Ислам философиясы
Ислам философиясы — орта ғ-ларда мұсылман дінін қабылдап, араб тілін қолданған Шығыс халықтары ойшылдарының философиялық ілімдерінің жүйесі. А. ф-ның шығу тарихы мутазилиттер (“ерекшеленушілер”) қызметімен байланысты. 9 ғ-да арабтар антикалық дәуірдегі жаратылыстану және филос. ілімдеріне қатысты мұралармен кеңінен таныса бастайды. Басты назарда Аристотель филос-сы болды. А. ф. кейде мұсылман филос-сы немесе араб тіліндегі филос. деп те аталады. Себебі, бұл ұғымға арабтардан өзге парсы, түркі т.б. халықтар өкілдерінің филос. көзқарастары да енеді. Мыс., түркі жұртының ғұламасы Әбу Насыр әл-Фараби, парсылық ибн Сина — оқулықтарда “араб философтары” болып аталады. Сондықтан бұлардың бәрінің басын қосып айтқанда “араб философиясы” деуден гөрі “араб тіліндегі философия” деген шындыққа сыйымды. Осы тұрғыдан қарастырсақ, 10-13 ғ-ларда араб тіліндегі филос-ның мынадай бағыттары болған: 1). Шығыс перипатетизмі; 2). “Таза ағайындар” ілімі; 3). Сопылық ілім; 4). Мұсылман философиясы.
Әл- Фарабидің философиялық ойлары
Әл-Фараби ұлы философ-ғалым, астроном, математик, шығыстың ортағасырлық дәрігері. Әл-Фараби (толық аты Әбу Насыр Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Тархан ибн Узлаг әл-Фараби ат-Түрки) 870 жылы Фараб қаласында Сырдария өзенінің Арысқа құяр маңында дүниеге келген. Оның «тархан» аталуы, беделді түркі әскербасының отбасында дүниеге келуі. Кейіннен Фараб қаласы Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданында орналасқандықтан Отырар қаласы аталып кетті. Отырар қаласы жайлы қытай жазба-деректерінде Птолемейдің еңбектерінде кездеседі. IX-X ғысырларда Отырар қаласы бүкіл әлемдік керуен сауда жолы өтетін орталық болған. Моңғолдардың шабуылынан қаланың 1218 жылғы ойрандалуы бәріне белгілі. Бірақ бүкіләлемдік мәдениеттің дамуында әйгілі ақындар мен ойшылдардың, ұлы ғалымдардың оның ішінде Әбу Наср әл-Фарабидің отаны ретінде Отырар қаласы әлемге танылды.
Осы уақытқа дейін мәдениет пен ғылымның белгілі тарихшылары әл-Фарабидің астрономия, музыка теориясы, әлеуметтану мен этика, математика, психология, таным философиясы мен құқыққа қызығушылықтарынан жазып қалдырған ойларын тамсана, ерекше тұлға екенін жарыса жазады. Жас кезін Фараби туған қаласын тастап, раб халифатымен байланысты барлық қалаларда Бағдат, Александрия,Мерве, Дамаск, Каир Хорран қалаларында өткізген. Өзінің көпшілік уақытын араб халифатының орталығы болған Бағдат қаласында өткізді.
Қорытынды
Философия-адамзат баласының сонау ықылым заманнан басталған білімі, қоғамдық сананың формасы, болмыс пен танымның жалпы заңдылықтары туралы ілім. Кез-келген адамды әлем, қоршаған орта, қоғам, дін, діл, білім, саясат, мәдениет секілді мәселелер бей-жай қалдырмайтыны айдан анық. Міне, осы іспеттес мәселелер философия пәнінің негізгі қарастыратын бөлімдері болып табылады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. “Философия” Есіркепова Г.К., Шымкент, 2008.
2. https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%94%D1%96%D0%BD_%D1%84%D0%B8%D0%BB%D0%BE%D1%81%D0%BE%D1%84%D0%B8%D1%8F%D1%81%D1%8B
3. Құрастырушылар: Ә.Н.Нысанбаев, А.Г.Косиченко. Сарапшы, Сәбит Мұрат: Қазақ халқының философиялық мұрасы. XV кітап. ҚАЗАҚ ФИЛОСОФИЯСЫНА КІРІСПЕ 1. Қазақ философиясын зерттеудің методологиялық мәселелері
Достарыңызбен бөлісу: |