Шахталы кептіргіштердің коробалары: а-ВТИ-8 және ВТИ-15; б-ДСП; в-СЗС-2 және СЗС-8; г-ЗСПЖ-8.
1.3.Жалюзді астық кептіргіштер
Кептіргіш параллель орналасқан колонкалардан тұрады. Колонкалардың бүйір қабырғалары тік және ылди болат сәкілер (полка) жиынтығы жалюзді құрайды. Колонкалар ылғал астықпен толтырылады. Колонка биіктігі бойынша орындалған каналдар арқылы кептіру агенті беріледі, қарсы жағынан әрекет еткен агент сыртқа шығады. Зона аралықтарындағы каналдар салқын ауаны ішке айдайды немесе сыртқа шығарады.
Колонка арасындағы каналдар арқылы бір мезгілде кептіру агентін және салқын ауа беруге мүмкіндік жасалған. Астық өз салмағымен төмен жылжиды. Колонка астында орналасқан жібергіш механизмі арқылы астықтың жылжу жылдамдығын және өнімділігін реттеуге болады.
Жалюзді колонка астыққа толы болуы қажет, кері жағдайда, жылы агент сыртқа ұшады. Бір рет кептіруде астықтың 5-6 % ылғалын алады.
Кептіру агенті әсерінен қабырға тез ысиды, нәтижесінде қабырғамен түйіскен астық жылдам ысып, ылғал белсенді бөлінеді. Бірақ, бұл процесс колонкада тұтас өтпейді, ортада орналасқан астықтың кебуі баяу өтеді, яғни қабырға бойымен орналасқан астық, ортадағы астықпен салыстырғанда, тез ысып тез кебеді. Осы айырмашылықты болдырмау мақсатымен колонканың биіктігі бойынша бірнеше жерден кесе-көлденең кері бағытта ауамен үрлейді. Тік және ылди сүредегі астық массасының қозғалысы баяу болады.
Колонка мен ирек сипатты қабаттың төмен жылжуы астықтың бір қалыпты ысуын қамтамасыз ете алмайды. Ысыған колонкамен түиіскен және колонка ортасына орналасқан сусымалдығы нашар ылғалды астықтың, кептіру зонасында ұзақ 98 болуына және жеңіл қалдықтар жиналып астықтың қозғалуының тежелуіне байланысты, жылдам қызуы әсерінен сапасы нашарлауы ықтимал.
Аталған кемістіктер ескеріліп, 60-70 жылдары Промзернопроект алдын-ала тазаланбаған астық үшін жоспарлы қуаты 22 т/сағ ЖЗС-22 астық кептіргішін жобалап, өндіріске ендірді.
Кептіргіш жеке секциялардан құралған, оларды жергілікті жерде болат қаңылтырдан жасап, құрауға болады.
Параллель орналасқан камералардың 1 көлденең қиынды өлшемдері 3600 х 1000 мм, биіктігі 10509 мм, ортасына ені 1200 мм таратқыш камерасы орналасқан, ондағы 1-і және 2-і кептіру және салқындату зоналары горизонталь қалқанмен бөлінген. Камера 1-де ауа жүретін саңылаулары бар жалюзді 12 колонкалар орнатылған. Астық массасы қозғалатын колонкалардың минимальді аралығы 120 мм.
Жалюзды колонкалар биіктігі бойынша 8 секциядан жинақталады, жоғарғы кептіру камерасының биіктігі 4304 мм, ол бірінші кептіру зонасын құрайды, екі ортаңғысы –ортадағы екеуі – екінші зонаны, ал биіктігі 3363 мм төменгі үш қатары кепкен астықты суытуға арналған.
Камераның жоғарғы бөлігінде, ірі қоспаларды ұстау үшін, жарықтағы өлшемдері 70 х 70 мм сетка (тор) орнатылған. Тор бетіне жиналған қалдықтарды жұмыс кезінде тазалауға жағдай жасалмаған.
Әр камераның астына ВТИ типті астық шығарғыштар орнатылған. Астықты кептіргіштен шығару мөлшерін, жиілігін және бір қалыптығын реттеуге болады. Астықты түсіретін саңылаулар саны 12, колонкалар санына сәйкес. Ашқыштың төмнегі рамасы тартқыш арқылы рычагтың иініне бекітілген. Рычаг арқылы роликті горизонталь бағытқа келтіргенде затвор ашылады. Операция орындалғаннан кейін рама, пружина әсерінен қайта орнына келеді, затвор сөресі жабылады. Затвордың жұмыс режимі автоматты қондырғы КЭП-12У арқылы реттеледі.
Кептіру агентін және салқын ауаны кептіргішке беруді келесі желдеткіштер орындайды: N=28 квт № 10 орта қысымды желдеткіш кептіру агентін 1-і зонаға, N=20 квт № 8 орта қысымды желдеткіш кептіру агентін 2-і зонаға, ал салқын ауаны, салқындату зонасына беретін желдеткіш - N=20 квт № 8.
Кептіру камерасының 1-і зонасының сыртқы қабырғасы жылу өткізбейтін жабындылармен қапталған. Әрекет еткен агентті сыртқа беретін саңылаулар қорғаныс шатырмен жабылған.
Кептіргіштің ошағы сұйық отынға арналған, форсунка Ф-1-мен жабдықталған, агентті алу процесі температура деңгейіне байланысты автоматты түрде жүреді. Барлық энергия шығыны 72,4 квт, металл конструкцияның салмағы 28,5 т
Достарыңызбен бөлісу: |