Көне түркілер философиясы
Көне түркілер философиясы - XVғ-дағы Қазақ хандығы құрылғанға дейінгі Орталық Азия түркі тілді халықтарының философия дәстүрін көрсетеді. Ол мына екі кезеңді қамтиды:
Түрік қағанаттары дәуірі (V – ХІІ ғғ);
Моңғол империясы дәуірі (ХІІ-ХVғғ).
Түркі филсофиясында аса ықпалды ойшылдар ретінде Қорқыт ата, Тоныкөк, Әл-Фараби, Ясауи, Жүсіп Баласағұни қатарлы тұлғаларды айтуға болады.
Ғалымдар ұсынған көне түркілер философиясының кейбір ерекшеліктері:
— Батыс пен Шығыс мәдениеттерін жалғау;
— уақыт циклдік (айналмалы) сипатта болды;
— синкретизм;
— ұжымдық-халықтық сана;
— Тәңіршілдік алдыңғы орында тұрғанымен, тарихынан зороастризмнің де, буддизмнің де, манихейліктің де іздері байқалады; Қатаң монотеистік ислам дінінің өзі бұл аймақта таза ортодоксалды күйінде тарала қоймады.
— көбіне университеттік академиялық типте емес, поэтикалық еркін ой типінде эпикалық дастандарда, көркем прозада, даналық және өсиет кітаптарында, поэзия мен фольклорда бой көрсетеді;
— табиғатпен үндестік, натурфилософиялық сипаттың басымдығы.
Философияның ежелгі тұлғалары: Аристотель және оның ұстазы Платон
Философияның тармақтары
Философиялық сұрақтарды әртүрлі салаларға топтастыруға болады. Бұл топтастырулар бойынша философтар ұқсас тақырыптар жиынтығына назар аудара алады, әрі сол сұрақтарға қызығушылық танытатын басқа ойшылдармен өзара байланыс жасауға мүмкіндігі болады.
Тармақтарға төмендегідей бөлуді толық деуге болмайды, әрі басқа түрлі бөлулерді де жоққа шығармайды. (Мәлім бір Философ бәлкім Кант эпистемологиясын, немесе Платон эстетикасын, немесе жаңа дәуір саяси философиясын зерттейтін арнайы маман болуы мүмкін). Сондай-ақ, бұл философиялық ізденістер кейде өзара бір-бірімен және басқа ғылым, дін немесе математика секілді ізденіс салаларымен қабаттасып жатады.
Бірегей өнер - Леонардо да Винчидің Мона Лиза туындысы, 1503–1506 жж
Эстетика
Эстетика дегеніміз "өнер, мәдениет және табиғаттың сыни рефлексиясы". Ол өнердің табиғатын, сұлулық пен талғамды, шаттануды, эмоционалды құндылықтарды, сезінуді және сұлулықты жарату мен бағалауды қарастырады. Оны нақты түрде сезімталдықты, немесе сезімтал-эмоционалды құндылықтарды зерттеу деп есептеледі; оны кейде сезім мен талғам туралы тұжырымдау деп атауға болады. Оның негізгі тармақтары - өнер теориясы, әдебиет теориясы, кино теориясы және музыка теориясы. Өнер теориясынан мысал ретінде мысалы, белгілі суретшінің, немесе көркемөнер қозғалысының туындысының астарында жатқан негіздік қағидаларды білу, мысалы Эдвард Мунктің "Айғайын", немесе кубизмдік эстетика секілділер.
Деонтологиялық ойларға толы Құтадғу білік дастанының авторы Жүсіп Баласағұни, ХІ ғ.
Ізгілік этикасын дәріптеген Марк Аврелий
Этика
Этика, кейде мораль философиясы деп аталады, ол жақсы мен жаман қылықты, дұрыс пен бұрыс құндылықтарды, сондай-ақ ізгілік пен пасықтықты зерттейді. Ол негізінен қалай жақсы өмір сүруге болатынын зерттейді және моралдық стандарттарды мен нормаларды анықтауды қамтиды. Сонымен қатар, ол "өмір сүрудің ең жақсы тәсілі бар ма?", немесе "жалпыадамзаттық мораль стандарты бола ма?", егер болса, "оны қалай түсінуге болады?" дегендерді түсіндіреді. Этиканың негізгі тармақтары нормативтік этика, метаэтика және қолданбалы этика қатарлылар.
Достарыңызбен бөлісу: |