Реферат Пәні: Экономика және кәсіпкерлік негіздері. СӨж тақырыбы: Нарықтық тепе-теңдік



бет2/2
Дата27.04.2023
өлшемі31.88 Kb.
#472894
түріРеферат
1   2
Реферат.Экономика.5.срсп

Өрмек түрлес үлгі. Бұл көпке белгілі үлгі. Мәні : баға тепе-теңдік болмыстан ауытқығанда, нарықта сатылатын тауарлардың саны мен бағасы тербеледі. Тербелу нәтижесінде сұраныс пен ұсыныс арасында тепе-теңдік орнайтын жағдай пайда болады. 
Өрмек түрлес үлгіні графикалық талдау мынадай қорытынды жасауға мүмкіндік береді:
• егер ұсыныс қисық сызығының еңкею бұрышы сұраныс қисық сызығынын еңкею бұрышынан шұғыл болса, тепе-теңдік тұрақты болады:
• егер сұраныс қисық сызығының еңкею бұрышы ұсыныс қисық сызығынын еңкею бұрышынан шұғыл болса, тепе-теңдік тұрақсыз болады, бағаның өте қатты тербелуі орын алады;
• егер сұраныс қисық сызығы мен ұсыныстың еңкею бұрыштары тең болса, баға тепе-теңдік болмысы маңайында ұдайы тербелуде болады.
Вальрастікі емес қатаң бағалар болатын үлгі. Бағаның құрылу үлгісі ол икемді болады деген жорамалдауға негізделеді. Нарықтық тепе-теңдіктің бұзылуы бағаны өзгерту арқылы, немесе, өткізуге ұсынылған тауарлардың санын өзгерту арқылы жойылады деп жорамалдауға болады. Бірінші жорамал Вальрастық бағытқа тән, екінші — кейнстікке тән.
Бұл үлгі тепе-теңдік болмысты орнату тек бағаны өзгерту арқылы ғана емес, өндіріс көлеміне бағаны сұранысқа үйлестіру мақсатпен, бақылау еңгізу арқылы да қамтамасыз етіледі деп тұжырымдайды.
Кезекші үлгісі. Бағалар мемлекет бақылауында болса, олар ұзақ мерзім өзгермеуі мүмкін. Мұндай жағдайда сұраныс пен ұсыныстың қандай болмасын тербелуі, тауарлардың тапшылығына, немесе, олардың өтпей жатып қалуына әкеліп соғады. Айталық, алғашқы мемлекет белгілеген баға тепе-теңдік баға болсын. Түрлі себептерге байланысты сұраныс өссін дейік. Баға тұрақты болып қалса, бұл жағдайда тапшылық пайда болады. Енді, тепе-теңдік орнату үшін ұсынысты көбейту керек, немесе, тапшы болған тауарларды тұтынушылардың арасында карточка жүйесін енгізу арқылы, немесе, нарықтық тепе-теңдікті кезекпен сәйкестікке келтіру арқылы рационалды жолмен бөлу қажет. Кезек дегеніміз тұтынушылардың тауарды сатып алуға жұмсайтын шығындарының екі бөліктен тұратынын көрсетеді: тауарға ақшалай түрде белгіленген бағадан және кезекте тұрғандықтан туған шығындардан. Кезекте тұрғандықтан келген шығындарды, сол кезекте тұрғанда кеткен уақытта пайдалы еңбек жасалғанда түсетін табыстар шамасымен өлшеуге болады. Осыған байланысты мынадай тұжырымдар туады: «ұзын кезектен гөрі қымбат баға жақсы», «қымбат баға кезекті қысқартады». Қарсыластар: «қымбат баға хал-ауқатты төмендетеді». Осы тұжырымдардың екеуі де дұрыс болуы мүмкін. Көп адамдар, өзгерістер қандай болмасын, егер олардың нәтижесінде ұтқандардың байлығының өсуі, ұтылғандардың байлығының шығындарынан артық болса, онда осындай өзгерістер тиімді, ұнамды деп саналады.
Мемлекеттің кірісу жағдайындағы нарықтық тепе-теңдік үлгісі (кезекші үлгісіне косымша). Егер нарықтық жағдайда мемлекет тауарлардың бағасын тепе-теңдік дәрежеде белгілемесе, онда артықшылық, немесе, тапшылық болуы күмәнсіз.
Егер баға тепе-теңдік дәрежесінен жоғары белгіленсе, артықшылық пайда болып, тауарлар қоймаларда қалып қояды. Бұл сатуды және сатудан түсетін ақы мөлшерін азайтады. Сондықтан мемлекет фирмалардың табыстарының азайуымен байланысты, олардың, қосымша жұмсалған шығындарын өтеуге мәжбүр болады. Осы мәселені шешудің ең жабайы жолы: артық тауарларды мемлекет өзі сатып алады. Осылай экономикалық тепе-теңдік орнайды. Керісінше жағдайда баға тепе-теңдік дәрежеден төмен белгіленеді. Нәтижесінде тапшылық туып өтелмеген сұраныс көбейе түседі. Мұндай ұнамсыз жағдайды жою мақсатымен мемлекет өзінің қаражаттарын пайдаланып тапшылықты болдырмау үшін, мысалы, импорттыкөбейтеді. Мемлекет өзіне қосымша тауарды жеткізуші қызметін жүктейді. Осылайша тапшылық, жойылады, экономикалық тепе-теңдік орнайды.
Осы замандағы батыс экономикалық әдебиеттері өзін-өзі реттейтін жүйе болып нарықтың қызмет етуін, нарықтық қатынастар субъектілерінің экономикалық іс-әрекеттерінің рационалдылығымен дәлелдейді. Олардың әрекеттерінің рационалды түрде жүруі, ынталар мен қажеттіктерді қамтамасыз етудің оптималдық әдістері арқылы жүзеге асырылуынан көрінеді. Фирмалар өздерінің табыстарын көбейтуді көздей отыра сонымен бірге, «көрінбейтін қолдың» қатысуымен, қоғамдық ынталарды да қанағаттандырады. Фирмалар өнімдердің осы көлемін өндіру үшін алдыңғы қатарлы технологііяны, өндірісті ұйымдастырудың қолайлы әдістерін қолданады. Олардың осындай әрекеттері жеке бастарының табысқа жетуіне, шығындарын үнемдеуіне жол аша отырып, сонымен қатар, жалпы коғамның байлығының молаюына ат салысады. Осылайша, нарықтық жүйе мүмкіндік тудырған жеке адамдардың өз басының табысты көздейтін әрекеттері түбінде бүкіл қоғамның қажеттерін толығырак қамтамасыз етуге жол ашады.
«Көрінбейтін қол» түрінде әрекет ететін өзін-өзі реттейтін экономикалық жүйе, бір жағынан, экономикалық жүйені ұйымдастырудың формасы болып, екіншіден, шаруашылық жүргізу әдісі болып табылады. Өзін-өзі реттеуді ұйымдастыру формасы. Бұның негізін нарықтық жүйе құранды. Осы форма меншіктің сан алуан формаларына, шаруашылық жүргізудің көп түрлі ұйымдастыру-құқықтық формаларына, көп салалы нарықтық инфрақұрылым жүйесіне негізделеді.
Өзін-өзі реттейтін нарықтық жүйе әлеуметтік-экономикалық еркіндігі бар шаруашылық субъектілерінің құрылуын талап етеді. Осымен қатар, ол әрекеттерін бір-бірімен тікелей, немесе, жанама түрде көрінетін экономикалық ынталардың келісімді, өзара тәуелді болуын тілеп жүргізеді. Нарықтық экономиканың субъектілерінің осындай жағдайы, объективтік түрде қоғамдық еңбек бөлінісінің нәтижесі болып табылады — бұл бір жақтан, шаруашылық жүргізуші субъектілерді еңбек етудің түрлеріне сәйкес бір-бірінен алшақтатып бөледі, экономикалық әрекеттер жағынан оңашаланған өндірушілерді қалыптастырады. Екінші жақтан, еңбек бөлінісі өндірушілер арасында тұрақты функционалдық өзара байланыстар тудырады, сатып алу - сату түріндегі эквиваленттікке негізделген айырбас процестерін келістіреді.
Осы методологиялық болмыс нарықтық экономиканың дамуымен байланысты болатын, бұданда терең процестің теориялық негізін құрайды. Осының табиғи дамуы екі қарама-қарсы тенденцияға: орталықтан тепкіш және орталықа тартқыш тенденцияларға негізделеді. Бірінші, орталықтан тепкіш тенденция қоғамдық еңбек бөлінісі процесінде пайда болған, жабайы оңашаланған өндірушілерді ұсақ тауарлық өндірісінің монополистік бірлестіктер түрін алған ірі шаруашылық субъектілеріне айналдырады. Бұлар өндіргіш күштердің дамуының және олардың бір-бірімен бәсекелесуінің нәтижесінде пайда болады. Екінші, орталықа тартқыш тенденция қоғамдық еңбек бөлінісі арқасында күшейген функционалдық өзара байланыстара негізделе отырып, интеграциялық сипаттамалары бар, әр түрлі процестерден тұрады. Өзін-өзі реттейтін жүйенің шаруашылық жургізу әдісі бәсекелік және интеграциялық процестердің әрекеттеріне негізделеді. Бұл нарықтық экономикалық дамудың екі қарама-қарсы тенденциясы болып табылады. Шаруашылық жүргізудің әдісі ретінде, бәсекелестік, тауар өндірушілердің іс-қимыл процесіндегі бір-бірімен сайысы түрінде көрінеді. Интеграция өндірістік-шаруашылық әрекеттердің функционалдық өзара байланыстар келісімдері арқылы жүріп отыратынын сипаттайды. Бәсеке ендіріс келемін көбейту, сату-өткізу нарықтарын кеңейту, шикізаттар мен материалдар көздерін иелену үшін сайыс, тартыс түрінде жүреді. Ал интеграция өнімдерді өндіру және өткізу процесінде нарықтық субъектілердің шаруашылық жүргізу жағданларының бір-біріне әсер етуіне, сонымен қатар, капиталды қолдану сферасында келісімді іс-қимыл жасау қажетгігіне негізделеді. Бәсеке тауар өндірушілерді бір-бірінен алшақтандырады, бөледі. Ал интеграциялық процестер өндірістік, ғылыми-техникалық және тағы басқа сфераларда ассоциациялар, одақтар, бірлестіктер пайда болуына жол ашады.
Бәсекелестік және интеграциялық, қарама-қарсылықтардың бірлігі мен күресі заңының көрініс формасы ретінде, нарықтық экономиканың өзін-өзі жылжытуының, өзін-өзі реттеуінің ішкі көзі болып табылады.
Нарықтық қатынастардың дамуы барысында интеграциялық процестерде қолданатын шаралар:
• өндірісті ұйымдастыру саласында жекелеген фирмалар өндірістің, ғылыми-техникалық, жөне әлеуметтік даму мүмкіндікгерін молайтуды көздеп, ассоциация болып бірлеседі. Акцияландыру жүйесі меншік иелерінің арасындағы бәсекеге байланысты пайда болды. Бірақ, ол демократиялық негізде нарықтық экономиканың тәуелсіз субъектілерінің интеграциясын тудырды;
• мемлекеттік реттеу саласында бәсеке және өндірісті монополияландыру процесінде, өндірушілердің әрекет терін шектеуді көздейтін шарттар жасалып қолданылады. Мемлекетгік реттеу жүйесі тауар өндірушілер арасындағы бәсекелестіктің нәтижесінде пайда болып отырған кәсіпкерлік іс-қимылды заңды түрде реттеудің негізін құрды. Осы жағдай тауар өндірушілерді «еркіндік аумақпен» қамтамасыз етеді, осы аумақ ішінде олар өздерінің бәсекелестеріне ықпал жасай алмайды;
• айырбас саласында маркетингконцепциясы қалыптасты. Ол бәсекелестік күрес әдістерінің даму нәтижесінде пайда болды және бірте-бірте өндіріс пен тұтыну сфераларының интеграциясына әсер ету механизіміне айналды. Осы жағдай тәуелсіз өндірушілер мен тұтынушылардың ынталарының келісімді болуына негізделеді;
• еңбек ресурстарын пайдалану саласында халықты жұмыспен қамту жүйесі жасалады. Бұл кәсіпкерлер мен жалдамалы жұмыскерлер арасындағы бәсекенің нәтижесінде пайда болады. Осылайша, халықты жұмыспен қамту жүйесі әлеуметтік бағытталған нарықтық экономканың құрамды бөлігіне айналады.
Қорытынды ретіше мына мәселені айта кетейік: даму процесінде нарықтық экономика өзі іс-әрекетіне тән негативтік жағдайлардан құтыла алмайды. Осыған ұдайы өндірілмейтін ресурстарды пайдаланумен, қоршаған ортаны қорғаумен, бүкілхалықтық байлықты (ормандарды, балықты, тағы жануарларды) пайдалануды реттеумен байланысты мәселелер жатады. Интеграциялық процестер бәсекелік сайыс болып тұрған жағдайда әсер ететін тенденция болып қана табылады. Осы процестер өзін-өзі реттейтін жүйе болып табылатын нарықтық экономиканың тұрақтылығын нығайтуға көмектеседі.
Әртүрлі тепе- теңдік түрлерін салыстыру: 

  1. экономикалық параметрлердің нарықтық тепе-теңдікке әсерін анықтауға;

  2. нарықтық тепе-теңдіктің зардаптарын түсіндіруге;

  3. нарықтың болашақтағы жағдайын болжауға;

  4. экономикалық реттеудің құрал- жабдықтарын пайдаланудың әсерін анықтауға мүмкіндік береді. 

Салыстырмалы статикалық модельді қолдану әдісі сұраныс пен ұсыныс қисығына бағалық емес параметрлердің әсерін зерттеуге негізделген. Жаңа нарықтық тепе-теңдікке өту, нарыққа қатысушылардың өзгерген жағдайға үйрену процессі болып табылады. Сондықтан да нарыққа қатысушылардың өзгерістерге байланысты мінез-құлықтары олардың бейімделген мүмкіндіктерінен және уақыт факторларынан білінеді. Бұл уақыт факторын тіпті статикалық модельде қолдануға алып келеді. Нарыққа қатысушылардың мінез- құлқы өзгерістерге әсер ету шапшаңдығынан білінетіндіктен, уақыт айналымдарын қысқауақыттық, бір мезеттік, ұзақуақыттық және өте ұзақ уақыттық деп бөлуге болады. 
Нарықтық тепе-теңдіктің динамикалық модельі – бір күйден екінші күйге өту кезіндегі уақыт факторын қосқандағы сызықтық жағдайын білуге мүмкіндік береді. Бұл анализге «өрмекшітәрізді» модель мысал бола алады. Нарықтық тепе-теңдіктің орнатылу модельіне уақыт факторын енгізген кезде t(t=0,1,2,3,….,T) нарықтық сұраныс ағымдық баға әсерінен қалыптасады, яғни ағымдық t айналымынан, ал, нарықтық ұсыныс алдыңғы баға айналымынан (t-1). Бұл жағдайда біздің қолданатын нарықтық сұраныс пен ұсыныстың сызықтық теңдеу мына күйге ауысады:
QD=a-bPt; QSt=c+dPt-1 (1) 
Бұл теңдіктен тепе-теңдік баға P*=(a-c)/(d+b) ұсыныс көлемі мен сұраныс көлемі берілген уақыт айналымында тең екндігі, яғни QtD=QtS шығады. Егер бастапқы айналым бағасын P0 деп алсақ, онда нарықтық баға кез келген берілген айналымда төмендегі берілген айналыммен анықталатын болады. 
P=(P0-P*)/(-d/b)t+P* (2)
(2) теңдеуден көрініп тұрғандай нарықтық тепе-теңдікте баға өзгерісі (-d/b)– көбейткішінің қандай болатынына байланысты болады. Ол оң немесе теріс болуы мүмкін. Бұл егер d=b коэффиценттері тең болған жағдайда Pt–бағасының тепе-теңдік бағасынан P* ауытқуы болады. dt, 0-ге ұмтылады. Бұған ауытқу азая түседі де Pбағасы P*–қарай жақындайды. Ал d>b болса, Pt -ның P*–бағадан ауытқуы арта түседі. d-және b нүктелері сұраныс пен ұсыныс қисығының иілу нүктелері болып табылатындықтан, оларға қарап болашақ өзгерістерге болжам жасауға болады. Егер сызықтардың иілу нүктесі бірдей болса, тепе-теңдік бағасының айналасында нарықтық баға да болады. Егер ұсыныс қисығының иілу нүктесі сұраныс қисығынан асып кететін болса, нарық тепе-теңдік жағдайға жақындай бастайды. Ал сұраныс қисығы ұсыныс қисығынан асып кетсе, тепе-теңдіктен ауытқу үлкейе бастайды және нарық құлдырауға ұшырауы мүмкін.

Қолданылған әдебиеттер:

  • Wikipedia.

  • С. Әкімбеков, А.С. Баймұхаметова, У.А Жанандаров Экономикалық теория. Оку құралы. Жалпы редакция С. Әкімбековтікі. — Астана: 2002.

  • Қаржы-экономика сөздігі. — Алматы: ҚР Білім және ғылым министрлігінің Экономика институты, «Зияткер» ЖШС, 2007. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет