Рефераты қызылорда, 2012 ж



бет1/2
Дата03.07.2016
өлшемі226.5 Kb.
#174874
түріРеферат
  1   2
ӘОЖ: 628.4.032:628.477:54-116 Қолжазба құқығында


АБИТОВА ЖАННА ҒАЛЫМЖАНҚЫЗЫ
ТҰРМЫСТЫҚ ҚАТТЫ ҚАЛДЫҚТАРДЫ ҚАЙТА ӨҢДЕУ ЖӘНЕ ЖОЮДЫҢ ЖОЛДАРЫ


6М060800 – Экология мамандығы бойынша

жаратылыстану ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін

алу үшін дайындалған диссертацияның

РЕФЕРАТЫ

Қызылорда, 2012 ж

Диссертациялық жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің жаратылыстану факультетінде «Биология, география және экология» кафедрасында орындалды.

Ғылыми жетекші: биология ғылымдарының кандидаты,

аға оқытушы Р.Х. Құрманбаев



Ресми оппоненті: Экология және қоршаған ортаны қорғау

департаментінің директоры т.ғ.к

Ш.Н.Ноғаев

Диссертациялық қорғау 2012 жылдың « » « » сағат « » Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің жаратылыстану факультетінде өтеді. (Мекен-жайы: 120014. Қызылорда қаласы, Амангелді көшесі №66. Оқу ғимараты № 9, аудитория «202»).


Диссертациямен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғылыми-техникалық кітапханасында танысуға болады. (Мекен-жайы: Қызылорда қаласы, К. Бәйсейтова көшесі № )



Мемлекеттік Аттестаттау комиссиясының хатшысы Ж.Ж. Ізбасарова

КІРІСПЕ
Диссертациялық жұмыстың өзектілігі.

Адамзат баласы өзінің бүкіл ғұмырында, тұрмыс тіршілігінде табиғат байлықтарын әр түрлі деңгейде, әр түрлі талаптармен, қолдан келгенінше игере отырып, өзінің қажетін қанағаттандыруға тырысады. Өз қажетін қанағаттандыру «алмақтың салмағы бар» деген қағида бойынша табиғатқа белгілі дәрежеде зиян келтіру, жапа шектірумен қабаттасып отыратынын бүгінде әркім біледі. Адамзат тарапынан табиғатқа әсер ететін осындай зияндардың бірі - қоршаған ортаның тұрмыстық тұтыну қалдықтарымен ластауы.Тұрмыстық қалдықтарды өңдеу мен кәдеге жарату - бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі. Бұл әлемдік деңгейдегі мәселе. Мысалы, Қаныш Сатпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің мәліметі бойынша, Швецияда тұтыну қалдықтарының 25 -ы қайта өңделіп, пайдалануға жіберіледі, Жапонияда ол 30 құрайды, Германияда 35 . Ал, Қазақстанда коммуналдық тұрмыстық қалдықтардың 2,5 -ы ғана кәдеге жаратылып, қалғаны 97,5 -ы компоненттерге бөлінбестен тасымалданып полигондарға немесе Қазақстан Республикасының табиғат қорғау және санитарлық заңнамасының талаптарына сай емес арнаулы орындарда жинақталып, ашық қоқыстарда қордаланады. Нәтижесінде өңірдің экологиялық жағдайының нашарлауына үлкен үлес қосады [1].

Жұмыстың мақсаты: Қоршаған ортаның қатты тұрмыстық қалдықтармен ластануын, қалдықтарды қайта өңдеу және жою жолдарын талдау, негізінде оқып-зерттеу («Ибрайхан и К-ЛТД» ЖШС мысалында).

Зерттеу міндеттері:

Өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтар туралы мәліметтерді жинақтау және оларға талдау жасау;

Тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдеудің әлемдік әдістерімен танысу және оларға талдау жасап, экологиялық тиімдісін анықтау;

Тұрмыстық қалдықтар проблемасын шешу мақсатындағы мемлекет тарапынан жасалып жатқан іс-әрекеттерге талдау жасау;

Қаланың тұрмыстық қатты қалдықтармен ластану дәрежесін бағалау;

Қызылорда қаласындағы қатты тұрмыстық қалдықтарды пайдалану тәжірибесін - «Ибрайхан и К-ЛТД» ЖШС-нің тұрмыстық қатты қалдықтарды кәдеге жарату және жою жолдарына талдау жасау негізінде қарастыру;

Қызылорда қалалық тұрмыстық қатты қалдықтарды орналастыру полигонына қоршаған ортаны ластаушы көз ретінде сипаттама беру;

Полигон айналасындағы санитарлық қорғау аймағының ауасы, суы және топырағының құрамына зертханалық талдау жасау;

Қаланың тұрмыстық қалдықтармен ластануын азайтуға арналған іс-шараларды ұсыну.

Зерттеу нысаны. Қызылорда қалалық тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдеу, кәдеге жарату және орналастырумен айналысатын «Ибрайхан и К-ЛТД» ЖШС.

Зерттеудің теориялық және әдістемелік негіздері:

Экология оқулықтарына, ғаламтор-қорларына, тұрмыстық қалдықтар проблемасына байланысты мемлекеттік, облыстық бағдарламаларға талдау жасау;

«Ибрайхан и К-ЛТД» ЖШС-нің атқаратын қызметі мен тұрмыстық қалдықтарды орналастыру тәжірибесімен танысу;

«Ибрайхан и К-ЛТД» ЖШС-нің тұрмыстық қалдықтарды орналастыру полигоны айналасындағы санитарлық қорғау аймағының топырағы, атмосфералық ауасы мен су көздерінің сапасына зертханалық талдау жасау негізінде тұрмыстық қалдықтардың зияндарын белгілеу.

Ғылыми зерттеудің жаңалығы.

Тұрмыстық қалдықтарды жоюдың бір жолы қалдықтарды полигондарға орналастыру әдісінің экологиялық зияндары анықталды.

Полигонның айналасы мен қала ішінде ретсіз жатқан қалдықтардың қоршаған ортаға зияндары бірдей екені тұжырымдалды.

Жұмыстың практикалық құндылығы. Тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдеу (кәдеге жарату) және жоюдың әр түрлі жолдары туралы материалдар жинақталып, жүйеленді. Тұрмыстық қатты қалдықтар орналастырылатын полигондардың санитарлық қорғау аймағының ауасы, суы және топырағының құрамы анықталып, қала ішіндегі үйінділердің айналасында да осындай жағдайдың қалыптасу мүмкіндігі жоғары болатыны тұжырымдалды.

Қорғауға ұсынылатын нәтижелер мен тұжырымдар:

1. Тұрмыстық қалдықтарды жоюдың бір жолы қалдықтарды полигондарға орналастыру әдісінің экологиялық зияндары анықталуы.

Полигонның айналасы мен қала ішінде ретсіз жатқан қалдықтардың қоршаған ортаға зияндары бірдей екені жөніндегі тұжырымдама.

Зерттеудің сынақтан өтуі. Зерттеу нәтижелері «Биология, география және экология» кафедрасының кеңейтілген мәжілісінде тыңдалды.

Автордың жеке үлесі. Мәселенің қойылуы мен оның шешімі, барлық эксперименттік жұмыстар мен алынған нәтижелерді талдау және материалдарды ғылыми мақалалар мен тезистер түрінде дайындау автордың тікелей қатысуымен орындалды.

Жариялымдар. Диссертация материалы бойынша 2 мақала жарияланды.

Жұмыстың құрылымы. Диссертация кіріспеден, 4 тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен құралады. Жұмыс 16 сурет, 20 кестеден жинақталған. Жұмыстың жалпы көлемі 95 бет, пайдаланылған әдебиеттер саны75.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Тұрмыстық қалдықтармен ластану және олардың қоршаған ортаға әсері

Тұрмыстық қалдықтардың жинақталуы – экологиялық мәселе

Адам баласының кез келген шаруашылық және тұрмыстық іс-әрекеті әр түрлі қалдықтармен биосфераны ластайды. Бұл өз кезегінде халықтың денсаулығы мен өміріне, флора мен фауна түрлерінің жойылуына, қоршаған ортадағы тепе-теңдіктің бұзылуына әкеліп соғады. Сондықтан қалдықтарды жинау, жою, зинсыздандыру, өңдеу және пайдалану – қоршаған ортаны қорғаудың басты мәселелерінің бірі [1.

Қалдықтар шығаратын негізгі көздерге өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, үй-жай шаруашылығы жатады. Үй-жай шаруашылығының қалдықтарына пайдалануда болған және тозған, өзінің тұтыну қасиетін жойған бұйымдар мен материалдар жатады. Тұрмыстық қалдықтардың тағы бір түрі – тамақ қалдықтары. Бұл қалдықтар тұрмыста тасталынады. Тамақ қалдықтарының қауіптілігі олардың түрленуіне байланысты.

Қалдықтарды пайдалану құны және олардың шикізат ретіндегі бағасы жоғарылаған кезде, рыногқа ірі жеке компаниялар тартылған. Мұндай компаниялар елді мекендерден алшақ орналасқан, құнды емес, яғни құнарсыз арзан жерлерді қалдықтарды көмуге пайдаланады. Өйткені, олар тасымалдау және орналастыру шығынын көтеруге қабілетті болып келеді.

Қазіргі таңда облыстарда өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтардың статистикалық есебі ғана алынып отырған жағдайы бар. Ешбір облыста қалдықтардың кадастры жүргізілмейді. Қалдықтардың көлемі мен құрамы және олардың алып жатқан ауданы жөнінде дәл мәліметтің болмауы мәселенің шешімін қиындатады. Сондықтан да болса керек Республика бойынша тұрмыстық қалдықтардың жинақталуы жөніндегі статистикалық мәліметтер әр БАҚ-да, ғаламторда әр түрлі. Қалдықтарды басқаруды жолға қою ең алдымен оларды инвентаризациялаудан басталады.

Еліміздегі жыл сайын түзілетін ТҚҚ -дың жалпы көлемі 13,9-15 миллион м3 деп бағаланады. Ірі қалаларда (тұрғындар саны шамамен 500 мың) жинақталатын қалдықтардың орташа мәні соңғы уақытқа дейін жан басына шаққанда 1,3-тен 2,2 м3 аралығында болса, дамыған елдерде бұл мән 0,3-тен 0,6 м3 аралығында ауытқиды. Қазақстанда ТҚҚ-ды зиянсыздандырудың бір ғана түрі - полигондарға орналастыру қолданылады. Республикада қалдықтардың жалпы көлемінің тек 5 кәдеге жаратылады не жағылады. Полигондардың кейбіреуінің арнайы рұқсаты бар, десе де олардың көбісінің тіпті жобада жоқ және экологиялық-санитарлық талаптарға сай емес екені, оларда ТҚҚ-ды көму және орналастыру кезінде технологиялық ережелердің сақталмайтыны анықталған. Орналастыру жүйесінің көрсететін қызметі бар болғаны әкелінген қоқысты трактор техникасы көмегімен тығыздау ғана. Нәтижесінде жел тұрғанда қоқыстар құрамындағы жеңіл компоненттер үйіндіден кез келген мүмкін қашықтыққа еркін ұшып шыға алады.

Қазіргі таңда ҚР Үкіметінде «Тұрғын үй, коммуналды шаруашылық туралы» заңның жобасы жасалды. Заң жобасын талқылау және оған ұсыныстар мен өзгерістер енгізу мақсатында «Тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық Агенттігінің» жанынан тәуелсіз комиссия құрылды. Комиссия жобаны талқылау үшін 2010 жылы 25 наурыз күні семинар-форум ұйымдастырды. Семинар-форум Қызылорда қаласында өтті. Семинар-форум Қазақстанда алғаш рет ТҚҚ-ды басқару саласында жұмыс атқаратын кәсіпорындары өкілдерінің басын қосты. Семинар форумға қатысушылар Қазақстандағы қалдықтарды басқаруды жүргізу мен дамыту, қалдықтарды жинау мен өңдеу және осы бағытта жұмыс атқаратын кәсіпорындардың республикалық ассоциациясын құру жөнінде ұсыныстар жасады.

Тұрмыстық қалдықтардың топтастырылуы

Тұрмыстық қалдықтардың қоршаған ортаға зиянды әсерін азайту немесе болдырмау үшін оларды міндетті түрде жіктеуге, топтастыруға тура келеді. Тұрмыстық қалдықтарды жіктеу және топтастыру аса күрделі де қиын мәселе. Қалдықтарды ең алдымен агрегаттық күйлеріне байланысты топтастыруға болады. Бұл кәдімгі қатты, сұйық және газ тәрізді деп жіктеу болып табылады. Сонан соң қалдықтар химиялық құрамына қарай органикалық және бейорганикалық деп бөлінеді. Қалдықтарды жалпы жіктеу 2 суретте көрсетілген [1-3].

Тұрмыстық қалдықтар



Газ тәрізді Қатты Сұйық



Органикалық бейорганикалық



Зиянды Зиянсыз





Пайдаға асырылатын Пайдаға асырылмайтын


Жанатын Жанатын Жанбайтын Жанбайтын

қатты сұйық қатты сұйық
2-сурет. Тұрмыстық қалдықтардың жалпы жіктелуі.

Тұрмыстық қалдықтар пайдаға асырылатын және пайдаға асырылмайтын болып бөлінеді. Пайдаға асырылатын және асырылмайтын қатты және сұйық қалдықтар жанатын және жанбайтын топтарға бөлінеді.

Жанбайтын пайдаға асырылатын қалдықтарға үй-жайды жөндеуден өткізу кезінде түзілетін қоқыстар, ыдыс-аяқтардың сынықтары, т.б. жатқызуға болады. Ыдыс-аяқ сынықтарын құрылыс материалдары ретінде, яғни қабырғаларға мозаика түрінде жапыстыруға, есік алдын, үй іргетасын әрлегенде пайдаланып жатады. Ал, мүлде пайдалануға жарамайтындары көмуге жіберіледі.

Жанатын пайдаға асырылатын қалдықтарға ағаш қалдықтарын, қағаз қалдықтары – макулатураны, құрамында резеңкесі бар қалдықтарды, түрлі майлар мен еріткіштерді жатқызуға болады. Бұл қалдықтарды зиянсыз түрге айналдыру үшін камералық цехтарда жағады. Бөлініп шыққан жылуды өндірістік айналымдарда немесе жанбайтын қалдықтарды зиянсыздандыру үшін пайдаланады. Ал жағу үдерісінің нәтижесінде шыққан қалдықтар көмуге жіберіледі. Кейбір қалдықтарды көму алдында жағу арқылы көлемін кішірейтуге болады.

Улы қалдықтарды көму, сақтау, жинақтау, тасымалдау туралы шешім қабылдау үшін олардың қауіптілік (уыттылық) сыныбын негізге алу маңызды. Қалдықтар уыттылық сыныбы мен қоршаған ортаға келтіретін зиянына байланысты үш топқа бөлінеді:

Ұзақ мерзімге сақтауға болмайтын қалдықтар;

Сақтау көлемі мен мерзімі шектелген қалдықтар,

Үш жылға дейінгі ұзақ мерзімге сақтауға рұқсат етілген қалдықтар.

Ұзақ мерзімге сақтауға болмайтын қалдықтардың уыттылық сыныбы жоғары болады.

Тұрмыстық қоқыстар мен қалдықтарды негізгі түрлері келесі түрде топтастырылады [5]:

• тамақ қалдықтары;

• макулатура;

• консерві қалбырлары;

• фольга;

• металл сынықтары;

• шыны ыдыстар;

• хлоры жоқ пластмасса заттар;

• хлоры бар пластмасса заттар;

• батарейкалар.

Бүгінгі күні тұрмыстық тұтыну қалдықтарына қолданыстан шығып қалған электронды-сәулелік түтікшелер негізінде жұмыс істейтін компьютерлер, телевизорлар және ұялы телефондар, түрлі салқындатқыштар сияқты т.б. электр құралдары жатады. Осы электр құралдарының компоненттері қоршаған ортаға салыстырмалы түрде көп зиян келтіреді. Мысалы, дербес компьютердің бөлшектерінде болатын қауіпті компоненттер:

• электронды-сәулелік түтікшеде болатын қорғасын;

• ескі электронды-сәулелік түтікшелерде болатын мышьяк;

• сурьманың үш тотығы өртке қауіптілікті күшейтеді;

• пластикпен қапталған бөліктер мен кабельдер өртке қауіпті;

• түзеткіштер сұлбасындағы селен;

• жартылай өткізгіштер және басып шығаратын құрылғыдағы кадмий;

• магниттік қасиеті бар кобальт;

• ауыстырып-қосқыштардағы сынап;

• металдарды тотығудан сақтайтын хром.

Қорғасын, мышьяк, сурьма, кадмий, кобальт, сынап, хром және пластиктердің адам денсаулығына және қоршаған ортаға зияны көп. Сондай-ақ көптеген ұйымдарда әлі күнге электронды-сәулелік түтікше негізінде жұмыс істейтін компьютерлер бар. Олар қолданыстан шыққан күннің өзінде жұмыс бөлмесінде сақталып тұрған жағдайлар да кездесіп жатады.

ТҚҚ-дың құрамында болатын қалдықтар:

• Макулатура;

• Медициналық қалдықтар;

• Істен шыққан құрал-жабдықтар;

• Қолданыстан шығып қалған аккумуляторлар мен қоректену элементтері;

• Ағаш қалдықтары;

• Мұнай өнімдерінің қалдықтары;

• Азық-түлік өндірістерінің қалдықтары;

• Полимер қалдықтар, пластмассалар;

Өндірістік қалдықтар;

• Радиоактивті қалдықтар;

• Шыны сынықтары мен қалдықтары;

Құрылыс қалдықтары,

• Тоқыма қалдықтары және тері;

• Түсті металл сынықтары;

• Қара металл сынықтары;

• Дөңгелектер мен резеңке қалдықтар;

• Электрондық сынықтар.

ТҚҚ-дың құрамында болатын заттардың анағұрлым тиімді әрі толық топтастырылуы осы сияқты. Мұнда жоғарыда айтылған электр құралдарының қалдықтары бір ғана атаумен, яғни электрондық сынықтар деп берілген.

Тұрмыстық тұтыну қалдықтарының ішінде гигиеналық мақсаттарда пайдаланылатын заттардың қалдықтары да қоршаған ортаға және адам денсаулығына зиянды әсер етеді.

Гигиеналық қалдықтар:

• Памперстер;

• Төсемдер;

• Тампондар;

• Мақтасы бар таяқшалар;

• Гигиеналық ылғал майлықтар.

Гигиеналық қалдықтардың құрамында болатын химиялық заттар:

Трибутилен (tributyltin);

Толуол (toluene);

Ксилол;

Стирол (styrene);

Этилбензол (ethylbenzen);

Изопропилбензол (isopropylbenzen);

Полиакрилат.

Барлық түзілетін қалдықтарды мамандардың өз бетінше топтастыруы қарастырылды. Дегенмен, ҚР-ның Қоршаған Ортаны Қорғау Министрлігі қалдықтардың толық сыныптамасын жасап, пайдалануға ұсынды.

Қалдықтар сыныптамасы ҚР Қоршаған Ортаны Қорғау Министрінің 2007 жылғы 31 мамырдағы №169-ө бұйрығы, Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде 2007 жылы 2 шілдеде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №4775 болып енгізілді.

Сыныптама ҚР-ның Экологиялық кодексінің 17 бабының 29 тармақшасына сәйкес дайындалған және бекітілген.

Қауіпті қалдықтардың трансшекаралық тасымалдануын және оларды тасымалдау, кәдеге жарату, сақтау және көму мақсаттары үшін аластауды бақылау туралы Базель конвенциясына сәйкес қалдықтар қауіптілігінің 3 деңгейі белгіленді. Олар:

1. Жасыл – индекс G;

2. Янтарь түсті - индекс A;

3. Қызыл түсті – индекс R.

Қалдықтарды сыныптау, қалдықтарды дәйекті түрде қарау мен олардың басты белгілерін айқындауға негізделеді.

Зерттеу нысаны және әдістері

«Ибрайхан и К-ЛТД» ЖШС 1998 жылы 13 наурызда құрылған. Компанияның Бас директоры Мұсабаев И.М. 2008 жылдың желтоқсан айынан бері компания халықты экологиялық сауаттандыру мақсатында «Табиғат тынысы» деп аталатын экологиялық газет шығарады. 2009 жылдың маусым айынан бері жергілікті теледидар арқылы «Табиғат тынысы» хабарын жүргізіп келеді [50, 51].

Компания негізінен тұрмыстық және өнеркәсіптік қатты қалдықтарды кәдеге жаратумен және полимер қалдықтарды өңдеумен айналысады. 2004 жылдан бері полимер-құм шатыр қаптағыш, тротуарға арналған плиталар (тақталар) жасайды және қағаз-картон қалдықтарын өңдейді. 2006 жылдан бастап мұнай қалдықтарын (мұнай қоймаларының мұнай шламдары, механикалық өндіріс қалдықтарын) өңдеп, тауарлық өнім ретінде брикеттелген қатты және сұйық отын дайындайды. Компания еңбегінің бірі бұрғылау шламдары мен резеңке қалдықтарын өңдеу. Бұрғылау шламы сөндірілген әктас қосылып, одан әрі күріш қауызы қосылған құрылыс материалы - сазды блок дайындау арқылы залалсыздандырылады. Сазды блок дайындау солидификация әдісімен жүзеге асырылады. Сондай-ақ, серіктестік пластмасса ыдыстарды престеп жинақтайды да, тиісті жерлерге жөнелтіп отырады.

Бүгінгі таңда компания автоқақпақтақтарды кәдеге жарату мақсатында тәжірибелік жұмыстар жүргізіп жатыр. Атап айтқанда, автоқақпақтардан төменгі температурадағы пиролиз әдісімен көмірсутекті конденсат (КСК) алу арқылы пешке жағылатын сұйық отын дайындау және резеңке қақпақтарды тротуар плиткалар дайындау үшін пайдалану.

«Ибрайхан и К-ЛТД» ЖШС 2008 жылдан бері ТҚҚ-ды морфологиялық құрылымына қарай бөлек жинауды ұйымдастырады. Бөлек жинау үшін SSI SCHAFER (Германия) контейнерлері, ал тасымалдау үшін арнайы МАN қоқыс тасығыш машиналарын пайдаланады. ТҚҚ-ды бөлек жинау тәжірибесі әзірге неміс контейнерлерін сатып алуға мүмкіндігі бар жеке фирмаларда ғана жолға қойылған. Тұрғын үй секторы бұл мәселе бойынша қамтылмаған.

Мейрамханалар мен кафелер:

«Арбат» мейрамханасы, «Бәйтерек» кешені, «Алладин» кафесі, «Керуен» түнгі клубы, «Астана» рестораны, «Қыз-Жібек» мейрамханасы, «Сарыарқа» мейрамханасы, «Байқоңыр» мейрамханасы, «Олимп» кафесі, «Каир» түнгі клубы, «Ақниет» кешені, «Жақсылық» кафесі», «Альбион» мейрамханасы, «Мимино» кафесі, «Шейх и S» мейрамханасы және т.б.;

Дүкендер:

«Маржан» дүкені, «Нұрбақыт» дүкені, «Ақниет» сауда орталығы, «Азиз» дүкені;

Жеке секторлар:

«Дүйсенов», «Құттыхожаев», ЧЛ «Атабаев», ЧЛ «Ерназаров», ЧЛ «Дуйсенов», ЧЛ «Илясов», «Мұстафаев», ЧЛ «Чегай», ЧЛ «Қадыров С» , «Қайырбекова А», «Жубатханов М», ЧЛ «Турманбетова К», ЧЛ «Бегімбаев», ЧЛ «Боданов», ЧЛ «Аймаганбетова», ЧЛ «Калымбетова» ЧЛ «Жуманов», ЧЛ «Ерназаров», ЧЛ «Алибеков», «Каиырбаев» ЧЛ «Кушеров», «Байсакалов» және т.б. Барлығы – 35.

Тұрғын үй секторы:

«Белкөл» қыстағы.

Осы тұрмыстық тұтыну қоқыс-қалдықтарын бөлек жинау тәжірибесі алдағы уақытта тұрғын үй секторын қамтитын болса, нұр үстіне нұр болар еді. Мұндай кең ауқымды жұмысты атқару үшін «Ибрайхан и К-ЛТД» ЖШС-не жергілікті әкімшілік тарапынан қолдау керегі анық.

Қоқыс қалдықтарымен жұмыс бойынша кез-келген интегралды жоспар негізін қалыптастырады. Қалдықтарды өндеудің бірде-бір нұсқасы өздігінен жұмыс істей алмайды. Бүкіл дүниежүзінде қатты қалдықтардың көбі қоқысқа лақтырылады, Ұлыбритания, Ирландия, Финляндия, Португалия сияқты мемлекеттерде қатты қалдықтарды жинау пайызы 83 % және 100 % арасында құбылып тұрады. Қоқыстар орыны қалдықтардың типі бойынша анықталады.

Қоқыстарды үш типке бөлуге болады:

Қауіпті қалдықтар қоқсығы;

Қала қалдықтарының қоқсығы;

Инертті қалдықтарының қоқсығы.

Сондай-ақ, қоқсықтарды басқарудың төрт санатқа бөлуге болады:

Қалдықтар тасталатын бақылаусыз орын. Қазіргі уақытта көптеген мемлекеттерде қалдықтарды тастаудың осындай орны бар.

Жалпы герметизация. Бұл санат бөлектеуші қабаттың зиянды заттарды қоршаған ортаға өткізбеушілік қасиетімен ерекшеленеді. Бұл санат соңғы жылдары көп жағдайда қамтамассыз етілмейді, себебі қоқыс герметизациясы қалдықтардың ыдырау үрдісін баяулатып, қоқыстың зиян келтіру мерзімін ұзартады екен [8].

Сүзіндіні бақылаумен герметизациялау. Бұл тұнбаның бір бөлігі қалдықтарға еніп, пайда болатын сүзіндінің артық бөлігі жиналып, аластатылады.

Қалдықтар тасталатын, бақыланатын орны. Бұл бағыт қалдықтардың жинақталу орны – полигондар болып саналады, онда инертті материалдардың маңызы зор.

Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинақтау, оны жою, өңдеу өте күрделі және өзекті мәселе.

- табиғат пайдаланушылардың қалдықтарды есепке алу, өңдеу және залалсыздандыру жұмысындағы жеке жауапкершілігін күшейту, әрі шығарылатын қалдық мөлшерін азайту шараларын енгізуді талап ету;
- барлық елді мекенде 2-ші санаттағы қалдықтарды түр-түрімен сұрыптап жинақтау жүйесін енгізу;


- қалдықтарды залалсыздандыру мақсатындағы инфражүйелер мен өндірістік қуатты дамыту, өндірісте пайдаланылған үлкен қалдықтарды екінші қайтара игеруді жүзеге асыру.

Осы ұсыныстар толық жүзеге асатын болса қалдықтарды игеру мәселесінде бір қатар жұмыстар орынды шешімін табар еді.

ТҚҚ-ды түгендеу жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде 2011 жылы Қызылорда облысы бойынша 100,9 мың тонна ТҚҚ жинақталғаны белгілі болды [1].

Елді мекендер әкімшіліктерінің жанынан қалдықтар айналымын реттеу және көғалдандыру жұмыстарын атқару үшін құрылған Селолық тұтыну кооперативтері (бұдан әрі – СТҚ) толық жұмыс істемеуі себебінен, елді мекендердің ішінде заңсыз қалдық үйінділері құралып, жер қорларының ластануына жол беріліп жатқаны белгілі. Аудандардағы елді мекендерді контейнерлермен қамтамасыз ету, қалдықтарды арнаулы орындарға тасымалдау өз дәрежесінде жүргізілмей, тұтыну қалдықтарын құрамына қарай бөлек жинау, олардың пайдалы бөлігін кәдеге асыру жұмыстары назардан тыс қалуда.

Қалдықтарды басқаруға (елді мекен көшелері, алаңдарын тазартуға және қалдықтарды шығаруға) бөлінетін бюджет Қызылорда қаласы және аудан орталықтарындағы жергілікті атқарушы орган қаржысы есебінен құралады (қалалық және аудандық бюджет) және маслихатпен бекітіледі.

Көп қабатты тұрғын үй секторы және жеке тұрғын үйлер cекторынан қалдықтарды шығару қызметі тұрғындардың өз жеке қаражаттары есебінен орындалады.

Кәсіпорындар және коммерциялық құрылымдардан қалдықтарды шығару өз қаражаттары есебінен қаржыландырылады.

Қалдықтарды шығарушы мекемелер (бұдан әрі – ҚШМ) конкурстық негізде алынады (мемлекеттік сатып алу заңына сәйкес тендерлер өткізу арқылы). Қалдық шығарушы мекемелердің санитарлық тазалық жұмыстарын нәтижелі ұйымдастыру мақсатында Қызылорда қаласының аумағы 22 секторға бөлінген. Қала аумағын секторларға бөлгенде келесі факторлар ескерілген – сектор ауданы, көшелердің ұзындығы, халықтың тығыздығы, секторда орналасқан жеке кәсіпкерлік нысандарының саны, парктер мен аллеялар саны және сектордан полигонга дейінгі арақашықтық.

Қазіргі таңда қаладағы 22 секторда 8 кәсіпорын санитарлық тазалықпен айналысса, оның 1 мемлекеттік қазыналық кәсіпорын, ал қалған 7 жеке кәсіпкерлік субъектілері. Десе де, облыста ТҚҚ санитарлық және экологиялық талаптарға сай келмейтін арнайы бөлінген жерлерге тасталуда.

Санитарлық тазалықта пайдаланылатын негізгі техника паркі жақын және алыс шет елдердің қалдық тасымалдайтын жүк көтерімділігі орташа және үлкен арнайы автокөлік құралдарынан тұрады. Сонымен қатар, қалдықтарды бөлек жинау және шығару үшін жүк көтерімділігі кіші және орташа автокөліктер де пайдаланылуда. Бір секторға белгіленген автокөлік құралдарының штаттық саны 4 және одан көп болуы мүмкін.

Бөлек жиналған қалдықтарды шығару келісім-шарт негізінде жеке тұрғын үй секторынан және заңды тұлғалардан (кафе, мейрамхана, магазин, офис) орындалады және басты шарт ТҚҚ бөлек жинау технологиясы сақталуы тиіс.

Компания аймақтың климаттық ерекшеліктерін ескере және мониторингтік зерттеу қорытындылары негізге ала және өркениетті елдер тәжірибесіне сүйене отырып, алдыңғы қатарлы бағдарлама қалдықтарды жер асты контейнерлерінде бөлек жинау және шығару жұмысын жүзеге асыруда.

Жер асты контейнерлері жүйесі батыс Еуропа елдерінде кеңінен таралған. Жер асты контейнері – бұл қалдықтарды жинау мен шығарудың инновациялық жүйесі [2].

Контейнерлер арнайы алаңшаларда, тұрғын үй мен әкімшілік ғимарат маңына, парктер, скверлер, демалыс аймағында, жағажайда және т.б. жерлерде орнатыла береді. Бұл контейнерлер сиымдылығы жер бетінде тұрған контейнерлерден 3-5 есеге дейін үлкен және қызмет ету мерзімі 5 есе жоғары. Бірақ ең басты артықшылығы аталмыш контейнерлер көмегімен қалдықтарды жинаудың сұрыпты жүйесіне (бөлек жинау) көшуге мүмкіндік беретіні. Яғни, қағаз, шыны, пластик және органикалық қалдықтар бөлек контейнерлерде жинақталады. Конструкциялық сыртқы пішіні квадрат, призмалы және цилидрлі болып келеді. Квадрат және призма тәрізді контейнерлер сыйымдылығы 2,5...4,5 м3 болса, цилиндрлі контейнерлер сыйымдылығы 1,2 ...2,5 м3 аралығында. Квадрат және призма тәрізді контейнерлер жер астына арнайы дайындалған темір немесе бетоннан жасалған қораптың ішіне орнатылады. Ал цилиндрлі контейнердің іші толған кезде ауыстыра салатын полиэтилен немесе басқа мата материалдарынан тігілген қаптар орнатылады.

Қалада 2010 жылдың қаңтар айынан бүгінгі күнге дейін ТҚҚ жинау мен шығаруға арналған жер асты контейнерлері 30 орынға орнатылған. Қалдықтарды бөлек жинау қаладағы 35 кафе мен мейрамханада, жеке тұрғын үйлерде – 1300 контейнер қойылған (бұл істің ауқымын кеңейту бағытындағы жұмыс тұрақты түрде жүргізілуде), сонымен бірге ірі мұнай және уран өндіруші компаниялар секторында атқарылуда.

Қалдықтарды жинау екі әдіспен орындалады – қалдықтарды жинау мен сұрыптау екі жер үсті контейнерімен және қалдықтарды жер асты контейнерінде морфологиялық құрамы бойынша бөлек жинау.

Бөлек жинау технологиясы бойынша ТҚҚ морфологиялық құрамына қарай екі контейнерге бөлінеді. Бірінші контейнерге қайта пайдалануға жарайтын шикізат ретіндегі қалдықтар бұл – макалатура, полимер композициялық қалдықтар, шыны, темір, қаңылтыр жиналса, ал екінші контейнерге қоқыс қалдығы жиналады.

ТҚҚ-ды бөлек жинау және шығаруға арналған жер асты контейнерлерінің технологиялық сұлбасы 16-суретте көрсетілген.

Кәсіпорынның қоршаған ортаны ластаушы көз ретіндегі сипаттамасы

«Ибрайхан и К-ЛТД» ЖШС полигоны Қызылорданың оңтүстік батысына қарай 20 км қашықтықта» Самара-Шымкент» трассасынан батысқа қарай 1,2 км жерде орналасқан. Жерінің жалпы ауданы 10 га; соның ішінде 6,565 га – қалдықтарды көму учаскесі, 1,232 га – шаруашылық аймағы, 0,848 га – жасыл аймақ, автожол – 0,450 га,

25 жыл пайдалануға берілген, 533,33 мың м3 қатты тұрмыстық қалдықты орналастыруға мүмкіндігі бар.

Әрқайсының ауданы 2,2 га болатын жоспар бойынша ауданы 255х258 м қалдықтарды орналастыруға арналған учаскелер ұйымдастырылған.

Қалдықтарды орналастыруға арналған орындардың биіктік бойынша ені 47 м, ұзындығы – 82 м, жиектері -1:3.

ТҚҚ әкелінгеннен кейін орындалатын жұмыстар:

Автотаразыларда қоқыс тасымалдаушыларды өлшеу;

Диспетчер көмегімен белгіленген учаскеге түсіру;

Диспетчер көмекшісі «қалдықтардың полигонға орналастыруға болатын, болмайтынын анықтау» мақсатында қоқыстарды көзбен шолып шығады.

Қоқыс тасымалдағыш машинаны дезинфекциялау;

ТҚҚ қайта өңдеу;

Қайта өңдеуге жатпайтын түрлерді көму.

Қызылорда қаласы бойынша тұрмыстық қалдықтармен ластану жоғары мөлшерде. Тұрақты және уақытша сақталатын тұрмыстық қатты қалдықтармен ортаның ластану дәрежесін бағалау бойынша жүргізілген жұмыстар (ведомстволық бағынушылық және меншік түріне қарамастан):

- Қызылорда қаласы топырағы мен атмосфералық ауасының ластануына ТҚҚ әсерін белгілеу;

- ТҚҚ полигоны орналасқан жердің қоршаған ортаға әсерін анықтау:

Аталған жұмыстарды орындау үшін ең алдымен ТҚҚ полигоны орналасқан жердегі қалдықтардың сипаттамасы анықтауда ескерілетін мәселелер:

полигон құрылысын салу және пайдалану барысында оның қоршаған ортаға келтіретін геоморфологиялық өзгерістері;

жинақталған өнімдердің ыдыруы нәтижесінде қоршаған ортаға келтіретін геохимиялық өзгерістері;

апаттық жағдайлардың күтілу қауіпі.

Полигон орналасқан аудан топырағының деградациялану дәрежесі және полигон қалдықтарының оның құрылысына әсері, өсу жамылғысы түр құрамының өзгеруі;

ТҚҚ полигонынан шаңдану көлемі және бұл құбылыстың іргелес жатқан аумағына және ТҚҚ полигонына әсер ету дәрежесі;

ТҚҚ полигоны қалдықтарының әсерінен жерасты суларының химиялық құрамының өзгеруі;

Полигон территориясынан ағатын жоғарғы қабаттағы сулардың химиялық құрамын бағалау және олардың жақын орналасқан су объектілеріне әсері (өзен, көл және т.б.)

Жалпы алаңның қоршаған ортаға әсерін бағалау мониторингісі бойынша: атмосфералық ауа, қар жамылғысы, сондай-ақ топырақ жамылғысын байқайды.

Атмосфераға келіп түскен қалдықтардың жанама әсерін бағалау үшін қар сынамалары таңдап алынады. Сынамалар қар жамылғысының барлық қалыңдығын жамылған шурф тереңдігінен таңдалады. Қар жамылғысынан сынама таңдау уақыты – қыс мерзімінің соңы. Қоқысты орналастыру ауданындағы қар жамылығысының құрамына химиялық талдау жасалды.

Фонды концентрация және мәдени-тұрмыстық қолдануға, шаруашылықта ішуге арналған су көздері үшін ЗЖЖК нормалау заттарымен кестедегі берілгендерді салыстыру нормаланатын ластаушы заттардың құрамы ЗЖЖК артық емес екені туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Жоғарыда берілгендерді талдай отырып, қар жамылғысының жиналу мерзімінде қоқсық Өскемен қаласының тұрмыстық қалдықтар қоқсығының СҚА атмосфера ауасын ластауға әсерін тигізбейтінін көруге болады.

Атмосфералық ауаны байқау. Атмосфера ауасының сынақтарын таңдау ГОСТ 17.2.3.01-77, ГОСТ 17.2.4.02-81 сәйкес жүзеге асырылды (СҚБ контуры және басыңқы жел бағыты румбтарының қиылысында орналасқан нүктелерде жүзеге асырылады, бірақ ол бекет пен бекеттен 500 м артық емес).

Бұл қорытынды бойынша ТҚҚ полигонының санитарлық қорғау белдемінен бақыланған ауа құрамындағы ластаушы заттар ШРК сәкес келеді деуге болады.

Топырақ жамылғысы. Қоқыс орналасқан ауданда оның жағдайын бағалау үшін топырақ жамылғысының химиялық талдауы 2012 жылы «Ибрайхан и К-ЛТД» ЖШС химиялық талдаулар және өнеркәсіптік экология зертханасында іске асырылды. Сынақтарды таңдау сүзгі-жер сулары қозғалысының бағыты бойынша жел векторының бойымен орналасқан сынақ алаңшаларында жүзеге сырылады екен. Топырақ біртекті өсу жамылғысы мен әр-түрлі негізгі топырақ шектерінде таңдалған ауданы 1010 м алаңшада таңдалады. Топырақ сынағын таңдау схемасы қосымшаға алынған. Тұрмыстық қалдықтарды жинаушы санитарлық-қорғау аймағының шекарасында таңдап алынған топырақ сынамаларның химиялық талдау нәтижелері 16-20-кестелерде көрсетілген.

16-кесте. Тұрмыстық қалдықтар жиналған орынның СҚБ шекарасындағы атмосфералық ауаны ластаушы заттар құрылымы

Заттардың атауы

т.1

т.2

т.3

т.4

Орташа мәні

ПДК

мг/м


Қосылыстар

0,28

0,32

0,21

0,3

0,2775

0,5

Аммиак

0,1

0,08

0,07

0,1

0,0875

0,2

Көміртегі оксиді

2,8

1,9

2,1

2,9

2,425

5,0

Азоттың қостотығы

0,035

0,074

0,062

0,055

0,0565

0,085

Сынап

а/д

а/д

а/д

а/д

а/д

0,0003

Фенол

а/д

а/д

а/д

а/д

а/д

0,01

Формальдегид

а/д

а/д

а/д

а/д

а/д

0,035



17-кесте. Тұрмыстық қалдықтар орналасқан ауданда топырақ жамылғысын зерттеу нәтижелері (жалпы құрамы, мг/кг).

Заттардың атауы

т.1

т.2

т.3

т.4

фон

орташа

Қорғасын

100,0

67,0

140,0

180,0

70,0

121,75

Мыс

100,0

57,0

104,0

80,0

36,0

94,25

Мырыш

460,0

200,0

192,0

270,0

200,0

280,5

Кадмий

0,9

1,2

0,8

0,6

0,5

0,875

Мышьяк

5,1

3,5

9,0

5,8

5,5

5,85

Сынап

1,3

0,3

0,7

1,2

0,7

0,875

Мұнай өнімдері

250,0

212,0

137,0

222,0

211,0

205,25


Топырақты ластаушы заттардың фондық концентрациясы және ШРК-мен, өндірістік мониторинг бағдарламасына сай, топырақ жамылғысын зерттеу нәтижесінде алынған берілгендердің аналитикалық талдауын салыстыру келесі ластаушы заттардың ШРК және фондық концентрациясының артатынын көрсетеді: қорғасын - 1,62 есе.

18-кесте. Тұрмыстық қалдықтар орналасқан ауданда топырақ жамылғысын зерттеу нәтижелері (қышқыл еріту формалары, мг/кг).

Заттардың атауы

т.1

т.2

т.3

т.4

фон

орташа

Қорғасын

60,0

26,0

80,0

110,0

20,0

69,0

Мыс

33,0

22,0

28,0

30,0

26,0

28,25

Мырыш

147,0

64,0

71,0

115,0

99,5

99,25

Кадмий

0,56

2,3

0,6

0,3

0,4

0,814

Мышьяк

5,0

3,2

8,6

5,6

4,8

5,6

Сынап

0,23

0,25

0,6

1,2

1,0

0,468


Қорғасын түсті металлургия кәсіпорындарына тән негізгі элемент болып табылады, тау жыныстары бар полиметаллды концентраттар құрамына кіреді, металлургиялық кәсіпорындар тастамалардың едәуір мөлшерінде кездеседі. Сондықтан ТҚҚ қоқысының топырақ жамылғысында қорғасынның айтарлықтай құрамы жалпы техногенді ластау салдары болып табылады.

19-кесте. Тұрмыстық қалдықтарды жинаушы орналасқан ауданда топырақ жамылғысын зерттеу нәтижелері (су еріту формалары, мг/кг).


Заттардың атауы

т.1

т.2

т.3

т.4

фон

орташа

Қорғасын

0,09

0,015

0,165

0,025

0,075

0,07375

Мыс

0,015

0,05

0,011

0,005

0,05

0,0203

Мырыш

0,08

0,135

0,1385

0,035

0,175

0,0971

Кадмий

<0.005

<0.005

<0.005

<0.005

<0.005

<0.005

Мышьяк

<0,025

<0,025

<0,027

<0,025

<0,025

0,0067

Сынап

0,002

0,001

0,006

0,002

<0,001

0,00275

Құрғақ қалдық

597,5

1062,5

1667,5

565,0

1982,5

973,125

Мұнай өнімдері

6,0

3,9

5,8

9,0

4,9

6,175


20-кесте. Қауіптілік сыныптары және топырақтағы химиялық элементтердің ШРК, мг/кг


Заттардың атауы

Қауіптілік сыныбы

ШРК, мг/кг

Ылғалды күйінде

Жылжымалы күйінде

Суарлас күйінде

Қорғасын

1

332,0

-

-

Мырыш

1

-

2,3

-

Мыс

2

-

3,0

-

Кадмий

1

2,0

-

-

Мышьяк

1

2,0

-

-

Сынап

1

2,1

-

-

Мұнай өнімдері

4

-

-

-





Қорытынды

Жоғарыдағы зерттеулердің нәтижелеріне сүйеніп, төмендегі пайымдаулар жасалынды:

Тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату мәселесі бойынша әдебиеттерге және ғаламтор қорларына, нормативтік-құқықтық базаға шолу жасалып, жиналған материалдар жүйеленді.

Тұрмыстық қатты қалдықтар проблемасын шешу мақсатындағы мемлекет тарапынан жасалынып жатқан іс-әрекеттерге талдау жасалды.

Қызылорда қаласын ластаушы көздер туралы мәліметтер жинақталып, олардың тұрмыстық қатты қалдықтармен ластану дәрежесі .

«Ибрайхан и К-ЛТД» ЖШС-нің қызметі оқып-зерттелді.

«Ибрайхан и К-ЛТД» ЖШС-і жанындағы ТҚҚ полигоны айналасындағы санитарлық қорғау аймағындағы ауа, су және топырақтың құрамына зертханалық талдау жасалды. Талдау нәтижесінде ТҚҚ полигонының айналасында салыстармалы түрде ластаушылардың жоғары болатыны анықталды. Анықталған көрсеткішке қарай отырып, қала ішінде ретсіз жатқан қоқыс көздерінің зияны туралы тұжырым жасалды.

«Ибрайхан и К-ЛТД» ЖШС-нің ТҚҚ-ды кәдеге жарату және жою барысында орындайтын іс-әрекеттеріне талдау жасалды. Шын мәнінде бұл кәсіпорынның қолға алып отырған қызметінің нәтижесінде қала тазалығының жақсарып келе жатқаны анықталды.

Қаланың тұрмыстық қалдықтармен ластануын азайтуға арналған іс-шараларға ұсыныстар жасалды.
Ұсыныстар
Диссертация тақырыбы бойынша жарияланған мақалалар тізімі:

Құрманбаев Р.Х., Абитова Ж.Ғ. Қызылорда қаласында тұрмыстық қалдықтармен жұмыс жасаудын мәселелері

Құрманбаев Р.Х., Абитова Ж.Ғ. Тұрмыстық қалдықтарды өңдеу мен жою жолдары

Резюме
КУЛЬСУМАКОВА АКЕРКЕ ИЮНЬЕВНА
Определения уровня загрязнения тяжелыми металлами почв и растительности месторождения Акшабулак
Специальность: 6М060800 – «Экология»

Цель работы –

Объект исследования -

Научная новизна:

Основные положения, выносимые на защиту:

Выводы

SUMMARY
KULSUMAKOVA AKERKE IYUNEVNA

Specialty: 6М060800 – «Ecology

РЕЗЮМЕ

на автореферат диссертации на соискание ученой степени магистра естественных наук по специальности 6М060800 - Экология

АБИТОВА ЖАННА ГАЛЫМЖАНКЫЗЫ

Зерттеудің маңыздылығы. Адамзат баласы өзінің бүкіл ғұмырында, тұрмыс тіршілігінде табиғат байлықтарын әр түрлі деңгейде, әр түрлі талаптармен, қолдан келгенінше игере отырып, өзінің қажетін қанағаттандыруға тырысады. Өз қажетін қанағаттандыру «алмақтың салмағы бар» деген қағида бойынша табиғатқа белгілі дәрежеде зиян келтіру, жапа шектірумен қабаттасып отыратынын бүгінде әркім біледі. Адамзат тарапынан табиғатқа әсер ететін осындай зияндардың бірі - қоршаған ортаның тұрмыстық тұтыну қалдықтарымен ластауы.

Тұрмыстық қалдықтарды өңдеу мен кәдеге жарату - бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі. Бұл әлемдік деңгейдегі мәселе. Мысалы, Қаныш Сатпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің мәліметі бойынша, Швецияда тұтыну қалдықтарының 25 -ы қайта өңделіп, пайдалануға жіберіледі, Жапонияда ол 30 құрайды, Германияда 35 . Ал, Қазақстанда коммуналдық тұрмыстық қалдықтардың 2,5 -ы ғана кәдеге жаратылып, қалғаны 97,5 -ы компоненттерге бөлінбестен тасымалданып полигондарға немесе Қазақстан Республикасының табиғат қорғау және санитарлық заңнамасының талаптарына сай емес арнаулы орындарда жинақталып, ашық қоқыстарда қордаланады. Нәтижесінде өңірдің экологиялық жағдайының нашарлауына үлкен үлес қосады [1].

Қазіргі кезде елімізде барлығы 22 млрд. тонна қалдық жинақталған. Оның ішінде 16 млрд. тоннадан астамы – техногендік минералдық түзілістер, 6 млрд. тоннаға жуығы – қауіпті қалдықтар, 96 миллион тоннасы тұрмыстық қатты қалдықтар. Тәуелсіз сарапшылардың мәліметтері бойынша осы тұтыну қалдықтарының құрамында 40-қа жуық қауіпті заттар болатын көрінеді [2.

Қатты тұрмыстық қалдықтар проблемасы - әлемдік проблема болғандықтан Қызылорда облысын айналып өте алмайтыны анық. Қаламыздың қазіргі көрінісінде келбетті, тап-таза сұлу жерлер жоқ емес. Әсіресе, кейінгі кездері қала көшелерінде түрлі-түсті көздің жауын алатын гүлдердің егілуі бір серпілтіп, қуантып-ақ тастайды. Дегенмен, мұндай әсем көрініс тек қаланың орталығы ғана екенін көпшілік келімді-кетімді қонақтар байқай бермейді. Ал қала орталығынан басқа көшелер, тұрғын үй секторлары орналасқан аудандардың тазалығы көңіл қуантар емес.

Тұрмыстық тұтыну қалдықтарының қоршаған ортаны ластауы бүгінде Республика деңгейінде қолға алынып отырған өзекті мәселелердің бірі. Сондықтан осындай өзекті мәселенің шешімін іздестіру, қала тазалығын жақсартуға үлес қосу, ұсыныстар жасау қала тұрғындарының әрқайсысының міндеті болуы тиіс.

Жұмыстың мақсаты: Қоршаған ортаның қатты тұрмыстық қалдықтармен ластануын, қалдықтарды қайта өңдеу және жою жолдарын талдау, негізінде оқып-зерттеу («Ибрайхан и К-ЛТД» ЖШС мысалында).

Зерттеу міндеттері:

Өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтар туралы мәліметтерді жинақтау және оларға талдау жасау;

Тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдеудің әлемдік әдістерімен танысу және оларға талдау жасап, экологиялық тиімдісін анықтау;

Тұрмыстық қалдықтар проблемасын шешу мақсатындағы мемлекет тарапынан жасалып жатқан іс-әрекеттерге талдау жасау;

Қаланың тұрмыстық қатты қалдықтармен ластану дәрежесін бағалау;

Қызылорда қаласындағы қатты тұрмыстық қалдықтарды пайдалану тәжірибесін - «Ибрайхан и К-ЛТД» ЖШС-нің тұрмыстық қатты қалдықтарды кәдеге жарату және жою жолдарына талдау жасау негізінде қарастыру;

Қызылорда қалалық тұрмыстық қатты қалдықтарды орналастыру полигонына қоршаған ортаны ластаушы көз ретінде сипаттама беру;

Полигон айналасындағы санитарлық қорғау аймағының ауасы, суы және топырағының құрамына зертханалық талдау жасау;

Қаланың тұрмыстық қалдықтармен ластануын азайтуға арналған іс-шараларды ұсыну.

Зерттеу нысаны. Қызылорда қалалық тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдеу, кәдеге жарату және орналастырумен айналысатын «Ибрайхан и К-ЛТД» ЖШС.

Зерттеудің теориялық және әдістемелік негіздері:

Экология оқулықтарына, ғаламтор-қорларына, тұрмыстық қалдықтар проблемасына байланысты мемлекеттік, облыстық бағдарламаларға талдау жасау;

«Ибрайхан и К-ЛТД» ЖШС-нің атқаратын қызметі мен тұрмыстық қалдықтарды орналастыру тәжірибесімен танысу;

«Ибрайхан и К-ЛТД» ЖШС-нің тұрмыстық қалдықтарды орналастыру полигоны айналасындағы санитарлық қорғау аймағының топырағы, атмосфералық ауасы мен су көздерінің сапасына зертханалық талдау жасау негізінде тұрмыстық қалдықтардың зияндарын белгілеу.

Ғылыми зерттеудің жаңалығы.

Тұрмыстық қалдықтарды жоюдың бір жолы қалдықтарды полигондарға орналастыру әдісінің экологиялық зияндары анықталды.

Полигонның айналасы мен қала ішінде ретсіз жатқан қалдықтардың қоршаған ортаға зияндары бірдей екені тұжырымдалды.

Жұмыстың практикалық құндылығы. Тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдеу (кәдеге жарату) және жоюдың әр түрлі жолдары туралы материалдар жинақталып, жүйеленді. Тұрмыстық қатты қалдықтар орналастырылатын полигондардың санитарлық қорғау аймағының ауасы, суы және топырағының құрамы анықталып, қала ішіндегі үйінділердің айналасында да осындай жағдайдың қалыптасу мүмкіндігі жоғары болатыны тұжырымдалды.

Қорғауға ұсынылатын нәтижелер мен тұжырымдар:

1. Тұрмыстық қалдықтарды жоюдың бір жолы қалдықтарды полигондарға орналастыру әдісінің экологиялық зияндары анықталуы.

Полигонның айналасы мен қала ішінде ретсіз жатқан қалдықтардың қоршаған ортаға зияндары бірдей екені жөніндегі тұжырымдама.

Зерттеудің сынақтан өтуі. Зерттеу нәтижелері «Биология, география және экология» кафедрасының кеңейтілген мәжілісінде тыңдалды.

Автордың жеке үлесі. Мәселенің қойылуы мен оның шешімі, барлық эксперименттік жұмыстар мен алынған нәтижелерді талдау және материалдарды ғылыми мақалалар мен тезистер түрінде дайындау автордың тікелей қатысуымен орындалды.

Жариялымдар. Диссертация материалы бойынша 2 мақала жарияланды.

Жұмыстың құрылымы. Диссертация кіріспеден, 4 тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен құралады. Жұмыс 16 сурет, 20 кестеден жинақталған. Жұмыстың жалпы көлемі 95 бет, пайдаланылған әдебиеттер саны 75.

РЕЗЮМЕ


на автореферат диссертации на соискание ученой степени магистра естественных наук

по специальности 6М060800 – Экология




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет