Реферат тақырыбы: Шартты рефлекстер жасауға қажетті жағдайлар және шартты рефлекстер тежелуі



бет5/5
Дата04.03.2022
өлшемі37.5 Kb.
#455974
түріРеферат
1   2   3   4   5
Шартты рефлекстер

Шартты рефлекстің тежелуі. Жүйкедегі бірыңғай құбылыстардың екі жағы құрайтын, қозу мен тежелудің тепе-теңдік арақатынасы жануарлар мен адамның сыртқы ортаның өзгермелі түрткілеріне бейімделу іс-әрекетінің нәтижесін анықтайды. Орталық жүйке жүйсіндегі тежелуді ашқан орыстың атақты ғалымы И.М. Сеченов (1962). Ол орталық тежелуді арнайы тежеуші жүйелердің бірлестігі деп қарады. Ч. Шеррингтон (1906) қарсылас бұлшық еттердің үйлесімді әрекеттері индукциялық (кезеліс) тежелуден болатынын көрсетті. А.А. Ухтомский (1923) жүйке орталықтарында доминанта қалыптасуы кезінде жегілген тежелу туатындығын анықтады. И.П. Павлов мәні зор тәжірибелер жасап, шартты рефлекстің тежелу түрлерінің негізгі тетіктерін дәлелдеді. Тежелудің сыртқы (шартсыз) және ішкі (шартты) түрлері болады. Шартсыз тежелу – жүйке жүйсінің туа біткен қасиеті. Ол – сыртқы бөтен түрткілердің теріс индукция әсерінен мінез әрекетінің кенеттен әлсіреуі немесе басылып қалуы. Мұның себебі әртүрлі жаңа тітркендіргіш қабылдау рефлексін туғызады. Егер осы тітіркендіру бірнеше рет қайталанса, бағдарлы әсерленіс бәсеңдейді және оның шартты рефлексті тежеу әрекеті әлсірейді. Мұндай бөтен тітркендіргішті И.П. Павлов «өшетін тежеу» деп атады. Мәселен, қатты ауыртатын тітіркендіргіш шартты шұғыл тежейді. Осы сияқты ішкі ағзалардан шығатын тітркендіріс те әсер етеді. Кейбір мүшелердің қабынуы, қуықтың зәрге аса толуы, құсу, жыныстық қозу шартты тағамдық рефлексті басып тастайды. Мұндай тежеулердің бәрінің жалпы қасиеті олар осы шартты рефлекске бөтен сыртқы тітркену ықпалынан пайда болады. Сондықтан бұл сыртқы тежелу деп аталады. Шартты рефлекстің шамасы тітіркендіргіш қарқының («күш заңы») тікелей тәуелді келеді. Шартты тітіркендіру күші шектен аса өссе, қарама-қарсы нәтижеге, яғни шартты рефлесте: әлсіреуіне, тежелуіне әкеліп соғады. Мұндай тежелуді шектен тыс тежелу деп атайды. Бұл тежелудің сақшылық маңызы бар. Өйткені ол жүйкені шамадан тыс күшті немесе ұзақ тітіркендірудің әлсірету әсеріне кедергі жасайды. Күшті әсерден мелшиіп қатып қалу (ступор) медицинада жиі кездеседі. Бұл тежелу жүйкені уақытша жұмыстан босатады және оның қалыпты қозғыштығы мен жұмыскерлігін қайта орнына келтіруге жағдай жасайды. Жүйкесі нашарланған жануарларда шектен тыс тежелу тіпті біршама әлсіз шартты тіткендірудің әсерінен де пайда болады. Сыртқы және шектен тыс тежеулер жүйке жүйсінің туа біткен қасиеттеріне байланысты болғандықтан оларды шартсыз тежелу қатарына жатқызады. Шартты тежелу – жүйкенің жүре иемденген қасиеті. Ол шартты рефлекс сияқты құрылады. Шартты тежелудің бірнеше ерекшеліктері болады. кездерде, рефлексті жасау жеңілдейді. 1. Ол тітіркендірулер нығайтылмаған жағдайда қалыптасады. 2. Оны жаттықтыруға болады, яғни қайталаған жағдайда, әсіресе жас кездерде, рефлексті жасау жеңілдейді. 3. Шартты тежелудің көріністері жүйке жүйесінің даралама қасиетіне байланысты. Қызба кісілерде, байсалды адамдарға қарағада, шартты тежелу қиын және баяу қалыптасады. 4. Шартты тежелу шартсыз рефлекстің нығайту күшінен тәуелді келеді. 5. Шартты тежелу бұрын қалыптастырылған рефлекстің беріктігіне байланысты болады. Мызғымайтын тұрақты шартты рефлекстер тежелуге, жаңа үйренгендерге қарағанда қиын көрінеді. 6. Тежелулер өзара әрекеттесіп бірін-бірі күшейтеді. Шартты тежелуді өшіретін, ажырататын, шартты тежейтін және кешіктіретін деп төрт түрге бөледі. Өшіретін тежелу. Егер шартты тітіркендірудің шартсыз тітркендіргішпен ұштасуы тоқталса, бұрынғы қалыптасқан тұрақты шартты рефлекс әлсірейді, кейін қолданған сигнал бірнеше рет нықталмаса ол тіпті жойылады. Өшіретін тежелудің жасалу дәрежесі мен жылдамдығы: 1) шартты рефлекстің беріктігіне (берік бейнелістер баяу өшеді); 2) нығайтушы рефлектің күшіне (аштық күінде тағамдық шартты рефлекс өшпейді); 3) нығайтылмау жиілігіне (жедел түрінде бірнеше минут және сағат созылмалы түрінде нығайтылмаса өшіретін тежелу бірнеші күнде қалыптаспайды) байланысты болады. Тағамдық шартты рефлекстер сақтаныс түріне қарағанда, жылдам өшеді. Өшіретін тежелуді машықтану арқылы тез қалыптастыруға болады. Ол мидың типтік даралық ерекшеліктерінен тәуелді келеді. Кейін шартты тітіркендіргіш тағы да қолданылса, өшкен шартты рефлекс қайтадан қалпына келеді. Бұл құбылысты тежелуден босау деп атайды. Өшуден тежелу нығайтылса, өшкен рефлекспен бірге біркелкі, оған ұқсас шартты рефлекстер жойылады. Мұны екінші қайтара өшу деп атайды. Өшуден тежелуден маңызы – бейімділігі жойылған қажетсіз шартты рефлексті өшіру. Сөйтіп, организм тіршілігінің жаңа жағдайларына басқаша икемделу әсерленісі қалыптасады. Ажырататын тежелу. Жаңа қалыптасқан шартты рефлекстің алғашқыда жалпылама өзгешелігі болады. Өйткені ол үйренген шартты тітіркендіргіштен басқа, оған ұқсас немесе көптеген бір райлы тітіркендірулерге де жауап ретінде пайда болады (шартты рефлекстің жалпылама сатысы). Алайда, егер тек шартты тітіркендіргіш ғана бекітіліп, басқалары елеусіз қалса, біраз уақыттан кейін ұқсас тітіркендіргіштерге әсерленіс өшеді (шартты рефлекстің, мамандалыс сатысы). Бұл заттар мен құбылыстардың қасиеттерін, ұқсастығын жете ажыратуға мүмкіндік береді. Шартты рефлекстің мамандалуын қамтамасыз ететін үрдіс, яғни тітіркендіргіштерді сұрыптау ажырататын тежелу деп атайды. Бұл үрдіс ми қыртысында өтетін шартты тежелуден туады. Ажырататын тежелудің қасиеттері: 1) тітіркендірулердің белгілері өте ұқсас болса, оны қалыптастыру қиынға соғады; 2) тежелу дәрежесі нығайтушы тітіркендірістің күшінен тәуелді келеді; 3) бұл тежелудің түрін қалыптастыру толқын тәрізді болады; 4) тежелуді жаттықтыруға болады, бұл ортаның сезімдік түрткілерін жіті айырып танудың негізін құрады. Шартты тежегіш.. Егер небір қосымша әсермен ұштастырылған тітіркендіру нығайтылмаса, ал жеке қолданған шартты сигнал әрдайым нықталса, жүйке орталықтарында шартты тежелу пайда болады. Көп кешікпей қосымша әсермен қиыстырылған үйренген тітркендіргіш іштей тежелу салдарынан шартты әсерленіс шығаруды тоқтатады. Сол шартты сигналдың әсерінен өтіп жатқан әрекетті тежеуге қабілеті бар қосымша тітіркендіргіш шартты тежегіш деп аталады (мәселен, мектепте соғылатын қоңырау). Шартты тежегіштердің негізгі қасиеттері: 1) ол әлсіз тітіркегішке (мысалы, жарыққа) қосымша күшті тітіркендіру (қоңырау) қосылса оңай қалыптасады; 2) бұрынғы қолданылған күшті тітіркендірудің іздері қосымша түрткі ретінде әсер ете алады; 3) егер қосымша тіткендіріс әлсіз болса, ол екінші ретті рефлекстің түрткісі бола алады; 4) егер қосымша тітркендіргіш шартты тежегіш мәнін иемденсе, ол басқа да ұқсас шартты бейнелістерді тежейді; 5) қосымша тітркендіргіш бірнеше рет жағымды сигналмен бірге берілгенде, ол бағдарлау рефлексін тудырады. Қосымша тітіркендіргіш күшті болған сацын, шартты тежегіш тез қалыптасады. Организм мен сыртқы ортаның өзара қатынасында шартты тежегіштің биологиялық маңызы зор. Кешіктіретін тежелу. Кешіктіретін шартты рефлекстер бірден құрылмайды, тек нығайтудың басталуы біртіндеп ұзартылғанда барып жасалады. Осы шартты тітіркендіргіштің жекеленген әсерімен бастапқы кезде жүйке нейрондарының әрекеті тежеледі. Кешіктіретін тежелу шартсыз рефлекстің күшінен тәуелді, егер ол күшті болса, бұл тежелудің пайда болуы қиынға соғады. Бұл тежелу арқылы әр уақытта шартты рефлекстің әсерленіс дер кезінде іске қосылады. Кешіктіретін тежелудің негізгі қасиеттері: 1) шартты тітіркендіргіш неғұрлым күшті болса, бұл тежелу соғұрлым қиын жасалады; 2) нығайтушы түрткі күшті болса, шартты рефлексті кешіктіру қиынға соғады; 3) тәжірибелерді қайталау кезінде оқшауланған шартты тітркендіру біртіндеп баяулап ұзартылса, кешіктіру оңай болады. Тітіркендірулердің арасы 2-3 минут болған жағдайда кешіктіретін тежелу қалыптаспайды; 4) шартты рефлекстің бірге берілуі көбірек нығайтылса немесе қысқа уақытқа кешіктірілсе тежелуді ұзартуға кедергі жасайды. Шартты тежелу, уақыттық түрткінің кірісуіне байланысты басқа түрлерінен ерекшк ьолады. Шартты тежелудің тағы бір ерекше, «нығайтылса да өшетін» түрі болады. Ол жағымды шартты стимул ұзағынан бір ырғақта немесе бір сарында нығайтқышпен қоса әсер еткен жағдайда пайда болады. И.П. Павлов ішкі тежелудің түрлерін әрекетіне және қалыптастыру тәсілдеріне қарай жіктеумен бірге, тежелу қасиеттерінің айырмашылығы олардың күшіне байланысты болатындығын атап көрсетті. Ол шартты тежелудің жергілікті және ми құрылымында жалпылама түрде кездесетініне ерекше көңіл аударды. Сөйтіп шартты тежелу организмнің бейімделу іс-әрекетін реттеп отырады. Егер шартты тежелу қалыптаспаса, организмде табиғи қажетсіз, қолайсыз әскрленістер көп болар еді. Шартты тежелу өте нәзік, төзімсіз келеді. Әртүрлі аурулар, қажу, зорлану бұл тежелуді әлсіретеді. Организмнің сыртқы ортаға жете бейімделуі, оның әсерленісінің сыртқы жағдайларға өте сәйкес келуі тежелу процесіне байланысты болады. Негізгі жүйке процестері – қозу мен тежелудің көрсеткіштері, олардың өзара әсері организмге көптеген тітіркендіруді талдап және синтездеп, өзін әртүрлі жағдайда бағдарлауына мүмкіндік туғызады. И.П. Павловтың көзқарасы бойынша, шартты тежелу тек ми қыртысында болатын құбылыс. Қалай болғанда да, тежелу процесінің ми қыртысындағы орналасуы үш түрлі болуы мүмкін. Біріншіден, шартты сигналдық ми қыртысы проекциясында, екіншіден, шартсыз рефлекстің ми қыртысы проекциясында, үшіншіден, уақытша байланыстың өз құрылымында қалыптасады. Соңғы жылдары көптеген зерттеушілер, шартты тежелу әуелі мидың қыртысасты құрылымдарында немесе олардың белсенді қатысуымен пайда болып, үлкен ми сыңары қыртысына жоғары көтеріледі деп санайды. Шартты тежелудің шығу жағдайы, көптеген деректерге сәйкес арнайы тежегіш құрылымдарға байланысты болады. Бұларға тежегіш түйіндер, тежегіш интернейрондар жатады. Демек, олардың белсенді әсерленісі арнайы тежегіш рефлексін жасайды. Сөйтіп, ми қыртысындағы тежелу міндетті түрде арнайы тежегіш жүйесін құрайтын мамандандырылған тежегіш нейрондар арқылы жүзеге асырылады. Көптеген нейрофизиологтардың ойынша, жоғары жүйке іс-әрекетінің тежелу құбылыстарында әртүрлі қыртысасты құрылымдар өте маңызды рөл атқарады. Дегенмен, соңғы жылдары М.Н. Ливановтың лабораториясында жүргізілген тәжірибелер ішкі тежелудің гиперполяризациялық (әсіреүйектеліс) болжамын дәлелдеді. Ішкі тежелу қалыптасқанда, гиперполяризациялық құбылыстардың біршама өсетіндігі анықталды. Ол үйрету кезінде теріс стимулдың әсерінде мидың тежегіш жүйесінің әсерленгіш қабілеті жоғарылайтынын растайды. Оған нейрондардың сатылық және бедерсіз белсенділігінің, қоздырылған потенциал мен биік шайқалатын баяу тербеліс шамасының күшеюі сәйкес келеді. Сонымен ішкі тежелу ми қыртысы деңгейінде орталық қозу ретінде пайда болып, рефлекстік жауапты жүзеге асыратын қыртысасты механизмдердің бағынышты (субординациялық) тежелуін белгілейді. Әсіресе мінездің ұйымдастырылу және реттелу істерінде мидың маңдай алаңы маңызды рөл атқарады. Ол қыртысасты бөліктері арқылы ми бағанының белсендіргіш жүйесіне тікелей немесе жанама түрде ықпал жасайды. Сөйтіп, мұндағы тежелу құбылыстары бейімдендіру мәніне қарай, мидың медиаторлық жүйесін іріктеп еліктіру арқасында жүзеге асырылады. Түс көру – бұл адамның қоршаған ортамен қатысынан қалыптасатын күрделі психикалық құбылыс. Керең-мылқаулар айтарлықтай толық тұс көрмейді. Бұл түс көрудің ми қыртысы арқылы болатындығын дәлелдейді. Түс көрудің ең көп тараған түсініктерінің бірі – жүйкелік іздер теориясы. Егер М.И. Сеченов түс көруді «үйреншікті әсерлердің әдетте болмаған қисындауы» деп есептесе, И.П. Павлов бойынша, «түс көру көбінесе ескі тітіркендірулерден қалған ізден туады». К. Юнгтың айтуынша, «түс көру – ұйқы кезіндегі психикалық әрекеттің қалдығы және өткен күннің ой әсері мен көңіл-күйі». Түс көру барлық адамдарда болады, тек кейбіреулерде сирек байқалады. Ауырған кездерде, жағымсыз жағдайларда, неврозда түс көру жиілейді. Әйелдер жалпы жиі түс көреді. Жылдам ұйқы және онымен байланысты түс көру ортаға психикалық бейімделуде өте маңызды рөл атқарады. Ұйқының породоксальды фазасы бір жағынан мидың жоғары белсенділігін жүзкгк асырады, ал екінші жағынан оның бедерсіз күйінде басқа да мотивацмялық процестер тудырады. Физиологиялық көзқарас бойынша, түс көрудің себептері – сергектік жағдайдғы психикалық іс-әрекетті іске қосатын материялық құбылыстар. Ал З. Фрейдтің психоанализ қағидасы бойынша, түс көрудің себебі адам психикасының шаласаналық жүйсінің жеңе алмайтын инстинкті (ырықсыз сезімді) іс-әрекетінен туады. Адамның түстеріне жасалған талдау түс көрудің негізінде зерде іздерінің, эмоциялы өңделген оқиғалардың сөзсіз мәні барлығын дәлелдейді. Гионопедия (түсінде үйрету). Адам өзінің онсыз да қысқа өмірінің үштен бірін ұйқыда өткізеді. Сондықтан бір кезде уақытты ұтымды пайдалану үшін, ұйқы кезінде оқыту кеңінен тарады. Алайда, арнайы зерттеулер жаңа материалды ұғыну қабілеті және оны кейін еске түсіру тек сергек ұйқының немесе мүлгудің кезінде мүмкін екенін көрсетті. Демек, нәтижелі гипнопедия ұйқы кезінде кезінде емес, шындығында сергектік күйде, не қалғу кезінде болады. Ал терең ұйқы жағдайында ешқандай үйрету мүмкін емес. Өйткені ұйқының негізгі бір мақсаты – сергектік жағдайда қабылданған мәліметті өңдеу. Егер ұйқы небір материалды оқығаннан соң келсе, ол есте сақталады. Жаңа материалды жаттағаннан кейін 8 сағат жарамды ұйқы болса, оны еске түсіру толық және анық болады. Түсінде оқыту кезінде ұйқы шала, сергек болғандықтан адам жиі оянуға мәжбүр болады. Демек, бұл пайдалы болмайды, өйткені қалыпты ұйқы адамның жұмысқа қабілеттілігі бұрынғы жағдайына келуі үшін қажет. Сондықтан қазіргі кезде гипнопедия жиі қолданылмайды. Г) Гипноз және иландыру. Гипноз дегеніміз иландыру арқылы жасанды түрде туатын адамның ерекше рухани күйі. Оның мәнісі жағынан әдеттегі ұйқыдан өте көп айырмашылығы бар. Гипнозды үш сатыға бөледі. Сомнелеция (ұйқышылдық) – адам ауызша иландыруға әлі де қарсылық етуі және көзін ашуы мүмкін. Гипнотакция немесе жеңіл ұйқы (транс) – қол-аяғы қозғалмайды – каталепция, көзін аша алмайды, илануға бейім, бірақ гипноздан шыққанда амнезия (ұмыту) байқалмайды. Сомнабулизм (терең ұйқы) – гипноз жасаушыға толық бағынумен сипатталады және оянғаннан кейін адамдар бәрін ұмытып қалады. Сонымен гипноз құбылысының ұйқы мен сергектіктен өзгешелігі онда қабылданған мәліметтер іріктеліп барып өңделеді. В.М. Бехтеревтің айтуынша, гипноз – санаға ену немесе оған, әдетте, қабылдаушы кісінің еркінсіз және ықыласыңсыз, әрі көбінесе иландыруға ұғымсыз көрінетін бөтен ойды дарыту. И.П. Павловтың пікірі бойынша, гипноз кезінде сөз ми қыртысына, оның тежелуі мен тонусы төмендеген жағдайда әсер етеді. Бұл жағдайда ми қыртысыда пайда болатын қозу толқыны теріс индукция арқылы мидың көрші жерлерінде тежелу құбылысын тереңдетеді. Сондықтан сөз гипноз кезінде сыналатын адамға әдетте тыс күшті ықпал жасайды да, ұзақ із сақтайды, себепті гипноздық иландырудың емлеу нәтижесін қамтамасыз етеді. Иландыру – адамдардың өзара бір-біріне ықпалы, адамдардың өзара қатынасының нормасы – ол адамды бала кезден иландыратын ақиқаттар. Адамзат қоғамында әрбір сөз, ой, пікір, сана кеңінен тарайды және иландыру кезінде көптеген адамдарға дайын рухани байлықтарды пайдалануға мүмкіндік туғызады. Әртүрлі иландырудан басқа, өзін-өзі иландыру болады. Мұнда санаға тек бір жағдай емес, сонымен бірге шартты түрде эмоциялық әсерленушілік енеді. Жалпы барлық адамдардың гипноз ықпалына 20% - оңай, 55% - орташа, ал 25% - қиын көнеді. Гипнозға қабілеттілікке жоғары жүйке іс-әрекетінің типтік ерекшеліктері ықпал жасайды. Мәселен холериктер, меланхолик және флегматиктер. Ауызша иландыру арқылы жоғары жүйке қызметін өзгертуге болады. Гипноз кезінде иіс, дәм сезудің, көрудің сапасы, қарқыны мен мерзімі өзгеруі мүмкін. Сондықтан дәрігерлер гипнозбен иландыруды науқастарды емдеу шаралары ретінде жиі қолданылады. Сонымен қатар әртүрлі эмоциялық жағымды немесе жағымсыз, парасаттық өнегелі немесе әсемдік (эстетикалық) сезімдерге иландыруға болады. Гипноздық жағдайда адамның қимыл әрекеті және ойлау қабілеті өзгереді. Алайда ол бұл жағдайда «бұйырғанмен» жөнсіз немесе өнегесіз қылық жасамайды. Бүгінге дейін гипноз бен иландыру тетігі толық ашылған жоқ. П.В. Симоновтың пікірі бойынша, гипноз ұйқылы тежелу немесе ұйқы мен сергектік арасындағы күй емес, бұл сергкетіктің бір түрі. Жалпы алғанда, гипноз бен сергектіктің айырмашылығы – ми құрылымдары арасында өзге әрекеттік байланыстардың пайда болуында. Басқа әрекеттік байланысты ауыстырып қосу, ми аймақтары қызметінің салыстырмалы қарым-қатынасы үзілу арқылы жүзеге асырылады. Сөйтіп, сергектік күйден гипнозға ауысу ұйқының жеңіл сатысында (сомнолеция) ми құрылымдарының қарым-қатынасын үзіп, сергектіктің әрекеттік себептестік байланыстарын әлсіретеді. Бұл кейбір (шамасы лимбияда) жүргізгіш (тригерлік) тетіктер қозуынан мидың өзара бірігіп әрекеттесуін қайта ұйымдастыруға әкеліп соғады. Гипнозды көбінесе адам психикасының жұмбақты құбылыстарына жатқызады. Оған парапсихологтар зерттейтін әртүрлі экстрасенстік түйсіктер, телепатия, сәуегейлік, проскопия (зерделік), болжампаздық (біреудің болашақ ойын немесе оқиғаларын сезу), психокинез («ой күшімен заттарды орнынан қозғалту» қабілеті), парадиагностика тағы басқалар қосылады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет