Лагердің топ жұмыстары дегеніміз, бұл:
- ауысымда жүретін жалпы лагерлік жұмыстардың бағыттылығы, сипаты, ауысымдарының өзгешелігі;
- лагердің дәстүрлігі;
- лагердің профилдері (жас тілщілір, туристер, спортшылар т.б.);
- мұғалім-ұймдастырушылардың жеке қызығушылықтары;
- тәрбие үрдісінің материалдық жағынан қамтамасыз етілуі;
- лагердің барлық бөлімшелерінің өзара іс-әрекеті.
Жазғы мектеп лагеріндегі тәрбиешілер жұмысты ұйымдастырудың төмендегіше ретін ескеруге міндетті:
а) күнделікті жоспарды құру;
ә) топтың күнделігін жүргізу;
б) ұйқыдан тұрғанға дейінгі 15-20 минуттық тәрбиешілер лездемесіне қатысу.
Топ аттары, ұрандары
Топтардың аттары мен ұрандары, ұрандық сөйлесімдері балалардың жас ерекшіліктеріне сай іріктеліп алынады.
Топтардың аттары «Жұлдызша», «Балдырған», «Ақ көгершін», «Қарлығаш», «Жалын», «Қыран», «Болашақ», «Мұрагер», «Балдәурен», «Жас толқын» т.б. деп атауға болады.
Топ ұрандарының үлгілік нұсқалары:
- Біз кішкентай «Жұлдызбыз»,
Өнегелі ұл-қызбыз.
- «Балдырғанбыз»- балдаймыз,
Бақытты өмір таңдаймыз.
Шаттық-думан көңілді,
Болашаққа жалғаймыз.
- «Ақ көгершін»- бейбітшілік ұланбыз,
- Жақсылық, жақсы үнге ұранбыз. т.б.с.
Ұрандық сөйлесімдер:
- Қандаймыз? — Ән айтуға қалаймыз?
- Жараймыз! — Бастаушыға қараймыз.
- Қалаймыз?
- Санаймыз: бір,екі, үш! - Біздің топ қандай?
Жолға бастап түс. Татулығы балдай!
Шарықтатып, талмай…
-Ән айтамыз қалмай!
Лагерде балалармен жүргізілетін жұмыс түрлері
Жазғы маусымдық лагерлерде балалармен жүргізілетін жұмыс алуан түрлі болуы мүмкін. Олар:
- Спорттық, ұлттық, танымдық және жергілікті ойындар;
- Алғырлық, зерделік, тілдік шоу-сайыстары;
- Ер балалар мен қыз балалар арасындағы әдеп, салт-дәстүрге байланысты сын-байқаулар;
- Ұлттық дәстүрлер мерекесі;
- Өнер байқаулары;
- Әдеби викториналар;
- Сурет көрмесі, плакаттар байқауы;
- Пікірталас, пікір-сайыстар, интерактивті тапсырмалар;
- Көңілді тапқырлар клубы (КВН);
- Сөздік сайыстар, саяхаттар;
- Поэзия кештері;
- Ән-күй кештері;
- Концерттік кештер;
- Би кештері, т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |