Реферат тақырыбы: Қазақ ағартушыларының философиясы Оқытушы: : Балабекұлы Д. Студент: : Рақымберді Д. Е


Мұхтар Әуезовтің гуманистік философиясы



бет7/8
Дата22.04.2024
өлшемі75.18 Kb.
#499470
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8
фил13

Мұхтар Әуезовтің гуманистік философиясы
Қоғамның қайшылықты даму жолында өздерінің күрделі қырларымен өшпес із қалдырған мәңгілік тұлғалар болады. Қазақ халқының дүние жүзіне аты мәшһүр ұлы ойшыл-жазушысы, ғалым-ұстазы, мәдениет және қоғам қайраткері, Лениндік және Мемлекеттік сыйлықтардың иегері, дүние жүзі әдебиетінің классигі, жаңа заманғы кәсіпқой қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі Мұхтар Әуезовтің азаматтық, адамгершілік және шығармашылық тағдыры өткен ғасырда қазақ елінде қандай күрделі өзгерістер болғанын түсінуімізге көмектеседі. Оның өмір жолына зер салғанда біз жалпы өткен уақытқа көз жүгіртіп, бұрын байқалмаған қажетті жәйттерді тереңірек көру мен түсінуге мүмкіндік аламыз. Мұндай тағдыр халықтың зердесіне нұр құйып, әділеттілік сезімін, ұлттың өзіндік санасын ұштайды. Мұхтар Әуезов – рухани жаңару мен өрлеу ауқымындағы ғұлама тұлға. Мұндай алып тұлғалар қоғамның рухани өмірінің көптеген салаларында жарқырап жарық жұлдыз кейпінде көрінеді. Олар тұтас алғанда бүкіләлемдік мәдениетке күшті ықпал жасайды. Қайта өрлеу дәуірінің биік міндеттері оларды әрі қоғам қайраткері, әрі жазушысы, әрі ғалымы, әрі ойшылы, әрі ұстазы болуға ұмтылдырады. М. Әуезов – тұңғыш кәсіпқой драматург, театрдың тұңғыш режиссері, әрі ұйымдастырушысы, ол тұңғыш журналистер мен прозашылардың санында, тұңғыш әдебиеттанушы, абайтанушы, Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясының толық мүшесі болған тұңғыш ғалым-жазушы. Академик Әлкей Марғұланның деректеріне қарағанда, Мұхтар Әуезовтің қауым алдында, әдебиет жүзінде көріне бастауы 1917 жылдан басталады. Әсіресе, оның атын көпшілікке әйгілі еткен сол кездегі «Абай» журналы болған. Журнал ұйымдастырушысының бірі де, оның негізгі мақалаларын жазған да Әуезовтің өзі. Журналдың әр санында шыққан М. Әуезов мақалаларының «Ғылым», «Ғылым тілі», «Қазақ ішіндегі партия неден?», «Мәдениетке қай кәсіп жуық?», «Мәдениет және ұлт», «Оқу ісі», «Философия жайынан», «Жапония» т. б. болып аталуының өзіақ осы тұстағы жас Мұхтардың терең таным-талғамынан біраз мағлұмат беріп тұрғандай. М. Әуезовтің біздің көзімізге түскен ең бірінші шығармасы «Қазақтың өзгеше мінездері» атты мақаласы 1917 жылы Ташкентте шығатын «Алаш» газетінің 30 наурыздағы 16 санында жарияланған. Ал, келесі «Адамшылық негізі – әйел», «Қайсысын қолданамыз?» деген мақалалары осы жылдары Семейде шығып тұрған «Сарыарқа» газетінің 5 қыркүйек, 19 қазандағы сандарында басылған. Ол бұл мақалаларында үлкен әлеуметтік мәні бар, сол кездегі қоғам өмірінің, қазақ тұрмысының көкейтесті мәселелерін көтеріп, соларды ғылыми тұрғыдан шешуге талпынған. Айталық, «Қазақтың өзгеше мінездері» атты мақаласында автор халық тұрмысының өсу, даму жағдайларын қозғап, соған кесір келтіріп отырған, қазақ арасындағы «ұйымсыздық, күндестік, парақорлық, партия, әділетсіз билік, әйелдің жолы жіңішке» деген сияқты түрлі кемшіліктерді сынап сол кемшіліктерден кұтылудың жолын іздестіреді, жұртшылықты соған шақырады. Мінез түзеу дегенді М. Әуезов нағыз прогрессивті жолмен түсінген. Алғашқы мақаласында оған арнайы түсінік бермегенмен келесілерінде: «Адам баласының жаман құлқы жаратылысынан емес, оны өскен орта, көрген үлгі, өнеге билейді, – деп ашып айтады. «Адамшылық негізі – әйел» атты мақаласында да Әуезов осы мәселені әрі қарай жалғастырып, халық тұрмысының, яғни мінез-құлқының өзгермей, өспей отыруының негізгі бір себебі – қазақ арасындағы әйелге деген көзқарасқа тікелей байланысты деп біледі. Автор бұл мақалада әйелдің қоғам өмірінде атқарар рөлін ғылыми жолмен, психологиялық, педагогикалық, философиялық дәйектермен дәлелдей келіп: «Адам болып қалғың келсе, тағлымыңды, бесігіңді түзе. Оны түзеймін десең, әйелдің халін түзе» деген қорытынды ойын айтады. Жас Мұхтардың философия мен діннің ара қатынасын ашуға талпынуы, әсіресе, дін ауқымының кеңдігін, оның ақылдан бұрын жүректі тәрбиелейтініне, мінездікке үйрететініне оқырман назарын аударуы танымдық тұрғыдан да құнды. Аталмыш жұмыста ол философияның мынандай бөліктері мен тарауларын қарастырады: гносеология, логика, психология, философия тарихы, метафизика, онтология, рационалдық теология, рационалдық космология. рационалдық психология деп бөледі. Әрі қарай философия тарихын: ескі және жаңа философияға бөліп, қазақ танымына ыңғайлап, Фалестен классикалық неміс философиясына дейін желі тарта отырып түсіндіреді. Өз мақаласын «философия адамшылық жолындағы қараңғы қалтарыстарда қолға ұстайтын шамшырақ» деп аяқтайды. Жалпы біздің ойымызша, М. Әуезовтің 1918–1930 жылдар аралығындағы басылымдарда жарық көріп, белгілі себептермен ұзақ уақыт бойы ғылыми айналымға түспей, сондыктан да көпшілік игілігіне толық айнала қоймаған мақалаларына алдағы уақытта арнаулы зерттеу жасау қазіргі уақыт талабы. М. Әуезовтің жоғарыда аталған мақалаларында айтылған философиялық гуманистік ойлары, теориялық тұжырымдары мен идеялық ізденістері қазіргі қауым үшін қарапайым болып көрінуі әбден мүмкін. Алайда, тоталитарлық замандағы идеологиялық күрес, таптық тартыс жағдайында жарық көрген жас Мұхтар туындылары біздер үшін өте құнды мұра. Сондықтан мұхтартану ісі дүниетанымдық тұрғыдан алғанда да көңіл аударуға тұрарлық іс. М.О. Әуезов бүкіл өмір бойы оны байытудың жолдарын қарастырумен болды. Солардың бірі – тіл тазалығы, яғни тіл экологиясы мен аударма мәселесі. Жазушы өз рухани уызының дәмін татқысы келген әрбір саналы адам, ең алдымен өзінің ана тілін білуге міндетті деп түсінеді. Сондықтан да, «Өз тілін, әдебиетін білмеген адам толық мәнді интеллигент емес деуге де болады. Себебі, ол қандайлық мамандық білімі болса да, рухани тәрбиесінде сыңаржақ болады». М. Әуезов заманында да өзінің ұлттық тілін менсінбеген нигилистер, әсіресе, белсенділер бой көрсете бастаған болатын. Міне, осындай келеңсіз құбылыстарды аяусыз сынап, өз ана тілін сол ұлттың әрбір азаматы білуі қажеттігінің зор мәні бар екендігін ашына да қатты айтқан «Ана тілі әдебиетін сүйіңдер» атты мақаласын жариялады. Бұл мақала бүгінде өзінің өзектілігін азайтқан жоқ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет