Реферат Тақырыбы: Тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық сана сезімін қалыптастыру


Қазіргі заманғы қазақстандық қоғамдағы құқықтық сана-сезім проблемасы



бет3/3
Дата29.12.2023
өлшемі30.85 Kb.
#488303
түріРеферат
1   2   3
Реферат Тақырыбы Тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтN

Қазіргі заманғы қазақстандық қоғамдағы құқықтық сана-сезім проблемасы
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқвеы ел экономикасын алға жылжыту, халықтың әлеуметтік жағдайын көтеру, рухани-мәдени құндылықтарымызды сақтау мақсатында жыл сайын Қазақстан халқына арнаған Жолдауын жариялайды. Мемлекеттік деңгейдегі мәселелерді шешу жолдарын көрсетіп береді. Халыққа арнаған биылғы Жолдауында, бағдарламалы мақалаларында Елбасы әлеуметтік-экономикалық мәселелермен қатар, мемлекеттік, яғни бюджеттік сала қызметкерлерінің мәртебесіне бөлек тоқталып, олардың жалақысын, мәртебесін көтеру қажеттігін айтты.

Президент әрбір кездесуінде егемен елдің ертеңін қалыптастыратын ұрпақты тәрбиелеуші ұстаздар қауымының әлеуметтік жағдайын дұрыстау, олардың мәртебесін көтеруді де сөз етеді.

Және де алға жылжыған қоғамның негізгі қозғаушы күші мемлекеттік қызметкерлердің сыбайлас жемқорлықтан ада болуы қажеттігін баса айтады. Ал жемқорлықсыз қоғам құру үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана қалыптастыру қажет.

Сыбайлас жемқорлық – кез-келген алға ұмтылған қоғамның дамуын тежейтін дерт. Биліктің ең төменгі тармағынан бастап, жоғары деңгейге дейінгілердің қызметінде сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу бүгінгі қоғамдағы басты мәселелердің бірі.

Қазақстан Республикасының 2015 жылдың 18 қарашасындағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сыбайлас жемқорлық нәтижесінен қорғауға, мемлекеттік органдар мен мемлекеттік қызметкерлер жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталған. Заңбұзушылықты болдырмау, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру жолдарын қарастырған.

Осынау Заңның үстемдік құрып, қоғамда сыбайлас жемқорлықты болдырмау мақсатында төмендегідей іс-әрекеттер ұсынылады.


– Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік ахуалын қалыптастыру;
– Коррупциялық заңбұзушылыққа әсер етуші факторлар мен себептерді анықтап, олардың алдын алу;
– Мемлекеттік субъектілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қимылда өзара байланыстарын нығайту;
– Сыбайлас жемқорлықпен күресте халықаралық серіктестікті күшейту;
– Сыбайлас жемқорлыққа әкелетін заңбұзушылықтардың алдын алу, болған жағдайда анықтау, зерттеп, іс жүргізу.

Біздің ұжым – «Қазақстан Камератасы» классикалық музыка ансамблі» республикалық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорны бюджеттік мекеме. Санаулы ғана музыканттар мен қызметкерлерден құралған. Біз өз ұжымымызда ҚР Президенті Жолдаулары мен мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру мақсатында жиындар өткізіп, талқылап отырамыз. ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туарлы» Заңы да «Қазақстан Камератасы» ұжымында талқыланып, қорытындылар жасалынды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана қалыптастыру – бүгінгі қоғамдағы өзекті мәселе. Біздің ұжым да жемқорлықтан ада, таза қоғам құруда Қазақстан халқымен бірге өз үлесін қосады.
Қоғамды, мемлекетті дамытуда, оның құқығын нығайтуда қуатты құралдың бірі – еңбекші бұқара. Сондықтан заң жобаларын талқылауға, құқықтық нормалардың дұрыс қолданылып, мүлтіксіз орындалуын бақылауға олар белсене қатысады. Құқықтық сананы заңды мінез-құлық деп те атайды. Бұл құқық нормаларының нұсқауларына сәйкес келетін жеке тұлғаның сана-сезімі. Осы сана-сезім арқылы заң орындалады, жүзеге асырылады. Егер адамдардың мінез-құлықтары құқық нормаларының талаптарына сәйкес келсе, онда құқықтық тәртіп нығаяды.

Құқықтық сана-сезім арқылы қоғам басқарылады, оның өмірі қалыпты жағдайда жүргізіледі, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары жүзеге асырылады. Мұны азаматтардың көбі, түсінеді, сондықтан құқықтық қатынастардың басым көпшілігі заңды мінез-құлық негізінде құрылады. Азаматтар құқықтың талабын белсенділікпен немесе енжарлықпен орындайды. Соған сәйкес сана-сезім екіге бөлінеді: белсенді заңды мінез-құлық және бәсең (енжар) заңды мінез-құлық.

Белсенді заңды мінез-құлық – лауазымды тұлғалардың, азаматтардың өз бастамасы мен белгілі мақсатқа бейімделген заңды әрекеттері. Бұл мінез-құлықтың түрлері сан алуан. Ол – субъектілердің өз міндеттерін адал ниетпен, сапалы атқарып, азаматтардың өздеріне жүктелген міндеттерін қалтықсыз, саналы түрде орындауы, сонымен қатар құқықтарын жүзеге асыра отырып, мемлекеттің, қоғамдық ұйымдардың жұмысына белсене қатысып, әлінше көмектесу заңдардың жобаларын талқылауда бет көрсетіп, өз пікірін ортаға салу – міне құқықтық белсенділікке осындай әрекеттер жатады.

Енжар заңды сана-сезімнің көрінісі де сан алуан. Азамат өзіне жүктелген міндеттерді салақтықпен орындайды, нормативтік актілерді жүзеге асыруға енжарлықпен, немқұрайлықпен қарайды. Мұндай мінез-құлық екі тарап та ұтылыста болады. Мысалы, шартты қатынаста субъектілердің екеуі де немесе біреуі міндеттерін дұрыс орындамаса, екі жағы да ұтылыста болады, зиян шегеді. Мұндай енжар мінез-құлық басым болса, мемлекетке де зиян келеді.

Қоғамның экономикалық, әлеуметтік, мәдениеттік дамуы жақсы деңгейде болса, адамдардың сана-сезімі де сол дәрежеде болады. Осыған сәйкес қоғамның құқығы да жақсы дамып, қатынастарды жақсы реттеп, басқарып отырады.

Егерде қоғамның экономикалық, әлеуметтік дамуы дағдарысқа ұшыраса, онда сана-сезімнің сапасы төмендеп, құқықтық нигилизм, немқұрайдылық етек жая бастайды. Қылмыстың саны күрт өседі, қоғамдағы заңдылық пен Құқықтық тәртіп нашарлайды. Оның себептері:

1). Азаматтардың көпшілігінде демократиялық мәдениеттің жоқтығы.

2). Қоғамда әкімшілік-әміршілік жүйенің ұзақ уақыт өмір сүруі.

3). Ескі мемлекеттің ыдырауы, жаңа жүйенің толық қалыптаса қоймауы.

4). Қоғамның экономикалық-әлеуметгік деңгейінің нашарлауы.

Қазіргі өтпелі кезеңде Қазақстан Республикасының алдында тұрған мүдде-мақсаттар өте көп. Солардың бірі – халқымыздың құқықтық сауаттылығын көтеру, оның негізгі бағыттары:
– елімізде құқықтық тәрбие жұмысын жақсарту. Бұл іске қоғам болып кірісу керек;
– тәрбие жұмысын барлық бағытта жандандыруға көңіл бөлу; инабаттылық, парасаттылық, патриоттық, тәртіпшілік, еңбекшілдік, діни т.б. бағыттарда;
– халықтың рухани сана-сезімін, білімін жақсарту;
– мемлекеттің заң шығару, құқықтық нормаларды орындау жұмысын жақсарту;
– мемлекет аппараттарындағы қызметкерлердің мамандық сапасын көтеру;

– заңдылыққа, құқықтық тәртіпке қатаң бақылау жүргізу. Осы көрсетілген бағыттар арқылы құқықтық тәрбиені жақсарту тек аппараттың ғана жұмысы емес. Бұл күрделі және өте өзекті іске қоғамдағы барлық бірлестіктер, одақтар, ұжымдар, саяси ағымдар мен ұйымдар белсенді түрде қатысулары керек.



Құқықтық тәрбиені жақсарту үшін қоғамның экономикалық, әлеуметтік жағдайын, жақсарту, демократияны, бостандықты, теңдікті дамыту керек, сонда ғана іс нәтижелі болады.
http://emirsaba.org

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет