Реферат тақырыбы: Мал шаруашылығындағы бухгалтерлік есеп ерекшелігі



бет2/2
Дата21.12.2023
өлшемі1.59 Mb.
#487260
түріРеферат
1   2
Токтаркан Карлыгаш ауыл шаруашылыгы

Мал шаруашылығы — ауыл шаруашылығының мал өнімдерін өндіру үшін мал өсірумен айналысатын саласы. Мал шаруашылығы халықты азық-түлікпен (сүт, май, ет, т.б.) жеңіл және тамақ өнеркәсіптерін шикізатпен (жүн, тері, ет өнімдері қалдықтары, т.б.) ауыл шаруашылығы өндірісін күш-көлік (ат, өгіз, түйе, т.б.) және тыңайтқышпен қамтамасыз етеді. Мал шаруашылығы өнімдері мен оның қалдықтарынан мал азықтары (майы алынған сүт, ет-сүйек және сүйек ұндары, т.б.), дәрі-дәрмектер мен биологиялық белсенді (активті) заттар (емдік сарысулар, гормонды қосылыстар, т.б.) алынады. Мал шаруашылығы салаларына сиыр, қой, ешкі, жылқы және түйе шаруашылықтары жатады.

Төңкеріске дейінгі кезде қазақтардың шаруашылығының басты саласы мал өсіру болды. Қазақтардың негізгі байлығын қой мен жылқы құрайтын. Көшпелі қазақтың дәулеті мен атағы жылқысының санымен өлшеніп, есептелетін. Жылқының шаруашылықтық маңызы зор болғандықтан көшпенділер үшін оның алатын орны ерекше. Бәрінен бұрын жылқы төзімді әрі жыл бойы жайылып шығуға бейімді жануар болып табылады. Жылқы өсіру көшпелі шаруашылық жүргізуге аса ыңғайлы етті. Жылқы көшпендіге жаз мезгілінде жақсы сақталатын дәмді де жұғымды ет, көне замандардан күні бүгінге дейін жеткен сүйікті сусынымыз – қымыз әзірленетін сүт, көшпендіге өте қажетті берік арқан есуге керекті қыл, аяқ киім үшін былғары беретін.Қонақтарға, әсіресе құрметті қонақтарға, тартылатын ең құрметті ас жылқы еті саналатын.


Жылқы әрі құндылық өлшемі ретінде есептелетін: ол қалыңдық үшін төленетін қалыңмалдың құрамына міндетті түрде енетін, бәйгеде бағалы жүлде болып табылатын. Көшпендінің байлығы оның қолындағы жылқысының санына парапар келетін.
Жылқы шаруашылығы – мал шаруашылығының негізгі бір саласы. Бұған жылқы санын көбейту, сапасы мен өнімін арттыру, әр түрлі мақсаттарда (ет және қымыз өндіруге, күш көлігі ретінде, спорттық жарыстарға қосуға, шет елдерге сатуға, т. б.) тиімді пайдалану жатады. Жылқы өнеркәсібі және бие сауу қазақ халқының ата кәсібі болып табылады. Қазақ халқы жылқыны үйірге (25 – 30 бие) бөліп, жақсы тұқымынан айғыр салатын болған. Мұндай айғырлар үйірін шашау шығармай, ит – құсқа жегізбей, қысы – жазы қорғайды. Бірнеше үйір қосылып қос құраған. Бір қоста 500 – ден 1000 – ға дейін жылқы болады. Айғырдан шыққан биелер 10 айдан кейін (сәуір-мамыр айларында) құлындайды. Құлындар отығып, жетілген кезінде байланып, бие сауылады. Алғашқы кезде бие тәулігіне 3 немесе 4 рет сауылады, ал одан кейін саууды көбейте береді (5 – 6 ретке дейін).
Ағытылған бие құлынымен бірге жайылымда бағылады. Қазақ халқы биені 6 ай бойы сауады. Бие қымызының химиялық құрамы үнемі тұрақты бола бермейді, ол малдың физиологиялық күшіне, азықтандырылуына, күтіп – бағылуына және тұқымына қарай өзгеріп отырады. Қымызда 1,8 – 2,2 % — дай белок болады, сондай – ақ адам денсаулығына қажетті витаминдердің барлығы кездеседі. Әсіресе қымыз А және С витаминдеріне бай. Жылқы етінің сапасы өте жоғары, сіңімді. Сондай – ақ, жылқыдан көптеген мал ауруларын емдеу үшін қолданылатын қан сарысуы алынады. Қазір Қазақстанда 1 млн – нан астам жылқы өсіріледі (2002). Жылына олардан 40 мың тоннадан астам ет, 35 мың тоннаға жуық қымыз өндіріледі. Жылқы өндірудің жалпы мамандандырылу бағыты республикамыздың табиғи – шаруашылық аймақтарына байланысты айқындалған. Жылқының асыл тұқымдарын көбейту мақсатында Қазақстанда 13 асыл тұқымды жылқы заводттары (Қызылорда, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, т.б. облыстарда), жылқы тұқымын асылдандыратын 39 мемлекеттік шаруашылықтар (Ақтөбе облысы, Атырау облысы, т.б.) ат жарыстыратын алаңдар және асыл тұқымды жылқы фермалары ұйымдастырылған. Қазақстанда асыл тұқымды жылқы саны 9 мыңнан асты (2000). Республикада жылқының міністік, сыдыра желісті тұқымдары және қазақ жылқысы өсіріледі. Дала және құрғақ дала аймақтарында жылқы негізінен жұмыс көлігі ретінде пайдаланылады. Қуаң, қуаңшылық және тау бөктеріндегі аймақтарда ауа райы жылы, жылқыны жыл бойы жайылымда бағудың мүмкіншілігі бар. Бұл жерлерде жылқы шаруашылығы ет алу мақсатында ұйымдастырылған. Қазақстанның кең байтақ жайылымы бар орталық, оңтүстік, шығыс және батыс аймақтарының көптеген аудандарында жылқы үйірлеп бағылады. Жықыны үйірлеп бағудың бірнеше әдісі бар. Бос бағуда жылқы жыл бойы жайылымда болады, қатты боран не көк тайғақ болғанда ғана пішен, жем беріледі. Табындап баққанда жылқы жынысына және жасына қарай табынға бөлінеді. Шаруашылықтағы жылқының санына байланысты табынды 150 – 180 бие, 180 – 200 бойдақ жылқы, ал жазық далада 350 жылқыға дейін болады. Боран және аяздан қорғау үшін жайылымда жеңіл – желпі жылқы қора, қалқа, ықтасын лапас салынады, құдық қазылады, суаттар жасалады. Жайылым орталығына әр жылқыға 3 – 5 центнер пішен, 0.5 – 1 ц. жем қорын дайындайды. Құлынды 10 – 12 айлығында енесінен айырады. Қорада не қоршалған шарбақта 1 айғырға 20 – 25 биеден үйірлеп шағылыстырады. Қолда ұстап баққан жылқыны қыста ашық, жылы күндері шығарады, қатты боран, аязды күндері қорада ұстап, пішен және жем береді. Орта есеппен әр жылқыға 30 ц пішен, 6 – 8 ц жем дайындайды. Қолда ұстап баққанда бие мен айғырды сұрыптап таңдап алып шағылыстырады және қолдан ұрықтандырады. Жылқыларды 1,5 жасында мінуге, жегуге үйретеді, үйірдегі жылқыны таңбалайды. Биелерді қорада құлындатады. Құлындаған биелерді күн жылынғанша құлынымен бірге қорада ұстап, құнарлы пішен мен жем береді. Құлынды 6 – 8 айлығында енесінен айырып бөлек күтеді. Қазақстанның оңтүстік, орталық және батыс аймақтарында бие сәуір – мамырда құлындайды. Ерте туған құлын күзге дейін өсіп жетіледі де қыста бағуға көнбісті келеді. Ет өндіру бағытында жылқы өсіру кезінде жыл басында табын құрамында 35 % бие, 6 % байтал, 14 % ұрғашы тай, 14 % ұрғашы жабағы, 2 % айғыр, 5 % құнан, 10 % еркек тай, 14 % еркек жабағы, ет – сүт бағытында өсіргенде 45 % бие, 5 % байтал, 5 % ұрғашы тай, 18 % ұрғашы жабағы, 2 % айғыр, 4 % еркек тай, 18 % еркек жабағы болуы қажет. Қазақстанның әрбір аймақтарының табиғи экономикалық жағдайларына байланысты асыл тұқымды фермада ат қора – жайылым (көбінесе, қолда ұсталады) әдісін қолданғанда ат қорада әр жылқыға 10 – 14 м2 орын болады; ат қораның ауласын екіге бөледі: ат биенің күйтін байқайтын және шағылыстыратын алаң; ә) Тай мен құлындарды үйрету және баптау алаңы.Ат қораларда тайлар мен құнандарды жаттықтыратын және айғырларды серуендететін тапталған жол жасайды. Асыл тұқымды жылқы өсіретін фермасы жанынан мал емханасы салынады. Асыл тұқымды фермада жайылым – ат қора (көбінесе жайылымда бағылады) әдісін қолданғанда бие, айғыр және жас жылқылар тұратын жылқы қораларын салады, бас үйрететін және жаттықтыратын алаң жасайды. Жаттықтыруға және сатуға бөлінген жылқыны жеке қорада ұстайды. Ат қора жанына мал емханасын салады.
Қой шаруашылығы – қой өсіру мал шаруашылығының негізгі салаларының бірі. Жеңіл өнеркәсіптер үшін (жүн, тері, елтірі) , бағалы азық – түлік (ет, май, сүт) өнімдерін береді. Қой өсіру адамзат тарихында неолит дәуірінен басталады. Қола дәуірінде Орталық Азия тайпалары қылшық жүнді қой өсірген. Биязы және биязылау жүнді қой тұқымдары осы кезеңде Кіші Азияда шығып, дүние жүзіне тараған.
Қой өсіру қазақ халқының ата кәсібінің бірі болып табылады. Төрт түлік малдың ішінде жылқы мен қойға ерекше мән берген қазақ халқы қой жаюдың, оны көбейту мен тұқымын асылдандырудың өзіндік әдіс – тәсілдерін қалыптастырған. Мал шаруашылығына қолайлы табиғи ортаның мол болуы, соған орай қыстау, көктеу, жайлау, күзеумен байланысты көшпелі өмір салтының орнығуы қазақ халқының дәстүрі Қой шаруашылығын берік қалыптастырғандығының айғағы. Қазақстанда негізінен қылшық жүнді қазақы қой өсірілді. 19 ғасырдың соңына қарай Ақмола, Семей, кейінірек торғай және Жетісу өңіріне орыс шаруалары меринос тұқымдарын ала келді. 1913 ж. қазіргі Қазақстан жерінде 19,6 млн. уақ мал болды. Азамат соғысы жылдары өзге түліктермен бірге қой саны да азайып, (1929 ж. – 8,8 млн.), елдегі мал шарушылығына үлкен нұсқан келтірді. Кеңес өкіметінің жаңа экономикалық саясатына байланысты 1928 жылға дейін дәстүрлі мал шаруашылығының ерекшеліктері ішінара сақталып қалды. Сол жылғы үкімет қаулысынан кейін елдегі ірі байларды жаппай кәмпескелеудің соңы мал шаруашылығын, оның ішінде Қой шаруашылығын да қатты күйзеліске ұшыратып, 1930 – 32 жылдардағы ашаршылыққа алып келді.1936 ж. республикада небәрі 4,3 млн. қой қалды. Күштеп ұжымдастыру науқанынан кейін қазақ халқының дәстүрі Қой шаруашылығының қарқынды дамуына тежеу салынып, 1928 – 85 жылға дейінгі аралықта Қой шаруашылығының кеңестік жүйесі қалыптасып, дамыды. Қой тұқымдарының санымен қатар сапасын да көтеру шараларының нәтижесінде 1960 ж. республикадағы барлық қойдың 84,6 % — ы, 1974 ж. 99,99 % — ы, 1980 ж. 100% -ы асыл тұқымды мал тобына жатқызылды. Сондай-ақ, 1966 – 70 ж.уақ малдан алынатын ет өнімдері орта есеппен – 471,3 мың т, 1981 – 83 ж. – 493.3 мың тоннаға жетті. Қойдың мол өнімді жаңа тұқымдары – қазақтың биязы жүнді қойы, қазақтың арқар – мериносы, солтүстік қазақ мериносы, қазақтың оңтүстік мериносы, дегерес қойы, т. б. шығарылды. 1984 жылдың басында Қазақстанда 36567,8 мың (барлық шаруашылық түрлерінде) қой болды. Қой саны жағынан Қазақстан КСРО бойынша 2-орын (Ресейден кейін), қаракөл елтірісін дайындау жағынан 1-орын алды. Қазақстан шаруашылығы , әсіресе, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан (Семей), Жамбыл, Алматы облыстарында қарқынды дамыды. Жаңа тұқым шығару мақсатында Қазақстандағы таңдаулы қой тұқымдары мен шетелдік тұқымдар; австралия мериносы, австралия корриделі, линкольн қойы, ромни – марш қойлары, т. б. пайдаланылды. Қазақстанда Қой шаруашылығының дамуында негізгі үш бағыт айқындалады. Олар елдің табиғи климаты, жем – шөп, жайылым жағдайы, қойдың биологиялық ерекшеліктері, т. б. байланысты төмендегіше 3 аймаққа бөлінді: 1) далалық, қуаң – шөлейт, аймақтар мен оңтүстік таулы өңір. Мұнда биязы және биязылау жүнді қой тұқымдары (барлық қойдың 65 %-ы ) өсірілді. 2) шөл және шөлейт аймақ. Бұл жерлерде негізінен етті – майлы, ұяң не қылшық жүнді қойлар (барлық қойдың 16 %-ы ) шоғырланды. 3) Қаракөл қойлары өсірілетін оңтүстік және батыс аймақтар. 1990 жылдың басында 1250, оның ішінде 702 арнайы мамандандырылған ірі қой шаруашылықтары болды.
Алайда экономиканың өзге салалары секілді Қой шаруашылығы да кеңестік науқаншылдыққа ұрынып, қой санын 50 млн – ға жеткізу туралы елдің нақтылы мүмкіндіктеріне сай келмейтін қисынсыз жоспарлар жасалынды. Жоспарды орындау мақсатында қойды қолдан жасанды ұрықтандыру тәсілі кең етек жайып, асыл тұқымды қойлардың азып – тозуы мен миллиондаған елтірінің шын мәнінде жарамсыз қалуына, кеңестік жалған ақпардың белең алуына алып келді. Мал өнімдерін өңдеу, жаңа технологияларды игеру, т.б. мәселелер кенже қалды. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейінгі алғашқы жылдардағы экономикалық дағдарыстар мен формалар нәтижесінде Қой шаруашылығы елеулі түрде құлдырады. Қазіргі уақытта Қазақстанда 12,3 млн. уақ мал бар (2004). Мұның негізгі бөлігі жеке – меншік иелікте өсіріледі.
Марал шаруашылығы – мал шаруашылығының ерекше және шағын саласы. Марал шаруашылығымен Шығыс Қазақстан облысының Қатонқарағай ауданы айналысады. Маралдың еті мен терісін азық және киім ретінде пайдаланады. Мүйізінен құнды дәрі – дәрмек жасалады.
Құс өсіру шаруашылығы ірі өнеркәсіп орталықтарында, қалаларға, астық өндіретін кәсіпорындарға таяу аудандарда шоғырланған. Құс шаруашылығы толығымен өнеркәсіптік технологиямен жұмыс істейді. Онда жұмыртқа мен құс еті өндіріледі. Құс шаруашылығымен республикамыздың Солтүстік, Орталық , Оңтүстік Қазақстан облыстары айналысады.
Омарта шаруашылығы Алтайдың, Жоңғар Алатауының және Тянь –Шаньның шырынды өсімдіктер көп өсетін биік тау бөктерлерінде орналасқан. Еліміз Алтайдың тау балын мақтан етеді. Мысалы, Шығыс Қазақстан облысындағы Путинцево шаруашылығы ерекше көзге түседі.
Қазақтар өз шаруашылығында түйе мен ірі қара малды тым көп ұстамаған. Түйелер алыс жерлерге көшіп-қону кезінде таптырмас көлік күші болғандықтан, оларды жұмысқа пайдаланатын мал ретінде өсірген. Жоғары сапалы түйе жүні киім тоқуға жұмсалса, сүтінен шұбат әзірленген.
Қазақстандағы мал шаруашылығы өңдеу
Мал шаруашылығының тарихы осыдан 10 мың жылдай бұрын жабайы жануарларды қолға үйрету кезеңінен бастау алады. Алғашқыда мал шаруашылығы табиғи сипатта дамығандықтан малдардың өнімділік бағыттары мен тұқымдары санын ұлғайтуға жеткілікті жағдайлар болмады. Мал тұқымдарын шығарудың қарқын алуы мал шаруашылығы өнімдерін өндіру тауарлары сипат алған капиталистік қатынастардың өркендеуімен тығыз байланыста жүрді. Мыңдаған жылдық тарихы бар мал шаруашылығының Қазақстанның экономикалық, әлеуметтік және мәдени дамуындағы орны ерекше болды. 20 ғасырдың басына дейін адамдардың әл-ауқаты мен тұрмыс тіршілік деңгейі түгелге жуық мал шаруашылығының өркендеу деңгейімен анықталды. Қазақстан жерінде мал шаруашылығы ежелден жайылым ауыстырып отыруды талап ететін көшпелі жүйе бойынша дамығандықтан негізінен қой, ешкі, жылқы және түйе өсірілді. Салыстырмалы түрде күтімді және құнарлы азықтарды көп қажет ететін сиырдың кеңінен таралуы, сондай-ақ, қазақ халқы төрт түлік мал санатына қоспайтын шошқа өсірудің қолға алынуы 19 — 20 ғасырларда Ресейден орыс шаруаларының қоныс аударып келе бастауымен тығыз байланысты. Сол кездерде Орталық Қазақстан аймағындағы мал шаруашылығы ерекшеліктерін анықтау мақсатында жүргізілген зерттеулер нәтижесі мал түрлері үлес салмағының төмендегідей болғандығын көрсетті.

Қазақстанда 19 ғасырдың соңына дейін негізінен қой, ешкі, түйе және жылқы түліктері өсірілуінің бірнеше басты себептері бар: Жер аумағының 70%-ға жуығын (182 млн. га) осы малдарды өсіру арқылы тиімді пайдалануға болатын жайылым алқаптары алып жатты; айтылған малдар жергілікті табиғат жағдайларына барынша бейімделді, жыл бойына дерлік жайылым азығын пайдаланып өсіп-өнді, сонымен бірге, жергілікті халық олардың өзіндік құны төмен және зор сұранысқа ие өнім түрлерін өндіру мен оларды өңдеудің тиімді технологияларын (ет, май, сүттен, тағам, жүн, теріден киім-кешек, көшпелі баспана —киіз үй жасау) жақсы меңгерді. Әр түрлі аймақтардағы мал шаруашылығының дамуы мен түлік түрлерінің үлес салмағына нақты аудандардың жер, су, ауа райы ерекшеліктері үлкен әсерін тигізеді. Сиыр өсіру әуелден-ақ топырағы құнарлы, шалғынды аймақтарда нәтижелі жүргізілсе, шөл және шөлейт жерлерде малдың негізгі бөлігін (80%-дан аса) уақ малдар (қой, ешкі) құрады.



МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒАНДАҒЫ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП ЕРЕКШЕЛІГІ
Мал шаруашылығындағы бухгалтерлік есепті тиімді жүргізу үшін есеп жұмысын ұйымдастыруды жоспарлаудың үлкен маңызы зор. Бухгалтерлiк есеп ұйымның қаржылық ақпаратын белгiлi бiрлестіктерi мен тәсiлдерi бойынша есептейтiн, өлшейтiн және оны дәлдеп, тасымалдайтын жүйе. Ол кәсiпорынның жұмысын толығымен бағлап, оны басқару үшiн бағыт-бағдар берiп, алдағы уақытта iстелiнетiн жұмысын жоспарлап және сонымен қатар ол ұйымның болашақта атқарылатын жұмысына экономикалық талдау жасауға өте қажеттi ғылым болып табылады. Сондықтан бухгалтерлiк есеп бүтiндей халық шаруашылығы есебiнiң ең басты негiзгiсi болып саналады. Бухгалтерлiк есеп көптеген жүзжылдықтар бірінде пайда болып, бүгiнгi күнге дейiн дамып келедi. Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлiк есеп және қаржылық есеп беру туралы заңы елiмiздегi бухгалтерлiк есептi жүргiзу жүйесiн анықтайды, қаржылық есеп беру мен оның пайдалануын және есепке алудың негiзгi принцптерi мен жалпы тәртiбiн, iшкi бақылау және сыртқы аудит жөнiндегi талаптарды, сондай-ақ ұйымдардың бағыттары мен мiндеттерiн белгiлейдi.
Ұлттық экономикамыздың қарқынды дамуында ауылшаруашылығының ерекше орны бар екендігін Президент Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында атап көрсеткен. Жолдауда: «Ауыл шаруашылығын, әсіресе, ауыл шаруашылығы өніміне өсіп отырған жаһандық сұраныс жағдайында ауқымды жаңғырту қажет» - делінген [1].
Республикамыздың ауылшаруашылығы өндірісінің басқа да салалар сияқты, мал шаруашылығының алдында тұрған негізгі міндет – бұл саладан алынатын өнімдердің көлемі мен сапасын жоғарылату болып табылады.
Ауыл шаруашылығындағы бухгалтерлік есепті тиімді жүргізу үшін есеп жұмысын ұйымдастыруды жоспарлаудың үлкен маңызы зор. Бухгалтерлiк есеп ұйымның қаржылық ақпаратын белгiлi бiрлестіктерi мен тәсiлдерi бойынша есептейтiн, өлшейтiн және оны дәлдеп, тасымалдайтын жүйе. Ол кәсiпорынның жұмысын толығымен бағлап, оны басқару үшiн бағыт-бағдар берiп, алдағы уақытта iстелiнетiн жұмысын жоспарлап және сонымен қатар ол ұйымның болашақта атқарылатын жұмысына экономикалық талдау жасауға өте қажеттi ғылым болып табылады. Сондықтан бухгалтерлiк есеп бүтiндей халық шаруашылығы есебiнiң ең басты негiзгiсi болып саналады. Бухгалтерлiк есеп көптеген жүзжылдықтар бірінде пайда болып, бүгiнгi күнге дейiн дамып келедi. Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлiк есеп және қаржылық есеп беру туралы заңы елiмiздегi бухгалтерлiк есептi жүргiзу жүйесiн анықтайды, қаржылық есеп беру мен оның пайдалануын және есепке алудың негiзгi принцптерi мен жалпы тіртiбiн, iшкi бақылау және сыртқы аудит жөнiндегi талаптарды, сондай-ақ ұйымдардың бағыттары мен мiндеттерiн белгiлейдi.
Жыл бойы табын ішінде малдардың жүйелі қозғалысы байқалады. Осы қозғалыстың нәтижесінде әр айдың 1 күніне мал басының белгілі саны қалыптасады. Ауылдық (селолық), кенттік және қалалық округтердің әкімдіктері жүзеге асыратын әр жұртшылық қожалықтарын есепке алу және шаруа (фермер) қожалықтарын есепке алу 1 қаңтар мен 1 шілдеге шаруашылықтардың көрсетілген санаттарындағы мал мен құс басы туралы деректердің болуына мүмкіндік береді. Шағын шаруа (фермер) қожалықтарында және жұртшылық қожалықтарында жылдың қалған күндеріне (1 ақпандағы, 1 наурыздағы, 1 сәуірдегі және т.с.с.) мал мен құс басын анықтау үшін малдың әр түрі бойынша ай сайын табын айналымын есепті түрде құрастыру қажет.Қазақстан Республикасының Статистика Агенттігінің мәліметтері бойынша Жалпы Қазақстан Республикасы деңгейінде ауыл шаруашылығындағы өндірілген жалпы өнім көлемі 2007 жылы 1089,4 млдр. теңгені құраған болса, ал 2011 жылы бұл көрсеткіш 2286,0 млдр. теңгеге дейін жетіп отыр. Соның ішінде мал шаруашылығынан алынған жалпы өнім құны 2007 жылы 476,3 млдр.теңге болса, ал 2011 жылы ол 942,4 млдр. теңгеге дейін жоғарылаған [2].
2012 жылғы сойылған салмағындағы ет өндіріс шаруашылықтардың барлық санттарында 0,7%-ға кеміді. Сиыр сүтінің өндірісі 7,6%-ға, тауық жұмыртқалары – 1,5%-ға кеміді. Қой жүнінің өндірісі 0,4%-ға артты.Сонымен бірге, ауыл шаруашылығы құрылымдарында ет өндірісі көлемінің 13%-ға, сүттің 13,2%-ға, жүннің 5,6%-ға артуы белгіленеді.2013 жылғы 1 қаңтардағы жай-күй бойынша ауыл шаруашылығы жануарларының саны: ІҚМ – 5,7 млн. бас, соның ішінде сиырлар – 2,6 млн. бас, қойлар – 15,3 млн. бас, ешкілер – 2,6 млн. бас, шошқалар – 1,1 млн. бас, жылқылар – 1,6 млн. бас, түйелер – 172,6 мың бас, құстар – 33,8 млн. бас құрады.1 сиырға орташа сүт сауылымы – 0,2%-ға, 1 жұмыртқалағыш тауыққа жұмыртқаның шығуы – 0,9%-ға артты, 1 қойға орташа жүн қырқу өткен жылдың деңгейіне қарағанда 8%-ға кеміді. Бұл ретте ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында 1 сиырға орташа сүт сауылымы 9,1%-ға артты және 3846 кг құрады.
Республика деңгейінде ауыл шаруашылығынан алынған жалпы өнім көлемінің деңгейін төмендегі кесте арқылы толық сипаттауға болады
Егер барлық ауыл шаруашылығынан алынған жалпы өнім көлемі 2011 жылы 2007 жылмен салыстырғанда 1196,6 млдр. теңгеге немесе 109,8 %-ға жоғарылаған болса, соның ішінде мал шаруашылығынан алынған жалпы өнім көлемі 466,1 млдр. теңгеге немесе 97,9 %-ға артқанын байқап отырмыз.
Мал шаруашылығындағы шығындар есебі 8110 «Негізгі өндіріс» шотына ашылған 8110/2 «Мал шаруашылығы» аралық шотында жүргізіледі. Бұл шоттың дебеті бойынша есепті мерзім бойы мал басын күтіп-бағуға жұмсалған шығындар және жыл соңында азық-түліктің, көмекші өндіріс қызметтерінің және басқа да шығын баптарының жоспарлы өзіндік құны нақты өзіндік құнға дейінгі түзетілген сомасы (қызыл жазу немесе қосымша жазу арқылы) көрсетілсе, ал шоттың кредитінде жыл бойы жоспарлы өзіндік құнмен алынған өнімнің жыл соңында нақты өзіндік құнға дейін түзетілген сомасы есепке алынады. Жылдың соңында калькуляциялық айырмашылықтар есептен шығарылғаннан кейін, 8110/2 «Мал шаруашылығы» шоты жабылады.
Мал шаруашылығындағы өндіріс шығындары есебі мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау төмендегі шығын баптары бойынша ұйымдас-тырылады :
- материалдар;
- өндірістік жұмысшылардың еңбек ақылары;
- еңбек ақыдан аударымдар;
- үстеме шығындар.
Мал шаруашылығы кәсіпорындарында малдарды азықтандыруға жұмсалынатын жем-шөптер төмендегі екі тәсілдің біреуін қолдану арқылы жұмсалуы қажет .
Бірінші тәсіл – негізгі өндіріске жіберілген материалдар (азықтар) бастапқы құжаттардың негізінде тікелей 1310 «Шикізаттар мен материалдар» шотының кредитінен, «Негізгі өндіріс» шотының дебетіне жазылады. Есепті мерзімнің соңында пайдала-нылмаған мал азығына түгелдеу жүргізіліп, нәтижесінде пайдаланылмаған жем-шөптің көлемі мен құны фермаға немесе бөлімшеге жіберілген жем-шөптің құндарынан шегеріледі.
Екінші тәсіл – орталық қоймадан өндірістік бөлімшеге немесе бригадаға жіберілген мал азығы алдыменен бөлімше меңгерушісінің немесе бригадирдің, малшының есебіне беріледі де, содан кейін әрбір бөлімшедегі азықты сақтау орындарынан тек мал азығының рационына сәйкес қажетті мөлшері ғана азықтандыруға жіберіледі.
Шағын шаруа (фермер) қожалықтарындағы мал шаруашылығы бойынша негізгі көрсеткіштерін ай сайынғы есептеу нәтижелері ірі және орташа шаруа (фермер) қожалықтарын ай сайынғы статистикалық байқаулары шегінде алынатын тиісті көрсеткіштеріне қосылады. Осылайша қалыптасқан деректер шаруа (фермер) қожалықтарының санаты бойынша мал шаруашылығының жағдайын тұтастай сипаттайды.
Жұртшылық қожалықтарындағы мал шаруашылығы бойынша есептеу деректерін және ауыл шаруашылығы кәсіпорындары бойынша есеп деректерін есепке алғанда, есепті айда шаруашылықтың барлық санаттарында мал шаруашылығы жағдайының жалпы көрінісі қалыптасады.

Мал шаруашылығындағы бухгалтерлік есептің әдістемелік негізі мен міндеттері


Еліміздің ежелден егжей-тегжейін жақсы білетін мал шаруашылығында үлкен жетістіктерге қол жеткізуге мүмкіндігі бар еді. Қазіргі экономикалық даму кезеңі елдің агроөнеркәсіптік кешенінің алдына бірқатар жаңа маңызды міндеттерді күн тәртібіне қойып отыр. Қалыптасқан әлемдік үрдістер мен қолда бар әлеуетті ескере отырып, агроөнеркәсіптік кешен біздің экономикамыздың аса маңызды жоғары кірісті саласы болуға тиіс.
Әрине, Үкімет тарапынан ауыл шаруашылығын өркендетуде біраз жұмыстар істелінуде. Соның ішінде мал шаруашылығын малдың өнімділігін жоғарылата отырып, оның басын көбейту мәселелері қазіргі таңда агроөнеркәсіп кешенін жетілдіруде негізгі басым бағыттардың бірі болып отыр.
Мал шаруашылығы өсірілетін малдардың түрлеріне байланысты: ірі қара мал шаруашылығы, шошқа шаруашылығы, қой шаруашылығы, құс шаруашылығы және т.б. болып бөлінеді. Өз кезегінде осы саланың әрқайсысы өз алдына арнайы мамандандырылған бағытта әртүрлі өнім өндірісімен айналасады: ірі қара мал саласы - сүт бағытындағы және ет бағытындағы мал шаруашылығы; қой шаруашылығы - жүн және ет бағытындағы шаруашылық және т.б. өнім өндірісі салаларына бөлінеді.
Соған сәйкесті мал шаруашылығында шығындар сала және өндіріс түрлері бойынша бөлінуі қажет. Бұл өз алдына бухгалтерлік есептек көрсетілуге тиісті.
Мал шаруашылығында, басқа да салалардағы сияқты жұмсалатын шығындар әртүрлі болып келеді. Оған нақты жұмсалынатын материалдық шығындар (азық, биопрепараттар, дәрі-дәрмектер және басқа да материалдар), жұмсалынған еңбек шығыны, негізгі құралдардың амортизациясы және басқа да шығындар. Сондықтан, мал шаруашылығындағы бухгалтерлік есеп өндіріс шығындарын олардың түрлеріне қарай қатаң бөлуге тиісті.
Өндіріс және шығын түрлеріне қарай мал шаруашылығындағы шығындар өсімдік шаруашылығындағы шығындар сияқты жүйеленеді, бірақ бұл есепте басқалай сипаттары бойынша толық сәйкес келетіндігі түсіндірмейді. Жалпы алғанда мал шаруашылығындағы шығындар есебінің құрылу тәртібінің өзіндік ерекшеліктері бар. Бұл осы саланың ерекшелігіне байланысты анықталады.Мал шаруашылығында қаражат айналымы өсімдік шаруашылығындағы қаражат айналымына қарғанда өзіндік ерекшелігімен сипатталады. Мал шаруашылығына салынған қаржы және өнім өндірісі біркелкі қалыпты болып саналады. Мал шаруашылығына қаражатты салу және оны айналымнан алу қатаң уақыт мерзімімен шектелмейді, себебі мал шаруашылығы өндірісі бірқалыпты және операциялардың біртектілігімен сипатталады. Бұл ерекшеліктердің барлығы да шығындар есебін ұйымдастыру кезінде ескерілуі қажет.Себебі, мал шаруашылығында қаражаттарды өндіріске жіберу мн өнім алу аралығы өте ұзаққа созылмайды, сондықтан есепті жылы жұмсалынған шығындар осы жылдан алынған өнімнің өзіндік құнына апарылуға тиісті. Соған сәйкесті, мал шаруашылығында шығындарды аралас жылдар арасында бөлудің қажеттілігі болмайды. Демек, мал шаруашылығындағы барлық шығындар есепті жылдағы өнім шығындары есебі бойынша шоттарда көрсетілуге тиісті.Мал шаруашылығында өсімдік шаруашылығына қарағанда орындалатын жұмыстардың өте ауқымды саны болмайды. Мұнда орныдалатын технологиялық процесс біртекті, яғни малды азықтандыру мен бағып-күту және өнім алу. Бұл операциялар үздіксіз жүргізіліп отырылады және қатаң уақытпен шектелмейді. Сондықтан, мал шаруашылығында өндіріс шығындарын орындалатын жұмыс түрлеріне, уақытқа немесе арнайы операциялардың түрлеріне қарай жіктеу жүргізілмейді.
Сонымен бір мал шаруашылығында өнім өндірісі шоғырландырылған, мысалы: сүт бағытындағы малдарды өсіру - ірі қара мал бөлімшесінде, шошқа шаруашылығы - шошқа фермаларында жүзеге асырылады. Соған сәйкесті, бухгалтерлік есепте шығындарды өндірістік бөлішелер арасында бөлудің қажеттілігі жойылады (малдың бір түрін бірнеше бөлімшелерде өсіру жағдайынан басқа).Сонымен, мал шаруашылыығнда шығындары мынадай белгілеріне қарай жіктеудің қажеттілігі болмайды: аралас жылдарға; жұмыс түрлеріне; кей жағдайда өндірістік бөлімшелер бойынша. Соған байланысты мал шаруашылығында шығындарды екі бағытқа бөлу қамтамасыз етілуі қажет:
1) Негізгі өндіріс түрлері және мал топтары бойынша;
2) Негізгі шығын түрлері бойынша.
Егер мал шаруашылығында өндіріс әртүрлі жерлерде орналасқан болса, онда шығындарды шаруашылықтың бөлімшелері бойынша бөлуге болады.Негізгі өндіріс түрлері және мал топтары бойынша өндіріс шығындарын жіктеу шығындардың талдамалық есебін жүргізу арқылы қамтамасыз етіледі. Шығындардың тадамалық шоттары мал шаруашылығының негізгі салалары бойынша, ал саланың ішінде - әрбір өндірістің түрі не болмаса мал тобы бойынша ашылады.Ал негізгі шығын түрлеріне қарай өндіріс шығындары жіктеу тиісті есеп тіркемелері арқылы жүргізіледі. Яғни, мұнда шығындар есебі есеп тіркемелерінде әрбір шығын түріне ашылған бағандар бойынша ұйымдастырылады.Шығындарды бөлімшелер бойынша жіктеу өндірістік есептерді жүргізу арқылы қамтамасыз етіледі. Мал шаруашылығында шығындар есебінің әртүрлі әдістерін қолданудың қажеттілігі болмайды.

Мал шаруашылығында бухгалтерлік есептің негізгі міндеттері болып мыналар саналады:


- саладағы шығындарды өндіріс түрлері және мал топтары арасында экономикалық негіздеп, бөлу;
- өндірілетін өнімнің өзіндік құнын қалыптастыратын барлық шығындарды элементтері және баптарына қарай дұрыс жіктеу;
- мал шаруашылығынан алынатын өнімді дер кезінде, толық және дұрыс бухгалтерлік есепте көрсету;
- шаруашылық бөлімшелері бойынша шығындарды нақты бөлу;
- мал шаруашылығынан алынатын негізгі, ілеспе (сопряженной) және өнімдердің өзіндік құндарын экономикалық негізде анықтау.

ҚОРЫТЫНДЫ


Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында бухгалтерлік есепті ұйымдастыру өнеркәсіпте, құрылыста, сияқты ұйымдастырылып, Қазақстан Республикасында жүргізілетін бухгалтерлік есептің бірегей әдістемесіне сәйкес жүргізіледі.
Бастапқы бухгалтерлік есептің сапасын және сенімділігін арттыру барысында кооператив басшылығының ақпараттарымен өз уақтылы қамтамасыз етілуі өте маңызды. Сол құжаттар және соның негізінде жасалған есептеу қортындылары басқару өндірісін қажетті ақпараттармен қамтамасыз ете алады. Сондықтан да ауылшаруашылығында бастапқы бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың әдістемелік негіздерін және өсімдік шаруашылығын басқарудың ақпараттық жүйесіндегі орнын нақты анықтау қажет. Осы мәселелер бойынша «Бухгалтерлік құжат және құжаттаманы» анықтауда ауқымды пікір таластар жүргізілді. Тарқатып айтсақ, «...бастапқы бухгалтерлік құжаттар, бухгалтерлік есепті қалыптастыру тетіктері мен негізгі ақпаратты жеткізушілер болып табылатын, бөлек объекті ретіндегі бастапқы есеп жүйесін құрады, оның үстіне, бұл бухгалтерлік есеп әдісінің негізгі элементі бола алады» деген тұжырымдамалар айтылды.
Өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығында мамандандырылған бастапқы бухгалтерлік құжаттарын және ауылшаруашылық есебінің айрықша құрылымының мазмұнын қолдануға байланысты мәселелер кездеседі. Соған байланысты егін шаруашылығы мен мал шаруашылығының бастапқы құжаттары өндірістік процестердің ерекшелігін көрсетеді: олар «Астықты егіндіктен жөнелту Тізілімі, астық қозғалысы Тізімдемесі, Тұқымдар шығыны Тізімдемесі, мал азығы шығынын есепке алу Тізімдемесі, ірі және шырынды азықтарды қабылдау Актісі, көкөністердің түсу Күнделігі т.б.» Өндірісте мал шаруашылығы бастапқы құжаттар болып Төлдерді кіріске алу Актісі, малдардың салмағын өлшеу Тізімдемесі (сала бойынша), Сүт саууды есепке алу Журналы, Жұмыртқа түсу Күнделігі, Жүн қырқу Актісі т.б. Осы аталған құжаттар, әрбір өндіріс саласындағы кооперативте есепке алу процесін тиімдірек пайдалануды қамтамасыз етеді. Сонымен бірге, бөлек егін және мал шаруашылығындағы ақпараттық бақылау жүйелерін, қызметтер бойынша табыс көздерін иеленуді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Ауыл шаруашылығында біріңғай мамандандырылған бастапқы бухгалтерлік құжаттаманың болуының ұйымдастырушылық зор маңызы бар. Әрбір құжат бір операцияның аяқталуымен және басқа операцияның басталуы арасындағы өзара байланысты қамтамасыз етеді, мысалы, «Төлді кіріске алу Акті» сала бойынша мал шаруашылығы өнім шығымын есепке алады және сонымен бірге есепте түсі, салмағы, ұрғашы, еркек атауы, құлақшалық нөмірін көрсетумен төл басы көбейеді, бұл көрсеткіштер қажетті ақпараттар болып табылады және басты талап – бухгалтерлік есепте көрсетілуі қамтамасыз етіледі. Ауылшаруашылық кооперативтерінде компьютерлік өңдеуді қолдану мамандандырылған бухгалтерлік құжаттардың мазмұнын, атқаратын қызметінің құрылымын ашудың басты мақсаты болып табылады. Бұл талаптар шаруа қожалықтарының ірі кооперативтерге біріктірілуі жағдайында өсе түседі, онда ақпараттық есеп жүйесіне компьютерлік өңдеуге негізделген есептің алдыңғы қатарлы әдістемесі қажет етіледі. Осы бухгалтерлік есеп ақпараттарына компьютерлік өңдеуді енгізу ауыл шаруашылық өндірістерін, және қосымша қызметтер мен қызмет көрсетуші өнеркәсіптік өндірісті басқарудың маңызды құрамдас бөлігі болып отыр.

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


1. ҚР Президентінің «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы Астана. 14 желтоқсан 2012. – 3б.
2. Агентство Республики Казахстан по статистике. Статистический сборник . – Астана, 2012. – С. 282
3. Тайгашинова К.Т. Өнімдердің, қызметтер мен жұмыстардың өзіндік құнын калькуляциялау.: Оқу құралы. –Алматы: «Издательство LEM» ЖШС, 2012 – 276 б.
4. Алишарова Г.С. Басқару есебіндегі шығындар мен шығыстардың экономикалық мазмұны және жіктемесі //ҚазЭУ Хабаршысы.–2008. - № 5, 20-23 б.
Дорошева Г. Лизинг // Бухучет на практике, 6 (19), июнь 2005 г. с. 2-30
Кондратова И.Г. Основы управленческого учета. Москва: Финансы и статистика, 2001г.-160с.
Торшаева Ш.М. Принципы бухгалтерского учета: учебное пособие. Караганды: 2006 г. 300 с.
Радостовец В.К. Бухгалтерский учет на предприятии. Алматы: ЦентрАудитКазахстан, 2002.-728с.
Радостовец В.К. Финансовый и управленческий учет на предприятии. Алматы: ЦентрАудитКазахстан,1997.-576с.
Национальный стандарт финансовой отчетности 2 от 21 июня 2007 года 217
Типовой план счетов бухгалтерского учета. Утвержден 23.05.07 185

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет