Реферат тақырыбы: Тексерген: Орындаған: Нұр Сұлтан 2019 жыл Гендік терапияның мәселелері мен мақсаты


ГТ-ның әсерімен емделетін аурулардың түрлерін қарастырсақ, олардың арасында генетикалық аурулардың саны 4500-ден астам



бет5/6
Дата03.03.2024
өлшемі38.9 Kb.
#494084
түріРеферат
1   2   3   4   5   6
асель Гендік терапияның мәселелері мен мақсаты

ГТ-ның әсерімен емделетін аурулардың түрлерін қарастырсақ, олардың арасында генетикалық аурулардың саны 4500-ден астам. Қазіргі уақытта олардың көбі хромосомдық картада белгіленбеген. Бұл аурулардың өте шағын бөлігі карталанған және биохимиялық жағынан зерттелген түрде тіркелген. ГТ арқылы емдеу жұмыстарының көпшілігі (шамамен 80%) онкологиялық және ЖИТС ауруын емдеу бағытында жұргізілуде. Сонымен қатар бірқатар моногенді ауруларды Гоше (сфинголипидоз) ауруы, Хантер ауруы, Гурлер синдромы, жанұялық гиперхолестеринемия, гемофилия А, гемофилия В, талассемия, орақ тәрізді жасушалық анемия, өкпе эмфиземасы, муковисцидоз, фенилкетонурия, гипераммониемия; цитрулинемия, Дюшеннің миодистрофиясы, респираторлық дистресс-синдромы, Леш-Нихан синдромы т.б. ауруларын емдеу мақсатында клиникалық зерттеулер жүргізілуде. Аталған ауруларға жауапты гендердің қызметі де анықталған.
Гендік терапия моногенді, яғни бір геннің мутациясынан қоздырылатын, полигенді бірнеше геннің мутациясынан қоздырылатын және кейбір инфекциялық ауруларды емдеуде қолданылуда.
Қазіргі қоғамда аурулардың көбі, мәселен қатерлі ісік, атеросклероз, нейропсихиатриялық аурулар негізгі генетикалық компоненттерге ие болғандықтан, классикалық гендік терапияның зерттеу нысаны болып есептелінеді. Әрине, бұл соңғы жағдай ең күрделі болғандықтан, осындай аурулардың генетикасы нақты қарастырылуы қажет.
Жалпы тұқым қуалайтын ауруларды сау гендерді ұрық жасушаларының линиясына енгізген кезде емдеуге болады. Осы тактикалық шешім трансгендік жануарлармен араласқанда өзінің жоғары пәрмендігін дәлелдеген. Бұл әдісті ұрық клеткаларының ГТ-сы деп атау жөн. Дегенмен жануарлардың жасушаларын пайдалану арқылы жүргізілетін ұрық технологиялары қазіргі таңда көптеген техникалық және этикалық кедергілер тудыруда. Осыған орай гендері енгізу жолында нысана ретінде сомалық жасушалар пайдаланылады. Сонымен, негізгі гендік терапия соматикалық гендік терапия түрінде дамуда.
Нормадан ауытқыған, «бұзылған» генді немесе оның «бүлінген» бөлігін қалыпты, өз кызметін толық атқаратын генге ауыстыруға болады. Мысалы, таргетинг немесе гендік коррекция арқылы. Бұл әдістің, ұқыпты орындалғанына қарамастан, нақтылығы жеткіліксіз. Ауру ген өз қызметін жалғастыра берсе де, бұл геннің ақуыз өнімі төмен болса, қосымша сау ген енгізіледі. Сол себептен жетіспеген өнімнің мөлшері көтеріледі. Бұл тәсіл қосымша ГТ деп аталады. Осындай кездейсоқ енгізуі трансгеноздың әсерімен ұқсас. Инсерциялық (енгізілетін) мутагенездің араласуымен орындалатын трансгендік экпрессиясы дұрыс реттелмеуі де мүмкін. Рецессивті ауруларды алынған эктопикалық трансген атты трансгендік организмнің көмегімен емдеуге болады. Керісінше, доминантты аурулар, қалыпты, қызметі сақталған геннің енгізілгеніне қарамастан өз әсерін тигізеді. Осындай қиын жағдайда қалыпты генді орнатпай, ауру генді әлсіздендіруге немесе белсенділігінен толығымен айыруға болады.
Зақымдалған геннің қызметін тежеуге болады. Мысалы, вирус шабуыл жасағанда немесе онкоген өз жұмысын арттырғанда, бұл әдісті жасушаның ішінде жағымсыз, ұнамсыз үдерістер көбейгенде қолданылады Тиімсіз гендердің немесе тіпті қауіпті гендердің экспрессиясын тежеу керек. Бұл үшін жасушаға қосымша гендік құрылымдар енгізіледі. Олардың ерекшелігі бұл гендік кешендер экспрессияланған кезде ұнамсыз геннің өнімдерімен әрекеттесетін туындыларды бере алады. Мұнда ұнамсыз гендік өнімінің залалды (зиянды) әсері жойылады. Мысалы, жасуша құрамындағы қажетсіз ақуызға қарсы антиденелерді реттейтін гендерін енгізуге болады (Richardson e.a., 1995). Синтезделген антиденелер бұл жағдайда орынсыз, ұнамсыз ақуызбен байланысып, бұл ақуызды залалсыздандырады. Бұл үдерісті басқаша жасушаішілік иммунизация деп атайды. Жеке ақуыз деңгейінде нормадан ауытқыған геннің залалды әсері жойылады. Жасуша ішілік антиденелер интраденелер деп аталады.
Залалды геннің әсерін басқаша да жоюға болады. Бұл үшін жасушаның құрамына генді м-РНҚ деңгейінде тежейтін төменмолекулалық құралын енгізеді.
Ең соңғы ГТ нәтижелеріне назар аударсақ:
Эпилепсияның гендік терапиясы әдістемесін құрастырып жатқан бір топ ғалымдар алғашқы нәтижеге қол жеткізді. Егеуқұйрықтарға жүргізген эксперименттер жаңа әдіс эпилептикалық ұстамалар қарқындығы мен ұзақтығын айтарлықтай төмендеткенін көрсетті.
Эпилепсиямен ауыратын науқастардың миы, сау адамдарға қарағанда соматостатин гормонын аз синтездейтіні бұрыннан белгілі. Зерттеу жетекшісі Рабиа Зафар (Rabia Zafar) бұл нейропептидтің өте төмен деңгейі ұстама кезінде байқалатындығын ерекше атап өтті.
Зерттеушілер құрамында соматостатин синтезін қосатын ген бар препарат ойлап шығарды. Қазіргі уақытта мамандар егеуқұйрықтарда самай эпилепсиясы (аурудың ең кең тараған түрі) әдісіне сынақ жүргізуде.
Препарат егеуқұйрықтардың миында соматостатин мөлшерін тиімді түрде жоғарлатып, ұстамалардың ұзақтығы мен қарқындылығын төмендеткендігі анықталды. Сонымен қатар, егеуқұйрықтар ұстаманың ауыр дәрежесінен арылған.
Эпилепсияның ағымына әсер етуден басқа, гендік терапияның қосалқы әсері жоқ және ол жануарлардын үйрену қабілетін жоғарлатады. Құқықтық рәсімдерден өткен соң препаратты адамдарда тестілеу басталады. Ғалымдар препарат сатылымға түскеннен кейін эпелепсияны емдеу, тұмауды емдегендей жеңілдей түседі деген үмітте.
Аяқ-қол ишимиясын емдеуге арналған жаңа дәрілік препаратты ойлап тапқан Адамның бағаналы жасушалары институтының мамандары гендік терапия «диабетті табаны» бар науқастарды ампутациядан құтқара алады дейді.
Сонымен, тұқым қуалайтын ауруларды емдеу өте қиын және әркезде тиімді шешімі табыла бермейтін мәселе. Адамның тұқым қуалайтын ауруларын емдеуде ГТ жетістіктерін қолдану – генотерапия эрасы басталып кетті. ГТ принциптері мен әдістері, осы әдіспен емдеуде тиімді нәтиже бере алатын аурулар да таңдалып алынуда. Бұл бағыттағы жұмыстар түрлі елдерде, түрлі бағытта жүргізілуде. Гендік терапия тек қана тұқым қуалайтын моногенді ауруларды емдеуде ғана емес сонымен қатар полигенді ауруларды мысалы, қатерлі ісіктерді және созылмалы вирустық аурулардыда емдеуде қолданылатыны анық.
Сұрақтар:
Генотерапия дегеніміз не?
Генотерапия нешінші ғасырдан бастау алды?
Генотерапияның әдістері қандай?
Генотерапияның кандай стратегиялары бар?
Генотерапияның мақсаты неде?
Тест
Генотерапия нешінші ғасырдан бастап бастау алды?
XIX
XX
XVIII
XVII
XVI
Генотерапияда жаңа гендерді тасымалдайтын негізгі әдістердің неше түрі бар?
2
3
5
4
6
Генотерапиялық агентті енгізу әдісіне байланысты генотерапияның түрі?
А) ex vivo, in vivo, in situ, in utero
B) позитивті, негативті
С) фетальді, соматикалық
D) вирусты, вирусты емес
Е) нуклеин қышқылдық, иммунотерапиялық, ақуыздық
4. Ең алғаш обыр(рак) ауруының генотерапиясы нешінші жылы жүргізілді?
A) 1989
B) 1990
C)1987
D) 1999
E) 1988
5. Генотерапия неше стратегиядан тұрады?
3
4
5
7
2

Пайдаланылған әдебиеттер:





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет