Реферат Тақырыбы: Жасушалардың молекулалық құрылымы және олардың қызметі бұзылған жағдайда туындайтын аурулар Орындаған: Турсункулова д тобы: в-пқА-01-22



Pdf көрінісі
бет3/6
Дата23.11.2023
өлшемі130.5 Kb.
#484218
түріРеферат
1   2   3   4   5   6
алтын молек

2.Жасуша органоидтары
Жасуша органоидтары - жасушалардың тұрақты арнаулы бөлігі. Жасушаның қызметі 
тек органоидтардың көмегімен ғана орындалады.


1.Эндоплазмалық тор (ЭПТ) - (гр. эндо - ішкі, гр. плазма - жапсырылған) - жасушаның 
ішін түгелдей бірімен-бірі тығыз байланысқан түтікшелермен торлап жататын 2 
жарғақшалы түзіліс. Сыртқы жарғақшаларына рибосомалар бекінсе - түйіршікті ЭПТ, 
бекінбесе, тегіс жарғақшалы ЭПТ дейді. Тегіс жарғақшалы ЭПТ майлар мен 
полисахаридтердің алмасуына қатысады. Түйіршікті жарғақшалы ЭПТ 
рибосомаларында нәруыздар синтезделеді. ЭПТ торланған түтікшелері жасуша 
ішіндегі басқа органоидтардың қатынас жасауына көмектеседі.
2.Рибосома (рибонуклеин қышқылы, лат. soma - дене) - цитоплазмада бос күйінде, 
жарғақшаға (ЭПТ) бекінген күйінде болатын нәруызды дөнек тәрізді өте ұсақ 
органоид. Ол нәруыз синтезіне қатысады
3.Митохондрия (гр. mitos - жіпше, гр. chondrion - дәнек) - барлық тірі жасушаларда 
болады. Пішіні таяқша, жіпше, дәнек тәрізді түзіліс. Жасушада ондаған, мыңдаған 
митохондриялар кездеседі. Сыртын 2 қабатты жарғақша қаптайды. Сыртқы 
жарғақшасы тегіс, ішкі жарғақшасы қатпарлы. Митохондриялар - май қышқылдарьш 
синтездеп, жасушаларды энергиямен қамтамасыз ететін энергия жинақтаушы 
құрылым. ішкі жарғақшадағы ферменттер глюкоза мен аминқышқылдарды ыдыратып, 
май қышқылдарын тотықтырады.
4.Лизосома (гр. mitos - еріту, гр. soma - төн) - домалақ немесе сопақша пішінді, бір 
қабатты жарғақшалы түзіліс. Құрамындағы ферменттердің әсерінен нәруыз 
молекулаларымен полисахаридтерді ыдыратады. Жасушаға түскен бөгде заттарды 
ерітеді.
5.Гольджи жиынтығы - ядроға жақын, жасуша орталығын (центриоль) айнала қоршап 
жататын көпіршік, түтікше тәрізді түзіліс. Жасушада заттардың тасымалдануына, 
қажетсіз соңғы өнімдердің жасушадан шығарылуына қатысады.
6.Жасуша орталығы - центриоль (лат. centrum - орталық нүкте, орталық) Гольджи 
жиынтығына жақын орналасқан цилиндр пішінді 2 денешік. Жасуша бөлінуінің 
алғашқы кезеңінде 2 центриоль бірінен-бірі екі полюске карай ажырайды. Ортасында 
ұршықша жіпшелер пайда болады. Жасушалардың бөлінуіне қатысады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет