Реферат Тақырыбы: «Саясат түсінігі. Саясатты анықтаудағы негізгі әдістер»


Саясаттың қоғамның басқа салаларымен байланысы



бет2/4
Дата03.10.2024
өлшемі135.26 Kb.
#504294
түріРеферат
1   2   3   4
Саясат түсінігі. Саясатты анықтаудағы негізгі әдістер

3. Саясаттың қоғамның басқа салаларымен байланысы.
Саясаттың мынадай ІШКІ ЛОГИКАСЫН, кисындық ретті байланысын жіктеп көрсетуге болады: 1) теориялық-танымдық әрекет - әлеуметтік топтың қоғамдағы алатын орнын дәл анықтап, сол негізде түпкілікті мүддені айқындау; 2) түпкілікті мүддеге сүйене отырып, топтың алдыңдағы мақсатты нақтылап қоя білу, саяси іс-қимылдың бағдарламасын жасау; 3) ұйымдық-атқарушылық әрекет - мақсатты орындауға топ мүшелерін, көпшілік кауымды жүмылдырып, үйымдастыра білу, билік тұтқасы үшін күрес.
Саясаттың ішкі логакалық қисыны мен оның негізгі ҚҰРЫЛЫМДЫҚ БУЫНДАРЫ өзара сабақтас. Негізгі буьгадарга мыналар жатады: 1) саяси катьгнастар - қоғамдық тоітгардьщ, өз арасында қалыптаскан билік түтқасына байланысты түрақты карым-катынастар; 2) саяси сана - саяси өмірдің адамдардың өздерінің саяси мәнді мүдделеріне деген саналы түрдегі катынасынан тәуелді екенін білдіреді; 3) саяси үйымдасу - билік органдары мен институттарының қоғамдық процестерді басқарудағы және реттеудегі шешуші рөлін көрсетеді.
Саясаттың қоғамдық маңызы, атқаратын негізгі міндеттері (функциалары) оның мәнінен қүрылымынан туындайды. Саясаттанушы ғалымдар бұл мәселеге әртүрлі кырынан келіп, саясаттың әртүрлі функцияларын алдыға тартады. Дегенмен, көптеген оқымыстылар мына төмеңдегі ФУНКЦИЯЛАРДЫ негізгілер деп бағалайды:
- Ең әуелі билік түткасына ие болып отырған таптың, топтың және ұйымның, содан кейін қоғамдағы әртүрлі баска топтардың саяси мәнді мүдделерін бейнелеу, осыған сәйкес қоғамдық және саяси процестерді баскарып, реттеп отыру және туыңдаған кайшылықтар мен проблемаларды дер кезінде шешу.
- Түрлі таптардық топтар мен үйымдардың мүдделерін түтас бір мақсатқа бағындыру аркылы коғамның тұтастығы мен тұрақтылығын сақтау.
- Коғамның әлеуметтік дамуында сабақтастык. принципін қамтамасыз ету; адамдардын саяси әлеуметтенуіне ықпал жасау.;
Саясаттың терең мәнді күрделі қүбылыс екеніне әр кезенде саясат саласын зерттеген ойшылар баса назар аударып отырған. Ол дайын күйінде аспаннан салбырап түспейді, сыйға тартылып, қолға үстатыла салмайды. Материалистік диалектиканың негізін калаушы галымдардың бірі айткан мынандай сөз бар: "Саясат арифметикадан гөрі алгебрага үқсайды, тіпті төменгі емес, жоғары математикаға көбірек жакын". Соның бір дәлелі- саясаттын әрі ҒЫЛЫМ әрі ӨНЕР екендігі. Себебі шынайы өміршең, пәрменді саясаттын, негізінде ғылым, коғамдық дамудың объективті зандылықтары жатады. Ғылыми негізі бар саясат мына белгілермен сипатталады:
1) қоғам дамуының объективті заңдылықтарын, олардың кызмет жасауының механизмдерін білу;
2) коғамдык дамудың ішкі кайшылыктары мен агымдарын дер кезінде танып, тиісті талдау және түжырым жасау;
3) объективті жағдай мен субъективті фактордың ара қатынасын үнемі есепке алып отыру.
Саясат ғылыми мәнге мына шарттардық орындалуы барысында ие балады:
1) объективті зандылықтарды терең білетін сауатты, салихалы көшбасылардың (лидерлердін) ел билігінің тұтқасын ұстауы;
2) коғамда түпкі мүдделері замана ағымына сәйкес келетін прогрессивті таптың, әлеуметтік топтардын болуы;
3) жүргізіліп жатқан саясаттың, атқарылып жатқан істердің дүрыстығына объектіні, бүқараны сендіре алатын, оны жүмылдыра алатын пәрменді идеологияның болуы;
4) саяси шешімдер қабылдап, оларды іске асыруда гылыми негізге сүйенетін саяси ұйымдардың, партиялардың және мемлекеттік басқарымның болуы.
Ғылыми саясатың басты принциптері мыналар:
1) икемділік - күңделікті қоғамдык. процестерді жіті саралап, оперативті түрде саясатқа тиісті қосымшалар мен өзгерістер енгізіп отыру;
2) жіберілген қателерді ашық мойындап, дер кезінде түзету;
3) уақиғалардың ішінен басты, шешуші буынды дәл табу.
Сондай-ақ, саясат - ӨНЕР, яғни колда бар мүмкіндіктерді шебер пайдалана отырып, теориялық білімді шабытпен шығармашылық батылдыкпен, интуициямен және фантазиямен үштастыра отырып шешім қабылдау. Бұл тұрғыдан алғанда, саясат - ойланып баскан қадам, кажет кезінде ымырашылдық, келісім, ырыкка көну, ретін тауып киын мәселені айналып өту, кысым жасау, сес көрсету, арбір іс-кимылды жіті есепке алу, т.б.
Саясаттанушы ғалымдардың көпшілігі В.Дальдің түсіндірме сөздігінде келтірілген мындай анықтамага назар аударады: "Саясат дегеніміз:
1) мемлекет ісін басқару ғылымы;
2) билеушінің ой-тілегі, мақсаты, оның іс-әрекетінің көрінісі. Саясаткер - акылды, пысык (кейде айлакер), мемлекет кайраткері, істі өз пайдасына қарай икемдей алатын, түйык және ку адам".
3) Саясаттын мән-мағынасын ашу барысында көз жеткізгеніміздей, ол қоғамның барлык салаларымен, әсіресе, ЭКОНОМИКАМЕН тығыз байланысты. Саясат адамдардық түпкілікті мәнді мүдделерін бейнелейді дедік. Ал ондай мүдделердін кайнар көзі, сомдалып шығар бастауы - адамдардың материалдық жағдайы, меншікке, өндіріс қүрал-жабдыктарға қатынасы, қоғамдағы орны, яғни олардын. экономикалық хал-ахуалы. Олай болса, түптеп келгенде саясатты анықтаушы, оған мән-мағына беріп, бағытын сілтеуші - экономика. Саясатка карағанда экономика бірінші, аньік.таушы, шешуші роль аткдрады.
Экономиканың өзгерісі саясаттан көрініс табады. Саясат екінші, ол
түптен келгенде экономикадан тәуелді. Басқаша айтканда,экономика қоғамның базисы болса, саясат оның қондырмасының басты элементі, коғамдық сананың формасы (нысаны). Алайда,саясат экономикадан тәуелді бола отырып, салыстырмалы түрде дербестік таныта алады. Дербестіктің мәнісі мынада:
1) саясат ылги экономикаға ере бермейді ол одан озып ілгері кетуі мүмкін немесе экономикалық кұрылымга сәйкес келмей артта шабандап
қалуы мүмкін;
2) саясат үнемі белсенді түрде экономикаға кері әсер жасайды,ол экономиканын ілгер дамуын тездетеді, жол ашады, колайлы жагдайлар туғызады, немесе экономиканы кері артады, аяғына тұсау салады, берекесін кашырады, киыншылыктар туғызады.Мәселе - саясаттын пәрменділігінде, өміршендігінде ғылымға каншалыкты сүйенгендігінде. Айта кететін бір жай саясаттын кері әсер ететін белсенді рөлі коғам өтпелі кезендерді
бастан кешіргенде ерекше көрінеді. Мәселен, біздін еліміз ескі өндірістік катынастарды ыдыратып меншіктің көптүрлігіне әлеуметтік сипаттагы нарыктық катынастарга көшіп жататын бүгінгі дәуірде экономикалық саясаттың мазмұны, жүргізіліп жаткан экономикалык, реформаның, қабылдаган бағдарламалардың саяси маңызы ерекше үлкен екекін өмірдін өзі көрсетіп отыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет