, жер жылжымайтын мүлік ретінде танылып, азаматтық айналымның объектісі ретінде елдің байлығы байлығы.
Жердің әлеуметтік қызметі - жер адамдардың өмір сүру негізі және еңбек процесінің аумақтық негізі болып табылады.
Жердiң негiзгi табиғи ресурс ретiндебелгiлерiн атап айтатын болсақ:
Жердiң нарықтық құны оның адам өмiрi үшiн беретiн экологиялық және әлеуметтiк құндылығын бағалай алмайды. Сондықтан жер учаскесiнiң iс жүзiндегi ақшалай құнын анықтау мүмкiн емес; Жерге барлық халықтың табы мұқтаж және халық санының өсуiмен аталған ресурсты тұтынуы жерге деген сұранысты күшейтiп отыр; Жер тек адамзат баласымен ғана емес, сонымен бiрге, адам өмiрiн қамтамасыз ететiн тiршiлiктiң өзге де жандарымен тұтынылады; Жердiң саны мен сапасы өндiрiстiк қызмет нәтижесiнде, өзге кейбiр объектiлер тәрiздi ұлғаймайды, керiсiнше кемiп отырады. Қазіргі жаһандану кезінде, адамзат табиғатқа араласу белсенділігін арттырған жағдайда, табиғи объектілерді және ерекше маңызға ие, ұзақ уақыт бойы қалпына келетін жер ресурстарын ұтымды пайдалану саласында жалпы глобалдық және ішкі мемлекеттік өзара келісілген шараларды қалыптастыру қажет. Көптеген зерттеушілер осыған байланысты жердің ерекше маңыздылығын атап өткен. Б.Ж. Әбдірайымов, жер дегеніміз – мемлекет пен халықтың өмір сүру қызметінің негізі болып табылатын табиғаттың басты объектісі. Жерге меншік нысаны, иелену мен пайдалануға кімге берілгендігі және жердің сандық, сапалық жағдайына біздің болашағымыз тәуелді деп жазған болатын. А.Х. Хаджиевтың пікірі бойынша – жердің табиғи қасиеті өзге қоршаған табиғи орта объектілермен өзара байланыс жүйесінде басым орнын белгілейді. Орман, су, жануарлар дүниесі табиғат объектілері ретінде жермен байланыссыз өмір сүре алмайды. Тек қана жермен тығыз байланыста бола отырып, олар өздерінің өсіп-өну мүмкіндіктері мен ерекше қасиеттерін сақтайды және барлық табиғи кешендермен бірге экологиялық қызметін жүзеге асырады. Жер – барлық адамзат баласының өмір сүруінің негізі болып табылатын негізгі табиғи объект. Жер ерекше белгілерге ие. Н.А. Сыроедовтың пікірі бойынша, жердің қайта қалыптаспаушылық, орны толмастық және шектеушілік сияқты белгілермен сипатталады. А.Х. Хаджиев, жердің айрықша белгілері ретінде келесі белгілерді айтады:
- жердің құнарлы қабатының болуы;
- жердің өндірістік қабілеті мен тұтынушылық бағалығын қалпына келтіру және сақтап қалу мүмкіндігі;
- кеңістіктік шектеулік;
- орнынан қозғалта алмайтындық, орналасқан жерінің тұрақтылығы.
Ғалымдардың пікірін саралай отырып, жердің келесі белгілерін бөліп көрсетуге болады: Біріншіден, жер құнарлыққа ие. Құнарлық табиғи және жасанды /экономикалық/ болуы мүмкін. Табиғи құнарлық – ұзақ мерзім бойынғы құнарлану процессінің нәтижесі. Бұл топырақта құнарлы заттардың болуымен және өсімдіктер әлемі үшін қол жетімдікпен анықталады. Табиғи құнарлық мелиорация және агротехника арқылы адамның топырақтың химиялық, биологиялық және физикалық қасиетіне әсер етуі арқылы жасандыға ауысады. Екіншіден, жер – табиғи табиғаттың өнімі, өзге өндіріс құралдары сияқты адам қолымен жасалмаған. Үшіншіден, жер айырбасталмайды. Өзге өндіріс құралдарынан айырмашылығы, еш нәрсемен айырбастай алмайсың. Төртіншіден, жерді пайдалану жердің тұрақтылығымен ерекшеленеді. Жерді өзге өндіріс құралдары сияқты басқа бір жерге ауыстырып, қолдануға болмайды. Бесіншіден, жер беті шектеулі.
Жерді өзге өндіріс құралдары сияқты сандық жағынан ұлғайтуға болмайды. Аталған белгiлер мен себептерге байланысты жер сату-сатып алу объектiсi болғанымен және мүлiк ретiнде танылғанымен, өндiрiстiк қызмет нәтижесiнде пайда болатын мүлiкпен, өнiммен немесе өзге затпен теңеспейдi. Сол себептен, жердi азаматтық айналымның еркiн объектiсi ретiнде тануға болмайды және табиғи ресурс ретiнде сақталуын, ұтымды және мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз етуiмiз қажет.
Жер құқығының пәні. Жер құқық қатынастары: түсінігі, обьектісі, субьектісі және түрлері Құқықтық қатынастардың қоғам талаптарына сай өзгеруі, жер құқығы пәні мен міндеттерінің өзгеруіне әкеп соғады. Нарықтық экономика және тұрақты даму жағдайында жер меншік иелері мен жер пайдаланушылардың дербестігі, жер құқық қатынастарының демократиялағы, жер меншік иелері мен жер пайдаланушылардың құқықтарының кең ауқымға жетуі сияқты құбылыстар орын алып отыр.
Нәтижесінде жер құқығының пәні мен міндеттері өзгеріске ұшыраған. Жер құқығының пәні дегеніміз – жер құқық нормаларымен реттелген қоғамдық қатынастардың жиынтығы, яғни жер құқық қатынастары. Жер Кодексінің 12-бабының 10-тармақшасына сәйкес, жер құқық қатынастары дегеніміз – жерге меншік құқығын және өзге де құқықтарды жүзеге асыра отырып, жер ресурстарын басқаруға, жекелеген субьектілерге жер учаскелерін бекітіп беруге байланысты жерді пайдалану мен қорғау жөніндегі қатынастар болып табылады. Жер құқық қатынастарының өзіне тән белгілері бұл қатынастар жерді пайдалану мен қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған; бұл қатынастар жерді меншік обьектісі, пайдалану обьектісі, аумақтық кеңістігі және табиғат байлығы ретінде қарастырады; бұл қатынастар жер құқық нормаларымен қатар, өзге құқық салаларының нормаларымен реттеледі; бұл қатынастар тек жер учаскесін пайдалану емес, сонымен қатар, жер учаскесінде орналасқан жылжымайтын мүлікті де пайдаланумен байланысты қатынастар; Жер құқық қатынастарының да өзге құқық қатынастары сияқты өзіне тән болатын объектісі, субъектісі және мазмұны болады.
