Реферат тақырып: "Класс абстрактілі тип Класты сипаттау. Объектілерді құру және жою"


Объектіге-бағытталған бағдарламалау



бет5/6
Дата09.10.2023
өлшемі27.01 Kb.
#480189
түріРеферат
1   2   3   4   5   6
Анесов Нұрлыбек реферат 21

Объектіге-бағытталған бағдарламалау— объектілерді қолдану арқылы бағдарламалау парадигмасы, объектілік-бағдарланған архитектурагы пайдаланады. Мәліметтердің әрбір құрылымы тек бір программалық модульде тұруы тиіс. Бұл мәліметтер құрылымындағы өзгерістердің және мәліметтермен орындалатын әрекеттердің оңашалануына кепілдік береді. Мәліметтерге кез келген қатынас құру тек модульді пайдалану арқылы болады. Объектілік-бағдарланған программалау негізгі 3 қасиетімен: инкапсуляцияларымен, мұрагерлігімен және полиморфизмімен сипатталады. Объект ұғымы дәстүрлі Паскаль, Си процедуралық-бейімделген программалау тілдеріне де енгізіледі. Объектіге-бағытталған бағдарламалау – объектілердің көмегімен бағдарламаларды жобалау, жазу. Объектіге -бағытталған бағдарламалаудың негізі болып объект саналады. Объект деп – мәліметтер және олармен жұмыс істеу әдістерінің жиынтығы аталады. Объектілі -бағытталған бағдарлама деп – объектілер және олардың өзара әрекеттесу тәсілдерінің жиынтығы аталады. Объектілі-бағытталған бағдарламалаудың негізгі принциптері:
Полиморфизм;
Инкапсуляция;
Мұрагерлік.
Полиморфизм - бір иерархиядағы объектілер үшін бір атаумен берілген әдістерді қолдану мүмкіндігі.
Инкапсуляция - бір объектілік типте мәліметтерді біріктіру.


Абстрактілеу –объектінің сыртқы ерекшеліктеріне назар аударып, бар тәртіп ерекшеліктерін жоқ тәртіп ерекшеліктерінен бөліп алуға көмектеседі. Абстрактілеудің бірнеше типтері бар. Олар объектілерден бастап нақты пәндік облыстың физикалық объектілерімен сәйкестелетін және шынайы өмірде бола алмайтын объектілермен аяқталатын. Объект элементтерін бір-бірінен бөлетін, оның ұйымдастырылуын және тәртібін анықтайтын процесс инкапсуляция деп аталады Абстракцияның контрактілік элементтерін реализациядан бөлектеу үшін инкапсуляция қолданылады. Көп жағдайда инкапсуляция объектінің сыртқы тәртібіне әсер етпейтін, көрінбейтін ішкі детальдардың қолданылуымен орындалады. Әдетте объектінің ішкі құрылымы және әдістердің іске асырылу реализациясы көрінбейді. Интерфейс – берілген класс объектілерінің ішкі тәртібін көрсетеді.Егер интерфейс сол қалпы қалған болса, бағдарлама бөлігін өзгертпестен класс реализациясын өзгертуге интерфейс көмектеседі. Иерархия “бүтін бөлік” агрегация қатынасын енгізеді. Мысал ретінде “Ұжым – қызметкер” арасындағы қатынасты келтіруге болады. Мұнда бүтін бөлік жай ғана өзінің бөлігінен үлкен болады.Модульділік – ішкі байланыстылыққа жататын, бірақ модульдері өз ішінде әлсіз байланысқан жүйенің қасиеті. Бағдарламаны модульге бөлу оның қиындығын азайтуға көмектеседі. Сонымен қатар модульді бағдарламаның ішінде көптеген жақсы анықталған және құжатталған, бағдарламаны толық түсінуге қажетті интерфейстер жасалады.Объектілі модульді құрғанда жүйені жеке компоненттерге бөлу ұсынылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет