Реферат тақырыбы: Тұрақты даму туралы жалпы түсінік



бет6/12
Дата06.10.2023
өлшемі56.23 Kb.
#479973
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
экология реферат

Максаты:
Экологиялық қауiпсiздiк саласындағы мемлекеттiк саясаттың мақсаты табиғи жүйелердiң, қоғамның өмiрлiк маңызды мүдделерi мен жеке тұлға құқығының қоршаған ортаға антропогендiк және табиғи әсерлердiң нәтижесiнде туындайтын қатерлерден қорғалуын қамтамасыз ету болып табылады
Міндеттері:

  • климаттың өзгеруi мен Жердiң озон қабатының бұзылуына душар ететiн антропогендiк әсердi азайту;

  • биоәртүрлiлiктi сақтау және жердiң шөлейттенуi мен тозуының алдын алу;

  • экологиялық апат аймақтарын, әскери-ғарыш полигондары мен сынақ кешендерiн оңалту;

  • Каспий теңiзi қайраңының ластануының алдын алу;

  • су ресурстарының тозуының және ластануының алдын алу;

  • табиғи ластануларды, әуе бассейнiнiң ластануын, радиоактивтi, бактериологиялық және химиялық, оның iшiнде трансшекаралық ластануларды жою және олардың алдын алу;

  • өнеркәсiптiк және тұрмыстық қалдықтардың жинақталу көлемдерiн қысқарту;
    табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу.

Қойылған мiндеттердi шешуге:



  • Қазақстан Республикасының заңдарын, табиғат пайдаланудың, мемлекеттiк экологиялық бақылаудың және экологиялық мониторингтiң экономикалық тетiктерiн жетiлдiру және жүйеге келтiру;

  • табиғат пайдаланудың және экологиялық сараптаманың рұқсат ету жүйесiн оңтайландыру;

  • қоршаған ортаны қорғау, экологиялық статистика, экологиялық бiлiм беру, экологиялық үгiт-насихат және жұртшылықтың қатысуы саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамыту;

  • халықаралық ынтымақтастықты кеңейту жолымен қол жеткiзiледi.

Мемлекеттiң экологиялық қауiпсiз дамуы мынадай қағидаттарға негiзделедi:
-табиғи ресурстарды пайдаланудың экологиялық мүмкiндi шектерiн айқындайтын және қоршаған ортаны сапалы теңгермелi басқаруды қамтамасыз ететiн шектеулердiң, нормативтердiң және шаруашылық әрi өзге де қызмет жүргiзу ережелерiнiң ғылыми-негiзделген кешенiн енгiзу жолымен мемлекеттiң тұрақты дамуы үшiн барлық қоғамдық қатынастарды реттеуге экожүйелiк тәсiл;
-экологиялық қауiпсiздiктiң өңiрлiк және жергiлiктi мiндеттерiнiң экологиялық қатерлердiң алдын алудың жаhандық және ұлттық мақсаттарына бағыныштылығы;
-қоршаған орта мен адамның денсаулығына келтiрiлген залалды өтеудiң мiндеттiлiгi (табиғат пайдаланушылар мен ластаушылар төлейдi);
-өндiрiстiк күштердi дамыту мен орналастырудың экологиялық-экономикалық теңгермелiгi (экологиялық сыйымдылық пен аумақтық жоспарлау қағидаттары);
-шаруашылық және өзге де қызметiнiң қоршаған ортаға әсерiн одан кейiнгi экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық сараптамалармен бағалаудың мiндеттiлiгi;
-халықтың экологиялық ақпаратқа қол жетiмдiлiгiн қамтамасыз ету және оның экологиялық проблемаларды шешуге қатысуы;
-халықаралық ынтымақтастықтағы әрiптестiк және халықаралық құқық нормаларын сақтау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет