Реферат Тақырыбы: Компьютерлік технологияны физика сабағында пайдалану Орындаған:Қапбар Айгерім Тексерген: Аубакирова Асель



бет4/5
Дата03.01.2022
өлшемі57.13 Kb.
#450283
түріРеферат
1   2   3   4   5
Қапбар Айгерім 25.docx1

ҚОРЫТЫНДЫ


«Қазіргі заманда болашақ жұмысшы мамандарды ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп, Елбасы атап көрсеткендей жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор екенін біле отырып, білім беру жүйесін ақпараттандыру мен ақпараттық – коммуникациялық технологияны оқу – тәрбие үрдісінде пайдалану оқушының өз мамандығына қызығушылығы мен мамандық сапасын арттырыратына көз жеткізе отырып, шығармашылық шабытын шыңдап, ғылыми көзқарасын қалыптастырып, еңбек нарығындағы бәсекеге қабілетті мамандар даярлауда қоғамның даму жолдарын анықтайтынын қарастырдым.

Физика пәнін оқытудағы ақпараттық – технологиялар білім ортасын айтарлықтай кеңейтуге және танымдық іс-әрекеттерді арттыру үшін қосымша дидактикалық жағдайлар жасауға, оқыту процесіне қатынасын өзгертуге, өзін-өзі тану және өзін өзі-дамыту дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік береді деп ойлаймын.

Интерактивті тақтаны пайдалану сабақты жаңаша әдіспен түсіндірумен оқушылардың назарын аударады, жалпы физикаға қызығушылығын қалыптастырады.

Интерактивті тақтаны қолдану арқылы оқушылардың қызығушылығын, интеллектуалдық танымын, білім сапасын арттыруға болады. Интерактивті әдіс – диалогтік әдіс, нәтижесінде сабаққа қатысушылар бір-бірімен байланыса отырып, мәселелерді шешуін қолдаймын.

Физикалық есептерді шығаруда компьютерді пайдалану өте қолайлы. Программалау тілдері арқылы әр есепке бағдарламалар құруға болады. Бұл бізге бір есептегі физикалық шамаларға әр түрлі мәндер бере отырып, бірнеше нәтижелер алуымызға мүмкіндік береді. Оқушы күрделі немесе жеңіл алгоритм бойынша шешіп, нәтижесін көргенде, шығармашылығы, қызығушылығы одан әрі арта түсіп, физикалық құбылыстарды, заңдарды жетік түсіне алатынына көз жеткіздім.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет