Реферат тақырыбы: Диффузия құбылысы, тұтқырлық, жылу өткізгіштіктің техникада қолданылуы Орындаған



бет4/5
Дата22.10.2023
өлшемі60.31 Kb.
#481373
түріРеферат
1   2   3   4   5
реферат (3)

ЖЫЛУ ӨТКІЗГІШТІК
Жылу өткізгіштік — дененің температура айырмасы бар нүктелері арасында бір нүктеден екінші нүктеге жылу энергиясын жеткізу қасиеті; дененің температурасы жоғары жақтан температурасы төмен жағына қарай жылу өткізу қабілеті.
Жылу өткізгіштік кезінде болатын ішкі энергияның берілу процесі неге байланысты? Бұл құбылысты түсіндіру үшін қатты, сұйық және газ тәрізді заттардың ішкі құрылысын еске түсіру керек. Қатты денедегі бөлшектер әрдайым тербелмелі қозғалыста болады, бірақ өзінің тепе-теңдік күйін өзгертпейді. Денені қыздырғанда температураның артуына байланысты молекулалар күштірек тербеле бастайды, өйткені олардың потенциалдық және кинетикалық энергиясы артады. Артық энергияның бұл бөліктері бртіндеп бір бөлшектен екіншісіне, яғни дененің бір бөлігінен икөрші бөліктеріне беріледі. Қатты денелердің барлығы түрліше энергия береді.
Жылу қондырғылары еденге жақын төменде орналасқанымен, бөлменің жоғары жағындагы ауаның температурасы әдетте төменгі жағынан жоғары болуының себебі неде? Сұйыққа немесе газға батырылған денеге жоғары бағытталған кері итеруші күш — Архимед күші әрекет етеді. I. Біз судың жылуөткізгіштігі аз екендігін көрдік, сондықтан судың жоғарғы жағын қыздырғанда, төменгі жағы салқын күйінде қалады. Бірақ суды шәугімде, кастрөлде, бу қазанында тез қайнатуға болады. Су қалай жылытылады? Ауа жылуды өте нашар өткізеді. Қыста бөлменің барлық жерінде температура неліктен бірқалыпты болады? Бұл сұрақтарға жауап беру үшін келесі тәжірибені жасаймыз. Суы бар түтікшені жанарғының жалынына ұстаймыз. Түтікшенің екі шетіне бірдей термометрлер бекітілген. Қыздыру кезінде термометрдің біреуінің көрсетуі еш өзгеріссіз қалады да, ал екінші термометрдің көрсетуі тез арада артады. Судың жылуөткізгіштігі өте аз болғандықтан, сол жақтағы термометр төменгі температураны көрсетеді.
ҚОРЫТЫНДЫ

Осы уақытқа дейін тепе-теңдік күйдегі газды қарастырып келген болатынбыз. Мұндай күй газдың алып тұрған көлемінің барлық нүктесінде температура, қысым, әр түрлі сорттағы молекулалардың салыстырмалы саны және т.б. сияқты шамалардың бірдей болатындығымен сипатталады. Енді біз газ тепе-теңдік күйден ауытқыған кездегі құбылыстарды, яғни, тасымалдау құбылыстарын қарастырдық. Жылу өткізгіштік, диффузия, тұтқырлық сияқты құбылыстар күнделікті тұрмыста көп кездесетініне көзіміз жетті.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет