Реферат Тақырыбы: Алаш қозғалысы қайраткерлері Орындаған: Байсеитова Данагүл Тобы: ис 21-11



Pdf көрінісі
бет2/5
Дата10.03.2022
өлшемі237.22 Kb.
#456124
түріРеферат
1   2   3   4   5
Тарих ОБӨЖ 6

БӨКЕЙХАНОВ 
ӘЛИХАН (1866-1937) - ұлт-азаттық және Алаш 
қозғалысының жетекшісі, Алашорда үкіметінің төрағасы, аса көрнекті қоғам және 
мемлекет қайраткері, ғалым, публицист, аудармашы. Санкт- Петербургтегі орман 
техникалық институтының экономика факультетін бітірген. Окуын аяқтаған 
соң Омбы орман шаруашылығы училищесінде педагогикалық және ғылыми 
кызметпен айналысты. 1904 жылы орыс шаруаларының Қазақстанға коныс аударуы 
жөніндегі материалдар дайындаған Ф. А. Щербиннің экспедициясының кұрамында 
жұмыс істеді. Конституциялык - демократиялық партияның мүшесі, бірінші 
шақырылған Мемлекеттік Думаның депутаты болды. Патша самодержавиесінің 
отаршыл саясатына қарсы қызметі үшін бірнеше рет түрмелерде отырды. «Қазақ» 
газеті арқылы оқу ағартушылық қызмет жүргізді. 1917 жылы Ә. Бөкейханов 
Қазақстан бойынша Уакытша үкіметтің комиссары болып тағайындалды. «Алаш» 
ұлттық саяси партиясын құрды, 1917 жылы желтоқсанда екінші бүкілқазақтық 
төтенше құрылтайда оның бастамасымен Қазақ автономиясы — «Алашорда» 
жарияланды. Бөкейханов Азамат соғысы жылдары Кеңес өкіметінің ұлттық 
автономияны сақтау жөніндегі декларациялық уәдесіне байланысты басқа 
алашордашылармен бірге белсенді саяси және мемлекеттік кызметтен уакытша бас 
тартуға мәжбүр болды. Ә. Бөкейхановтың басты максаты казақтардың дербес 
мемлекетін құру еді. Өмірінің соңғы жылдарын Мәскеу қаласында өткізді. 1937 жылы 
атылды. 1988 жылы ақталды. 
БАЙТҰРСЫНОВ АХМЕТ (1873-1938) - қазақ халкының XX ғасырдың 
басындағы ұлт-азаттық қозғалыс жетекшілерінің бірі, ақын, түркітанушы ғалым, 
аудармашы, педагог-ағартушы, публицист, қоғам қайраткері, лингвист, қазақ 
әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі. Торғай орыс-қазақ училищесінде, Орынбор 
мұғалімдер семинариясында оқыды. Ауылдык, болыстық мектептерде, екі сыныптық 
орыс-қазақ училищелерінде ұстаздық етті. А. Байтұрсынов «Алаш» партиясы 
басшыларының бірі болды, Қырғыз (Қазақ) өлкесі Әскери-революциялық 
Комитетінің мүшесі болып сайланды. В. И. Ленин қол койған мандат алып комитет 


кұрамында жүмыс істеді, Қазақ АКСР-ін құруға елеулі үлес қосты. Қазақ АКСР-і 
қүрылған соң үкімет құрамына кіріп, оку-ағарту халық комиссары болып жүмыс 
істеді. Соңынан «Ақ жол» газетінде, Оку-ағарту Халык Комиссариатының 
жанындағы академиялық орталықта кызмет етті. А. Байтұрсынов тілтану мен әдебиет 
зерттеу жөнінде бірқатар еңбек-тер жазды. Қазақ жазуына реформа жүргізудің 
қағидаларын белгілеп, бірінші қазақ әліппесінің авторы атанды. Қазақ жазуына 
реформа жасаудың ол ұсынған жобасы прогресшіл зиялылардың арасында қолдау 
тауып, 1924 жылы ресми түрде қабылданды. 1929 жылы ешбір негізсіз тұтқындалып
түрмеде отырды, соңынан Архангельскіге жер аударылды. 1934 жылы М. Горький 
мен оның әйелі Е. П. Пешковалардың араласуымен, Халықаралық Қызыл Крест 
ұйымының көмегімен босатылды. Бірақ еркіндік көпке созылмай, 1937 жылы қайта 
тұткындалды. Ату жазасына бұйырылды. 1988 жылы ақталды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет