Реферат Тақырыбы: Операциялық жүйе Оқытушы: Салимова Г. Е. Студент: Нурмаганбетова А. Мамандығы ет тобы 105 Алматы 2007



бет4/6
Дата10.03.2022
өлшемі95.5 Kb.
#456113
түріРеферат
1   2   3   4   5   6
ref -operacijalyq-zhuye-10

-Жүйелік программалар.
-Қолданбалы программалар.
Қолданбалы программалар- белгілі бір мамандық саласында берілген нақты есептерді шығара алатын әмбебап программалар жиынтығы(мәтіндік редакторлар,Excel электрондық кестесі,программалау тілдерінің программалары,т.с.с.).Практикада түрлі мәліметтерді өңдеуге арнап пайдаланушының(адамның) өзі құратын программалардың түрлері де көп.Мысалы,студенттердің мәліметтік тізімдері,оларды дискіде сақтап,өңдеу;бухгалтерияда айлық және стипендия ақпартізімдерін(ведомостарын) дайындау,т.б.Бірақ мақсатта пайдаланылатын программалар жиынтығын қолданбалы программалар дестесі(пакеті) деп атайды.
Жүйелік программалардың түрлері:
-операциялық жүйелер(ОЖ);
-утилиттер;
-сервистік программалар.
Операциялық жүйе –компьютер құрылғыларының үздіксіз жұмыс істеуін ұйымдастырушы және түрлі командаларды орындауы арқылы пайдаланушының машина жұмысын басқаруына жеңілдік келтіруші жүйелік программалар.Оның негізгі қызметі – программалардың бір-бірімен және сыртқы құрылғылармен өзара әрекеттестігін ұйымдастыру,жылдам жадты бөлу,компьютердің жұмыс істеуі кезінде қате жіберілу сияқты оқиғаларды анықтау,дискіні жұмыс істеуге дайындау,монитор мен принтердің жұмыс істеу режимдерін орнату,пайдаланушының программасын іске қосып,оны орындау,т.б.Яғни ОЖ- машина жұмысын басқаруға толық жеңілдік беретін жүйе.Ол осы үшін арналған иілгіш не қатты магниттік дискіде сақталып қойылады.Сондықтан ОЖ-ны дискілік операциялық жүйе (ДОЖ,DOS) деп те атайды.
Процессордың типіне қарай, DOS-тың түрлі-түрлі нұсқасы бар.
Әдетте оларға арналған атаулар беріліп қойылған.Мысалы,16 не одан жоғары разрядты IBM PC-ге үйлесімді компьютерлерде пайдаланылатын операциялық жүйе -MS DOS(Microsoft Disk Operating System). Алғашқыда оның да бірнеше нұсқалары жарыққа шықты: MS DOS 1.0,1.1,2.0,...,5.0. Одан соң шыққан кәсіби компьютерлер командалар жүйесі кеңейтілген MS DOS-тың 6.0 және т.б. нұсқаларын,ал қазіргі кездегі ЭЕМ-дер мен ДК-лер MS DOS-тан жүздеген есе күшті,параллель түрде бірнеше есепті шеше алатын MS Windows 95,98, Windows 2000, UNIX және т.б. операциялық жүйелерін пайдаланады. Windows операциялық жүйесімен жұмыс істеуді меңгеру үшін MS DOS операциялық жүйесінің командаларымен танысып алған дұрыс.Төменде осы жүйе жөнінде біраз мәліметтер берілген.
Басқа операциялық жүйелер сияқты, MS DOS жүйесі мынадай бөлімдерден тұрады:BIOS,BIO.SYS(IBMBIO.SYS), DOS.COM(IBMDOS.COM) және COMMAND.COM.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет