Реферат тақырыбы: Құрылыс материалдарының сапасын бағалау Орындаған: псм-21-1 оқу тобының білімалушысы Алдашов Нұрхан



бет2/5
Дата12.11.2023
өлшемі27.66 Kb.
#483048
түріРеферат
1   2   3   4   5
құрылыс сапасын анықтау

1. Құрылыс сапасы мен қауіпсіздігі

Техникалық реттеудің және инновацияларды енгізудің заманауи принциптері II Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысушылар осы форумды ұйымдастырушылардың басшылығымен: Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі, Қазақстан Республикасы (ҚР Мемстандарт) Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің реттеу және метрология жөніндегі комитеті, Стандарттау жөніндегі «Архитектура, қала құрылысы және құрылыс» техникалық комитеті (ТК-55), Қазақстан Жобалаушыларының Қауымдастығы мен «KAZGOR» Жобалау академиясы шешім қабылдады.


Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылыс саласының техникалық реттеу жүйесін реформалау жөніндегі, әлемдік қоғамдастықпен құрылыс саласында инвестицияларға, өнімдер мен кәсіби қызметтерді көрсетуге арналған инновацияларды еңгізудің және тосқауылдарды жоюдың, үдемелі құрылыстық өз еркімен пайдалану нормативтік құжаттарын (Еврокодтар, IBC, алдыңғы қатарлы әзірлеушілердің ауқымды стандарттары және т. б.) қолданудың, құрылыс объектілерінің қауіпсіздігін және сапасын қамтамасыз етудің барынша үдемелі, икемді және тиімді тәсілі болып танылған параметрлік әдісті құрылыстағы техникалық реттеудің жаңа жүйесінің негізіне жатқызылуын қарастыратын, осыдан ерте мақұлданған «Қазақстан Республикасының құрылыс саласының техникалық реттеу жүйелерін реформалаудың тұжырымдамасының» негізінде бастамашылығын қолдау.
Қазақстан Республикасының Үкіметі қолдай отырып, құрылыс заңнамасының, нормалардың, стандарттардың, құрылысты қадағалау мен бақылаудың сәйкестік бағасы мен практика механизмдерінің әлемдегі экономикалық дамыған елдерінің ұқсас жүйелерімен жақындасуын қарастыратын кәсіби қоғамдастықты тартып, техникалық реттеудің ұлттық стратегиясын әзірлеу, талқылау және қабылдау ұсынылады.
Алдыңғы қатарлы технологиялар мен тәжірбиені тиімді пайдалану мақсатында құрылыстағы нормалау, стандарттау, қадағалау-бақылау қызметі, кәсіби қызметті лицензиялау, кәсіби білім беру және үздіксіз оқыту, жобалау-құрылыс шешімдерінің сәйкестігін бағалау, құрылыс материалдарының, бұйымдарының, жабдықтарының және басқа да техникалық реттеу салаларындағы қажетті білімдері мен тәжірбиесі бар алдыңғы қатарлы отандық және шетелдік мамандарын техникалық реттеу жүйесіндегі реформалау мәселелерін шешуге кеңінен тартып қатыстыруға жағдай туғызу.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару органдарының, кеңес беру-мәслихат органдарының және қоғамдық ұйымдардың «Құрылыс өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» ЕврАзЭс бірыңғай техникалық регламентінің жобасына енгізілген, шетелдік актілерге ұқсас осы өңірлік нормативтік актінің үйлесімділігіне бағытталған, соның ішінде Еуропалық Одақтың № 89/106 Құрылыс директивасымен бағытталған түзетулерді мақұлдау. Сонымен қатар, құрылыстың техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік басқару органдарына, экономикалық дамыған елдерде қабылданған алдыңғы қатарлы параметрлік нормалары мен құрылыс заңнамасын сақтау құралдары негізінде Қазақстан Республикасының Ұлттық құрылыс регламентін әзірлеуде қолғабыс ету.

Биік және техникалық күрделі объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, объектілердің инженерлік-техникалық жағдайының мониторинг пен экспертті зерттелу тәжірибесін жинақтау және тарату. Құрылыстағы нормалау және стандарттау саласындағы нормативтік құжаттар сапасының артуын қамтамасыз ететін шараларды, әлемде кең танылған консенсус принциптерін, ашықтықты, айқындықты, мүдделерінің балансын, тәуелсіздігін, демократиялылығын оларды әзірлегенде қолдану, сондай-ақ нормативтік құжаттардың мемлекеттік тілге аударылу сапасын жетілдіру жолымен қабылдау.


ҚР Үкіметіне, құрылыс қызметінің тиімділігін және қазақстандық кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, құрылыс объектілерінің құрылысын салуға және пайдалануға кететін (соның ішінде, тұрғын үй қоры мен коммунальдық шаруашылығы бар) шығындарды қысқарту, құрылысқа рұқсат беру мерзімдерін қысқарту және сәйкестік пен құрылыс бақылауының бағалауын жүргізуге кететін шығындарды қысқарту мақсатымен Building Information Modeling (BIM) ғимараттардың ақпараттық моделдеу технологияларын кешенді қолдануға құрылыс саласының біртіндеп ауысуы жөнінде нақты мемлекеттік бағдарламаны әзірлеу туралы ұсыныспен өтініш жасау.
Осы қарардың мәтіні қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде дайындалады. Құрылыс қызметіне қатысушылардың арасында, конференцияның қатысушыларымен ұсынылған материалдарды, салалық журнал, газеттерді арнайы рубрикаларында («Экспресс-Информ», «Строительный вестник», «Бюллетень строительной техники» және т. б.) және веб-сайттарда ұсынылған материалдардың авторларымен бірлесе отырып таратуды ұйымдастыру.
Қазақстан Республикасының заңнамалық және мемлекеттік атқарушы органдарының жауапты тұлғаларына, кәсіби құрылыс қоғамдасытығының пікірлерімен және ұсыныстарымен танысу үшін конференция материалдарының жинағы жіберу.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет