Реферат тақырыбы: «Резерфорд тәжірбиелері» Пән: «Атомдық физика»


Екінші модель – Э. Резерфордтың планетарлық моделі



бет4/5
Дата10.11.2023
өлшемі29.82 Kb.
#482910
түріРеферат
1   2   3   4   5
Резерфорд Ислам

2. Екінші модель – Э. Резерфордтың планетарлық моделі. Радиоактивтік құбылыс ашылғаннан (1896 ж.) кейін атом құрылысының күрделі екендігі анықталды.
1906 жылы Э. Резерфорд атом құрылысын зерттеу үшін іргелі тəжірибелер жасап, ол - бөлшегімен азот атомын атқылау нəтижесінде, ауыр - бөлшегінің шашырайтындығын байқады. Тəжірибелер нəтижесінде - бөлшектерінің көпшілігі заттан өткенде өзінің бастапқы бағытын сақтап, қалатындығы, ал аздаған бөлігі бағытын өзгертіп бастапқы қалпынан өте үлкен шамаға дейін ауытқитындығын анықтады. Резерфордпен оның шəкірттері Гейгер жə не Марсден -бөлшегінің іздерін фотопластинкаға түсіріп, ауытқу бұрыштарын анықтады. Ол үшін синтилляциялық əдісті қолданды. Осы əдіс бойынша металл фалгадан шашырап, бастапқы бағытынан ауытқыған - бөлшегінің саны, төрт дəрежеленген шашырау бұрышының жартысының синусына кері пропорционал болатындығын анықтады, яғни
Осыларды қорыта келіп Резерфорд мынадай қорытындыға келді:
1) түскен альфа бөлшектерінің саны, шашыраған альфа бөлшегінен көп үлкен болады;
2) кейбір альфа бөлшегі өте үлкен бұрышқа шашырайды жəне кері қарай шашырайтын бөлшектерде кездеседі;
3) шашырау бұрышы артқанда шашыраған бөлшектер саны кемиді.





Қорытынды


Томсон моделі. Атом оң зарядталған атомның негізгі массасымен байланысқан бөліктен және жеңіл теріс зарядталған электрондардан тұратындығы тағайындалғаннан атомның статистикалық моделін құруға әрекеттер жасалды. Соның бірі ағылшын физигі Дж. Дж. Томсон ұсынған атом моделі (1902-04). Бұл атомның күрделі құрамы жөніндегі белгілі ғылыми деректерге сүйеніп ұсынылған атомның алғашқы физикалық моделі. Бірақ бұл модель тікелей тәжірибеге негізделмегендіктен болжау ғана еді. Осы модельге сәйкес атомның оң заряды сфера тәріздес атомды біркелкі толтырып тұруға тиіс, ал оның ішінде нүктелік теріс зарядтар – электрондар атом бүтіндей бейтарап болатындай мөлшерде сфераның әр жерінде орналасқан болады.
Томсон моделі Лоренцтің классикалық электрондық теориясымен үйлесім тапты; осы теорияға сәйкес атомдар гармоникалық осциллятор болып табылады (атом-осциллятор моделі). Атом-осцилляторда зеріс зарядталған бөлшектер (электрон) электромагниттік жарық толқындары әсерінен гармоникалық тербелістер жасауға қабілетті деп саналды. Ал Томсон моделіне сәйкес атом ішіндегі электронға квазисерпімді күш әсер етеді де, ол гармоникалық тербелістер жасай алады. Осылай қабылдау арқылы заттың көптеген оптикалық қасиеттерін, мысалы, атомның монохромат жарық шығаруын түсіндіру, жарық дисперсиясын, яғни сыну көрсеткішінің жиілікке тәуелділігін түсіндіру мүмкін болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет