1.3 Адсорбциядағы тепе-теңдік
Тепе-теңдік орнағанда адсорбеттің масса немесе көлем бірлігімен сіңірілген заттың мөлшері температураға және сіңірілетін заттың газды қоспадағы немесе ерітіндідегі концентрациясына байланысты болады:
Х* = f (У, Т)
Немесе тұрақты температурада:
Х* = f (У)
мұндағы, Х - адсорбтивтің газды немесе сұйық фазадағы концентрациясына тепе-теңдіктегі адсорбтивтің адсорбенттегі салыстырмалы концентрациясы;
У – газды немесе сұйық фазадағы адсорбтивтің салыстырмалы концентрациясы.
Х* = f (Р)
Соңғы екі теңдеуді адсорбциядағы тепе-теңдік сызығының теңдеулері немесе изотермалары деп атайды. Изотермалардың түрлері мынадай факторларға байланысты:
1. Адсорбеттің меншікті бетіне;
2. Кеуектер көлеміне;
3. Кеуектердің өлшеміне;
4. Сіңірілетін заттың қасиетіне;
5. Процестің температурасына.
4-сурет- Адсорбциядағы тепе-теңдік
Адсорбция изотермасы;
Адсорбция изобарасы;
Адсорбция изостерасы.
Достарыңызбен бөлісу: |