Реферат спорт ойындары 3


Дене шынықтыру жүйесі қызметінің негізгі бағыттары, мақсаты мен міндеттері



бет3/5
Дата22.04.2024
өлшемі60.15 Kb.
#499466
түріРеферат
1   2   3   4   5
реферат 1

Дене шынықтыру жүйесі қызметінің негізгі бағыттары, мақсаты мен міндеттері
Дене шынықтыру жүйесінің үш бағыты бар: жалпы дене шынықтыру,кәсіптік қолданбалы және спорттық дайындық .
Жалпы дене шынықтыру денсаулықты нығайтуға, дене қуатын арттырып, қимыл ептілігін дамытуға негізделген арнайы спорттық дайындық шаралары. Дене шынықтыруға әр түрлі дене тәрбиесі амалдары,жаттығулары және санитарлық-гигиеналық факторлар жатады.
Кәсіптік қолданбалы дене шынықтыру дайындығы дегеніміз-еңбек пен әскери іс-әрекеттерге тікелей бағытталған дене тәрбиесінің арнайы мамандану үрдісі.Кәсіптік дене шынықтыру дайындығына ең алдымен,кәсіптік іс түріне ұқсас жаттығулар қолданылады. Кәсіптік дене шынықтыру дайындығы тәсілдерін қолдану еңбектегі қимыл ептілігі мен дағдысының қалыптасуын тездетеді. Еңбек өнімдлігін арттырады,адам ағзасының сыртқы қолайсыз факторларға қарсылығын күшейтеді.
Адамның өзі қалаған спорт түрі бойынша жоғары нәтижелерге жету қолындағы ізденістері мен талпыныстарын спорт дайындығы дейміз.
Ж. Деменидің айтуынша, дене шынықтырудың басты мақсаты – күш жинау емес, күшті пайдалана білу. Ер балаларға дене шынықтыру сабақтарында кез келген жағдаятта күшті, епті, икемді, тез және үнемді қимылдай білу дағдыларын үйретуді, ал қыз балаларға ептілік, икемділік, жақсы дене сымбаты, байсалды да байыпты қозғалыспен жүруді, би элементтерін, гимнастикалық құралдармен жаттығулар жасауды үйрету қажет деп санады [4].
Дене шынықтырудың міндеттері:
а) денсаулықты нығайту, денені шынықтыру, дененің даму деңгейін көрсету, дамыту, еңбек ету қабілеттерін күшейту;
ә) өмірге қажетті қозғалыс дағдылары мен іскерліктерін қалыптастыру, оның ішінде қолданбалы сипаттағы қозғалыстар;
б) адамның моральдық, ерік-жігер қасиеттерін тәрбиелеу;
в) дененің сапалық қасиеттерін (жылдамдық, күш, икемділік, төзімділік) дамыту;
д) арнайы спорттық жаттығулардың орындалу техникасын меңгеру.
Адамдарының денсаулығын нығайту, өмір сүру қабілеттерін күшейту дене шынықтырудың негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.
Әр түрлі дене шынықтыру құралдарын қолдану, қажетті дене шынықтыру дайындығымен қамтамасыз ете отырып, адам ағзасын жан-жақты әсерін тигізеді, денсаулығын нығайтады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет