Психикалық саулық дегеніміз- ауруды болдырмау, қайтсе де одан арылу «адам өмірінің мақсаты» болуын болжайды.
Әлеуметтік саулық дегеніміз- адамның әлеуметтік белсенділігінің, яғни жеке адамның айналадағы өмірмен біте қайнау дәрежесі.
Денсаулық, қалып (норма) деген ұғымдар бір-біріне ұқсас. Қалып – дені сау адам баласының бәріне бірдей тұрақты стандарт мақсат ететін үлгі болатындай денсаулықтың көрсеткіштері. Денсаулық жағдайын бағалау үшін жасқа байланысты жеке адамдардың қалып көрсеткіштері пайдаланылады. Жасқа байланысты қалып көрсеткішін анықтау үшін белгілі көрсеткіштің әрбір жастағы адам топтарының орташа көрсеткіші есептеліп шығарылады. Әрбір топта табылған орташа көрсеткішті қалып стандарт етіп алынады. Бірақта бір топқа кірген адамдардың көрсеткіштерінің бір бірінен айырмашылығы әжептеуір болуы мүмкін. Өйткені олардың жыныстық, кәсіптік, тұрған жерінің, өмір салтының т.б. айырмашылықтары болады. Орташа көрсеткіштерді анықтағанда, айтылған айырмашылықтарды да еске алған жөн. Осыған орай «қалып» деген ұғым «денсаулық» деген ұғым тәрізді әр адамның жеке басына ғана тән көрсеткіштері болмақ.
1.2. Дене жаттығуларының түрлі ағзалар мен жүйелердің функцияналдық жағдайына деген әсері.
Ден жаттығуларының әсерінен бұлшық еттерде едәуір өзгерістер болады. Егер де бұлшық еттер ұзақ уақыт қимылсыз күйде тұратын болса, онда олар әлсіздене бастайды, көлемі кішірейеді. Дене жаттығулары, олардың көлемін ұлғайтады, нығаюына ыңғайлайды. Мұнымен қатар бұлшық еттердің өсуі, олардың талшықтар санының көбеюінен, ұзаруынан емес жуандауы әсерінен болмақ. Бұлшық ет созылуы жақсарады , тонусы, қан айналым және бұлшықет қоректенуі жақсарады.
Дене жаттығуларымен айналысқан кезде көптеген капиллярлар кеңейіп қана қоймайды, олардың саныда бірден көбейе бастайды. Әсіресе бас ми капиллярларының саны өсуінің ерекше маңызы бар, кезінде И.М.Сеченов ми даму үрдісінде бұлшықет қозғалысының маңызын талай атап өткен.
Жаттығу кезінде оттегін тұтыну деңгейі бірден көтеріледі, өйткені бұлшықет жүйесі қаншалықты белсенді қызмет істесе, соншадлықты жүрек те әлуетті қызмет етеді. Дене шынықтыруымен, спортпен айналыспайтын адамның жүрек бұлшық еті әр жиырылыс сайын, қолқаға 60мл шамасындай қан сол қарыншадан лықсып шығарылатын болса, жаттыққан адамда жай тыныштық жағыдайда бір жиырылыстың өзінде қолқаға 90-100 мл қан шығарады. Жаттықпаған адамда жүрек минутына 70 рет жиырылады, ал спортшыларда пульс жиілігі 1 минут ішінде жүрек 50-60 рет жиырылатын болады. Кейбір спортшыларда пульс 40-тан аспай, бір сөзбен айтқанда, жаттыққан адамның жүрегі әр систола сайын қанды көп шығарады, яғни жүрегі үнемі де, ұтымды жұмыс істейді.
Дене жаттығулары өкпенің тіршілік сыйымдылығын кеңейтеді, қабырға шеміршектерінің икемділігін жақсартады, тыныс еттерін күшейтеді, олардың тонусын жоғарылатады. Тыныстың минуттық көлемі –қалпы 8 л көп болмайды. Ал, тез және бар күшімен жүгіргенде не жүзгенде ТМК 20 есе көбейеді, 120-130 л жетеді .
Дене шынықтырумен айналысу, зат алмасудың бар үрдістеріне және зәр шығару ағзаларының жұмыстарына дұрыс әсер етеді, қан тасмалдау, лимфа жүйесінің функциясын күшейтеді.
Дене жаттығулары жамбас қуысында қанның іркіліп қалуын, қатпаны, гемаройды болдырмайды.
Қандай болмасын дене жүктемесі – склероздық өзгерістерді болдырмайды. Дене жаттығулары адамның психикасына да үлкен әсерін тигізеді. Осының әсерінен жүйке-жүйесінің күш қуаты өседі, ішкі секретция бездерінің жұмысына дем береді және жағымды эмоция тудырады.
Дене шынықтыру мен айналысуды бастайтындар үшін көптеген әр түрлі дене шынықтыру жаттығуларының мол жиынтығының арасындағы ең бірінші орынға шығаратындары : сауықтыра жүгіріс, жүріспен алмастырып тұратын жүгіру, аэробика, шейпинг, жүзу, туризм, ерік гимнастикасы, таңертеңгі сауықтыру гимнастикасы, дәстүрлі гимнастика және тыныс алу жаттығулары.
1.3. Дене тәрбиесінің мәні, мақсаты және міндеттері.
Дене тәрбиесі- тұлғаны жан-жақты үйлесімді қалыптастырып, дамыту процесінің негізгі бір саласы. Себебі, дене тәрбиесі тұлға денесінің қалыпты жетілуін, денсаулығының нығаюын қамтамасыз етуде, оларды еңбекке, Отанды қорғауға дайындауда аса маңызды қызмет атқарады.
Дене тәрбиесі- адамның денсаулығын нығайтып, оңтайлы қимыл — әрекеттерін қалыптастыратын адамгершілік қасиеттері мен ерік – жігерін жетілдіретін негізгі тәрбие бағытының бірі.
Сондай-ақ, дене тәрбиесі – ерік-жігері мықты, тәртіпті, батыл және белсенді, өз Отаннын қорғауға лайықты жас ұрпақты ойдағыдай әзірлеуде аса маңызды әлеуметтік міндеттерді атқарады. Дене тәрбиесі жастарда ақыл-ой және еңбек әрекетінде нәтижелі жұмыс істей алатын сапа қасиеттерін қалыптастыруға ықпал етеді.
Дене тәрбиесінің көздейтін мақсаты – балалардың дене мәдениеті мен спортпен айналысу қызығушылықтары мен қажеттіліктеір ояту, ынталандыру және дененің дамуы мен денсаулықты нығайтудың психофизиологиялық негіздерін терең ұғынуларына, сонымен қатар ақыл-ой адамгершілік және эстетикалық т.б. тәрбие салаларының дамуына да ықпал ету мүмкіншіліктеріне жағыдай жасау.
Дене тәрбиесінің мәнін ашу барысында оның міндеттері мен мазмұнын анықтау қажеттігі туындайды.
Достарыңызбен бөлісу: |