Спорттық және жұмыс аттарын азықтандыру
Спорттық жылқылардың рационы спорт кезеңіне және жануардың салмағына байланысты жасалады. Мысалы, демалыс кезінде мәзір жаттығулар мен жарыстарға қарағанда аз қанық болуы керек. Орташа алғанда, бір спорт жылқысы үшін күніне 7 кг дәнді-бұршақ шөп, 1 кг шөп ұны және жүгері (басқа жармамен алмастыруға болады), 500 грамм сірне, 60 грамм ас тұзы және 100 грамм ас тұзы қажет. жылқыларға арналған арнайы премикстер. Қарқынды дене белсенділігімен байланысты спорттық жарыстар кезінде диетадағы меласса мен дәнді дақылдардың мөлшері артады.
Жұмыс атын азықтандыру мөлшерін жасағанда олардың жұмысқа қолданылуы ескеріледі, жалпы азық мөлщерін жүмыс істемейтін, жеңіл, орташа, ауыр жүмыс істейтін атқа жеке-жеке жасайды. Жұмыс атының істеген жұмысының жұмыс мөлшерін анықтау үшін жүк салмағына (кг) жүк тарту күшіне (күш), жүру қашықтығына (м) қарай (килограмм-күш-метр) (ккм) өлшеммен анықтайды. Жұмыс атының тірілей салмағына қарай бұл өлшем 900-200 ккм аралығында жеңіл, 1500-2000 ккм аралығында орташа, 2100-2800 ккм аралығында ауыр жұмысқа жатады. Олардың әрбір 100 кг тірі салмағына 75 г қорытылатын протеин болуы тиіс және олар үздіксіз ас тұзын алып отыру керек. Жұмыс істемейтін аттың тәулік рационына пішен, сабан қосады, аз мөлшерде оларға дәнді азық береді. Жұмыс аты бір азық өлшеміне 80 г қорытылатын протеин, 4-5 г кальций, 4-5г фосфор және 10-15 мг каротин алатын болса, олар салмағын жоғалтпай жақсы жұмыс істей алады. Қоңдылығы ортадан төмен аттың тәуліктік азық рационын 3-4 азық өлшеміне арттырады. Жүмыс аты 100 кг тірі салмағына 4 кг дейін сапалы пішен жей алады. Дегенмен, ірі азықты көп жегенде дем алуы қиындап, жұмыс істегенде кедергі жасайды, не терлегіш келеді. Осы себептен жұмыс ауырлығына байланысты ірі азық мөлшері тәулігіне 100 кг тірі салмағына 2 кг аралығында болған жөн. Жылқыға құрамында астық тұқымдас дақылдары басым дала пішені беріледі. Пішеннің жарты бөлігін сабанмен алмастыруға болады. Жаз айларында жұмыс атты оттықтан 25-50 кг көк шөп жейді де, түн мезгілінде жабайы және мәдени жайылымға жіберіледі. Дәнді азықтың ішінде жылқы малы сұлыны сүйсіне жейді. Жас малға сұлыны тұтас күйінде беруге болады, дегенмен астық тұқымдас дәндерді жаныштап, болмаса жарма түрінде берсе, жақсы қорытады және астықты 6% -ға дейін үнемдеуге мүмкіндік береді. Сұлыны жұмыс атына 6-12 кг, арпаны 6-8 кг, қара бидай, бидайды 3-4 кг, бүршақ тұқымдас дәндерін 2-3 кг беруге болады. Жұмыс атына ірі азықтарды таңертең, жұмыс басталардан кемінде екі сағат бұрын және жұмыстан кейін береді. Түсте дәнді азықтарды, аздаған пішен турамасына араластырып береді. Ауыр жүмыстан кейін қызып келген жұмыс атын суаруға болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |