ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ СЕССИЯЛАРЫ
• 1 құрылтай сессиясы (1995ж. наурыз) – «Біздің ортақ үйіміздегі бейбітшілік пен келісім үшін».
• 2 сессия (1995ж. маусым) – «Өткенді ұғыну және қоғамның демократиялық реформалануы».
• 3 сессия (1996ж. сәуір) – «Қоғамдық келісім – Қазақстанның демократиялық дамуы».
• 4 сессия (1997ж. маусым) – «Тарихи зерде, ұлттық келісім және демократиялық реформалар – Қазақстан халқының азаматтық таңдауы».
• 5 сессия (1999ж. қаңтар) – «Ұлттық келісім – Қазақстанның дамуы мен тұрақтылығының негізі».
• 6 сессия (1999ж. желтоқсан) – «Достық пен келісіммен XXI ғасырға».
• 7 сессия (2000ж. желтоқсан) – «Халықтың рухани мәдени дамуы – Қазақстанның тәуелсіздігін тұрақтандырудың негізі».
• 8 сессия (2001ж. қазан) – «Тәуелсіздікке 10 жыл: бейбітшілік, прогресс және қоғамдық келісім».
• 9 сессия (2002ж. қараша) – «Қазақстан халқы Ассамблеясының стратегиясы: ұлттық келісім, қауіпсіздік, азаматтық әлем».
• 10 сессия (2003ж. желтоқсан) – «Ұлтаралық келісімнің қазақстандық моделі: тәжірибе және болашақ».
• 11 сессия (2005ж. қараша) – «Бейбітшілік, ұлтаралық келісім мен жасампаздықтың 10 жылы».
• 12 сессия (2006ж.қараша) – «Әр жүректе – бір ел»
• 13 сессия (2007ж.тамыз) – «Бейбітшілік, тұрақтылық және келісім біздің ең басты ұлттық басымдықтардың айналасында қоңамды біріктіруіміз керек».
• 14 сессия (қазан 2008ж.) – «Еліміздің күші – халықтың бірлігінде».
• 15 сессия (2009 ж.қазан) – «Ұлттық бірлік – біздің стратегиялық таңдауымыз».
• 16 сессия (20.10.2010 ж.) – «Қазақстан халқы Ассамблеясы: Сенім. Дәстүрлер. Ашықтық. Төзімділік».
• 17 сессия (18.04.2011г.) – «Тәуелсіз Қазақстан: бейбітшіліктің, келісім мен жасампаздықтың 20 жылы».
• 18 сессия (16.01.2012ж.) – «Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Қазақстан Республикасы Мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлауы».
• 19 сессия (27.04.2012ж.) – «Қазақстандық бағыт: тұрақтылық, бірлік, жаңғыру».
• 20 сессия (24.04.2012ж.) – «Қазақстан-2050» стратегиясы: бір халық – бір ел – бір тағдыр».
• 21 сессия (18.04.2014ж.) – «Қазақстан-2050» стратегиясы»: бейбітшілік, рухани және келісім мәдениеті».
Ассамблея қызметiнiң негiзгi бағыттары:
1) мемлекеттiк ұлттық саясатты әзiрлеуге және iске асыруға жәрдемдесу;
2) қазақстандық патриотизмдi қалыптастыруға жәрдемдесу;
3) мемлекеттiк тiлдi және Қазақстан халқының басқа да тiлдерiн дамыту;
4) этносаралық саладағы өңiрлiк саясатты жетiлдiру;
5) демография және көшi-қон саласындағы жоспарлар мен iс-шараларды әзiрлеуге және iске асыруға қатысу;
6) елде және шет елдерде этносаралық жене конфессияаралық келiсiмнiң қазақстандық моделiн насихаттау;
7) этносаралық келiсiмге қол жеткiзуге бағытталған ағартушылық және баспа қызметiн жүзеге асыру;
8) этносаралық қатынастар жай-күйiнiң, оның iшiнде мемлекеттiк тiл мен Қазақстан халқының басқа да тiлдерiн қолдану саласында мониторингтi жүзеге асыру;
9) мемлекеттiк ұлттық саясат мәселелерi жөнiндегi заң жобаларына қоғамдық-саяси сараптама жасауға қатысу;
10) шет елдердегi қазақ диаспорасына ана тiлiн, мәдениетi мен ұлттық дәстүрлерiн сақтау және дамыту, оның тарихи Отанымен байланыстарын нығайту мәселелерiнде қолдау көрсету;
11) этносаралық қатынастар саласындағы келiспеушiлiктер мен дауларды реттеу, қақтығысты жағдайларды болдырмау жөнiнде ұсынымдар әзiрлеу және практикалық шараларды iске асыру және оларды
шешуге қатысу;
12) этномәдени қоғамдық бiрлестiктерге әдiстемелiк, ұйымдастырушылық жене құқықтық көмек көрсету;
13) этносаралық қатынастар мәселелерi бойынша мемлекеттiк органдар мен қоғамдық бiрлестiктердiң диалогын қамтамасыз ететiн семинарлар, конференциялар өткiзу, өзге де iс-шараларды жүзеге асыру;
14) этносаралық және конфессияаралық келiсiмдi қамтамасыз ету мәселелерi бойынша азаматтық қоғам институттарымен және халықаралық ұйымдармен өзара iс-қимыл жасау;
15) Қазақстанның басқа да этностарына өздерiнiң тарихи отанымен байланысын дамытуға жәрдемдесу;
16) этносаралық келiсiмге жәрдемдесетiн және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтiн өзге де қызмет болып табылады.
Жалпы алғанда негізінен Ассамблея жұмысының арқасында біздің елімізде этносаралық және конфессияаралық келісімнің бірегей моделі, әрбір азамат этникалық және діни ерекшелігіне қарамастан Конституцияда кепілдік берілген азаматтық құқықтары мен бостандықтарын толық пайдалана алатындай ерекше сенім, ынтымақ, өзара түсініктік ахуалы қалыптасты. Республикада Қазақстанның барлық этностарының мәдениетін, тілін, дәстүрін дамыту үшін қажетті жағдайдың бәрі жасалған. Ассамблея қызметі Қазақстанның этносаралық қатынастар мәселелерін тиімді шешетін ел ретіндегі халықаралық беделін арттыруға ықпал етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |