Реферат Тақырыбы: " Физиканы оқытудың негізгі міндеттері " Орындаған: Мұхаметқан А. С. Тексерген: Сакенова Р. Е. Өскемен 2023



бет2/3
Дата07.05.2023
өлшемі23.68 Kb.
#473344
түріРеферат
1   2   3
Физиканы оқыту әдістемесі, 11 апта

Физиканы оқыту әдістемесі – оқытудың жолдары мен тәсілдерінің заңдылықтарын зерттейтін, әрі оқушыларды физиканы оқыту үрдісінде тәрбиелейтін және дамытатын ғылым.
Физиканы оқытудың негізгі міндеттері:
-ғылыми-техникалық прогресті жеделдетуде физиканың атқаратын маңызы және оның даму болашағын ғалымдардың физика мен техниканы дамытуда қосқан үлесін ашып көрсету негізінде оқушыларға идеялық, патриоттық тәрбие беру;
-ғылыми білімдерді, эксперименттік фактілерді, ұғымдарды, заңдарды, теорияларды, физика ғылымының өзіндік әдіс-тәсілдерін, дүниенің қазіргі заманғы ғылыми бейнесін қалыптастыру;
-материяның құрылымдық сарқылмастығы мен біртұтастығын, физикадағы аса маңызды сақталу заңынының жан-жақтылығын, физикалық құбылыстардың диалектикалық сипатын, физикалық теориялардың сабақтастығы, физиканы дамытудағы теория мен тәжірибе арақатынасының міндетін, танымдағы іс-тәжірибенің атқарар маңызын ашу;
-ғылыми-техникалық прогрестің басты бағыттарымен, атап айтқанда, кешенді автоматтандырумен, электрониканың және микропроцессорлық техниканың, роботты техниканың, атомдық энергетиканың дамуымен, жаңа материалдарды жасау және өңдеу технологиясымен, физика заңдарының техника және өндіріс технологиясында қолданылуымен таныстыру;
-өзбетімен білім алу және алған білімдерін қолдана білу, физикалық құбылыстарды бақылай және түсіндіре білу; сондай-ақ, оқулық, анықтамалық және хрестоматия әдебиеттерін пайдалана білу іскерлігін қалыптастыру;
-қайсыбір эксперименттік икемділікті қалыптастыру, құралдар мен аспаптарды пайдалана білу; өлшеу нәтижелерін шығара білу, және тәжірибе мәліметтері негізінде қорытынды жасай білу, қауіпсіздік техникасы ережесін сақтай білу;
-физика мен техникаға деген танымдық ықыласын, шығармашылық қабілетін дамыту, мамандықты саналы таңдауға дайындау;
-оқушыларға адамгершілік тәрбие беру, білім беру және сол білімдерін жетілдіру, еңбек етуге дайындау;
-оқу материалын саралау принципін жүзеге асыру – негізгі фактілер, ұғымдар, заңдар, теорияларды және физика ғылымының әдістерін оқып үйренуге, теория негізінде физикалық құбылыстарды кең ауқымды қорытындылауға үйрету;
-физикалық құбылыстарды, тәжірибе нәтижелерін аспап пен қондырғылардың жұмыс тәртібін өз бетінше түсіндіріп беруге, ғылымның негізгі бастапқы қағидаларын қолдана білуге үйрету;
-оқушыларға физиканың ғылыми және теориялық негіздерін меңгерту;
-оқушылардың жалпы ғылыми ойлауын дамыту – физикалық құбылыстардың, заңдар мен заңдылықтардың, қағидалардың мәнін олардың болу себептерін түсіндіру, құбылыстардың қалай болатынын алдын-ала болжау;




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет