компьютерде отырып жұмыс істейтіндер үшін
Көзге арналған жаттығулар кешені
Тік қимылдар.
Көз жоғары қарап, сосын төмен (6 – 8 реттен).
Көзді жұму, отыру 10 – 15//.
Көлденең қимылдар.
Көз оңға, солға (6 – 8 реттен).
Көзді жұму, отыру 10 – 15//.
Көзді айналдыру қимылдары (5 – 6 реттен).
Көзбен «8» саннын жазу жоғарыдан төмен. Көз қимылдары бірқалыпты (әр бір жақтан 5 – 6 реттен). Көзді жұму, отыру10 – 15//..
Шексіздік белгісін « » салу көз қимылдары біртіндеп (5 – 6 реттен).
Көзді жұму, отыру 10 – 15//.
Терезе жанына жақындау. Алыстан терезе сыртындағы бір затты тауып алып және соған 10 – 15 мин аралығында назарды тұрақтандыру.
Жанарды терезедегі нүктеге аударып, 10 – 15 мин аралығында оған зейінді тұрақтандыру.
саусақтарға арналған жаттығулар кешені
Уқалау (сылау және сипау) қол саусақтарын және білекті.
Басқа қолдың көмегімен саусақтарды жазу.
Саусақтарды бүгу және жазу.
Кішкене допты қысу, резина эспандерді қысу.
Саусақтарды және білекте жазылған күйде қимылдатпай ұстап тұру.
Саусақтарды және білекте бүгу, жазу және қимылдатпай бір затқа тіреп тұру (қабырғаға, ағашқа).
Гимнастикалық таяқпен саусақтан саусаққа түсірмей ауыстыру.
Сол жақ білекті алаққанға жұмылдыру, оң қолдың созылған саусақтарымен сол қолдың кішкене саусағына тигізу, бір мезгілде жылдам қимылдармен білектін орыннын ауыстыру.
Достарыңызбен бөлісу: |