Негізгі бөлім
Жеке адамның құқықтық жағдайы негіздерінің институтына Қазақстан Республикасы Конституциясындағы «Адам және азамат» деген II бөлімінде іргелі сипаттама берілген. Мемлекетіміздің конституциялық құрылысының маңызды негіздерінің бірі – адамның мемлекетіміздің баға жетпес құндылығы саналуында.
Жеке адамның құқықтық мәртебесі құрылымына мынадай элементтер: жеке адамның құқықтық мәртебесінің қағидаттары; Қазақстан Республикасының азаматтығы институты; жеке адамның құқықтары мен міндеттері кіреді.
Жеке адамның құқықтық мәртебесі негізделетін конституциялық қағидаттарды: адам мен азаматтың тең құқықтық қағидатын; жеке адамның құқықтары мен бостандықтарының абсолюттілігі мен оқшауланбайтындық қағидаттарын; гуманизм қағидатын; жеке адамның құқықтары мен бостандықтарының кепілділігі қағидаттарын біліп көрсетуге болады.
«Қазақстан Республикасының азаматтық туралы» Заңы бойынша: осы заң күшіне еңген 1992 жылдың 1 наурызынан бастап Республика аумағында тұрақты тұратын адам Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады.
Азаматтық туралы заңға сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтығы мынадай негіздер бойынша алынады:
— туылуы бойынша. Азаматтық туралы заңның 11- бабына сәйкес ата-анасының екеуі де бала туылған сәтте Қазақстан Республикасының азаматтығында болса, туған жеріне қарамастан, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады;
— басқа мемлекет азаматтарын және азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау нәтижесінде. Азаматтық туралы заңға сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтығына ҚР-сы аумағында кемінде 5 жыл тұрақты тұрып келе жатқан немесе Қазақстан азаматымен 3 жыл некеде тұрған адамдар қабылдана алады. Өтінішті ҚР Президенті қабылдайды;
— Қазақстан Республикасының мемлекетаралық шарттарында көзделген негіздемелер бойынша. Қазіргі кезде мұндай шарттарды біздің еліміз Қырғызстанмен, Ресеймен, Украина және Беларусь Республикасымен бекітілген. Қазақстанда жақын туыстары бар жоғарыда аталған мемлекеттер азаматтарының жеңілдетілген тәртібі бойынша Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға құқығаы бар;
— «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» заңда көзделген басқа негіздемелер бойынша. Осы заңның 18- бабына сәйкес бұрын Қазақстан Республикасы азаматтығында тұрған адам өзінің өтініші бойынша сол азаматтығын қалпына келтіре алады;
— егер өтініш беруші Қазақстаннан тысқары жерде тұрса, сол адамның Әділет министрлігі органдары арқылы Қазақстан Республикасы Президентінің атына немесе сыртқы істер министрлігіне берген өтініші негізінде шешілетін Қазақстан Республикасы азаматтығынан шығу;
— тұлғаның басқа мемлекеттің билік және басқару қызметіне алыну немесе алдын ала жалған мәліметтер немесе жасанды құжаттар ұсыну нәтижесінде Қазақстан Республикасы азаматтығын алу салдарынан немесе Азаматтық туралы заң мен Қазақстан Республикасының мемлекетаралық шарттарында көзделген басқа да негіздер бойынша Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыру – Қазақстан Республикасы азаматтығын тоқтатуға негіз болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |