Реферат тақырыбы: «Философия және қоңам мен адам өміреніде»



Pdf көрінісі
бет5/5
Дата18.09.2024
өлшемі194.66 Kb.
#503728
түріРеферат
1   2   3   4   5
БӨЖ №1 РЕФЕРАТ Базабек Айгерим

Қорытынды
 
Философия – бұл ғылымдардың бастауы деп 
есептеймін. Осы уақытқа дейін философияны тануым бойынша, 
барлық 
ғылымның 
түп-тамыры 
философиядан 
басталған. 
Аристотельдің өзі «Философия – ғылымдар негізі» деп айтып 
кеткен. Философияда әр түрлі тақырыптар туралы ой-толғаулар 
айтылады. «Философия – ақыл-оймен қаланған тарихи дәуір» деген 
Гегельдің берген анықтамасының өзінде терең сыр жатыр. 
Философия туралы көзқарсты жетілдіру үшін, біз философия 
тарихын білуіміз керек. Онда адамның өмірі, дүниенің пайда болуы, 
өмірдің мәні, шындық, ізгілік дегеніміз не? адам деген кім? деген 
сияқты сұрақтарға сол кезден-ақ жауап іздеген. Қазіргі кезде осы 
сұрақтар философияның өз табиғатына тән сұрақтардың қатарына 
жатқызылады. Философия өзіне келген сұрақтарды ешқашанда 
жауапсыз қалдырған жоқ, қалдырмайды да. Философия бастау 
алғаннан, қазіргі кезге дейін өзінің қарастыратын мәселелерін де 
өзгерткен жоқ. Осы философиядан бөлініп шыққан пәндер 
философияның дамуын тоқтатпады және тоқтата алмайды да, 
керісінше философияның қарастыратын мәселелері кеңейіп, одан 
әрі тереңдей түсуде. М.Монтель: «Философияның қайғылы, іш 
пыстыратын нәрселерге еш қатысы жоқ. Даналықтың ерекше бір 
белгісі – ақылдың көмегімен өмірді қуанышты сипатта ғана 
қабылдау, ол жан жарасын жеңілдетеді, ауруды жеңуге 
көмектеседі» — дейді. 
Философия осы уақытқа дейін әр түрлі проблемаларды 
қарастырды. Солардың ішінде менің ойымша, философиядағы 
негізгі проблема – адам мәселесі. Өйткені, философия әрдайым 
адамды танып білу негізінде адамның дүниедегі орны қандай, оның 
дүниедегі қатынасы, адамның тағдыры жайлы мәселелерге жауап 
алуға тырысты. Сократтың өзі: « Өзінді-өзін тани біл», — деп айтып 


кеткен. Адам- тірі жан дүниенің ең жоғарғы бөлігі. Адамды толықтай 
танып білу мүмкін емес деп ойлаймын. Орта ғасырдың ғұлама 
ойшылы А.Августин айтқандай, «адамның өзі дүниедегі орасан 
тұңғиық, оның сезімі толқыны мен жүрек тебіренісін есептеу 
адамның басындағы шашты есептеуден де қиын». 
Философия кез-келген адамның тұлға ретінде қалыптасуына 
ықпал етеді. Адамға дұрыс жол көрсетеді. Кез-келген мәселені 
ақылмен тереңірек ойлануға әсерін тигізеді. 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1 С. Мырзалы. Философия. – Алматы: «Бастау», 2008.–644 б. 
2 Философиялық сөздік. – /Редкол: Р.Н.Нұрғалиев, Ғ.Ғ.Акмамбетов, 
ж.б – Алматы, 1996.–480 б. 
3 Философия тарихы: Оқулық / Ж. Алтай, А. Қасабек, Қ. 
Мұхамбетәли. –Алматы: Жеті жарғы, 1999. – 288 б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет