Негізгі бөлім
Сапа басқару объектісі ретінде
Сапаны басқару ― бұл, өнімді ойластырып жасау, өндіру, айналымға салу, эксплуатациялау және тұтыну кезінде оның сапасының қажетті деңгейін орнату, қамтамасыз ету және ұстап отыру; сапаны жүйелі түрде бақылау арқылы және оған әсер ететін жағдайлар мен факторларға мақсаттын таймай ықпал ету арқылы жүзеге асырылады (ГОСТ 15467-79). Сапаны басқару дегеніміз ― тауардың өмірлік циклінің барлық сатыларында (енгізу, өсу, кемелденуі, сұранысты қолдап отыру) өнімнің жоғары сапасын қамтамасыз етуге бағытталған экономикалық, ұйымдастырушылық, техника лық және басқа да іс-шараларды жүргізу.
Қазіргі заман түсінігінде сапаны басқару бойынша іс-әрекет өнім өндіріліп болғаннан кейін тиімді бола аламайды; ол өнім өндіру барысында үздіксіз жүзеге асырылуы, сонымен қатар, өнім өндіру процесінің алдында болуы тиіс.
Сапаны басқару келесі принциптерде құрылады:
¬ нысаналылық ― сапаға қатысты нақты мақсат болуы қажет;
¬ жоспарлылық ― жүзеге асырылуы тиіс сапа саласындағы іс¬шаралар¬ дың жиынтығы жоспарланады;
¬ үздіксіздік;
¬ интенсивтілік ― сапаны жоғарылауы экономика дамуының интен¬ сивті факторларына жатады;
¬ жүйелілік жол табу;
¬ кешенділік ― сапа мәселелерін оның тәуелді болуы мүмкін барлық аспектілерді ескере отырып шешу;
¬ сапаның тұтынушылардың сұраныстарына дәл сәйкес келуіне тырысу;
¬ үнемі жетіліп отыру ― кәсіпорынның бәсекелестік қабілетіне үлес қосады.
Өнім сапасын басқару ― жалпы алғанда өндірісті басқарудың құрам-дас бөлігі, оның қасиеттерінің, функцияларының бірі. Сондықтан ол қолда-ныстағы басқару жүйесінің аясында дамиды және орындалады, сапа сала-сында саясатты жасауда, өнімге деген сұранысты анықтау, өнімді құру, жасау және күтім жасау бойынша нақты және жақсы ұйымдастырылған жұмыста тұжырымдалады. Ғылымның бұл саласы басқарудың жалпы теориясына сәкес «жүйе», «орта», «бағдарлама» және т.б. түсініктерді қолданады.
Сапаға өндірістің негізгі факторлары мен жағдайларынан басқа көптеген кездесоқ, жергілікті және субъектитвік факторлар әсер етеді. Осы факторлардың барлығына ықпал ету, сапаның тиісті деңгейін қолдап отыру үшін басқару жүйесі, яғни өнім құру процесіне үнемі әсер ету шараларының жиынтығы қажет.
Басқарушы және басқармалы жүйелерді ажыратады. Басқармалы жүйе ұйымды, фирманы, басқа да құрылымдарды басқарудың түрлі деңгейлерімен ұсынылған; басқарушы жүйе ― сапа менеджментін құрады және қамтамасыз етеді.
Өнім сапасын басқару мен қамтамасыз етудің негізгі санаттарын қарастырайық. Өнім сапасын басқару мен қамтамасыз ету жүйесі өзара байланысты келесі санаттарға сүйенеді: объект, мақсат, әдістер, функциялар, басқарушы-лық қатынастардың сипаттамалары және басқалар.
Басқару объектісі ― өнімнің сапасы, оның қасиеттерінің жиынтығы немесе олардың бір бөлігі, тобы, өнімнің жеке бір қасиеті. өнімнің сапасын басқаруды тиімді ұйымдастыру үшін басқару объектісі бөіп көрсетіліп қана қойылмай, бүкіл процесті жақсырақ зердеге түйіп, ұйымдастыруға мүмкіндік беретін басқа да санаттар дәл анықталуы тиіс.
Басқару субъектісі ― барлық сатылардағы басқарушы органдар және өнім сапасының жоспарланған деңгейіне қол жеткізуге және қолдап отыруға жауапты тұлғалар.
Басқару мақсаты ― өндіруші мен тұтынушының экономикалық мүдделерін, сонымен қатар, қауіпсіздік пен экологиялылық талаптарын ескерілген өнім сапасының білгілі бір деңгейі мен күйі; сапа қасиеттерінің жиынтығы және тұтыну сипатына сәйкес келетіндей және өндіріс пен тұтынудың тиімділігін, тұтыну үшін жетімді бағаны, қалыпты өзіндік құнды және өнімнің жеткілікті пайдалылығын қамтамасыз ететіндей анықтап белгіленуі, қол жеткізілуі және қамтамасыз етілуі тиіс сапаның деңгейі.
Достарыңызбен бөлісу: |