Қазіргі жер қоры нысаналы мақсатына сәйкес, жеті санатқа бөлінеді:
1. ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлер;
2. елді мекендердің (қалалардың, кенттер мен ауылдық елді мекендердің) жері;
3. өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де ауылшаруашылығы мақсатына арналмаған жерлер;
4. ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, сауықтыру мақсатындағы, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жер;
5. орман қорының жері;
6. су қорының жері;
7. босалқы жері;
Шартты жер үлесі дегеніміз – таратылған немесе қайта ұйымдастырылған ұжымшар мүшелерінің, мемлекеттік емес болып қайта құрылған мемлекеттік ауыл шаруашылығы ұйымдары қызметкерлерінің сандық тұрғыдан анықталған үлесі. Ғалым Ә.Е. Бектұрғановтың пікірінше құқықтық қатынасқа қатысушылардың барлығы бірдей құқық субъектісі бола бермейді. Құқық нормалары құқықтық қатынасқа қатысушылардың құқықтық жағдайын белгілеп, олардың мәртебесін, керек болса, құқықтық қатынасқа қатысушылардың мүмкіншіліктерін де белгілеп береді. Жер құқығы қатынастарының субъектісі кез-келген тұлға бола алмайды, тек әрекет етуші заңмен анықталған құқықтар мен міндеттерге ие және құқықтық қатынастарға қатыса алатын тұлғалар ғана болуы мүмкін. Сондай-ақ ол құқықтарға ие болу деңгейі жер құқығы қатынастарындағы субьектілердің құқықтық дәрежесін анықтауда негізгі өлшем болып табылады. Жер құқығы қатынастары субьектілерінің құқық көлемі мынадай жағдайларға тәуелді болады: - субъектінің түріне;
-субъектінің заңи маңызы бар әрекетіне; - аталған жер құқығы қатынастарының ерекшелігіне; - құқық қатынастары субьектісінің өз функциясын жүзеге асыру жағдайына байланысты болады.
Жер құқығы қатынастары субъектілерінің қатары, мазмұны және олардың құқықтарының ара-қатынасы елдегі жер саясаты және әлеуметтік-экономикалық қайта құрулар сипатына тәуелді өзгеріп отырады. Кеңес одағы кезінде мемлекет жерге меншік құқығы қатынастарының айрықша жеке субъектісі болғаны бәрімізге аян. Ал жерге жеке меншік институтын енгізген соң жерге меншік құқығы қатынастарының субъектілері қатарына жеке тұлғалар мен мемлекеттік емес заңды тұлғалар қосылды. Қазіргі кезде мемлекет заң бойынша жеке меншікке берілмеген және беруге болмайтын жер қорына меншік құқығын сақтап отыр. Міне, осыған сәйкес мемлекет жерге мемлекеттік меншік құқығы қатынастарының субъектісі болып табылады. Жер құқық қатынастарының субьектілері дегеніміз – жер құқығы қатынастарына қатысушылар болып табылатын және соған орай құқықтары бар әрі осы құқық қатынасында міндеттер атқаратын жеке және заңды тұлғалар, мемлекет. Мысалы: мемлекеттік органдар, жердің меншік иелері, жер пайдаланушылар, қазақстандық тұлғалар, шетелдік тұлғалар, халықаралық ұйымдар және т.б. Жер құқық қатынастарының мазмұны дегеніміз – жер құқық қатынастарына қатысушылардың заңдармен белгіленген немесе реттелген құқықтары мен міндеттері.
Бұл тұжырым бір-бірімен байланысты үш элементтен тұрады:
Жер құқық қатынастарына қатысушылар (субъектілер-жерге меншік иелері, жер пайдаланушылар, жер құқық қатынастарын реттеуші мемлекеттік органдар);
Жер құқық қатынастарына қатысушылардың (субъектілердің) құқықтары мен міндеттерін, өкілетті органдардың өкілдіктерін реттейтін заңдардың (өкілді және атқарушы органдардың құзыреттері туралы) нормалары;
Заңдарда және заңи құжаттарда белгіленген жер құқық қатынастарына қатысушылардың құқықтары мен міндеттері.
Осындай жайттардан шығатын жер құқығы қатынастары субъектілерінің құқықтарын былайша жіктеуге болады: әрекет немесе әрекетсіздік ретінде көрінетін белгілі бір мінез-құлыққа жататын құқық. Мысалы, Жер кодексінің 64-бабы 1-тармағына сәйкес жер учаскесінің меншік иесі осы жерден дербес шаруашылық жүргізуге және бұл шаруашылық жүргізудің коммерциялық құпиясы туралы мәліметтерді басқа тұлғаларға бермеуге құқылы. Бірінші жағдайда әрекетке құқық, екінші жағдайда әрекетсіздікке құқық жүзеге асырылады. Жалпы жер құқығы қатынастары субъектілерінің барлық құқық түрлері субъективті сипатқа ие болуымен қатар субъектінің еркіне толық тәуелді болып табылады. Ал енді жер құқығы қатынастары субъектілерінің міндеттері дегеніміз – заңмен анықталған басқа тұлғаның субъективті құқығына сәйкес міндетті тұлғаның мінез-құлқының заңмен анықталған түрі мен көлемі. Жер құқығы қатынастары субъектілерінің міндетті мінез-құлқы мынадай сипатта көрінеді:
- қандай да бір әрекетті жасау міндеті (белсенді міндет);
- қандайда бір әрекетті жасамау міндеті (бәсең міндет).
Жер құқығы қатынастарының субъектілерінің құқықтары мен міндеттері иеленушілерге қарай жалпы және арнайы болып екіге бөлінеді. Бұл құқықтар мен міндеттер жер құқығы қатынастары субъектілерінің бәріне тән құбылыс. Сондай-ақ бұл субъектілердің жекелеген санаттарына тән арнайы құқықтар мен міндеттер. Қазақстан Республикасы Жер кодексіне сәйкес, жер меншік иелері мен жер пайдаланушылардың бірқатар құқықтары мен міндеттері бар.
Жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың жер учаскелерiн пайдалануға құқықтары:
1) жер учаскесiн оның нысанасынан туындайтын мақсатта пайдалана отырып, жерде дербес шаруашылық жүргiзу;
2) ауыл шаруашылығы және өзге де дақылдар мен екпелер себу мен отырғызуға, өндiрiлген ауыл шаруашылығы өнiмi мен жер учаскесiн пайдалану нәтижесiнде алынған өзге де өнiмге және оны өткiзуден түскен табысқа меншiк, шаруашылық жүргiзу, оралымды басқару;
3) өзшаруашылығының қажеттерi үшiн жер учаскесiнде бар құмды, сазды, қиыршық тасты және басқа да кең таралған пайдалы қазбаларды, шымтезектi, екпелердi, жер үстi және жер асты суларын, кейiннен мәмiлелер жасасу ниетiн көздемей, белгiленген тәртiппен пайдалану, сондай-ақ жердiң өзге де пайдалы қасиеттерiн пайдалану;
4) жер учаскесi мемлекеттiк қажеттiктер үшiн алып қойылған (сатып алынған) жағдайда келтiрiлген шығынды толық көлемiнде өтетiп алу;
5) жердi аймақтарға бөлудi ескере отырып, меншiк, шаруашылық жүргiзу, оралымды басқару құқығымен жер учаскесiнiң нысаналы мақсатына сәйкестiкте тұрғын үйлер, өндiрiстiк, тұрмыстық және өзге де үйлер (құрылыстар, ғимараттар) салу;
6) белгiленген құрылыс, экологиялық, санитарлық-гигиеналық және өзге де арнаулы талаптарға сәйкес суландыру, құрғату және өзге де мелиорациялық жұмыстар жүргiзу, тоғандар мен өзге де су айдындарын жасау құқығы бар.

Жер құқығы және азаматтық құқық. Жер құқығы азаматтық құқықпен тығыз байланыста. Себебі жер табиғи ресурс, қоршаған ортаның құрамдас бөлігі болып табылатындығымен қатар, жылжымайтын мүлік ретінде азаматтық айналымның объектісі болып табылады. Сол себептен, жер құқық қатынастарын реттеу барысында азаматтық құқық нормаларының қолданылатынын жоққа шығармаймыз. Дегенмен, жер учаскесі жеке меншікке беріліп, азаматтық айналымның объектісі ретінде танылғанымен, біршама шектеулер қойылады. Жер учаскесімен азаматтық құқықтық мәмілелер жасап, оны шаруашылық айналымға түсірмес бұрын келесі жағдайларды анықтап алу қажет: жер учаскелерін, жер пайдалану құқығын және жер үлестерін жер айналымына енгізу заңды түрде қамтамасыз етілгені; жер нарықтық қатынастарының объектісі ретінде танылып отырған жер учаскесі немесе жер пайдалану құқығы шаруашылық және азаматтық айналымнан алынбағаны; жер заңдарымен жеке меншікте болу мүмкіндігі анықталғаны; жер учаскесінің шекаралары айқындалғаны; жер учаскесіне құқықтарды куәландыратын құжаттары бар учаскелер болуы қажет. Сонымен қатар, жер учаскесіне меншік құқығы, оның ішінде жеке меншік құқығы азаматтық құқықтағы жеке меншік құқығындай абсолютті емес, біршама шектеулер қолданылады. Атап айтсақ, жер учаскесінің нысаналы мақсатын қамтамасыз ету, жерді ұтымды пайдалану міндеті, топырақты қорғау неормативтерін сақтау, барлық жер қорының меншік нысанына қарамастан, жер мониторингісінің, жер кадастрының объектісі ретінде танылатыны, т.б.


Жер құқығы және аграрлық құқық. Жер құқығы мен аграрлық құқықтың ұқсастығы – екі құқық саласының құқықтық реттеу пәні ретінде жер құқық қатынастарының танылуы. Ал айырмашылығы келесі белгілері арқылы айқындалады: жер құқық қатынастарының объектісі ретінде Қазақстан Республикасының меншік нысанына қарамастан барлық жер қоры танылса, ал аграрлық құқық қатынастарының объектісі ретінде тек ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлер танылады. Жер құқығы тауарлы ауылшаруашылық өндірісін жүргізу үшін, өзіндік қосалқы шаруашылық жүргізу үшін алғышартын анықтайды, яғни жер учаскесін осы мақсаттар үшін беру тәртібін, шарттарын айқындайды, ауылшаруашылық жерлерінің басымдылығын, ауылшаруашылық алқаптарын пайдалану тәртібін, олардың ерекше қорғалуын қамтамасыз етеді. Ал аграрлық құқық болса, ауылшаруашылық мақсатындағы жерлерде ауылшаруашылық қызметін жүргізуге байланысты туындайды және осы салада туындайтын ауылшаруашылық өндірістік қатынастарды реттейді. Сол себептен, жер құқығы кең мағынада қарастырылатын құқық саласы болса, аграрлық құқық тар мағынада, яғни ауылшаруашылық мақсатындағы жерлердегі қызметті жүзеге асырумен байланысты болатын құқық саласы. Жер және тау-кен құқығы. Жер және тау кен құқығының арасындағы айырмашылық олардың құқықтық реттеу пәнін құрайтын қоғамдық қатынастардың әртүрлі қамту шеңберінде болып есептелінеді. Тау кен құқығының пәні жер қойнауын пайдалану мен қорғауға байланысты қоғамдық қатынастар болып табылады. Біздің елімізде жер қойнауы
және жер жеке-жеке құқық объектісі ретінде саналады. Сондықтан жер қойнауын игеруге рұқсат алу жерді алуды білдірмейді. Жер қойнауындағы пайдалы қазбаларды өндіруге беретін рұқсат - тау кен беру акт негізінде жер қойнауын пайдаланушы өкілетті мемлекеттік органдардың алдына оған тау кен жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскесін бөлу мәселесін ғана қоя алады. Геологиялық жұмыстарды жүзеге асыру тәртібі жер қойнауы туралы заңмен реттеледі. Жер құқығы мен тау кен құқығы арасындағы байланыс жалпы тараған пайдалы қазбаларды пайдалануды реттеуші нормалар тек тау кен құқығында ғана емес, жер құқығымен де қамтылған. Жер және орман құқығы. Жер құқығы орман құқығынан реттеу пәні бойынша ерекшеленеді. Орман құқығының нормалары орман қатыныстарын реттейді. Яғни орманды пайдалану, қайта қалпына келтіру және қорғауды жүзеге асыратын қоғамдық қатынастарды құрайды, ол жер құқығының пәні жер қатынастары болып табылады.
Сонымен қатар, Жер кодексіне сәйкес, жер учаскелері орман өсіру үшін жеке меншікке беріледі және жекеше орман қорының қалыптасуына негіз болады. Яғни, жер құқығы орман өсіру үшін жер учаскесін беру тәртібін қарастыратын болса, орман құқығы сол өсірілген орман қорын пайдалану, қорғау және қалпына келтіруді қарастыратын құқық саласы болып табылады. Табиғи ресурстар арасында орманға ерекше орын берілген және жер орманмен биологиялық бірлікті құрайды. Жер және су құқығы. Су құқығы суды пайдалану мен қорғауға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді. Айрықша мемлекеттік меншік құқығының объектісі ретінде сулардың оларға ерекше сипат беретін бірқатар ерекшеліктері бар. Біріншіден, су мемлекеттік меншік құқығының тұтынылатын объектісі болып табылады; екіншіден, олар халық шаруашылығының әртүрлі мақсаттарын жүзеге асыруға қызмет етеді; үшіншіден, судың бір қайнар көзі бір мезгілде әртүрлі мемлекеттік, қоғамдық мекемелер, ұйымдар және кәсіпорындармен пайдаланылады. Сонымен, су құқығы тау кен және орман құқығы секілді жер құқығынан құқықтық реттеу пәні бойынша ерекшеленеді.

Қорытынды


Жердiң нарықтық құны оның адам өмiрi үшiн беретiн экологиялық және әлеуметтiк құндылығын бағалай алмайды. Сондықтан жер учаскесiнiң iс жүзiндегi ақшалай құнын анықтау мүмкiн емес; Жерге барлық халықтың табы мұқтаж және халық санының өсуiмен аталған ресурсты тұтынуы жерге деген сұранысты күшейтiп отыр; Жер тек адамзат баласымен ғана емес, сонымен бiрге, адам өмiрiн қамтамасыз ететiн тiршiлiктiң өзге де жандарымен тұтынылады; Жердiң саны мен сапасы өндiрiстiк қызмет нәтижесiнде, өзге кейбiр объектiлер тәрiздi ұлғаймайды, керiсiнше кемiп отырады. Қазіргі жаһандану кезінде, адамзат табиғатқа араласу белсенділігін арттырған жағдайда, табиғи объектілерді және ерекше маңызға ие, ұзақ уақыт бойы қалпына келетін жер ресурстарын ұтымды пайдалану саласында жалпы глобалдық және ішкі мемлекеттік өзара келісілген шараларды қалыптастыру қажет. Көптеген зерттеушілер осыған байланысты жердің ерекше маңыздылығын атап өткен. Б.Ж. Әбдірайымов, жер дегеніміз – мемлекет пен халықтың өмір сүру қызметінің негізі болып табылатын табиғаттың басты объектісі. Жерге меншік нысаны, иелену мен пайдалануға кімге берілгендігі және жердің сандық, сапалық жағдайына біздің болашағымыз тәуелді деп жазған болатын. А.Х. Хаджиевтың пікірі бойынша – жердің табиғи қасиеті өзге қоршаған табиғи орта объектілермен өзара байланыс жүйесінде басым орнын белгілейді.

Пайдаланылған әдебиеттер


1. Ә. С. Стамқұлов., Г.Ә. Стамқұлова “Жер құқығы” Алматы 2004 ж
2. А.Е. Бектұрғанов “Қазақстан Республикасындағы жер құқық қатынастары” Алматы “Жеті жарғы” 1997 ж
3. Ерофеев Б.В. “Земельное право” Москва 1998
4. Абдраимов Б. Ж. “Актуаьное вопросы правприменение при разрешении земельных споров” Алматы 19981. Жер құқығының мәні

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет