Реферат тақырыбы: Шаңғы тебу Орындаған: Турцова А. С. Тексереген: Жұмағалиев А. Х. МазмұНЫ



Pdf көрінісі
бет2/3
Дата24.02.2024
өлшемі138.73 Kb.
#493127
түріРеферат
1   2   3
М1 (4)

1.Шаңғы тебу,түсінігі 


Тарихи деректерді сараптасақ, адамзат қоғамы пайда болып, алғашқы өмір 
сүру кезеңінен-ақ дене тәрбиесіне көңіл бөлініп, сол еңбек пен тұрмыстық 
өмірдің шарты ретінде дамыды. Алғашында дене тәрбиесі арнайы 
ұйымдастырыған ойындар мен ойындық-қимыл қозғалыстар түрінде көрініс 
берді. Бұл кезеңдегі ойындар мен денені шынықтыру жаттығулары 
қарапайым түрде болғанымен, олардың тұлғаны қалыптастыру мен 
тәрбиелік маңызы зор болды. 
Бүкіл әлемде спорттық шаңғы тебу түрі қысқы спорт түрінде белгілі болды. 
Оның табиғатпен байланысы және адамға деген пайдалылығымен үлесі зор. 
Шаңғы спорты адам денесін қалыптастыруға үлесі зор. Адам тұлғасының 
мәдениеті – бұл оның маңызды, материалдық және рухани құндылықтарды 
құру мен тұтынудағы шығармашылық қызметінде қолданатын әдісінің 
жоғарғы даму деңгейі. Адамның негізгі күш-қуаты тек оның қызметінде, ең 
алдымен еңбек нәтижесінде көрінеді. Тек қана, еңбек іс-әрекеті арқылы 
адам қоғамға өзгеріс енгізе алады және өзінің күші мен қабілетін іс жүзінде 
көрсете біледі.Мұндай іс-қимылды педагогикалық зерттеулерде «мәдени 
әрекет» деп түсіндіріледі. Дене мәдениеті қоғамдық кұбылыс ретiнде пайда 
болып, калыптасты және дамыды. Құрылу ерекшелiктерi мен қызмет ету 
жүйесi жайлы өзiнiң заңдылыктары бар ғылымның саласы болып табылады. 
Дене мәдениетінің мәнiн түсiну үшiн алдымен олардың мағыналы 
мазмұнын анықтап алу қажет. Бiрiншiден, дене мәдениеті — адамның 
денсаулығын нығайтып, күш — жiгерiн арттыруға, козғалыс белсендiлiгiн 
жетiлдiру мақсатында қоғамның жасайтын және пайдаланатын рухани
материалдық құндылықтарының жиынтығы. 
2.Шаңғы дайындығы 


Дене тәрбиесі мен спорттың барлық құралдары мен түрлерін дұрыс 
пайдалану арқылы ғана оңтайлы қозғалыс белсенділігіне жетуге болады. 
Мектепке дейінгі мекемелердегі, мектептердегі және КМТ- дегі оқыту мен 
тәрбиелеу бағдарламаларымен қарастырылған дене дайындығының 
міндетті түрлері және үйде дербес шұғылдану әрбір оқушыға 
қолайлы.Қозғалыс белсенділігіне жеткіншектерде тұракты қажеттілікті 
қалыптастыруда спорттың рөлі зор. Алайда, шама жетпейтіндей спорттық 
жүктемелер бала ағзасында жағымсыз өзгерістерді туындатуы мүмкін. 
Дәрігерлік дене шынықтыру диспансерлерінің көптеген мамандары жас 
спортшылар денсаулығын қорғайтындықтан мұндай құбылыстар сирек 
болса да кездесетіндігін білген жөн.
Балалық жаста спорттың кез келген 
түрімен айналыса беруге болмайды. ҚР-сы Білім, денсаулық және спорт 
министрлігінің дене тәрбиесімен спорт комитеті, жеке спорт түрлері 
бойынша оқу- жаттығу топтарына балалар мен жеткіншектерді қабылдау 
үшін жас шектері бар.
Тәуліктік қозғалыс белсенділігінің ұсынылып 
отырған көлемі сергектің (ұйықтамаған уақыттың) барлық кезеңіне 
бірқалыпты бөлінуі керек; ағзаның тәуліктік ырғағына сәйкес қозғалыстың 
көп бөлігін 9-12 және 15-18 сағаттардың арасында орындау керек. 
Шаңғының дамуының адамзат тарихында өзіндік орны бар. Шаңғы адамзат 
үшін спорт ретінде емес, қасат қардың бетінде қозғалып жүру үшін 
керектігімен дамыды. Кейін келе, жылдамдықпен жүру үшін шаңғының 
жаңартылған-дамыған түрлері дайындала бастады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет