Реферат тақырыбы: «ЖҮсіп баласағҰН»



бет2/3
Дата21.10.2022
өлшемі55.76 Kb.
#463122
түріРеферат
1   2   3
РЕФЕРАТ БАЛАСАҒҰН

3. Қорытынды
Орта ғасырдың аса көрнекті ақыны, ғажайып сөз зергері, энциклопедист-ғалымы, көрнекті мемлекет қайраткері Жүсіп Хас Хажиб Баласағүнның „Қүтты білік» дастанының әдеби, тарихи, ғылыми мәні ерекше зор.
Бүл көркем шығарма бертін келе қазақ халқының этностық қүрамына енген ру-тайпалардың ежелгі дәуірдегі түрмыс-тіршілігін, наным-сенімін, әдет-ғүрпын, мәдениетін, әдебиетін, тілін, т. б. зерттеп білу үшін аса қажетті, қүнды мүра болып табылады
Жүсіп Баласағұнның «Құтты білігінде» өмір мәні пайымдалып, жалпыадамзаттық рухани байлықтар –мұрат, діни, этика, өнер және даналықтың мәні сараланған. Ғұлама ақиқатқа жету жолын адам мен әлемнің, ұлы ғалам мен микроғаламның үйлесімді болуы туралы қағидаға негіздейді. Төрт құдірет–от, су,ауа, жер жайлы ежелгі дәуірдің философиялық түсінігіне сүйене отырып әлем осы төрттағанның үйлесімінен жаралған деп санайды. Бұл жалған дүниені ақыл тезіне салып түзетуге болатынына да сенген ғұлама әлемдік үйлесімдік негізінде әділетті адмзат қоғамын құруды армандады. Сондықтан ол ғылым мен білімге зор мән берген. «Құтты Біліктің» негізгі айтар ойы-адамның адами жетілуі мен кісілік кемелденуі, сол арқылы мемлекет пен қоғамды қуатты, мықты, құтты ету. Кісілік кемелдену жолына түскен адам-өзінің қасиетіне, қалыбы мен негізіне мейлінше жақындаған асыл жан. Дастан оқырманына құт-береке мен бақытқа өз адамгершілігін асыл етумен ғана жетуге болатынын ұқтырды. Ондағы «өзіңді ұмытпау» қағидасы адамның адамшылығын танытар қасиет-адамгершілік пен кісілікті жетілдіруге бағыттылған. Ақын өтпелі өмір мен өлім жайында терең толғанады. Оның ойынша, өкініштің ең ауыры өлшеулі өмірде дүние қызығы мен тән тілегі жетегінде кетіп, діл тазалығын сақтай алмаудан туады, сондықтан адам өзінің кісілік қасиетімен бірге өмірдің өткіншілігін де ұмытпауы қажет.
«Құтты Білік»–ежелгі түркі тіліндегі классикалық поэзияның тұңғыш шығармасы. «Құтты Білік» дастанының ғасырлар сынынан өткен,замандар бойы мәнін жоғалтпай жеткен түрлі әдеби, тарихи, этникалық, философиялық, көркемдік заңлдылықтары өзінше бір әлем.
«Құтты Білік» дастанын тек қана әдеби мұра деп қарау біржақтылық болар еді. Оның жалпы түркітілдес халықтар тарихындағы әдебиеттану, тілтану, мәдени-тарихи қатынастар саласындағы алатын орны, маңызы мен мәні аса зор. Бұл тұрғыда қазақ хылқының да рухани кәмелеттену жолының күретамыры Жүсіп Балсағұнның адамгершілік тәрбиесінде жатыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет