Рефераты қызылорда, 2012



Дата26.02.2016
өлшемі329.15 Kb.
#27418
түріРеферат


347.167: 894.342 (574.54) Қолжазба құқығында


ҚОСЖАНОВА САЛТАНАТ ОРЫНТАЙҚЫЗЫ

Сыр сүлейлері шығармашылығындағы діни қиссалар (жанрлық сипат, тақырыптық, көркемдік ерекшеліктер)

6М020500 - Филология мамандығы


бойынша гуманитарлық ғылымдар магистрі академиялық

дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның


РЕФЕРАТЫ

Қызылорда, 2012

Диссертациялық жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің филология факультетінде орындалды.

Ғылыми жетекшісі: Филология ғылымдарының докторы,

профессор Кәрібозұлы Б.

Ресми оппоненті: Филология ғылымының кандидаты

Оңғарбаев А.С.

Қорғау өткізіледі:

Диссертация 2012 жылы «_____» маусымда сағат 9.00-де Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде (мекен-жайы: Қызылорда қаласы, Желтоқсан көшесі, 61. №1 оқу ғимараты. Филология факультеті, 133-дәрісхана) қорғалады.

Диссертациямен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғылыми-техникалық кітапханасында танысуға болады.

Мемлекеттік аттестаттау комиссиясының хатшысы,

филология ғылымдарының кандидаты Оралова Г.




КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін жариялаған күннен бастап, өзінің бұрынғы өткен тарихын, дінін, рухани байлықтарын қайта қарап, олардың шынайы болмысын жаңа көзқараспен зерделеуді ғана емес, қоғам мен болашақ ұрпақтың кәдесіне жарату жағдайын ескере зерттеуге ден қойды. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін кеңес империясының тоталитарлық идеологиясы салдарынан ұзақ жылдар бір жақты бұрмаланып келген әдебиетіміздің белгісіз беттеріне үңілу мүмкіндігі туды. Сан ғасырлардан атадан балаға мирас болып келе жатқан рухани мұраларды бүгінгі күн талабына сай жаңаша бағамдау үшін мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы жасалды. Осы бағдарламаның алдына қойған мақсаты мен міндетін түсіндіру барысында еліміздің президенті Н. Назарбаев: «... ұлттық мәдениетімізді ұлықтап, бар мен жоғымызды түгендеп, жүйелеп, келер ұрпаққа аманаттау – «Мәдени мұра» бағдарламасының басты мақсаты болуы тиіс», - деген болатын [1, 5]. Аталған мемлекеттік бағдарламаны негізге алатын болсақ, қазақ әдебиеттану ғылымының алдында тұрған мәселелер жетерлік. Солардың бірі – Сыр бойы ақын-жыраулары шығармашылығындағы дін тақырыбы.

Зерттеу жұмысының өзектілігі. ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында қазақ әдебиетінің даму мазмұнында діни-ағартушылық бағыт белсенді сипатымен ерекшеленді.

ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті – терең мән беруді, ерекше зерттеуді қажет ететін, сан алуан көзқарасты, бірнеше бағыттарды топтастырған көп қырлы әдебиет. Қазақ халқы бұл кезеңде әлеуметтік-экономикалық, рухани дағдарысты басынан өткергені мәлім. Ұлттың басына түскен бұл жағдай көзі ашық, көкірегі ояу азаматтардың әртүрлі дүниетанымдық көзқараста өсіп-жетілуіне әсерін тигізді. Осы кезеңде Сыр елінде, соның ішінде, әсіресе, Қармақшы-Арал өңірінде «Сыр сүлейлері» атанып жүрген сөз өнері саңлақтарының үлкен бір тобы дүниеге келген кезең болды. Олар: Ешнияз сал, Балқы Базар, Ерімбет Көлдейбекұлы, Оңғар Дырқайұлы, Жүсіп Ешниязұлы, Қаңлы Жүсіп Қадірбергенұлы, Омар Шораяқұлы, Тұрмағамбет Ізтілеуұлы, Нұртуған Кенжеғұлұлы және т.б. ақындар [2, 2]. Бұл ақындар сол кездегі қоғамда болып жатқан ауыр саяси-әлеуметтік күйзелістің салдарынан тарих сахнасына шықты. Қызыл империяның ел арасында ашық түрде орыстандыру, шоқындыру саясаты белсенді жүргізіліп, қазақ халқының сан ғасырлардан келе жатқан сенімі шайқалып тұрған тұста, сол суық ызғарды қатарынан күнілгері біліп, түйсініп, оның азабын жан жүрегімен сезініп, орысшылдыққа түрікшілдікті, христиандыққа ислам дінін қарсы қару етіп шабуылға шыққандар осы діни-ағартушы ақындар еді. Исламның аты аталып, Хақиқат жайында сөз қозғаған соң бұл ақындарды жарыққа шығармай, шеттетіп, халықтан алыстатуға тырысып бақты. Ұзақ жылдар үстемдік еткен кеңестік жүйенің тұсында мұсылманшылдықты дәріптеу, Пайғамбар өмірінен сыр шерту екінің бірінің қолынан келе бермейді. Ал Сыр сүлейлері болса, дін тақырыбын үнемі назарда ұстап отырған. Мұхаммед пайғамбардың, сахабалардың өмірі мен ізгілікті істерін арқау еткен халыққа адамшылықтың, ерліктің, намыстылықтың өнегесін дарытып келген шығармалардың үлкен тобы - қисса, дастандар. Еліміздің ізгі дәстүрін ұдайы насихаттап, имандылық келбетін сақтап қалуына бұл туындылардың ерекше әсері болғаны кәміл. Олай болса, қазақ әдебиеті тарихында өзіндік шығыстық мектеп дәстүрін қалыптастырып, дамытып, шығармалары ″Сыр сүлейлері″ атауымен халық жүрегінен орын алған ақындарды халқына қайта қауыштырып, олардың өмірі мен шығармашылығын, әдеби мұрасын, қисса-дастандарын әлі де жіті зерттеп, бүгінгі ұрпаққа тереңірек жеткізу «Сыр сүлейлері шығармашылығындағы діни қиссалар» деп аталатын зерттеу тақырыбымыздың өзектілігін танытатыны анық.



Жұмыстың зерттелу деңгейі. Қазақ фольклорындағы діни тақырыптағы қисса-дастандар ұзақ жылдар бойы зиянды деп есептеліп, әлі күнге дейін тыңғылықты зерттелген жоқ. Еліміз егемендігін алғаннан кейін ғана ескерусіз, елеусіз қалған дүниелерді зерттеуге қол жеткіздік. Діни мұралардың кенжелеп дамуының бір ұшы осында жатыр. Соңғы жылдары зерттеуші ғалымдар осы салаға назар аударып келеді. Солардың ішінде У.Қалижанұлының «Қазақ әдебиетіндегі діни-ағартушылық ағым», С.Бермағамбетовтың «Діни- ағартушылық және Кердері Әбубәкірдің әдеби мұрасы», М.Әбіловтың «Қарақалпақстандағы қазақ ақын-жыраулары поэзиясындағы діни-ағартушылық ағым», «Ұ.Байбосынованың «Сыр бойы ақын-жыраулары шығармшылығындағы ислам тақырыбы» атты диссертациялары қорғалды. Ал діни тақырыптағы қисса-дастандарға қатысты еңбектер өз алдына бір дүние. Ә.Қоңыратбаев, Р.Бердібай, Б.Әзібаева, Т.Тебегенов, М.Әбдуов сияқты зерттеуші ғалымдарымыздың еңбектерін айрықша атауға болады. Қазақтың діни дастандары жайлы кеңінен қозғап, орынды да орнықты еңбек жазған ғалым Б.Әзібаева. Ол өзінің «Казахский дастанный эпос» атты монографиясында діни дастандарды жеке алып қарастыруға болатынын дәлелдеп, бірнеше діни дастандарға талдау жасаған [3,28].

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Біздің зерттеу еңбегіміздің мақсаты – Сыр сүлейлерінің әдеби мұрасын зерттеп-зерделеу, тану. Сөйтіп, олардың шығармаларын бүгінгі күн тұрғысынан қарастырып, оның қазақ әдебиетіндегі орнын анықтау, жас ұрпаққа тереңірек жеткізу, діни қисса- дастандардың тәрбиелік-тағылымдық мәнін және көркемдік ерекшеліктерін айқындау. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін алдымызға мынадай міндеттер қойдық:

- ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасыр басындағы қазақ жеріндегі қоғамдық саяси жағдайдың әдебиетке тигізген әсер-ықпалын анықтау;

- Сыр сүлейлерінің әдеби мұрасына байланысты мәліметтерді анықтау;

- Эпикалық жырлардың жанрлық сипаты мен зерттелуін анықтау;

- Ақындардың шығыс әдебиеті дәстүрінде жазылған дастандарын жүйелеу;

- Діни қиссалардың өзіне тән ерекшеліктерін аңғарту;



Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Сыр сүлейлерінің діни қиссаларын жаңаша көзқараспен пайымдап қарастыру еңбектің ғылыми-сапалық сипатын айқындай түседі. Ақындардың дастандары тақырып, идея, мазмұны жағынан жүйеленіп, оларға жеке-жеке талдау жасалды. Шайырлардың діни дастандарындағы Алланың құдіреті, Құранның шындығы, Пайғамбарлардың тұлғасы, сахабалардың қызметі, исламның әдеп-ережелері сараланып, көркемдік ерекшеліктері анықталды. Сыр сүлейлері шығармашылығының қазақ әдебиетіндегі орны мен мәні анықталды. Кеңестік дәуірдегі қазақ әдебиеті саралана келіп, жетпіс жылға жуық тарихы бар аталған кезең әдебиетіне сол тұстағы қоғамдық ортаның кері ықпалы болғаны нақты шығармалар негізінде ашылды.

Зерттеу нысанымыздың оқиға өзегі исламдық негізден алынғандығын дәлелдеуге көңіл бөлдік. Діни қиссалардың басты мақсаты діннің болмысы мен қағида заңдылықтарын насихаттау болғанымен, мазмұнында мәнді де маңызды дүниелердің жатқанын айқындап беруге талап жасадық. Дастандардың құрылымдық жүйесін талдай келе, басым көпшілігінде Алланың бірлігін, пайғамбардың хақтығын, исламның ақтығын, мұсылман қайраткерлерінің іс- әрекеттерін дәріптейтін арнайы кіріспе-толғаудың қолданылатындығын айқындадық.



Зерттеу жұмысының әдісі. Зерттеу еңбекті жазу барысында алға қойған мақсаттар мен міндеттерді орындау үшін тарихи жүйелеу, әдеби талдау, тарихи-салыстырмалы сипаттау, жинақтау әдіс-тәсілдері қолданылды.

Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері. Диссертациялық жұмыста қазақ әдебиеттану ғылымының көрнекті ғалымдарының еңбектері басшылыққа алынды. А.Байтұрсынұлы, М.Әуезов, З.Қабдолов, Р.Бердібаев, Ө.Күмісбаев, А.Қыраубаева, Т.Тебегенов т.б. ғалымдардың еңбектері теориялық-әдіснамалық негіз ретінде пайдаланылды. Сонымен қатар шетелдік әдебиет зерттеушілері Е.Э.Бертельс, В.М.Жирмунский, т.б. ғалымдардың еңбектері де теориялық дәйектемелік тұрғыда қолданылды. Сондай-ақ қазақ поэзиясындағы діни-ағартушылық ағым турасындағы М.Мырзахметов, М.Жолдасбеков, Ә.Дербісәлі, Б.Кәрібозұлы, У.Қалижан, Т.Тебегеновтердің пікірлері пайдаланылды.

Зерттеуге негіз болған деректер. Зерттеу еңбекті жазу барысында М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының мұрағаттану бөліміндегі қолжазба материалдар, Орынбор кітапханасынан алынған мәліметттер, сонымен бірге ақындардың өмірі мен мұрасына арналып мерзімді баспасөз беттерінде жарияланған дерекнамалық-танымдық материалдар, мақалалар, энциклопедиялар, ғылыми еңбектер пайдаланылды.

Зерттеудің теориялық және практикалық мәні. Зерттеудің негізгі тұжырамдарын жоғары оқу орындарында ″ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті″, ″ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті″ пәндері бойынша жүргізілген лекциялық, семинарлық сабақтарда, сондай-ақ қазақ әдебиеті пәні тереңдетіліп оқытылатын ерекше бейімділікке негізделген мектептер мен лицейлерде, гимназияларда оқылатын арнайы курстарда, факультативтік дәрістерде пайдалануға болады. Сонымен қатар, орта мектепте ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы әдеби дамуды толық танып білуге көмекші құрал есебінде көмегін тигізумен бірге жаңа оқулықтар жазғанда да кеңінен пайдалануға болады.

Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар. ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы қазақ даласындағы қоғамдық саяси жағдай әдебиеттің дамуына тікелей әсер етіп, нәтижесінде «діни-ағартушы ақындардың» қалыптасуына негіз болған.

- Сыр сүлейлерінің діни шығармалары имандылық-адамгершілік тақырыбы жырлануының классикалық үрдісін қалыптастырды.

- Сыр сүлейлері шығыстың классикалық жазба поэзиясы дәстүрін Сыр өңірінде өзіндік әдеби мектеп түрінде қалыптастыра білген тұлғалар.

- Сыр сүлейлерінің діни қиссалары тыңдаушыға терең рухани күш берумен қатар, халықтың арманы мен мақсатынан көрініс, пайғамбарлар мен ислам қайраткерлерінің өмір жолы мен іс-әрекетінен қызықты мағлұмат береді.

- Діни қиссалардың түпкі мақсаты – оқырманды тазалыққа, адалдыққа, имандылыққа үндеу.

- Сыр сүлейлерінің жырларындағы арман-тілектерінің бүгінгі күнмен сай келуі, ел бірлігі, адамзаттық қасиеттердің насихатталуы оқырманның отаншылдық сезімін оятып, патриоттық рухтың өсуіне игі ықпалын тигізеді.



Зерттеу жұмысының талқылануы мен жариялануы. Зерттеу жұмысының теориялық мәселелері мен ғылыми тұжырымдары Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Қазақ әдебиеті және журналистика» кафедрасында талқыланды. Диссертациялық жұмыстың негізгі нәтижелері басылымдарда, ғылыми-теориялық конференция материалдары жинақтарында жарық көрді. Магистрлік жұмысқа байланысты жазылған үш мақала жарияланды.

Диссертацияның құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан және қорытындыдан тұрады. Пайдаланылған әдебиеттер, сондай-ақ, қосымша ретінде Сыр сүлейлерінің қисса-дастандарындағы араб, парсы, түркі тілдерінен енген сөздердің сөздігі берілген.
Негізгі бөлім
Кіріспеде диссертация тақырыбының өзектілігі, зерттелу деңгейі, мақсаты мен міндеттері, ғылыми жаңалығы, әдіснамалық және теориялық негіздері, практикалық мәні айқындалып, қорғауға ұсынылған негізгі тұжырымдары анықталған.

«Қазақ әдебиетіндегі діни-ағартушылық бағыт және Сыр сүлейлерінің әдеби мұрасы» атты бірінші тарауында ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасыр басындағы қазақ даласындағы қоғамдық-саяси жағдай әдебиеттің дамуына тікелей әсер етіп, нәтижесінде тарих сахнасына діни-ағартушы ақындардың келуі, діни бағыттағы ақындардың шығармаларындағы ислам діні мәселелерінің әдеби дамуда да маңызды орын алғаны айқындалады.

ХХ ғасырдың басы қазақ халқы, қазақ қоғамы үшін тарих сахнасында қалу мәселесі басты назарда болып, алмағайып, күрделі халді бастан кешкен тарихи кезең болды. Осы кезеңге қызыл империяның отарлау саясаты шегінен шыққан қысым болып жетті. Бұл дәуірге хандық дәуір тұсындағы шаруалардың өктем үні әлсін-әлсін жетсе, талықсыған жыраулық үн қайта оянып, елді ояту сарынына айналып, қайта күшейіп жетті. Халықты ояту, бостандыққа үндеу, отар ел ақындары үшін оңай болмасы хақ. Астарлап айту, ажарлап айту, тәмсілдеп айту дегендей қазақ ақындары ой айтудың сан алуан амалына барды. Осыдан келіп, бостандық деп жарғақ құлағы жастыққа тимей жырлап жүрген ақын, жазушылар, «кітаби», «ағартушы», «ұлтшыл» дегендей түрлі атауларға ие болды. Ой айтудың сан алуан формасынан әдебиет байлығы туындады. ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінде түрлі ағым, әдіс, мектептер өмірге келді.

XX ғасыр бас кезіндегі қазақ әдебиетінде мұсылманшылықты дәріптейтін діни тақырып ерекше орын алды. Оның негізгі себебі патша үкіметінің отарлау саясаты крестьяндарды қазақ жеріне жаппай қоныстандыру, сол арқылы жергілікті халықты басып, билеп-төстеудің жолын арттыру, рухани тонау, орыстандыру, шоқындыру жұмыстарын жандандыра жүргізумен қатар іске асырылды.

Осы кезеңде яғни ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ хасырдың басында әдебиет сахнасында «кітаби ақындар» деген атаумен белгілі болған діни- ағартушылық бағыт қалыптасты. Олар көбіне шығыс әдебиетінің үлгісінде оқып-үйреніп, ислам қағидаларын негізге алды. Бірақ бір ерекшелігі дінді құр насихаттап қана қоймай, ислам дінінің негізгі және басты қағидаттарын қоғамның дамуына, адам баласының рухани өсуіне пайдаланды. Зерттеуші Уәлихан Қалижанұлы ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы діни-ағартушылық ағым өкілдерінің қазақ әдебиетінің дамуына қосқан үлесі туралы айта келіп, сол кезеңнің поэзиясына мынадай баға береді: « ...діни-ағартушылық поэзия өкілдері діни схоластиканы уағыздаған жоқ, олар діннің ақ жолын қоғамның даму көзіне айналдырып, мұрат тұтқан, бүгінгінің тілімен айтсақ, ағартушылық қозғалыстың басында тұрды. Олар жалпыұлттық идеяға айналды. Егер қазақ халқының соңғы 80 жылдың ішінде оқу-білімге деген құштарлығы неге сөнбей отыр десең, сол идеяның жаңғыруының, санаға сіңгенінің жемісі деп білген жөн. Ол процесс әлі біткен жоқ» [4, 31].

Бұл бағыттың ағартушылық сипаты мол. Оған Ақмолла, Нұржан, Наушабаев, Мақыш Қалтаев, Әбубәкір Кердері, Мәшһүр Жүсіп, Тұрмағамбет Ізтілеуұлы, Шәді Жәңгірұлы т.б. ақындарды жатқызамыз. Өздерінің стилі жағынан бұлар қазақ арасына кең тараған шығыс әдебиетінің соңғы көрінісі болған-ды.

Бұл ақындар адамгершілікті, ағартушылықты мақсат еткен қайраткерлер. Олар өздерінің шығармаларында феодалдық қараңғылыққа, ескі діни сенімге, надандыққа қарсы шықты. Өздерінің негізгі көзқарасы – ағартушылық болды.

Діни-ағартушылық бағыттағы ақындар ислам дінінің қаймағы бұзылмаған заманында ғұмыр кешіп, Алланы бір, пайғамбарды хақ деп өмірлерімен қоштасты. Алланы жырлау арқылы адалдықты, адамгершілікті, кісілікті, парасаттылықты толғады. Олардың иненің жасуындай жалғаны жоқ мөлдір жырларына еш уақытта өлім жоқ, өлеңдері халықпен мәңгі бірге жасай берері даусыз.

Әдеби үдерістегі осы бағытты ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың бас кезінде Сыр өңірінің тума таланттары Базар Оңдасұлы, Ерімбет Көлдейбекұлы, Оңғар Дырқайұлы, Жүсіп Ешниязұлы, Шораяқтың Омары, Тұрмағамбет Ізтілеуұлы, Нұртуған Кенжеғұлұлы және т.б. жалғастырды.



1.1 «Сыр бойындағы ақындық орта дәстүрі және жанр табиғаты» деп аталатын бірінші тараушада Сыр бойындағы ақындық дәстүр, осы ортаға тән ерекшеліктер, Сыр сүлейлері шығармашылығындағы ислам тақырыбы жырлануының маңызды орын алғаны айқындалады. Әсіресе, Сыр сүлейлерінің лирикалық-дидактикалық өлеңдерінің дамуына елеулі ықпал жасаған классикалық шығыс әдебиетінің көркемдік арнасына айрықша баға берілді.

Сыр сүлейлері - қазақ әдебиеті тарихындағы байырғы өркениеттер тоғындысын танытатын шығармашылық әдеби мектеп өкілдері. Олардың шығармаларында қазақ фольклоры мен ауызша дәстүрлі ақындық-жыраулық әдебиет ерекшеліктері тұтасқан болмысымен ерекшеленеді. Сонымен бірге шығыс халықтарынан діни, ислам өркениеті арқылы жалғасқан дидактикалық-философиялық сарынды лирикалық және эпикалық шығармалар жазу үрдісі де игерілді. Шығыстық байырғы жазбаша классикалық әдебиетінде кеңінен қолданылған нәзрагөйлік дәстүрдің сыр сүлейлері шығармашылығындағы үлгілері қазақ жыршы-термешілерінің ауызша жырлап таратуы арқылы халықтың рухани сұранысын қанағаттандыратын өнер үлгісі болып қалыптасты [5, 143].

Шығыстың классикалық әдебиеті дәстүрінің ықпалы Сыр сүлейлері шығармашылығында айрықша байқалады.

Мысалы, Базар Оңдасұлының «Сөйле тілім, жалпыдан» терме-толғауында шығыстың классикалық әдебиетінің алыптары поэзиясының жалпы адамзатқа тигізген пайдасы эстетикалық талғам, таным тұрғысында сипатталады:

Ғаламға мәлім аттары,

Ертеде өткен ерлер көп.

Тақ шыққан талай талқыдан

«Ғали Сина, Фирдоуси,

Орасан озық білгірлер,

Шыққан-дейді-тәжік-парсыдан».

Әбунасыр, Науаи,

Шығыпты айрықша ғалымдар.

Өзбек пен қазақ халқынан,

«Хафиз, Жәми, Мақтымқұл,

Деп айтады шыққан сөзге дүр.

Хиуаның түрікпен сартынан» [6, 27].

Әрине, Қазақстанның барлық аймақтарында да ислам өркениетінің, Құран кітабының, мұсылмандық парыздарының шығыс әдебиеттері мен аралас таралғаны мәлім. Сондықтан Базар жыраудың осы терме-толғауындағы аталған алыптар шығармашылығының қазақ сөз өнеріне ықпалдастығын бүкіл географиялық кеңістік жүйесінде бағалаймыз.

Сыр сүлейлерінің жасаған дүниелерінде тосын адам аңдай қоймайтын, бейнелеп жеткізгенде ару қыздың кез-келген пендені еріктен тыс өзіне қарататын, ынтық ететініндей, сезімтал жүректі елжірететін сиқырлы сұлулығы бар. Бұл Сыр сүлейлерінің бәрінің де шығармаларының әуез, ән, жыр тілеп, соған қоса есіліп тұратындығы.

Қазақ әдебиеті тарихының көрнекті саласы болып саналатын Сыр сүлейлерінің шығармашылық мұралары сөз арқауындағы аталған тарихи-мәдени дамудың көркемдік жалғастығы аясында айқындалды. Мұсылмандық шығыстан ауысқан фольклор мен әдебиет дәстүрлері ежелгі түркінің, кейінгі қазақтың ұлттық дүниетанымымен ұштаса келе жаңа қосындылар үлгілерімен толыса түсті. Бұл, әсіресе, Сыр сүлейлері шығармаларының жанрлары жүйесіндегі лирикалық-дидактикалық өлеңдерде ерекше байқалады. Сондықтан Сыр сүлейлері шығармаларының ислам дініне байланысты мәселелерін арнайы түрде қарастырудың өзектілігі де даралана түседі.

Сыр бойы сүлейлері шығыс әдебиетінің қазақ топырағындағы үлгілерін жасады. Сыр бойындағы шығармашылық тұлғалардың біразын халық «молда- ақындар» деп атайды. Себебі бұлардың біразы, Бұхарадағы, Самарқандағы медреселерден, көпшілігі сол медреселерді бітірген ахун, ұстаздардан білім алған.

Мұсылмандық біліммен және классикалық шығыс әдебиетімен қаруланған Сыр сүлейлерінің шығармашылығында мінәжат, насихат, ғазал, төрттаған жанры ерекше дамыған.

Мінәжат өлеңдері, ақындардың лирикалық толғаныстарының өрнектерімен ислам дінінің негіздерін мойындау көзқарастарының көрінісі. Аллаға жалбарына жыр арнау, ақындықтың азаматтық имандылықпен толысуының белгісі.

Осы кезеңдегі арқалы ақындардың бірі, кезінде «діншіл» ақын болып танылған, бүкіл шығармаларында Алла сөзін құрметпен атап, заманның қыспағына қарамастан оған деген жүрегінің тазалығын, иман сенімін жырлап өткен ақындардың бірі - Тұрмағамбет Ізтілеуұлы. Ақынның туындыларында Алланы сөз ету бірнеше бағытта көрінетін тәрізді. Біріншіден, өз ортасына, оқушы, тыңдаушысына Алланың құдіреттілігін, дүниенің жаратылысын, мұсылман дінінің тууын, тарихын, басты тұлғаларын түсіндіруге, насихаттауға бағытталған туындылары. Екіншіден, өмір тіршіліктің, адамдықтың мән- мағынасын, дүниедегі жақсылық пен жамандықтың күресін, әралуан мінездердің қақтығысын, оның адамға тигізер зардабын, имандылық негіздерімен байланыстыра жырлаған шығармалары. Үшіншіден, өз басындағы жағдайды, тағдыр талқысын Аллаға деген сеніммен қайырын тілей айтқан туындылар. Бұл шығармаларында ақын қысқа өлең, нақыл толғаудан бастап, мысал өлең, бұрыннан белгілі қалыпты сюжетті қайта жаңғырта жырлау тәрізді көркемдік ізденіске барады.

Адамдардың діл тазалығын, ар-ұятты берік сақтауы, адалдық, әділдік, жомарттық, қайырымдылық, мейірімділік, еңбексүйгіштік, ауызбірлік, достық, жолдастық, т.б. сан-алуан сипатты ізгілік ұлағатын ұлықтауы насихат өлеңдердің сипатын құрайды.

Сыр бойы ақындарының ғазалдарында философиялық лириканың ауқымындағы мәселелерді кең қамти отырып, ислам дінінің имандылық қағидалары аясындағы өздерінің көзқарастарын білдіреді.

Сыр сүлейлерінің төрттағандарында нақылдар жиі байқалады. Төрт жол жырға ақындар адамның ішкі тілегей-теңіз толғанысын көп сөзге бармай сығымдай сиғызып жіберген, марғау көңілдің өзін тербетіп оятып, толғандыратындай қуатты.

Бұдан ширек ғасыр бұрын Сыр сүлейлерінің діни өлеңдерін діни кертартпалық деп қараса, адамның ождан бостандығына жол ашылған қазіргі уақытта бұл шығармалар өзгеше реңімен жарқырайды.

1.2 «Эпикалық жырлардың жанрлық сипаты мен зерттелуі» деп аталатын екінші тараушада эпикалық жырлардың зерттелуі, жанрлық түрлерге жіктелуі, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтары айқындалған.

Кез-келген халықтың ғасырлар бойы туып, жетіліп, кемелденіп отыратын өнері мен мәдениеті болады десек, соның жемісті бір арнасы – фольклор. Ал фольклор туындыларының ішіндегі тарихилығы басым салалардың бірі – эпикалық жырлар.

Профессор Р.Бердібайдың фольклоршылық еңбектерінің ішінде қазақ эпосының генезисін, даму жолдарын, жанрлық ерекшелігін сипаттайтын зерттеулері ерекше құнды. Ғалым қазақ халқының аса бай эпикалық мұрасын жанрлық-стадиялық тұрғыдан талдап, тану принципін тұңғыш рет ұсынғаны белгілі. Егер одан бұрынғы зерттеушілер (Ә.Марғұлан, Ә.Қоңыратбаев, Е.Исмаилов) эпосты көбінесе тақырыптық және хронологиялық белгілеріне сәйкес жүйелеп топтаған болса, Р.Бердібаев дастандық туындыларды жанрлық және стадиялық сипатын қоса қамтып тексеріп, ғылыми жаңалық әкелді: күллі эпикалық репертуарды: көне (архаикалық), қаһармандық (классикалық), ғашықтық (романдық) және тарихи эпос деп төрт топқа жүйелейді.

Қазақтың ұшан-теңіз эпикалық мол мұрасынан біршама тыңғылықты зерттеліп, жарияланғаны батырлар жырлары мен ғашықтық жырлар. Эпостың көлемді де көрнекті бұл екі түрі арқылы халық өз тарихындағы елеулі оқиғаларды сөз ете отырып, көне түсініктен көркемдікке дейінгі дүниетаным, көзқарас түсініктерін танытады. Әйтсе де, қазақ халқының эпикалық поэзиясы тек дәстүрлі батырлық, ғашықтық, кешірек пайда болған тарихи және архаикалық поэзиясында көлемі жағынан айтарлықтай мол, тақырыптары сан алуан, оқиғалары шытырман келетін, сюжеттерінің басым көпшілігі күллі шығыс халықтарына ортақ, көркемдік деңгейлері алуан түрлі, әлі толық жиналып, жарық көрмеген халық туындылары жетерлік. Бұл туындылар тұтастай алғанда, халқымыздың жалпы эпикалық дәстүр шеңберінде пайда болып, ұлттық фольклор жанрлары жүйесінде қызмет ететін, сонымен бірге белгілі дәрежеде жазба әдебиет, жеке ақындық шығармашылықтың ықпалын да бойына сіңірген, яғни тақырып, идея, сюжет, кейіпкерлер жүйесі және көркемдік бейнелеу құралы жағынан дәстүрлі батырлық, эпикалық, тарихи жырлардан өзгешеленеді. Олар – дастандар [7, 3].

Дастан жанрының пайда болып, қалыптасып, дамып, қанат жаюына шығыс фольклоры мен әдебиетінің әсері мол болды. Басқа көптеген ақын- жыршылар да өз шығармаларында шығыс әдебиетіне көңіл бөліп отырды. Бұл жағдайда «нәзира» дәстүрі үлкен роль атқарды. Ол дәстүрдің негізгі принципі – бір халыққа кең тараған тақырып пен сюжетті екінші халықта өзінше жырлау. Осы дәстүр Орта Азия, Иран және Таяу Шығыс халықтары әдебиетінде орта ғасырларда кеңінен таралды.

Шығыс сюжетіне құрылған қазақ дастандары халықтар арасындағы әдеби-мәдени байланыстың куәсі. Оған қызығушылық ең алдымен басқа халықты түсініп, ұғуға тырысудан туса, сонымен бірге қазақ халқын сол сюжеттердің сан қилылығы, этно-географиялық, тарихи-мифтік материалдардың көптігі баурап алды.

Белгілі ғалым Алма Қыраубаеваның зерттеуінде: «Қисса – шым-шытырық оқиғаға құрылған әңгіме аңыз түрінде келетін жазба әдебиеттің және фольклордың жанры. Бұл жанр Таяу Шығыста және Орта Азияда кеңінен жайылған. Шығыс әдебиетінде ертеден қалыптасқан. Арғы негіздері Фирдоусидің «Шаһнамасына», арабтың «Мың бір түн ертегілеріне» барып ұласады. «Қисса» сөзінің түп-төркіні арабша, әңгіме, баяндау, оқиға, ертегі, мысал деген ұғымдарды білдіреді [8, 101].

Кеңес үкіметі кезінде ұмытылған қиссаны қазіргі таңда қайта түлетсек, рухани дүниеміз байып, әдебиетіміз де, мәдениетіміз де дами түсер еді.

Қазақ қиссалары әдебиетіміздің алдыңғы, кейінгі тарихымен, дәстүрлік байланысы, шығыс халықтары әдебиетімен тамырластығы, әдебиетімізден алатын орны, түбегейлі зерттей түсуді керек етеді. Сол арқылы көп уақыт назардан тыс қалып келген елеулі жанрды сын елегінен өткізе отырып, уақыт талабына жарайтынын екшеп, пайдаға жарату – игілікті, бір іс болмақ.

Екінші тарау «Сыр сүлейлері шығармаларының көркемдік, идеялық-тақырыптық сипаты» деп аталады.

2.1 «Сыр сүлейлерінің шығыс әдебиеті дәстүрінде жазылған дастандары» деп аталатын тараушада сүлейлердің шығыс әдебиеті үлгісінде жазылған дастандары талданады.

Шығыстық дастандар - қазақ фольклорына өзіне тән ерекшеліктерді ала келді. Бұрынғы қазақ жырларында көшпелі қазақтардың өмірі суреттелсе, шығыс дастандары қала мәдениетін дәріптеді. Қазақ оқырмандарын қала мәдениетімен, ондағы адамдардың мінез-құлқымен таныстыруға, қала мәдениеті және сол қоғамдағы жеке тұлғаның басынан кешкен оқиғаны, кейіпкердің басынан кешкен жәйттерді новеллалық үлгіде суреттеп, көрсете білді.

Мұсылманша сауатты Сыр сүлейлері өздері оқыған шығыс әдебиетінің маржандарын қазақ оқырмандарына таныстыруды мақсат етті. Соның көпшілігі бұрынғы жыр үлгісінде, дастан түрінде таныстыруды көздеді. Осылайша қиссашылардың дастандары қазақтың фольклор жанрының аясын кеңейте түсті. Шын мәнінде «кітаби ақындар» шығыстың классикалық әдебиеті, аңызы мен қазақтың ауыз-жазба әдебиеті арасындағы дәнекерлік жалғастырушы, әрі көпір секілді қызмет атқарды. Олар кітаби ақындық дәрежеде қалып қоймай, қазақ әдебиетіне біршама назар аударатындай жаңалықтар әкелді.

ХІХ ғасырдың екінші жартысына дейін қанатын кең жая дамып, халық шығармашылығы мен ауыз әдебиетіне асқақ рухты, тың эпикалық сарын әкелген жыраулық поэзияның соңғы өкілдерінің бірі - Базар жырау болды. Жоғарыда айтылғандай бір топ ақын-шайырлардың еңбегі де ұзақ уақыт бойына идеология, саясат, таптық, атеистік көзқарастардың кесірінен жаңсақ түсіндіріліп келді. Мұндай асыра сілтеудің зардабын Базар жыраудың шығыс үлгісінде шығарған «Әмина қыз», «Айна-Тарақ», «Жүсіп-Ахмет» секілді көркем хикая-дастандары да тартты. Ақынның шығыстық үлгідегі жазылған шығармаларының бірі «Әмина қыз» дастаны.

«Әмина қыз» дастаны Базардың әділдік, адалдық, қайырымдылық сияқты адамзат құндылықтарын дәріптейтін тәрбиелік, танымдық өнегесі мол мәнді туындыларыының бірі. Шығармада басты орын алатын мотив «әйел мекерлігі» көптеген шығыс халықтарының фольклорында кездесетін дәстүрлі сарынға саналады. Мұның өзі Базар жыраудың «Әмина қыз» дастанын жырлауда қазақ ауыз әдебиеті мен фольклорындағы шығыс сюжетттерінен ауысқан ортақ сарындарды орынды қолданып, нәзиралық мұра қорына маңызды үлес қосқанын көреміз.

Шығысқа ортақ рухани әдеби дәстүрлер үлгісі Сыр бойы шайырларында мол сақталған. Солардың ішінде Кете Жүсіп шығармаларынан да табар едік. Кете Жүсіптің дастандары да түркі әдебиетіндегі нәзирагөйлік тәсілді жалғастырған шығармалар.

Оның «Шаһзада», «Зейпін қыз», «Мекер қатын», «Сұрмерген», «Раунақ» және т.б. дастандары шығыс фольклорының құрамындағы ертегілік, мифологиялық әңгімелер ізімен жырланған нәзиралық шығармалар.

Жүсіп ақынның аталған дастандарының ең басты ерекшелігі, дидактикалық сипатының айқындығы. Ақын барлық дастандарының идеялық- композицилық желісіндегі кейіпкерлерінің іс-әрекеттері арқылы оқырмандарына адамгершілік ұлағаты тағылымын ұсынады. Әрбір дастанның кейіпкерлері арасында болатын қарама-қайшылықтар, тартыстар арқылы өмір құбылыстарының сырларын ұқтыруға ұмтылған авторлық көркемдік шешімдер танылады. Жүсіп ақынның дастандарында автордың өз атынан айтылатын лирикалық арнау шумақтары тұрақты жырланады.

Ақынның « Мекер қатын» атты дастанының қысқаша сюжеті мынадай: біріншісі - ертеде ері өлген Бибісара есімді мекер қатын болады, өз ұлын жатқа беріп, айласын асырып, екі еркекпен ұзақ жылдар бойы ойнас жасап жүреді; екіншісі – мекер залым ағайынға, ауылға айласын білдірмей, екеуін ұрлыққа жұмсайды; үшіншісі - бір қатынға таласқан екеуі тұрақты байына айналу үшін бір – бірінен өнерлерін асырмақшы болып, саудагердің тоғыз мың ділләсін, қазынасын тонайды; төртіншісі - саудагерді тонағанымен қоймай, қазыға барып, саудагердің өзін ұры қылады; бесіншісі – оған да қанағаттанбаған олар патшаның қазынасын тонайды, әйел үшін өмірлерін қиюға бел байлаған Шиар мен ұрыға патша әділ бағасын береді. Сөз соңында:

Бақ берді ақырында ұрыға да,

Жарылқап өз-өзінен хақ тағалам,-

деп аяқтайды.

Тұрмағамбет ақын мұрасының жалпы аумағын шолып қарағанда ең маңызды бөлігі арғы түбі шығыс әдебиетінен тараған мысал, тәмсіл, хикая, қисса, дастандар болып көрінеді.

Тұрмағамбеттің «Мәрді диқан», «Данышпан қарт», «Тұтқын қыз», «Рауа бану» атты шағын көлемді дастандарында ертеден шығыс әдебиетіне қанық сюжеттер жырланған. Әсіресе, «Мәрді диқан», «Рауа бану» дастандары терең шындықтарды сөз еткен. Қос айдап жүріп, тауып алған гауһарын патшаға апарып табыс еткелі жолға шығып, көп азапқа ұшыраған диқан бейнесінен еңбекші адамға тән тазалық елестейді. Оңай олжа тауып, тез байымақ болған ұрылар жазасын алады. Дастанның қымбат бағалы жері, қарапайым диқанның мәрттігіне мадақ айтуында. Ал «Рауа бануда» махаббатын кіршіксіз сақтай білген, қорқыныш пен қиындық кезінде пәктіктен айнымаған опалы сұлу жардың тұлғасы суреттеледі.

Ақынның дастандары шығысқа мәлім аңыздардан алынған. Шығыс әдебиетінен үйрене отырып, сол аңыздарының тақырыбына дастан жазу шығыс медресесін оқып, білім алған Тұрмағамбет шығармашылығына етене сіңіп кеткен ерекшелік.

Сыр сүлейлерінің дастандарында Алланың дидары мәңгілік ақиқат жолына бастайтын шамшырақтай биіктей береді.

Сыр сүлейлерінің бірі Жүсіп Қадірбергенұлың да шығыс үлгісінде жазылған «Мағрупа қыз» және «Абыраһаның бастан кешкендері» атты дастандары бар.

«Абыраһаның бастан кешкендері» дастаны діни дастандар қатарына жатады. Дастанның сюжеті шағын. Идеясы айқын. Ислам дінін қадірлеу, имандылық, Алла тағалаға адалдық мәселесін сөз етеді.

Қаңлы Жүсіптің келесі дастаны «Мағрупа қыз» деп аталады. Дастанның алғашқы сөздерінен-ақ шығарманың мол ғибратқа толы екені сезіледі:

Сөйлейін бір хикаят,

Отырған ұлық-кішілер.

Сіздерден болса ұлықсат,

Сөйлесін деп тіл мен жақ.

Жан ділменен қызыл тіл,

Тәнің де жаның сұм полат,-

деп басталатын бұл шығармада Мағрупаның сұлулығын, оның өз ғашығына атастырылғаны, алайда араға басқа адам түсіп, шаһардан қашып шығып, өз ғашығына қосылатыны сөз болып, адалдықтың ақ туының биік болатынын меңзейді [9, 244]. Бұл ақынның өзі шығарманың кіріспе бөлімінде айтылғандай, Үнді елінде тараған аңыз желісіне құрылған. Дағдылы баяндау тәсілімен жазылған.Үндістан шаһарында бір адалат патша болады. Сол патшаның үлкен уәзірінің Мағрупа атты қызы, ал кіші уәзірдің ұлы болады. Екеуі бір күні құдаласады. Бірақ араларында кедергі болған соң екеуі бір күні кездесіп, Сәлім Мағрупаның киімін киіп екі ғашықты елден қашыртып жібереді. Осылайша екеуі түзді шарлап кетеді. Ақын бірін-бірі сүйген ғашықтарды мұратына жеткізеді. Адамның бас бостандығы, гуманизм мен адал махаббат, әділдік пен теңдік дастанда дәріптей жырланады. Бұл Қаңлы Жүсіптің азатшыл, азаматтық идеясының, романтизмінің көрінісі.

Сонымен ақынның шығыс үлгісінде жазылған шығармалары туралы мынадай қорытынды жасауға болады. Бірінші – ақынның діни-ағартушылық бағытта жыр толғауына оның діни сауатының молдығы және шығыс ақындары шығармалары мен сопылық поэзия зор әсер етті. Екінші – «...Нәзира дәстүрінің негізінде қасиетті Құран хикаяларының, діни аңыз-әңгімелерді, Мұхаммед пайғамбар өмірінің кезеңдеріне түрліше сарындар қоса, жарыса поэзия тілінде қайта жаңғыртқан» ақын ретінде танимыз.

2.2 «Діни қисса-дастандардың сюжеті мен көркемдік ерекшелігі» деп аталатын тараушада Сыр сүлейлерінің діни дастандары тақырып, идея, сюжеті жағынан жүйеленіп, талданады.

Діни дастандар өзінің сюжеттері, мазмұны, шығу тарихы, даму, таралу жолдары жағынан әр түрлі. Бірақ олардың барлығы идея жағынан бірігеді, ол - Исламдық руханият құндылықтарын үгіттеу, мұсылманшылықты өмір сүрудің негізі деп түсіндіру идеясы.

Ұзақ жылдар үстемдік еткен кеңестік жүйенің тұсында мұсылманшылдықты дәріптеу, пайғамбарлар өмірінен сыр шерту екінің-бірінің қолынан келе бермеді. Бұған біріншіден, социалистік қоғамда үстемдік құрған атеистік тәрбиенің ықпалы болса, екіншіден, жазушылардың қалам тартып жазғысы келгенімен, мұсылмандық сауаты, мағлұматтары аз болған, ал, үшіншіден, бұл тақырыпқа бел шешіп кірісу үшін исламдық діні берік, мұсылмандық махаббатқа толы үлкен жүрек иесі болуы шарт. Бұл өзі көзге көрінгенімен, жүрекпен ғана сезілетін жәйт. Сондықтан да поэзиямен салыстырғанда, прозада бұл тақырыпқа қалам сермеу анағұрлым күрделі болатын.

Ерімбет Көлдейбекұлы, қазақ әдебиеті тарихындағы көрнекті тұлғалардың бірі. Ақынның шығармашылық мұрасы халықтың ортасында кеңінен танылып, жұртшылықтың ыстық ықыласына ие болып келгені ақиқат.

Біз мұнда Ерімбет ақынның әдеби мұрасын байыта түскен діни қиссаларының тақырыптық, идеялық, көркемдік жағына тоқталмақпыз. Ақынның бұл шығармаларынан түйіндейтініміз, Ерімбеттің діни, дүниетанымдық мақсаты, құдай жолына деген құр құлшылық емес, адамзаттың өрлеу жолындағы негізгі рухани тірек деп танылған дінді арқау ету. Ақын осы бағытты өз өмірінде де, шығармашылығына да негіз етіп ұстанған. Ақынның діни дастандары: «Бап Раушан», «Әбу Шашма», «Мұхаммед пайғамбар туралы хикая», Хазірет Ғали мен Дариға қыз», Хазірет Ғали мен Мағауияның соғысы», «Ақтам сақаба».

Ерімбет Көлдейбекұлының «Мұхаммед» атты дастанының құрылысында кейіпкердің ата-анадан жастай жетім қалғаны, кәпірлерден қашып жылдар бойы азап шеккені, ағасы Әбужаһиттің де кәпірлермен бірігіп оны ұстауды ойластырғаны баяндалады. Сюжеттің байланысы, Мұхаммедтің өзін ұстауға дайындалғандардан қашып бір үңгірге барып тығылғаны арқылы өрбиді. Үңгірдегі жыландардың, шаяндардың көптігінен бүкіл араб елдері бұл жерге жоламайды екен. Мұхаммедтің жылан, шаянның шағуынан қорғау үшін серігі Сыдық келеді.

Жаңадан тіктірілген қымбат бағалы шекпенін сөгіп, жыртындыларымен үңгірдегі әр жыланның інін тығындайды, жетпей қалғанына табанын төсейді. Сыдықтың інінің тесігіне төсеген табандарын жылан тістеп талайды, оның жылан шаққан жерін пайғамбар тілімен жалайды, жыланның тілдері жойылады. Ақын осы арада халыққа кең тараған мифологиялық наным - сенім дәстүрімен жыланның да адамзат тарихымен өзектес аңыздарын қоса жырлайды:

Үзір айтып, бас ұрды

Деді:«Әй, расуллалла,

Исаның уақыты еді заманым,

Сол Исадан өмірде,

Көрмекке Сізді дұға алдым,

Қатаным жоқ я балам,

Сонан бері осында

Сізді күтіп жатыр ем,

Айырылып ата бабадан»

Бұл сөзді айтып ол жылан

Жанын хаққа тапсырып,

Дүниеден өтті дұғадан[10, 192].

Сюжеттің дамуында Мұхаммедті тапқанға «жүз қызыл нар берем!» деген Меккедегі бір адамның уәдесіне орай ізшінің жасырынған үңгірге дәл жақындағанда айтылады. Оқиғаның шарықтау шегінде «Қылыштарын қолға алып, үңгірдің аузын қамаған» ізденушілер суреттеледі. Осы арада Мұхаммед туралы шындықты көркемдік уақыт заңдылығына орай адамзат қиялымен бөлеген мифологиялық дүниетаным бейнелеулері қолданылады.

Сол үңгірдің аузына,

Бір өрмекші тор тоқып

Шатастырып шамаған,

Бір көгершін және де,

Ұя салып сол жерге,

Екі үш сол жерге[10, 193].

Бұл халық көңілінен туындаған қамқор ойдың пайғамбарды жамандықтан арашалауға бүкіл жаратылыс мүшелерінің жұмылған ықыласын дәлелдеудің көрінісі. Дастан оқиғасының осы шиеленісті ізшілердің іннің аузын көріп кейін қайтуымен бітеді. Ал, оқиғаның шешімі жәбірейіл періштенің кеңесімен Мұхаммедтің Мәдинеге қашуына жалғасады.

Ақын пайғамбардың исламды нығайту жолындағы адамдардың үлгі мінез-құлық қасиеттерін саралау арқылы адамзатқа ортақ мұсылмандардың жарқын өмір суретін тағылымын исламдық насихат тілімен жырлайды.

Сақтаса Алла пәле жоқ,

Құдіретті күшті тағалам.

Сол ерлер де осындай.

Машақатты көрсе де,

Сабыр айлап ақырды.

Дүнияны алды батадан

Біз ақымақ зәредей,

Машақат көрсек абайлап,

Жер бауырлап жалаймыз.

Өгізшедей жатаған,

Алла назар салмаса,

Қаңғалап жүрміз қаңбақша.

Аша алмай көзді қападан[10, 194].

Мұхаммедтің пайғамбарлық келгеннен бастап, исламды тарату, нығайту жолындағы қайраткерлік, ұстаздық қызметі мұсылман елдері әдебиеттерінің барлығында да тұрақты орын алып келеді. Адамзат тарихының аса көрнекті тұлғасы соңғы пайғамбардың тарихи қызметін эпикалық шығармаларда бейнелеу арқылы әлем әдебиеттері сөз өнерінің гуманистік-эстетикалық сипатын бағыттайды. Қазақ поэзиясындағы аталған шығармалар да осындай әлемдік әдеби үрдістегі ұлттық болмысымен ерекшелінеді.

Ақындардың Мұхаммед пайғамбарға арналған дастандарында жалпы адамзатқа ортақ адамгершілік имандылық тәрбиесі басты назарға алынады. Исламның тарих сахнасына шығуына дейінгі Нұр Мұхаммед дәуірі мен пайғамбар дүниеге келгеннен кейінгі және оған қырық жасында пайғамбарлық келген кезеңдердегі барлық оқиғалар бүкіл адамзаттың өсуіне, өркендеуіне арналған ең ізгі асыл мұрат жолы болып жырланады. Пайғамбардың ата-анасы, ағайын-туыстары, қоғамдық әлеуметтік ортасы да қамтылады. Ал, пайғамбардың дүниеге келуі, әкесі мен анасының қайтыс болғаны, одан кейін туыстарының қолында тәрбиеленгені де дастандардың сюжеттерінен тұрақты орын алады.

Мұхаммедтің қырық жасқа дейінгі әлеуметтік тұрмыстық өмірі де оның болашақ пайғамбарлық кезеңіндегі қасиеттерінің нышандары сезілген сипаттарда беріліп отырады. Мұхаммед өміріндегі пайғамбарлық кезеңнің де әуелгі басталуы, Алладан жеткен ұйғарым, Құран аяттарының аян болып санаға сіңуі, олардың адамдар ортасына таратылуы, исламды мойындату жолындағы қиыншылықтар бәрі де - ақындардың эпикалық баяндау тілімен жүйелене айтылады.

Дастанда ақын пайғамбарымыздын ислам дінін тарату жолындағы көрген жан азабын айта отырып, адам баласын имандылыққа, адамшгершілікке, адамзат жолындағы игілікті іске төзімділік көрсетуге үндейді.

Шайырдың «Бап Раушан» дастаны қысқа болса да нұсқалығымен ерекшеленеді. Айтар ойы, жақсылық пен ізгілік, сақилық пен жомарттық. Осындағы «Сақилық көп нәрсеге абзал болар, әрқашан жәннат оған ашық тұрар» деп жомарттыққа берілген баға ақынның бұған дейінгі жыр дастандарындағы ізгілікті тақырыпты жетілдіре, кеңіте, зорайта түседі. Дастанның басты кейіпкері, біреудің қажеті үшін басын қатерге тіккен Ғали арыстан. Ол Пайғамбар алдына көмек сұрап келген бір пенденің жүз тілләлік қарызын өтеу үшін Барбар шаһарының патшасына өзін он мың ділләға құл етіп сатады. Сөйтіп, патшаның аса қатерлі деген үш тапсырмасын мінсіз орындайды.

Алғашқы тапсырма бойынша мың сан қолдың шамасы келмей жүрген шаһарды суға бастыратын қауіп бар дарияны алмас зұлпықарымен екі бөлген таудың жартысымен бөгейді. Келесі тапсырмада жүктелгендей, ер Ғали зәрін төгіп, тауда жатқан, ысқырып, лебімен тартқан кезде жолындағы тау мен тасты қылғытып жұтатын айдаһардың басын шауып, ерлік танытады.

Бұл дастандар көркемдік шеберлігімен, мазмұн сонылығымен ерекшеленетін туындылар. Шығармаға арқау болған негізгі тақырып Мұхаммед пайғамбар өмірі, жомарттық, сақилық, пайғамбар сахабаларының ғазауат соғысындағы ерліктері, құдай жолындағы адамдардын қарым-қатынастары. Ал, негізгі идея - Алланын ақ жолын таңдағаннан кейінгі кезенде адамдарды саналы өмір сүруге шақыру.

Ерімбет ақынның діни дастандары нәзирагөйлік дәстүрде көркем жырланған қазақ әдебиетін тақырыптық-идеялық, көркемдік жағынан байыта түсетін туындылар. Бүінгі күннің ұрпақ тәрбиесі үшін дастан мазмұнында тұнып тұрған ғибраттық тағылымдардың да мәні зор.

Діни дастандарды сол кезеңдерде ерекше қабілетпен Омар Шоряқұлы жырлағанын білеміз. Мысалы, Омар ақынның «Мағауия» дастанына келер болсақ, шығарманы діни дастандар қатарына жатқызамыз. Бұл дастан дүниеге нәресте келуден басталады. Дастан Халифалардың өмірі жайлы тарихи желіге негізделген. Дастанды бөлімдерге бөліп қарайтын болсақ:

- Пайғамбарлардың дүниеген келгенін баяндау;

- Халифалық Расулалла өмірден өткеннен кейін төрт халифаға өтуі;

- Халифалықты Әбубәкір, Омар дүниеден өткеннен кейін Османға өтіп, басқаруы;

- Османды, Мысыр әкімі Маруан сатқындық жасап өлтіруі;

- Шам шаһі, Маруан мен Әлидің соғысуы;

- Әли Шері, Асан, Үсейін, Ханапия төртеуінің Мағауияға қарсы жиырма үшінші соғысы;

- Әли Шері малайының қолынан қаза табуы.

Дастан бірізділікпен монорифмалық ұйқаспен жырланған. Дастан он бір буынмен жазылған. Бұндай буындар қазақ жырларында жиі кездесіп отырады.

Ақын шығармаларының негізі ғылымға, дінге, адамгершілікке шақырады. Діни уағыз сарындас дастандары Ерімбет ақынның шығармаларымен үндеседі. Ерімбет Көлдейбекұлында кездесетін шығармасы халифа Омар патшаның ұлы Әбу-Шаһмаға байланысты. Бірақ, Ерімбетте, «Әбу Шашма» деп аталған, дастан ішіндегі мазмұнда бір-бірімен сәйкестік болғанымен, сюжеттік желіде айырмашылық бар.

Екі дастанды салыстырғанда екі нұсқаның да сюжетін құрайтын негізгі, ең маңызды мотив элементтері бірдей екені анықталады. Алайда екі шығарманың оқиғасы бір, мазмұны өте жақын болғанына қарамастан, екі нұсқа да өзіндік тілдік жүйесімен өзгешеленеді. Омар ақынның жырлауында, қасақана қастық жасаған жөһит мотиві, Оспан мен Әлидің араша түскені, Әлидің түсінде Әбу-Шаһманы көріп Омардан сүйінші сұрап келгені, кейіпкерлердің монологтары берілсе, Ерімбет шайырда кейіпкерлердің ішкі жан сезімін баяндауға үлкен мән берілген, мысалы, халифаның қатал үкімінің орындалу сәтіндегі адам сезімінің түрліше ауыр сәтін сипаттайтын тұс үлкен көркемдік жүк көтеріп тұр. Бұл сәтте Абылдың орасан зор дене күшінің дәл суреті де, Әбушашманың адамдық қиналысы, азапты ауыр қасіреті де әсерлі кестеленіп, көз алдыңа келтіріледі. Сондай-ақ мұнда бала әкесіне үш тілек айтады. Бірінші рет жайырақ ұруын өтінеді: «Құлының емес пе едім қолыңдағы, қатты ұрмай, қайтеді ата, ұрсаң жай-ақ». Екінші рет анасын шақыруды өтінсе, үшіншісінде, әкесіне өзін құшақтап, өбуін өтінеді.

Омар ақынның дастандарында пайғамбарлардың өмірін экспозиция жасап таныстырып өтеді. Дастан түрлі оқиғаларға ұласып отырады. Дастанның ішінде оқиғаның өзгеріп, кейіпкерлердің алмасып, ауысып отыруы соншалық, дастанның бастапқы желісінен оқырман айрылып қалуы да ғажап емес. Оқиғаның сан қилығы сондай, дастан кіріспесінен, дастан соңында да бұл өмірде Алланың қалауынсыз ешнәрсе болмайтынын тұспалдай түседі.

Діни дастан тудырушы авторлардың әрине, мешітте алған ілімін пайдаланып, ұстаздарының уағыздарын, жалпы қоршаған ортаның сол жырларды қажет еткенінен дүниеге әкеледі. Автор негізгі желіні немесе өзіне жақын тұстарын байқаған соң, туындыны қазақи ұғымға сәйкестендіріп жырлайды.

Омар ақынның шығармасында, көбіне Омар патшаның кезігуі жәй сәйкестік емес. Омар патшаның өмірін, пайғамбарлар жайлы деректердің, хадистердегі ұшқыр ойларды, автор зерттей келе, қиял құсының шабыт томағасын сыпырып, өзінше жырлайды. Қазақ әдебиетінің зерттелуді, зерделенуді қажетсініп келе жатқан саласы осы дастан дәстүрі. Ұлттық әдеби мұрамыздың ұшан теңіз екеніне дау жоқ.

Қазақтың діни дастандарының негізін мұсылман аңыздары мен мифтері, Құран қағидалары, Пайғамбар суннасы мен хадистер, мұсылман қайраткерлері мен ислам батырлары туралы аңыздар құрайды.

Діни қиссалардың тақырыптық ауқымы өте кең: бұл – мұсылман батырлары туралы баяндаулар, қасиетті соғыс, Пайғамбардың қызметі т.б. Олардың барлығы да белгілі бір мақсат - Ислам дінін дәріптеуге және насихаттауға арналған.

Сыр сүлейлері өз шығармалары арқылы қазақ әдебиетіндегі сан ғасырлар бойында жасап келе жатқан, ең бір жасампаз, дәстүрлі, қазақ оқырманының көркемдік қабылдауына етене жақын, қазақтың қара өлеңіндей құлаққа үйреншікті, сіңісті жанрлық түр – дастандық жырларымыздың өресін жаңа биікке көтерді. Тақырыптық ауқымын кеңейтті, танымдық-тағылымдық мәңі терең діни-философиялық, сюжеттік дастандарды алып келді. Тарихи тұлғалар тағдырын немесе пайғамбарлар өмірін тарата айтылатын, сюжеттік оқиғалары тартымды болып келетін, оқырмандарын жалықтырмайтын, поэтикалық қуаты өте әсерлі, көркемдік бояуы қанық, суреткерлік шеберлік тұрғысынан төрт аяғынан тең тұрған дастандық жырлардың осынау үлкен шоғыры біздің бүгінгі әдебиетіміздің де баға жетпес байлығы.


Қорытынды
Халқымыздың бір ғасырға жуық уақыт бойы талан-таражға салған бай рухани мұрасын жинақтап жүйелеу, көмескі тартқан асыл қасиеттерін сақтап, келесі ұрпаққа шашпай-төкпей сол қасиеттерімен жеткізу – бүгінгі әдебиетіміз бен өнеріміздің аса маңызды міндеті.

Ақиқатында шынайы талант иелерінің қаламынан туындаған адам баласына тән ізгі қасиеттер мен рухани құндылықтарды жырлаған шығармалар қай кезеңде де құнын жоймайды. Адамды биік мұраттарға итермелейді, руханияттың таусылмас азығына айналады.

Сыр сүлейлерінің туындылары адамзатты рухани тазалық пен патриотизмге ұмтылдыра отырып, оған Ислам діні арқылы жетуге болатындығына сендіреді. Олар мұсылман діні арқылы адамзатқа тура жол нұсқайды, тәрбиелі, өнегелі болуды үндейді. Міне, мұндай баға жетпес туындылар әдебиетіміздің асыл жауһары екені даусыз.

Сыр сүлейлерінің артында қалған мол әдеби мұраларын халықтың ортақ игілігіне айналдырып, дүниемен қайта дидарластырып, өмірінің екінші кезеңін кейінгі ұрпақтарға таныстырып, із қалдыру қазіргі ұрпақтың мәртебелі міндеті дегім келеді.



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:


  1. Назарбаев Н. Ә. «Мәдени мұра» бағдарламасы мемлекеттік бағдарлама болуы тиіс // Егемен Қазақстан, 2003, 29 қараша, № 311-312.

  2. Ақын-жыраулар. - Алматы, 1979, 184 б.

  3. Азибаева Б.У. Казахские народные романические дастаны. – Алма-Ата, 1990, 140 с.

  4. Қалижанұлы У. Қазақ әдебиетіндегі діни-ағартушылық ағым. - Алматы, 1998, 235 б.

  5. Сыр сүлейлері жайлы//Тебегенов Т. Ұлт тағылымы, 2004, № 2, 142-147 бб.

  6. Базар жырау. Шығармалары. - Алматы, 1986, 200 б.

  7. Әзібаева Б. Қазақ дастандары. - Баспалар үйі акционерлік қоғамы, 2009, 285б.

  8. Қазақ ССР энциклопедиясы. 4-том. - Алматы, 1989, 401 б.

  9. Кете Жүсіп Ешниязұлы, Қаңлы Жүсіп Қадірбергенұлы, Таубайдың Жүсібі. Шығармалары. - Астана, 2009, 345 б.

  10. Қарасақал Ерімбет. Ұлағат сөзім ұрпаққа.- Алматы, 1995, 320 б.

Диссертация тақырыбы бойынша жарияланған мақалалар тізімі:
1. «Сыр сүлейлері шығармашылығындағы қисса-дастандардың тәрбиелік мәні». Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің жанынан шығарылған жас ғалымдардың ғылыми еңбектерінің жинағы (баспада).

2. «Ислам тақырыбындағы шығармалардың ерекшелігі». Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің жанынан шығарылған жас ғалымдардың ғылыми еңбектерінің жинағы (баспада).

3. «Сыр сүлейі Нұрмағамбет Қосжанұлының Сартай батыр дастанындағы ұлт азаттығы идеясы»: Қазақстанның тәуелсіздігіне 20 жыл: Республикалық конференция материалдары (баспада).
РЕЗЮМЕ

Автореферата диссертации на соискание академической степени

магистра филологических наук по специальности

6М020500 – Филология

Косжановой Салтанат Орынтаевны

Религиозные дастаны в произведениях Сыр Сулейлеры
Актуальность темы исследования. Особенность религиозных просветителей в развитий Казахской литературы конца ХІХ и начала ХХ века.

Исследуется казахская литература конца ХІХ века и начала ХХ века, казахский народ в эти времена пережил очень тяжелое социально-экономическое и духовный кризис. Тяжелая жизнь подтолкнула казахских граждан на развитие разносторонних взглядов. В народе Сыра, особенно в окрестностях Кармакчи и Арал, появились группы акынов Сыра: Ешнияз сал, Балкы Базар, Онгар Дыркайұлы, Омар Шораяков, Турмагамбет Изтлеуов и другие.



Уровень исследуемой работы. Религиозные темы казахского фольклора, кисса-дастаны многое время считались не очень полезными и много лет и до сегодняшнего времени до конца неисследованы. Начали исследование только тогда, когда страна получила независимость. В последнее время ученые-исследователи У.Калимжанұлы, С.Бермагамбетова, М.Абилов начали обращать серьезное внимание на изучение данной темы.

Цели и задачи исследования. Цель нашего труда – исследование литературного наследия акынов Сыра. Задача работы:

- определить влияние общественно-политических явлении и влияние литературы конца ХІХ века и начала ХХ века;

- собирать информации, касающихся литературы наследия акынов Сыра;

- исследовать и определить характеристику жанров этнических песен;

- квалификация дастанов традиционной восточной литературы;

- специфика религиозных кисса.



Научная новизна работы исследование проводится на основе проблем ислама. Структура дастанов направляет на дружбу и единство.

Основные положения, выносимые на защиту:

  • общественно – политическая ситуация начала ХХ века оказала влияние на литературный процесс, результатом которого стало появление «религиозных поэтов – просветителей»;

- Сыр сулейлеры стали основоположниками классического описания темы гуманизма;

  • религиозные дастаны акынов Сыра поддерживают в читателях духовную силу и знакомят с историей и религией, чаяниями и устремлениями народа, а также увлекают сценами из жизни святых и верующих.

Структура работы. Работа состоит из введения, двух разделов и заключения. Приводится список использованной литературы и словарь религиозных понятий.

THE RESUME

The dissertation authors abstract on competition of the academic degree

The master of philological sciences on a speciality

6M020500 – pyilology

Koszhanova Saltanat Orintaevna

Religious epics (dastans) of Sir Suleilery
Topicality of the research work. Peculiarity of the religious enlightener in the development of the Kazakh literature at the end of the XIX and the beginning of the XX centuries. The Kazakh literature at the end of the XIX and the beginning of the XX centuries is researching, Kazakh people had a very hard social-economic and spiritual crisis at this time. A hard life incited Kazakh citizens to the development of different opinions. In the country of Syr, especially in the areas of Karmakshy and Aral a group of poets Eshniyz. sal, Balky Bazar, Ongar Dyrkaiulu, Omar Shorayak, Turmagambet Iztleuov and the others were born.

Degree of the research work. Religious themes of the Kazkh folklore, Kissa – dustan was considered not to be useful and for a long time and up today was not studied till the end. Researching started only when our country got its independence.

Lately scholar – scientists U.Kalimzhanulu, S.Bermaganbetova, M.Abilov started to pay a serious attention to the study of this theme.

Aim and tasks of the research work. Aim of our research work is to study literatury heritage of Syr poets.

Tasks of the work. Define the influence of the publico-political situations on the literature at the end of the XIX and the beginning of the XX centuries.



- Collect information related to the literary heritage of the Syr poets.

- Study and distinguish characteristics of the genre of ethnic poems

- To classify the poets dustans written in the oriental literature tradition - pecularity of religious Kissa.

The main positions, that are set to the defense:



  • the social – political situation of the beginning of the twentieth century influenced on the literary process, which resulted in the creation of the “religious poets – educators”;

  • Syr Suleilery became the founders of the classical description of the theme of humanism;

  • the religious epics of Syr Suleilery support in the readers spiritual strength, and learn about the history and religion, hopes and aspirations of the people, and also enjoy with scenes from the lives of saints and believers.

Scientific character of the research work. Reserch work is based on the Islamic problem. Structure of the dustans brings to the friendship and solidarity.

Structure of work. The dissertation consists of Introduction, two sections and conclusion. The list of used literature and a glossary of religious concepts are given.



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет