Реферат тақырыбы: Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан Орындаған: ПиАп-21-1к топ студенті Аты-жөні: Асылбекова А. Б


Кеңес Одағының ұлы отан соғысының басталуы



бет2/6
Дата02.01.2022
өлшемі45.86 Kb.
#453584
түріРеферат
1   2   3   4   5   6
тарих реферат акмарал

1.1.Кеңес Одағының ұлы отан соғысының басталуы

Екінші дүниежүзілік соғыс (1939-1945) тарихтағы ірі соғыстардың бірі, оның өртін халықаралық имперализмнің екпінді күштері:Германия, Италия, Жапония тұтандырды. Гитлер және оның сыбайластары фашистік соғыс машинасының күшімен КСРО елін құртуды мақсат етті. Фашизм Кеңес Одағын бөлшектеп «Остландия» (Белоруссия мен Прибалтика), «Московия» (Россия), (Москва, Тува, Ленинград, Горький, Ветка, Қазан, Уфа, Пермь), «Украина» (Волга өңірі, Воронеж), «Кавказ) (Армения, Азербайжан,Грузия,Солтүстік Кавказ) сияқты отар елдерді құруды жосспарлады.Сонымен қатар фашистер Кеңестік Азия жерінде «Гросс Түркістан», «Еділ-Орал» деген қуыршақ мұсылман мемлекеттерін құруды көздеді. 1941 ж. 22 маусымда Германия Кеңес Одағына тұтқиылдан шабуыл жасады. Фашистік басқыншыларға қарсы кеңес халқының Ұлы Отан соғысы басталды. Адам саны мен соғыс техникасы жағынан фашистер басым болды. 1941 ж. 30 маусымда КСРО Мемлекеттік Қорғаныс Комитеті Президиумының Указымен 14 әскери округ территориясында мобилизация жарияланды. Коммунистік партия шаруашылықты соғыс жағдайына бейімдеуге, барлық күш пен құралдарды елімізді қорғауға жұмылдыруға басшылық жасап, жау тылында партизандық соғысты ұйымдастырды. Кеңес армиясы жаңа әскери құрамалар және халық жасақтарымен толыға түсті. Бірінші кезеңде соғыс Солтүстік-батыс (Ленинград), Батыс (Москва),Оңтүстік-батыс (Украина) бағытында жүрді. Басты әскери қимылдар:194 1 ж. шекерадағы шайқастар. Брест қамалы қорғанысы; Прибалтика және Белоруссияның басып алынуы; Ленинград блокадасының басталуы, Смоленск шайқасы (1941); Киев;Одесса, Севастополь қорғаныстары (1941-42). Герман әскерлерінің Украина мен Қырымды оккупациялауы, Москва шайқасы. 1942 ж. аяғы-1943ж. бас. Сталинград қорғанысы (түбегейлі бетбұрыс).

Мемлекеттік қорғаныс комитетінің шешіміне сәйкес, Қазақстанда бес ұлттық дивизия мен бригада жасақтау ұйғарылды. Олар:105,106, 96 ұлттық атты әскер дивизиялары және 100, 101 ұлттық атқыштар дивизиялары құрылды. 1939 ж. халық санағы бойынша Қазақстанның халқы 6.2 млн. адам еді.Соғысушы армия қатарына 1.96.164 қазақстандық сапқа тұрды. ҰОС-ң даңқты тарихының беттеріне жазылған қазақстандықтардың ерлігі аз болған жоқ.Брест қамалын қорғаушылардың қатарында мыңдаған қазақстандықтар болды.Олардың арасында Г.Жұматаев, Ш.Шолтыров, К. Иманқұлов, Е.А.Качан болды. Жау тылында қалған көптеген жауынгерлер партизиан қозғалысына қатысты. Олар Ж.Саин, Қ.Қайсенов, Ә.Шәріпов. Мәскеу түбіндегі шайқаста қазақстандықтардың жауынгерлік даңқы шықты.Республикада жасақталған 316 атқыштар дивизиясына Мәскеуге

4

Апаратын негізгі жолдардың бірі- Волокаламск тас жолын қорғау тапсырылды. Мұнда майор Б.Момышұлы басқарған 1073 ұландық атқыштар полкі жау шабуылына дивизияның барлық басқа бөлімдерімен бірге ерлікпен тойтарыс берді(Б.Момышұлына 1990ж. Кеңес Одағы Батыры атағы берілді). 316 дивизиясының жоғары қаһармандық қабілетін қамтамасыз етуге оның командирі И.В.Панфилов зор еңбек сіңірді.Дубосеково разьезі түбінде 28-гвардияшыл-панфиловшылар жаудың 50 танкісінің шабуылына қарсы тұрды. Мәскеудің қорғау тарихына панфиловшылар дивизиясы бөлімдерінің саяси жетекшілері П.В.Вихров, М.Габдуллин, автоматшылар Төлеген Тоқтаров, Рамазан Аманкелдиев мәңгі өшпес із қалдырды.КСРО көп шығынға ұшырады, 27 млн. астам адам мерт болды.Шамамен олардың 410 мыңы қазақстандықтар. Соғыстың тарихынан алған сабақтар мен қорытындылар ешқашан ұмытылмауға тиіс.



5



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет