Тамақтану мезгілдері
Адамдар күніне 3-5 рет тамақтанады.
Негізгі тамақтану мезгілі үшке бөлінеді:
таңертеңгі ас (сағат 7.00-9.00 аралығы) - ас үлесі (рацион) қант қосылған ботқа, сүт тоқаш, сары май т.б. - организмде қант құрамын тұрақтандырады, тәбетті ретке келтіреді, сонымен қатар күні бойы тамақты шамадан тыс көп жеуден және семіруден сақтайды;
түскі ас (сағат 13.00-14.00 аралығы) - ас үлесі (рацион) құнды - әр түрлі тағамдар жиынтығы, организмді керекті құнарлы заттармен қанықтырады;
кешкі ас (сағат18.00-19.00) - ас үлесі (рацион) жеңіл тағамдар - ұйқы кезінде адам организмін жайландырып, қорытылуына көп қуат кетпейтін тағамдар;
Аралық тамақтану:
таңертеңгі ас пен түскі ас ортасында - екінші таңертеңгі ас (ланч) - жеміс-жидек немесе тоқаш, сусын немесе шырын;
түскі ас пен кешкі астың ортасында - түстік - көмеш немесе ашыма, сусын немесе шырын, айран.
Емдік тамақтану: емдік шаралар кешенімен бірге бірқатар аурулардың алдын алу және асқындырмай емдеу үшін пайдаланылады.
Қоғамдық тамақтану - тамақ өнімдерін дайындап, оларды жекелеген халық тобына өткізумен айналысатын қоғамдық тамақтандыру кәспорындарында тамақтану.
Қоғамдық тамақтандыру кәспорындары:
асханалар;
мейрамханалар;
кафелер;
буфеттер;
шайханалар
Негізгі алмасуды оксиспирография әдісімен анықтау.
Негізгі алмасу (НА) - организмнің тіршілігін сақтауға жұмсалатын төменгі деңгейлі (минималды) энергия шығыны. Оны таңертең, ұйқыдан оянғаннан соң, төсектен тұрмай, ашқарында, толық тыныштық (физикалық және психикалық) жағдайда және орта температурасы 18-22°С анықтайды.
НА-дың шамасы жынысқа, жасқа, бой ұзындығына және дене салмағына тәуелді болады.
а) Негізгі алмасуды газды жартылай талдау әдісімен (спирограмма бойынша) анықтау.
Бұл әдіспен НА-ды анықтау үшін адамның спирограммасын жазып алады да, оның өрлеу қисығы бойынша 1 минутта жұтылған О2 -нің мөлшерін анықтайды (40-сурет). Сонан кейін бір тәуліктегі пайдаланылған О2 -нің көлемін есептеп шығарады да, оны ОЖЭ-не көбейтеді. Бұл көрсеткіш негізгі алмасу кезінде 4,8 ккал тең болады. Анықталған НА-дың шамасын қалыпты жағдайға сәйкестігін тексеру керек. Ол үшін арнаулы таблицалар (жынысы, жасы, бой ұзындығы және дене салмағы ескерілген) бойынша анықталған НА-мен салыстырады. Сонда анықталған көрсеткіш тиесілі көрсеткіштен ауытқуы 10%-тен аспауы керек.
б) Негізгі алмасуды Гаррис-Бенедикт таблицасы мен формуласы бойынша анықтау.
Бұл таблица ер адамдар мен әйелдерге жеке құрастырылған және әрқайсысы А мен Б деген екі бөлімнен тұрады. Таблицаның А - бөлімін қолданып, адамның жынысы мен дене салмағына сәйкес алғашқы санды табады. Сонан кейін Б бөлімі бойынша адамның бойы мен жасына сәйкес екінші санды анықтайды. Осы екі санның қосындысы тәулік ішіндегі адамның негізгі алмасу шамасын көрсетеді.
Формула бойынша НА-ды есептеу:
Ер адамдар: (66,5 + 13,8 х С) + (5,0 х Ұ - 6,8 х Ж) =
Әйелдер: (65,51 + 9,6 х С) + (1,8 х Ұ - 4,7 х Ж) =
Мұнда, С-салмағы, кг; Ұ-бой ұзындығы, см; Ж-жасы.
Осы көрсетілген таблица және формулалар бойынша бірнеше адамдардың НА-ын анықтап, өзара салыстыру керек.
в) Негізгі алмасуды Рид формуласы мен номограмма бойынша анықтау.
Рид формуласы пульстік қысым (ПҚ), пульс жиілігі (ПЖ) және организмдегі жылу түзілу арасындағы өзара байланыстарға негізделген. Сондықтан оны қолданып НА-дың қалыпты көрсеткіштен % -тік ауытқуын (өзгерісін) есептеуге болады.
НА = 0,75 х (ПЖ + ПҚ х 0,74) - 72 =
Мұнда, ПЖ - пульс жиілігі; ПҚ - пульстік қысым, мм.с.б. Практика жүзінде НА-дың калыпты көрсеткіштен %-тік ауытқуын анықтау үшін арнаулы номограмманы пайдаланады. Бұл номограммадағы ПЖ мен ПҚ сандарын сызғышпен қосқанда олардың ортасында орналасқан негізгі алмасу саны бойынша, оның % -тік өзгерісін жеңіл табуға болады. Сонда 10 %-ке дейінгі ауытқу қалыпты болып саналады.
з) Негізгі алмасуды дене бетінің аумағы бойынша анықтау.
Зерттелушінің дене салмағы мен бойының ұзындығы бойынша номограммадан оның дене бетінің көлемі анықталады. Сонан кейін жынысы мен жасына сәйкес арнаулы кестеден К-санын табады (1-кесте).
1-кесте
Жасы
|
К-1кв.м/сағ жұмсалатын энергия көлемі (НА)
|
|
|
|
Ер адамдар
|
Әйелдер
|
|
|
|
ккал
|
кДж
|
ккал
|
кДж
|
|
16 - 18 18 - 20 20 – 30 30 - 40
|
43,0 41,0 39,5 39,5
|
180,0 171,5 165,3 165,3
|
40,0 38,0 37,0 36,5
|
167,4 159,0 154,8 152,7
|
Бұл 1 сағат ішіндегі 1 кв.м. дене бетінің аумағына шығындалатын энергияның көлемін көрсетеді. Осы санды анықталған дене бетінің көлеміне (S-кв.м) көбейтеді. Бір тәулік ішіндегі НА-ды анықтау үшін бұл санды 24 сағатқа көбейту керек:
НА = К х S х 24 =
Жоғарыда көрсетілген әдістерді қолданып, бірнеше адамдардың НА көрсеткіштерін салыстырып, төмендегі кеcтеге енгізу керек (2- кесте).
Достарыңызбен бөлісу: |