Реферат Тақырыбы: Ғылым және дін Орындаған: Әбдіразақ Ж. М. Группа: млп 23-2нк Қабылдаған



бет2/3
Дата18.10.2023
өлшемі45.22 Kb.
#481023
түріРеферат
1   2   3
Документ Microsoft Word (7)

2.Ғылым жайлы түсінік


Қазіргі заманда ғылымның ролі күшейіп кеткендігін айтпасақ та белгілі. Біріншіден, бұл ғылыми жетістіктердің жылдам өсуімен түсіндіріледі. Білімнің өсу жылдамдығына өз саласындағы ғалымдардың өздері де үлгере алмайды. Екіншіден, ғылыми жетістіктердің өмірдің әртүрлі салаларында, әсіресе ауылшаруашылық пен өнеркәсіп салаларында қолдануы күрт өсті. Ғылым тікелей өндірістік күшке айналды. Үшіншіден, ғылымның күшейген роліне адамның мәдени дүниетанымының керемет өзгеруі себепші болған. Ғылымның көмегімен микроәлем мен Космос әлем суретіне енді, керемет пен зерттелінбеген салалар бірден азайды. Осыны түсінген шіркеулер ғалымдармен тікелей қайшылықтан бас тарты. Көптеген конфессияларға ХХ ғ. ғылыммен қайшылықты іздеумен өтті. Бұл, әсіресе католик пен протестант шіркеулеріне тән. Ғасырдың басында-ақ Ватикан ғылым Академиясын құрды, оған Шіркеудің беделіне сүйенген, діни тұрғыдан жасалынған ғылыми зерттеулерді түсіндіріп берген ғалымдарды тартты. Әртүрлі конфессиялардың діни көсемдері «Қасиетті кітаптарды» және догмаларды жиі-жиі жаңғыртып тұрды. Шындығында, христиандықта және исламда «фундаментализм» позициясында тұратын, қазірдің өзінде ғылымның жетістіктерін мойындамай Ветхий Завет пен Құранды талқылаудан қайтпайтын көптеген дін уағыздаушылар мен шіркеу қызметкерлері кездеседі. Олардың әсері әртүрлі конфессияларда көп емес. Сенімге деген кеңістік, әлемнің ғылыми бейнесінде шындығында да бар. Ғылыми ізденістің қатаң ережесіне қарамай, сенім элементтері бәрібір де кездеседі. Ғалымдар ғылыми информацияларды өздерінің әріптестерінің беделі мен адалдығына сене отырып алады. Сенім кезеңдері кейбір аксиомаларға және көптеген зерттеулердің бөліміне қосылған. Сенім мен ішкі түйсік ғалымның еңбегінің ең соңғы сатысында дендеп енеді де, онда ғылыми шығармашылықтың «ғажайыбы» болып, жаңа идеялар, теориялар, түсндірмелер мен болжамдар туындайды. Бұл жерде әлі де зерттелінбеген, құпия, түсіндірілмеген нәрселер көп. Ақылдың рационалды-логикалық қызметімен қатар ғалымның бұл жерде маңызды роль атқаратын операцияның эмоционалды механизмдері іске қосылады. Бірақ бұл жағдайды құпия деуге келмейді – себебі құпия механизмдер өзінің табиғаты жағынан табиғи болып келеді де, уақыт өте келе түсіндіріледі. Бұл жердегі ең басты мәселе, сенім сәттері ғылыми зерттеулерде мистикалық сенімнен ерекшеленеді. Тәжірибе мен эксперимент арқылы ғалымдар сенімге алынған нәрселерді қайта-қайта тексереді, сыннан өтпеген нәрселерді алып тастайды. Әлемнің қазіргі бейнесіне ғажайыптар мен Құдайдың алып келген негізгі жолы – бұл ғылыми теориялардың интерпретациясы, гипотезі, әсіресе күмәнді фактілер. Сондай-ақ, уағыз айтқан кездерде жеке адамдардың өлгеннен соң қайта тірілу, жандарының «о дүниеге» барғандығы, «барабашкалармен» кезкескендегі «куәләрдің» айтқандары және т.б. әңгімелері ғылыми фактілер деп келтіріледі. Көптеген мистикалық әңгімелер журналдарда кездесетін НЛО туралы, телепатия, елестер, «басқа планетадан келгендер» және т.б. кездеседі. Ақырзаманның жақындап қалғаныдығының белгілері деп кометалардың жерге құлауы, апаттар (су тасқыны, жер сілкінісі), ашаршылық, әскери көтерілістер, экологиялық кризис кауіпсіздігі сияқты фактілерді айтады. Уағыздарда көп айтылатын сенімсіз, күмән тудыратын хабарлар мен жаңалықтар негізінен ғылымнан хабары аз адамдар үшін арналған. Бірақ тек оларға ғана емес. Кейбір уағыздар жоғары білім алғандар үшін арналған. Дін ұстанушылар мен материалистер арасындағы дискуссиялар мен келіспеушіліктер әліде жалғаса береді. Оның үстіне ғылым саласы жылдан-жылға дамып келе жатқандықтан бұл мәселені материалистер мен сенушілер әр тұрғыдан қарастырады.
Дінді философиялық зерттеудің ерекшеліктері:
1) философия діннің адам мен қоғамның рухани өміріндегі құбылыс, қоғамдық сананың формасы ретіндегі мәнін анықтайды;
2) көзқарастың түрі ретінде зерттейді;
3) діннің пайда болуының әлеуметтік және гносеологиялық себептерін талдайды;
4) діннің қоғамда атқаратын функцияларын жіктейді;
5) сенім мен ақылдың арақатынасы мәселесін қарастырады;
6) діннің адам бойында адамгершіліктікті қалыптастырудағы рөлін көрсетеді;
7) діни сенім бостандығы мәселесін зерттейді.
Ақыл мен сенімнің арақатынасы мәселесіне философия тарихында үш көзқарас бар:
1 сенімді, діни сенімді ақыл-ойдан жоғары қою оны «Құдайдың жаратылыстан жоғары сәулесі, нағыз ақиқат» деп түсіну;
2 сциентистік көзқарас сенімге негізделген дінді ақылға негізделген ғылымнан төмен қояды және діни сенім түбінде жоғалады деп есептейді;
3 «екі ақиқат» - сенім мен ақыл-ой қатар өмір сүре алады деп мойындау
Бірінші көзқарас ортағасырлық христиандық және мұсылман философиясында басым болды. Августин, Тертуллиан, Аквинат адамды ақыл адастырады, сондықтан құдайды және ол жаратқан дүниені танып-білу үшін сенім жеткілікті деп есептеді. Тертуллиан: «Сенемін, себебі абсурдты» деген. Сенім мен ақылдың арақатынасын түсіндіруде Аквинаттың рөлі ерекше. Ол сенімді жоғары қоя отырып, оны біржақты қолдамай, ақыл мен сенімнің арасындағы ортақ жақтарын да талдауға, олардың таны объектісіннің бір екендігіне және таным тәсілдер бірін-бірі толықтыра алатынына назар аударуға ұмтылды.
Кейінірек оның ілімін жалғастырушылар неотомизм бағытын қалыптастырды. Бірақ қазіргі заманғы томизм антропологиялық сипатта, құдайды ғана емес, адамды да құндылық деп таниды, «адамның өмір сүруі», «экзистенция» ұғымдарын енгізді.
Екінші көзқарас Қайта Өркендеу, Жаңа Дәуір кезендеріндегі ғылыми-техникалық революциядан бастау алып, ХХ-ғасырда, әсіресе кеңестік қоғамда ерекше дамыды. Бұл құбылыс діни сенімнің төмендетілуіне, дінге сенушілердің қудалануына әкелді.
Үшінші көзқарас Жаңа Дәуір ғылымының өкілі Ф.Бэконның еңбектерінде кездеседі. Ақыл мен сенімнің, ғылым мен діннің гармониясынан, бір-біріне түсіністікпен қарауынан қоғам ұтпаса, ұтылмайды. Жеке адам деңгейінен қарастырсақ, құдайға соқыр сеніп, діни салт-дәстүрлерді орындап, сол арқылы өзін діндар адам ретінде көрсетіп, мақтану, ал күнделікті өмірде зұлымдық жасау, өзіңнен басқаны ойламау, яғни сенімді ақылмен үштастырмау мүлдем қате.
Діннің қарсылық мәні. Осы әрбір дефинициялардың авторлары діни құбылыс саласына интуитивті жататын фактілерді жинақтаған. Олардың әрбірін қате деп есептейтін логикалық негіздемелер жоқ. Бірақ, діннің мәнінің шынайы қарсылықтары оның ешқайсысына келмейді. Мән ішкі мүмкіншіліктердің және қатынастардың жиынтығы ретінде үнемі қозғалыста; оның әрбір компоненттері өзінің сол және басқа кезеңінде шешуші болып табылуы мүмкін. Адамзаттың дамуының кейбір тарихи кезеңдерінде қоғамдық прогреске қарсы діннің сипаттары көрсетіледі, ол ғылыми атеизмді маңызын жоғарлатады және сипаттайды. Бірақ толғымен діннің мәні бұл сипаттарға сайып келмейді. Дін әлеуметтік жатсынуды міндеттеп асып өту, ол ондай жатсынудың өнімі емес. Әлемдік діни әдебиеттердің анализі діни руханилықтың құдіретті объектіге сенуіне байланысты сенушілерді бір біріне жақындастыруға бағытталған. Осы мағынасында ол жеке және ұйымдық махаббатқа, сүйіспеншілікке жақын. «Құдай ол махаббат, сүйіспеншілік», бұл пікір сенушілердің арасында көп тараған. Л. Фейербах махаббатта себепсіз жаратушы бастаманы қарастыруға тырысты: Сүйіспеншілік, Махаббат ол Құдай. Шынымен, сакральды объектіге діни махаббат, сүйіспеншілік жалғыз сенушілер арасында таралады (немесе мен ішіндегі абсолютке). Басқа сенімдегілермен күресте діни адамдар абсолютке және өздерінің шіркеулеріне деген махаббатты қолдауда көптеген күш жұмсайды. Махаббат амбивалентті және ол қарама қарсы сезімге де айналуы мүмкін. Махаббаттың, сенімнің, үміттің бір біріне өтуі діни жандылықтың және руханилықтың динамикасын сипаттайды.
.

Материалистік түсінік толық жеңіске жеткен өткен ғасырларда дін мен қоғам бөлектеніп, оқу орындарында тек ғылыми пәндер ғана оқытылатын да, дін тек арнайы діни оқу орындарына берілген еді. Дін мен ғылымның бөлектенуінен адам ештеңе ұтқан жоқ, керісінше көп нәрседен ұтылды. Ұлы данышпан Альберт Эйнштейннің «Дінсіз ғылым – ақсақ, ғылымсыз дін – соқыр» деген сөзінің ақиқаттығын дәлелдейтін жайларды өмірден қай-қайссымыз да үнемі көріп, куәсі болып жүреміз.


Мәселен, дүниеге деген материалистік түсініктің негізі саналатын Дарвиннің эволюциялық теориясын теріске шығаратын археологиялық айғақтар жыл өткен сайын көптеп табылып жатыр. Дарвин теориясы бойынша, хомо сапиенс деп аталатын саналы қазіргі адамдар осыдан 50-60 мың жылдай бұрын ғана пайда болған. Оған дейін адам тәрізді маймылдар өмір сүрген. Саналы еңбектің арқасында эволюциялық даму жолымен адам тәрізді маймылдар ақырындап адамға айналған дейді бұл теория.
Қызығы сол, археологиялық қазбалар осыдан 5,10, тіпті жүздеген миллион жыл бұрын өмір сүрген қазіргі саналы адамдар сияқты адамдардың сүйектерін табуда. Ол аз десеңіз, жүздеген миллион, тіпті, миллиард жылдар бұрын жер бетінде қазіргідей және бұдан да жоғары өркениет болғандығын дәлелдейтін археологиялық айғақтар да табылуда. Бұның өзі Дарвиннің теориясының тас-талқанын шығарып, бүгінгі кезге дейінгі қалыптасқан ғылыми түсініктің терістігін барша әлемге жайып салды.
Шарықтап дамыған қазіргі ғылымның тағы бір дағдарысы – ғылыми жаңалықтар мен жетістіктер адамның санасын өзгертуге еш ықпалын тигізе алмады. Құл иеленуші, одан кейінгі феодалдық қоғамда болған өзара қырқыс соғыстар мен ұрлық, тонау, кісі өлтіру, зорлау сияқты ауыр қылмыстар, кедейшілік пен байлық түріндегі қоғамдағы теңсіздіктер, әділетсіздік, алаяқтық сияқты жағымсыз құбылыстар да ғылым мен техника қарқынды дамыған қазіргі күні жойылмақ түгілі, одан әрі өршіп кеткен түрі бар. Шындығында, ғылым мен техниканың дамуы адам өмірін жеңілдетіп, тұрмыс жағдайын көтеруге, ой өрісін кеңейтіп, бойындағы адами жақсы қасиеттерін дамытуға тиіс еді. Бірақ олай болмай, адам санасы ғылым-білімнің дамуына қарамастан, сол құл иеленуші замандағы деңгейде қалып қойды. Яғни, ғылымның дамуы адам санасын дамытуға ешқандай ықпалын тигізе алмайтыны белгілі болды.
Ғылымның дамуы адамзат арасындағы ежелден келе жатқан залалды құбылыстардың бірі – соғысты да жойған жоқ. Керісінше, соғыс әкелетін қантөгіс көлемі ертедегі заманмен салыстырғанда еселеп өсе түсті. Мәселен, ғылым мен техника онша дами қоймаған бірінші дүние жүзілік соғыс кезінде барлығы 20 миллиондай адам қаза тапса, екінші дүние жүзілік соғыста құрбан болғандардың саны екі жарым есеге өсіп, 50 миллионнан асып жығылды.
1945 жылы АҚШ алғаш рет Жапонияға қарсы алапат соғыс қаруы – атом бомбасын қолданды. Бұның өзі ендігі соғыста адамзат баласының мүлдем жер бетінен жойылып кету қаупі бар екендігін анық көрсетіп берді. Осылайша, ғылымның дамуы адамзатқа орасан зор қатер әкеліп, жер бетінен жоғалып кету қаупін туғызып отыр. Қазіргі күні осындай жойқын атом қаруы әлемнің алты мемлекетінде бар. Үшінші жаһан соғысы бола қалса, адамзат баласының одан аман қалуы екіталай екендігі қазір анық байқалуда. Міне, ғылымның әкелген «жемісі» осындай.
Дін, оның ішінде барша адамзат ұстанып отырған дәстүрлі діндер де ғылымнан қалсыпай, өзінің теріс салдарын жыл өткен сайын анық байқатуда. Негізінен барлық дін – адамдардың бойында қайрымдылық, қарапайымдылық, жомарттық, кешірімшілдік, сабырлылық сияқты имани ізгі қасиеттерді дамытуды көздейді және дәстүрлі діндерді ұстанушылардың бойында сондай қасиеттер ақырындап орнығуы тиіс. Дегенмен де, іс жүзінде бәрі керісінше болып отырған жайы бар. Дәстүрлі діндер адамдарды өзімшілідікке, өркөкіректікке, сараңдық пен тойымсыздыққа, нәпсіқұмарлыққа, мақтаншылыққа, ашкөздікке итермелеп, түрлі дін өкілдері арасындағы алауыздықтарды өршіте түсуде.
Мәселен, 16 ғасырда Францияда католиктер бір күнде 20 мыңнан астам протестантты қырып салған «Ворфолемей түні» деген масқара атпен тарихта қалған оқиға болды. Өлген де, өлтіргендер де христиандар және француздар еді. Өлгендердің бар кінәсі христиан дінінің протестанттық ағымын ұстануы болатын. Ал орта ғасырларда еретиктермен күрес деген желеумен католиктер құрған дін қызметкерлерінен тұратын инквизиция соты жүздеген мың, тіпті миллиондаған адамдарды тірідей өртеп өлтірді.
Ислам дінін ұстанушылардың арасында да дін атын жамылған бұрмалаушылықтар аз болған жоқ. Ең алдымен, көп әйел алуға рұқсат деген желеумен ондаған, тіпті жүздеген әйел алып, өз гаремін жасау етек алды. Өзге дін өкілдеріне жеккөрінішпен қарау, дінаралық соғыстарға әкеп соқтырып отырды. Оған қоса, ислам дінінің өз ішінен түрлі ағымдар шығып, өзара қырқыс өрши түсті.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет