Реферат Тақырыбы: Жасөспірімдердің агрессивті мінез-құлқы



бет15/16
Дата27.11.2023
өлшемі259.8 Kb.
#484547
түріРеферат
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
ЖБЛ-212 Тәрбие

Қорытынды

Қазіргі таңда еліміздің егемендік алуы әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуымызға байланысты көптеген өзгерістер енгізді. Яғни қоғамымыздың қарқынды әлеуметтiк дамуы белсендi, жасампаз тұлғаны қалытастыруға жоғарланған талап қояды. Әсіресе білім беру жүйесін одан әрі жетілдіру, үздіксіз білім берудің бірыңғай жүйесін құру, оқу мен тәрбие үрдісінің сапасын жоғарлату мен білім беру үрдісінде оқушылардың тұлғалық сана-сезімдерінің дамыту болды.


Білім беру процесінде жасөспірімдердің тұлғалық сана-сезімдерінің қасиеттерін қалыптастыра отырып, болашағына жол сілтеу — қазіргі таңда ауқымды мәселе болып отыр. Өйткені, тұлғалық сана-сезімдерін қалыптастыру тек білім берумен ғана шектелмейді, яғни ол үшін мектепте өткізілетін тәрбие жүйесінің іс-шаралары оқушылардың болашақта парасатты, білікті, мәдениетті, білімді және дүниетанымы жоғары болып, еліміздің мәртебелі азаматы болуына ықпалын тигізуіне түйінделуі қажет.
Ұрпақ - өміріміздің жалғасы, болашақтағы әр мамандықтың иесі, қоғамның арқа сүйер тірегі екені белгілі. Республикамыздың жастарына ең сапалы білім берумен қатар еліміз егеменді, тіліміз мемлекеттік болуына байланысты жастардың жағымды мінез-құлқын дамытып, оларды адамгершілікке, мейірімділікке, тәртіпке, қоғамның лайықты азаматтары ретінде тәрбиелеу – бүгінгі күнгі басты мәселелердің бірі. Біздің қоғамымызда жасөспірімдердің адамгершілік келбетіне қоятын талаптардың өсуіне, оларды жақсылыққа тәрбиелеуге баса назар аударылуда.
Елдің экономикалық жағдайы, бұрынғы дүниетанымның құлдырауы мен бәсекелі және жоғары өндірісті жағдайда өмір сүру мен жұмыс жасау іскерлігі мен дағдысының жоқтығы – қоғамның күрделі қиындықтары мен ішкі дау-жанжалдарды тудыруға әкеледі. Жастар арасында ересектермен күрделі және қиын қарым-қатынастар көрінеді.
Сонымен қатар, қаталдық пен агрессивтілік пайда болып, қылмыстық әрекеттер көбейді. Осындай жағдайларға байланысты жасөспірімдердің мінез-құлық ауытқушылықтарын психологтар зерттеп білулері шарт.
Берілген әдістемені қабылдау бойынша жалпы нәтижелерін талдай келе нәтижелілігін анықтадым.
Алынған нәтижелерден жасөспірімнің агрессивтілігі туралы кеңес беру гипотезасына байланысты әрекет ету әдістері болашақта жалғасын табады деген қорытынды шығардым.
Өңдеген жоғары сынып оқушыларымен коррекциялау жұмысымды педагог-психологпен бірге жоғары сынып мұғалімі де мектеп тәжірибесінде қолдана алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет