Реферат Тақырыбы: «Орман мен орман-парк шаруашылығы проблемалары.»



бет1/6
Дата12.10.2022
өлшемі209.53 Kb.
#462552
түріРеферат
  1   2   3   4   5   6
Тынышбек Назерке 402-ЛР Реферат орман био-экономикасы (копия)


«ҚАЗАҚ ҰЛТЫҚ АГРАРЛЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІ» КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ
«СУ, ЖЕР ЖӘНЕ ОРМАН РЕСУРСТАРЫ»ФАКУЛЬТЕТІ
«ОРМАН РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ АҢШЫЛЫҚТАНУ» КАФЕДРАСЫ

Реферат
Тақырыбы: «Орман мен орман-парк шаруашылығы проблемалары.»
Орындаған:Тынышбек Назерке
Тобы:Лр-402К
Тексерген:аға оқытушы Жубанышова А.

Алматы, 2022



Жоспар
Кіріспе……………………………………………………………………………...3
Негізгі бөлім…………………………………………………………………...…..4
1.Орман және орман-парк шаруашылығы
2.Орман шаруашылығының негізгі проблемалары
3.Орман шаруашылығындағы механикаландыру жұмыстары
Қорытынды…………………………………………………………….…………9
Пайдаланған әдебиеттер........................................................................................11


КІРІСПЕ
Қазіргі экономикалық жағдайларда орман шаруашылығын жүргізудің мақсаттары мен міндеттері өзгеріссіз қалып отыр, бірақ осы мақсаттарға жету механизмі түбегейлі өзгерді. Аймақтық орман пайдалануды ұйымдастыру және орман шаруашылығын басқарудың жаңа механизміне көшу арқылы орман шаруашылығының табыстылығын арттыру аса маңызды. Бұл олардың қаржылық тұрақтылығын айтарлықтай жоғарылатуға мүмкіндік береді.
Орман кодексімен анықталатын Қазақстан Республикасы орман шаруашылығының негізгі саясаты орман шаруашылықтарының экологиялық және ресурстық әлеуметін, орман ресурстарын ұтымды және таусылмайтындай етіп пайдалануын, оларды қорғау, сақтау және ұдайы өндірісіи жоғарылату мақсатында ормандарды иелену, басқару бойынша реттеу қатынастары болып табылады. Орман қатынастарын зерттеу орман биосферасыныд ғаламдық экологиялық, әлеуметгік және экономикалық мәні бар аса мацызды комионенттерінің бірі болыи табылатыны негізге алына отырыи жүзеге асырылады. Орман Қазақстанның маңызды стратегиялық ресурсы болып табылады. Еліміздің «Қазақстан-2030» Стратегиясы ормандарды бөлуде келесі басымдықтарды анықтайды: орман және аң фаунасы жағдайын, пайдалануын, ұдайы өндірісін, қоргалуы мен сақталуын мемлекеттік бақылау; орман ресурстарын басқару; ормандарды қорғау және сақтау;
Мемлекеттiк ұлттық табиғи парк — ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық құндылығы бар мемлекеттiк табиғи-қорық қорының бiрегей табиғи кешендерi мен объектiлерiнiң биологиялық және ландшафтық саналуандығын сақтауға, оларды табиғат қорғау, экологиялық-ағартушылық, ғылыми, туристiк және рекреациялық мақсаттарда пайдалануға арналған табиғат қорғау және ғылыми мекеме мәртебесi бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ.Қазақстанда қазіргі уақытта 10 ұлттық парк ұйымдастырылған.Сонымен, зерттеу тақырыбының өзектілігі өзіндік түсім көздерін арттыру есебінен қаржыландыруды тұрақтандыратын орман шаруашылығы мекемелерін басқарудың жаңа ұйымдастырушылық-экономикалық механизмдерін құру болып табылады. Қазіргі экономикалық жағдайларда орман шаруашылығын жүргізудің мақсаттары мен міндеттері өзгеріссіз қалып отыр, бірақ осы мақсаттарға жету механизмі түбегейлі өзгерді. Аймақтық орман пайдалануды ұйымдастыру және орман шаруашылығын басқарудың жаңа механизміне көшу арқылы орман шаруашылығының табыстылығын арттыру аса маңызды. Бұл олардың қаржылық тұрақтылығын айтарлықтай жоғарлатуға мүмкіндік береді.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет