Реферат тақырыбы: исо халықаралық ұйымы атқару жүйесінің қызметтері


ИСО ұйымында халықаралық стандарттарды әзірлеу тәртібі



бет4/6
Дата29.11.2022
өлшемі35.5 Kb.
#465975
түріРеферат
1   2   3   4   5   6
ИСО халықаралық ұйымы

2 ИСО ұйымында халықаралық стандарттарды әзірлеу тәртібі


Халықаралық стандарттарды әзiрлеудiң тәртiбi. Халықаралық стандарттарды әзiрлеу жөнiндегi жұмыстарды техникалық комитеттер, қызметтердiң нақты бағыттары жөнiндегi олар құрған кiшi комитеттер және жұмыс тобы жүргiзедi.


2003 жылдың деректерi бойынша ИСО-ның шегiнде халықаралық стандарттауды 2763 жұмыс органдары жүргiзедi, оның iшiнде техникалық комитеттер – 186, кiшi комитеттер – 550, жұмыс тобы – 2000.
Техникалық комитеттер жалпытехникалық және техниканың нақты саласында iстейтiн комитет болып бөлiнедi. 26 жалпытехникалық техникалық комитеттер жалпытехникалық және салааралық мақсатты шешедi. Мысалы, оларға «Дәлдiк шегi және қондыру» 3 техникалық комитеттер, «Техникалық сызбалар» 10 техникалық комитеттер, «Өлшеу бiрлiгi» 12 техникалық комитеттер, «Үйлестi сан» 19 техникалық комитеттер, «терминология» 37 техникалық комитеттер. Қалған техникалық комитеттер нақты техника саласында iс-әрекет жасайды. («Автомобильдер» 22 ТК, «Қондырғылар» 39 ТК және т.б.).
Егер техникалық комитет жүргiзiп отырған жұмыстардың ауқымы үлкен болса, онда кiшi комитеттер құрылады. Мысалы, «Әуелiк және ғарыштық ұшу аппараттары» 20 ТК-ға жиырма кiшi комитеттер кiредi.
ИСО халықаралық стандарты – бұл стандарттау ұйымының қатысушылары арасындағы консенсустың нәтижесі. ИСО стандарттарын алты кезеңнен тұрады және оны техникалық комитеттер мен кіші комитеттер әзірлейді.

  1. Ұсыныс кезеңі. ИСО халықаралық стандартарын жасаудағы алғашқы

кезең болып табылады. Ұсыныс әзірлеу тәртібіне тиісті тармақты енгізу қажеттілігін айқындау үшін техникалық комитеттің мүшелеріне жіберіледі. Егер техникалық комитеттің қатысушыларының көпшілігі оң дауыс берсе, онда ИСО стандартын әзірлеу туралы ұсыныс қабылданады. Бұл кезеңде жоба жетекшісі тағайындалады.

  1. Дайындық кезеңі. Жоспарды дайындау үшін техникалық комитет

жоба көшбасшысы төрағасы болып табылатын сарапшылардың жұмыс тобын құрады. Бұл кезеңде жобаның әртүрлі редакциялары ТК зерттелетін мәселенің ең жақсы техникалық шешімі әзірленгенін шешкенге дейін жұмысқа қабылданады. Жобаның жобасы консенсус жасау үшін жоғары тұрған Комитетке беріледі.

  1. Комитет кезеңі. Комитеттің жобасы дайын болғаннан кейін ол ИСО

Бас Хатшылығында тіркеледі. Ескертулерді анықтау және дауыс беруді өткізу үшін тарату жүргізіледі. Келісімге қол жеткізілгеннен кейін жоба мәтіні өңделеді.

  1. Сұрақтар кезеңі. ИСО Болашақ халықаралық стандартының жобасын

ИСО Бас хатшылығы ұйымның барлық мүшелеріне дауыс беруді өткізу мақсатында таратады (5 ай ішінде). Егер қатысушылардың үштен екісі "жақтап" дауыс берсе, онда жоба ИСО стандартының соңғы редакциясы ретінде ұсыну үшін мақұлданады. Егер критерийлер орындалмаса, онда жоба мәтіні әрі қарай зерттеу және түзету үшін техникалық Комитетке қайтарылады.

  1. Мақұлдау кезеңі. Екі ай бойы өткізілетін қорытынды дауыс беру үшін

ИСО-ның Бас хатшылығы Халықаралық ұйымның барлық мүшелері арасында жоба жібереді. Егер осы мерзім ішінде жобаға ескертулер енгізілсе, онда олар енді қаралмайды, бірақ болашақ қайта қарау кезінде талдау үшін тіркеледі.

  1. Жариялау кезеңі. ИСО халықаралық стандарты жобасының соңғы

нұсқасы мақұлданған кезде, бастапқы мәтінге шағын редакторлық түзетулер енгізуге рұқсат етіледі. Осыдан кейін материал бас хатшылыққа жіберіледі, ол ИСО стандартын жариялайды.
Халықаралық стандартты әзiрлеу процедурасы төменгiдей жүргiзiледi:

  • Халықаралық стандартты әзiрлеуге мүдделi ИСО-ның мүшелерi,

техникалық комитеттер немесе ИСО Кеңесiнiң комитеттерi (ИСО-ның мүшесi емес ұйымдар) ИСО-ның Кеңесiне стандарттауды әзiрлеуге тапсырыс жiбередi;

  • ИСО-ның Кеңестiк Бас хатшысы Атқарушы бюроға тиiстi ТК құру

туралы ұсыныс бередi;

  • Егер Атқарушы бюро ұсынылып отырған стандартты халықаралық

маңызына көзiн жеткiзсе, оның мүшелерiнiң көпшiлiгi "ия" деп дауыс берсе және оның бестен кем емес мүшелерi жұмыс тобына кiрмек болса, онда стандартты әзiрлеуге техникалық комитет құрылады;

  • Барлық мәселелер, әдетте, мүшелердiң келiсiмге келу негiзiнде

жүргiзiледi.эКелiсiмге келгеннен соң, стандарт жобасын техникалық комитет мүшелердiң дауысын жинауға жiберу орталық секретариатқа бередi;

  • Халықаралық стандарттау жобасына дауыс беруде келiсiмге келу

принципiнен басқа, ИСО стандартты әзiрлеу тәртiбiн дайындағанда, оның барлық мүдделi жақтарға түсiнiктi болуын қамтамасыз етедi. Егер жобаны дауыс берген мүшелердiң 75 пайызы қолдаса, онда ол халықаралық стандарт ретiнде жарияланады;

  • ИСО-ның техникалық жұмыстарында 35 елден келген 40 мыңнан астам

сарапшылар қатысады;

  • Жыл сайын 800-ден астам халықаралық стандарттар қайта қаралып

немесе жаңадан қабылданып жатады. Бүгiнгi күндерге дейiн ИСО-ның 14 мыңнан астам стандарттау қабылданған;

  • Техникалық әртүрлi саласында әзiрленген стандарттар келесi түрде

бөлiнедi: машина жасау – 29,5%, химия – 3,4%, металл емес бұйымдар – 12,2%, руда мен металдар – 9,1%, ақпарат техникасы – 8,8%, денсаулық сақтау және медицина – 3,1%, негiз болатын стандарттар – 3,3%, қоршаған орта - 3%, буып-түю және тауарларды тасымалдау – 1,8% және т.б.
ИСО-ның өзектi мәселесi – стандарттар қорының құрылымын жетiлдiру. Болашақта әлеуметтiк сала мен ақпарат технологиясы ИСО-ның жұмысында басым болуы керек.
ИСО-ның стандарттары дүние жүзi елдерiнiң арасында тауарлар, қызметтермен және идеялармен алмасуды жеңiлдететiн өнiмдерге (қызметтерге) қойылатын тиянақты өңделген техникалық талаптар.
Көбiнесе, бұл техникалық комитеттердiң техникалық мәселелер жөнiндегi келiсiмге келудегi жауапты қатынасымен түсiндiрiледi, оның үстiне осыған қол жеткiзуге ТК төрағасы жеке жауапп бередi.
Өз мазмұнына қарай ұлттық стандарттардан ИСО-ның стандарттары тек 20%-ы ғана нақты өнiмге талап қоятындығымен ерекшеленедi. ИСО-ның стандарттарының негiзгi бөлiгi қауiпсiздiк талабын, өзара алмасу, техникалық сәйкестiк, өнiмдi сынақтан өткiзу әдiсi, сол сияқты басқа жалпы және әдiстемелiк мәселелердi қамтиды, яғни өнiм өндiрiлетiн және пайдаланылатын елдерге тәуелдi болмай, өндiрушiлер мен тұтынушылардың өзара түсiнушiлiгi мүмкiн болмайтын шекте ғана қамтиды.
Сонымен, ИСО-ның халықаралық стандарттарын қолдану өнiмге қойылатын нақты техникалық талаптар тiкелей контрактларда белгiленетiндiгiн ескередi.
ИСО-ның стандарты қолданылатын болса, онда осы елдiң ұлттық стандарттау жүйесiне енгiзiледi және екi немесе көпжақты сауда қатынастарында қолданыла бередi.
ИСО-ның халықаралық стандарттарының қатысушы елдер үшiн мiндеттi деген мәртебесi жоқ, яғни әр ел оны толығымен немесе кейбiр бөлiгiн ғана пайдалануына немесе пайдаланбауға құқылы. Оларды қолдану немесе қолданбау мәселелерi сол елдiң халықаралық еңбек бөлiсiмiне қатысу дәрежесi мен сыртқы сауда жағдайымен тығыз байланысты. Дегенмен өнiмдердi өндiрушiлердiң әлемдiк нарқындағы өткiр бәсекелестiк жағдайында, бәсекелестiк қабiлеттi жоғары ұстап тұру мақсатында халықаралық стандарттарды қолдануға мәжбүр болып отыр. Шет ел мамандарының бағасы бойынша өнеркәсiбi дамыған елдер (мысалы, Нидерланд, Швеция, Бельгия, Австрия, Дания) ИСО-ның стандарттар қорының 80%-iн қолданады. Бұл елдер тиiстi халықаралық стандарттар жұмыс iстеп тұрған салаларда өздерiнiң ұлттық стандарттарын әзiрлемеуге тырысады.
ИСО-ның мүше-мемлекеттерi үшiн ұлттық стандартты халықаралық ретiнде қабылдау ең жоғарғы жетiстiк болып есептеледi. Ұлттық стандартты ИСО-ның жұмысының жоспарына енгiзу үшiн, ИСО-ның Кеңесiне халықаралық сауданың кеңеюiндегi адмдардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудегi және қоршаған ортаны қорғаудағы стандарттың рөлiн көрсететiн дәлелденген ұсыным жасау керек.
Халықаралық стандартты әзiрлеу кезiнде нақты өнiм өндiрушi елдердiң, фирмалардың арасында өткiр бәсекелестiк пайда болып, көрiне бастауы, ИСО-ның техникалық комитеттерi болашақ халықаралық стандартына кiретiн техникалық тараптар мен нормалар жөнiнде белгiлi бiр қысым көрсетiлуiмен кездеседi. Экономикалық дамыған елдер өз тиiстi ұлттық стандарттарын халықаралық стандарттардың жобасына енгiзу үшiн өз мүдделерiн қорғап күреседi. Мiне, сондықтан ИСО-ның халықаралық стандарттарының жалпы санының 70%-тен астамы өнеркәсiбi дамыған елдердiң ұлттық немесе фирмалық стандартына сәйкес келуi кездейсоқтық емес.
Кейбiр елдердiң халықаралық стандарттарды әзiрлеуде көшбасында болуы көбiне олардың мамандарының ИСО-ның органының қызметiне қатысумен анықталады.
Соңғы жылдары ИСО қызмет көрсету саласы және сапаны қамтамасыз ету жүйесi саласында халықаралық стандарттауға көп көңiл бөлiп отыр. Сапа мәселесiн шешуге бiрыңғай жол әзiрлеу мақсатында «Сапаны басқару және сапаны қамтамасыз ету» 176 техникалық комитет құрылған болатын. Оның негiзгi жұмысы сапаны қамтамасыз ету жүйесiнiң негiз болатын принциптерiн стандарттау және үйлестiру болады. АҚШ-тың, Францияның, Ұлыбританияның және басқа елдердiң ұлттық тәжiрибелерiн талдап зерттеу негiзiнде 1987 жылы халықаралық стандарттар сериалы-ИСО 9000, содан кейiнгi жылдары – сериалы ИСО-14000, 17025 әзiрленген және жарияланған.
ИСО Әлемдiк сауда ұйымымен (ӘСҰ) стратегиялық ынтымақтастық орнатты. ӘСҰ-ның мүше елдерi немесе мүше болғысы келген елдер халықаралық стандарттау мәселелерiн жақсы бiлуi қажет және халықаралық саудадағы өз үлестерiн түсiнуi қажет.
ИСО-ның 146 мүшесiнiң 100-ден астамы дамып келе жатқан елдер. Олардың көбiсiнде стандарттар саласында және техникалық регламент, сәйкестендiрудi, сапаны және метрологияны бағалау сияқты бiр-бiрiмен ұштасып жатқан салаларда дамыған инфра құрылымның болмауы, бұл елдердiң экономикалық процесiне күрделi мәселелер туғызады. Нәтижесiнде саудада қажетсiз кедергiлер пайда болады, ресурстар мен өнеркәсiптiң мүмкiншiлiгi тиiмсiз пайдаланылады – осының бәрi экономиканы және елдiң өмiр сүру сапасын көтеруге жiберген күштiң дәрменсiздiгiн көрсетедi. Осы себептермен ИСО осы елдерге стандарттардың инфра құрылымның жасауға мұрындық болып, көмектесуде.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет