Реферат қР Құқық қорғау органдары Орындаған: Ибраев А. К уа-201 Тексерген: Қорғанбаева Е. А



бет2/3
Дата24.02.2023
өлшемі32.02 Kb.
#470022
түріРеферат
1   2   3
сроп 3 сыбайлас

Сот төрелігін мемлекеттің атынан арнайы мемлекеттік орган – сот жүзеге асырады. Соттардың толық тізбесі ҚР Конституциясында және сот жүйесі туралы Конституциялық заңда айқындалған. Соттардың мәртебесінің өзгешелігі олардың ұйымдастырылуының ерекшелігіне байланысты;
от төрелігі іс жүргізу заңнамасында(ҚІЖК, АІЖК) белгіленген тәртіппен қылмыстық, азаматтық және өзге істерді қарау (істің нақты мән-жайларын анықтау мақсатында дәлелдемелерді зерттеу арқылы) және шешу (қаулыларды, үкімдерді және басқа да сот актілерін шығару арқылы) арқылы жүзеге асырылады;
3. Істер және қорғау тараптарының, сондай-ақ дәлелдемелерді зерттеуге белсенді қатысу құқығы берілген процестің басқа да қатысушыларының міндетті қатысуымен сот отырыстары нысаныда қаралады. Бұл ретте сот қорғау немесе айыптау жағына шықпайды. Ол сот отырысында қаралған дәлелдемелерді зерттеуге және бағалауға әрі заңның талаптарына сай келетін шешім шығыруға тиіс;
4. Соттың үкімдері, қаулылары, ұйғарымдары және шешімдері олар заңды күшіне енген сәттен бастап заң күшіне ие болады, сондықтан да республиканың барлық аумағындағыбарлық мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдардың және азаматтардың орындауы үшін міндетті болып табылады. Заңды күшіне енген сот актісін орындаудан жалтару заңнамада белгіленген жауапкершілікке әкеп соғады. Сот актілерін тек жоғары тұрған соттар және тек іс жүргізу заңнамасында белгіленген тәртіппен өзгертуі немесе күшін жоюы мүмкін.
5. Сот төрелігі Конституцияда, сот жүйесі туралы Конституциялық заңда және басқа да нормативтік құқықтық актілерде бекітілген идеяларды басшылыққа алатын, сот төрелігін және өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру кезінде сот қызметін ұйымдастыру мен тәртібінің мәнін және мазмұнын айқындайтын негізгі ережелерден тұрады.[18]
ҚР Конституциясының 75-бабында және “ҚР сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы” 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Конституциялық Заңның 1-бабында аталғандай, “Қазақстан Респбликасында сот төрелігін тек сот жүзеге асырады. Сот төрелігіне нақты адамды қылмыс жасауға кінәлі деп тану және оған жазалау, не заңда белгіленген әсер ету шарасын тағайындауда, сондай-ақ заңсыз және негізсіз жауапкершілікке тартылғандарды ақтау кезінде шешуші сөз оған тиесілі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет