Реферат тақырыбы: Эканомикалық талдауда факторлардың жіктелінуі


Экономикалық талдауда факторлардың жіктелуі



бет2/3
Дата21.11.2022
өлшемі130.91 Kb.
#465308
түріРеферат
1   2   3
талдау

Экономикалық талдауда факторлардың жіктелуі

Факторлық талдау үрдісінде зерттілеттін фаторлар әр түрлі және келесі белгілері бойынша жіктелінеді:



Табиғаты бойынша факторлар табиғи-климаттық, әлеуметтік -экономикалық және өндiрiстiк-экономикалық болып бөлiнедi.

Табиғи-климаттық факторлар ауыл шаруашылығы оның ішiнде егін шаруашылыгы кәсiпорындары шаруашылық қызметі нәтижелерiне әсер етедi.


Әлеуметтік-экономикалык факторлараға жұмыскерлердiн тұрмысы, жағдайлары. ұйымдарда сауықтыру. мәдениет. кадрлардың білімі және т.б. жатады. Олар ұйымдарда өндiрiстiк ресурстарды толығымен пайдалануға және олардың жұмысынын тиімділігін арттыруға мүмкiндiк бередi. Өндiрiстiк-экономикалық факторлар ұйымның ондiрiстiк ресурстарын толық және тиімді пайдалануға және оның кызметi нәтижелерiн дұрыс колдануға ықпал етедi.


Әсер ету денгейi бойынша факторлар негiзгi және екiншi денгейдегi болып бөлінеді. Негізгі факторлар нәтижелiк көрсеткішке шешуші әсер етедi. Екiншi деңгейдегі факторлар шаруашылық кызмет нәтижелерiне қалыптасқан жагдайда негiзгi кызметтi аткармайды, яғни тiкелей әсер етпейдi. Бұл жерде мынаған ерекше көніл бөлу керек: бір фактор жагдайға байланысты негiзгi де, сонымен бiрге екiншi деңгейдегi болуы мүмкiн.


Зерттеу объектiсiне байланысты факторлар iшкi және сырткы болып бөлінеді. Ішкі факторлар ұйымнын кызметiне байланысты, ал сыртқы факторлар байланысты емес. Сондыктан талдау кезiнде iшкi факторларға көп мән беру керек, өйткені ол ұйымнын өзiне байланысты.


Ұжымға байланыстылыгы бойынша факторлар объективті және субъективтi болып та бөлінеді. Обьективті факторлар адамнын тiлегiне, еркiне байланысты емес, мысалы жер сілкіну. Субьективті факторлар адамдар мен ұйымдардын кызметiне тәуелдi болып келедi.


Таралу деңгейi бойынша факторлар экономиканын барлык салаларында болады. Спецификалык факторлардын iс-әрекеті ұйымнын немесе экономиканың жекелеген салалары жағдайында көрінеді.Факторларды бұлай бөлу өндіріс салаларының ерекшелiктерiн есепке алуга мүмкiндiк бередi.


Әрекет ету ұзақтығына байланысты факторлар тұрақты және ауыспалы болып бөлiнедi. Тұрақты факторлар зерделеніп отырған құбылысқа барлық уақытта үздіксіз әсер етеді. Ауыспалы факторлар кезеңмен көрінеді,мысалы жаңа өнім түрін,жаңа техника түрін игнру жне т.б.


Талдау үдерiсiнде әрбiр фактордың шаруашылық қызмет нәтижелерiне әсерiн өлшеу мiндет болып табылады, сондықтан оларды сандық және сапалық, қарапайым және күрделi, өлшенетін және өлшенбейтiндерге бөледi.


Сандық факторлар кұбылыстын немесе заттың сандық белгiлерiн, сапалык факторлар зерделенетін обьектiнiң iшкi сапасын, белгiлерiн көрсетедi. Мысалы, сандық факторларға жұмыскерлердiн, жабдыктардын санын, ал сапалық факторларға енбек өнiмдiлiгiн, өнiмнiң сапасын жаткызуға болады.


Көптеген факторлар өзiнiн кұрамы бойынша күрделi, яғни бiрнеше элементтерден тұрады. Ал кейбiр факторлар элементтерге, яғни кұрамдас бөліктерге бөлiнбейдi. Мысалы еңбек өнiмдiлiгi күрделi факторға, жұмыс күндерi саны - қарапайым факторға жатады.


факторларды бағыну денгейi (иерархия) бойынша бiрiншi тәртiптегi, екiншi тәптiптегi және т.б. болып бөлiнедi. Бiрiншi денгейдегi факторлар нәтежелiк көрсеткiшке тiкелей әсер етеді. ал нәтижелiк көрсеткішке тiкелей әсер етедi, ал бiрiншi денгейдегi фактордың көмегiмен нәтижелік көрсеткiшке жанама әсер ететін факторлар екiншi денгейдегі факторларга жатады.

Талдау үшiн факторларды басында iрiктеу факторлар мен нәтижелік көрсеткіштер арасындагы функционалдық өзара байланыс сипаты туралы гипотеза негiзiнде жузеге асырылады. Ол көбінесе талдаушынын білімі және тәжірбиесімен анықталынады. Факторлардын жиынтыгын бiркелкi жүйеге қайта түрлендiру факторық және нәтижелiк көрсеткiштердiн арасындағы тәуелдiлiктi және өзара байлынысты модельдеуді анықтауды жеңілдетеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет