2.1. Физика курсындағы компьютерді қолдануды оқытудың мазмұны
ХХ ғасыр аяғындағы адамдардың өмірін компьютерсіз елестету мүмкін емес. Компьютердің адам өмірінің барлық саласын қамтығаны соншалық, олардың көмегінсіз көптеген нәрсені есептеу, шешу кейде мүмкін емес сияқты. ЭЕМ–дер мен компьютерлердің адамзатқа берер көмегі сансыз: есептеу, шығару, ақпараттарды қабылдау, өңдеу, сақтау, жеткізу т. б. Оның үстіне бұлардың барлығының сондайлық тез жылдамдықпен іске асырылуы ЭЕМ құралдарының маңыздылығын одан сайын арттыра түседі. Компьютерлік техника осы ғасырда қатты дамыды. Мұндай даму барысы, сөз жоқ, барлық салалардың да оған ілесуін қажет етеді. Бұл процестен әрине, физиканы оқыту ісі де артта қалмауы тиіс екендігі белгілі.
Физика – техниканың дамуындағы негізгі ғылымдардың бірі.
Технология – ғылымның практикалық қолданылуы. Қазіргі заманда дүниежүзінің негізі – технология. Ол адамның сана-сезімімен, білімді де тәжірибелі ақыл-ой парасаттылығымен жеткен үлкен жетістігі. Яғни ғылым, прогресс болып табылады.
Физиканы оқытудың дәстүрлі әдістемесіндегі техникалық құралдарды қолдану қатарына компьютерді қолдану мәселесі енді. Оның үйлесімді жолдары болатыны сөзсіз. Міндетіміз де осы айтқанмен байланысты, яғни сол үйлесімді жолдарды тауып, физиканы оқыту әдістемесіне оларды енгізіп, сабақтың неғұрлым сапалы өтуін , оқушылардың сабақты оқуға деген ынтасын арттыру болып табылады.
Компьютерлерді қолданудың алуан түрлілігіне қарамастан, есептеулердің басты мақсаты сандар емес, түсіну. Компьютерді қолданудың барлық үш әдісі, есепті сандық түрде шешу үшін біраз жеңілдететін жуықтауларды талап етеді. Сонымен қатар, компьютерлер эксперименталдық физикада маңызды құрал болып табылады. Олар лабораториялық эксперименттің барлық фазаларымен байланысты болады, аппаратураны жобалаудан, эксперимент кезінде осы аппаратураны жүргізуден мәліметтерді жинаумен оларды анализдеуге дейін.
Дербес компьютерді физика сабағында пайдалану- физика пәнін
оқыту жүйесін өзгертеді. Яғни, компьютерді физика сабағында қолдану студенттердің информациялық мәдениетін қалыптастыруға, оқытылатын құбылыстар мен процестердің мәнін терең оқып игеруге,ЭЕМ негізінде одан әрі қарай жоғары өнімді әдістермен іс-әрекет құралдарын қолдануға, психологиялық даярлану және көңіл аударуға мүмкіндік туғызады.
Жинақталған тәжірибелерден алынған қорытындыдан біз ЭЕМ-ді физиканы оқытуға пайдаланудың негізгі принциптерін айқынададық:
1. ЭЕМ-ді тек нақты экспериментті толықтыру үшін пайдалану керек, студенттерге кажетті біліктілік пен дағды, құралмен жұмыс жасаған кезде ғана беріледі. Физика кабинетінде қондырғыларды пайдаланып эксперимент жасауға мүмкіндік болмаған жағдайда, физикалық процестерді компьютерде модельдеу қажет.
2. Студентттердің экранның жылтылынан жәш эмоцианалдық кернеуден көру органдары мен жүйке жүйесіш шамадан тыс әсер етпейтіндей етіп жұмыс жасағанда, дисплейді дозамен пайдалану.
3. Физика курсында студенттерді электрондық есептеу техникасының физикалық негіздері мен жұмыс принциптерін жоспарлы және жүйелі түрде таныстыру.
Компьтотерлік зертханалық жұмыстарды орындауға процестер мен құбылыстарды таңдаған уақытта екі негізгі ұстанымға негізделген жөн:
1) егер жұмыс компьютердің көмегінсіз нақты орындалатын болса (көп шыұын келтірмей және көп уақытты қажет етпесе), ол ақиқат орындалуы тиіс;
2) компьютерлік жұмыстардың саны біртіндеп көбейтіп, күрделендіру қажет.
Компьютерге енгізілген арнайы бағдарламаның көмегімен тақырыптың мазмұнымен танысуға болады. Оқушылар монитордағы тексті оқып қана қоймай, сонымен бірге, тексті ести де алады. Мұнан соң бағдарламаны аша отырып, дененің салмағын анықтауға қатысты керекті физикалық формулаларды тауып, қажет болған жағдайда осы теорияларды енгізген ғалымдардың әрқайсысының өмірбаяны мен еңбегі туралы толық мағлұмат алуға болады. Мұнда сондай–ақ тұрақты шамалардың физикалық кестесін көріп, барлық керекті мәліметтерді алуға мүмкіндік бар. Компьютерді физика пәнінде қолданудың тиімділігін дәлелдейтін тағы бір басымдық, компьютерлік бағдарламаға видеотаспа енгізілген. Яғни, аталған тақырыпқа байланысты физикалық тәжірибе мультимедиялық бейнеде көрсетіледі. Теория мен тәжірибенің тоғысатын тұсы да осы. Физиканың тәжірибелерді құр әңгімелеу мен оны өз кқзімен көрудің айырмасы жер мен көктей екені түсінікті. Сөз арасында компьютердің «баурап алғыш қасиеттернің» көп екендігін айта кеткен жөн. Компьютердегі түсіндірушінің даусынан басталатын назар аудартатын ерекшелік бағдарлама барысында шығып отыратын физикалық әзіл әңгімелермен жалғасын табады. Бұл факторлар оқушыларды жалықтырмайды, әрі оның қызығушылығын одан сайын арттырмаса кемітпейді.Мұнда бағдарлама 7-ден 11-ге дейін барлық дерлік сыныптарда қолдануға болатындай етіп жасалған. Ыңғайлы интерфейс мұғалімге оның ойынша қажетті тапсырмалар санын таңдап қана қоймай, олардың күрделілік деңгейін анықтауға, содан кейін әр оқушының тапсырмалардың сапасын тексеруге мүмкіндік береді.
Мен бастауға қорқудың қажеті жоқ деп айтқым келеді. Мұндай әдіс бұрын жасалғаннан бас тартуды білдірмейді. Бұл сабақты байытады, оны көрнекі етеді. Уақыт өте келе, мұғалімнің өзі сабақтарда компьютерлік технологияны қолдануға дағдыланған кезде, оқытудың мұндай әдісі мұғалімнің жұмысын едәуір жеңілдетеді.
Мультимедиялық мүмкіндіктерді қолданатын сабақтар балаларға өте ұнайды, олар тақырыпты оқуға деген қызығушылығын арттырады. Бірақ мен әлі үндемеген бір тұзақ бар. Осы жұмыс әдісінің барлық көрінетін артықшылықтарымен, оның барлық артықшылықтарымен, сіз ескі, бұрыннан белгілі бір шындықты есте сақтауыңыз керек: бәрі қалыпты жағдайда жақсы. Болмайды ауыстырған. Жаңа технологияларды қолдана отырып ұсынылған материалдар қатаң мөлшерленуі керек. Жаңалық пен әдеттен тыс әсерді өлтіруге болмайды. Біз 1-ші сыныпқа қуана барамыз, өйткені мектеп біз үшін "жаңа". Бірақ өте тез, көптеген адамдар үшін бұл скучно міндетке айналады. Мұғалімнің міндеті - балалардың осындай жұмыс түріне деген қызығушылығын қолдау. Сондықтан біз жоғары сынып оқушыларынан осындай сабақтарды аптасына бір реттен жиі емес, ал орта буын оқушыларымен 3-4 сабақта бір реттен жиі емес өткізуге тырысамыз. Сонда балалардың қызығушылығы сөнбейді, керісінше өседі.
Салмақсыздық жағдайын түсіндіруге ыңғайлы бірден –бір жақсы мысал- лифтінің (көтерме) қозғалысы. Дәл осындай, мультимедиялық бейнені экраннан көруге болады. Оқушының лифтінің бастапқы жылдамдығы, үдеу секілді физикалық шамаларды қалағанынша өзгертіп, оның қозғалысын бақылайды және заңдылықтарын тексеруге мүмкіндігі бар. Компьютердің осындай тиімділіктерінің барлығы пайдаланылғаннан кейін сабақ қорытындыланады. Компьютер өтілген сабақты қайта пысықтайтын есептер мен сұрақтардан тұратын тесті оқушыларға ұсынды. Сонымен, физика пәнін оқытудағы компьютердің тигізетін көмегін тағы бір тізіп шықсақ. Біріншіден, оқушы тапсырманы орындау барында арнайы әзірленген бағдарлама бойынша жұмыс істеді. Екіншіден, оқушының білімін компьютерлік жүйе бағалайды. Бұл – бір жағынан, білімін әділ бағалауына кепілдік береді. Үшіншіден, компьютердің көмегімен иллюстратциялық әдіс көп қолданылда. Төтіншіден, сабақ барысында компьютерді пайдалану – оқушының логикалық ойлау жүйесінің дамуына түрткі болады. Бесіншіден, оқушылардың берілген тапсыр-маларды ерекше қызығушылықпен орындайтыны байқалды.
Осы айтылғандардың барлығы – физика пәнін оқытуда компьютерді қолданудың тиімділігінің аса жоғары екендігінің нақты дәлелі бола алады.
Сонымен физика сабағында компьютер көмегімен оқыту төмендегі мәселелерді қамтиды:
-оқушыларға оқылатын құбылыстар мен дәл ақпаратты бере отырып,оқу сапасын арттырады;
-оқытудың көркемділігін арттырады, яғни оқушыларға қиында күрделі материалды көрнекі түрде түсіндіруге қол жеткізеді;
-оқытудың тиімділігін жоғарылатады және оқу материалын түсіндіру мүмкіндігін арттырады;
-оқушылардың ғылыми дүниетанымдық көзқарастарын қалыптастыра отырып, олардың білімге құштарлығын, табиғи сұранысын қанағаттандырады;
-оқытушыны техникалық жұмыстан босата отырып, үнемденген уақытта олардың шығармашылықпен жұмыс істеуңне жағдай жасайды;
-оқытушы мен оқушының жұмысын жеңілдетеді; Физика сабағында ақпараттық технологияны тиімді пайдалану - білім сапасының артуына әкеледі.
Жаңа ақпараттық технологияны физика сабақтарында пайдалана отырып, оқушылардың білім, білік дағдыларын қалыптастыруға қызығушылығын арттырып, түрлі деңгейдегі есептерді шығарып, оны талдай білуге үйреттім. Логикалық ойлау қабілеттерін дамытып, интернет желісінен сабаққа қажетті деректерді өз бетімен ізденуге, компьютерлік сауаттылықтарына жол аштым. Сабақта алған білімдерін өмірде қолдана білуге тәрбиелеп келемін. Саналы да сапалы білім алған оқушы ұлт келешегі.
Достарыңызбен бөлісу: |