Адамдық пен надандық
Дүниеге кімдер келіп, кім кетпеген,
Табиғат түбі терең қол жетпеген.
Өнерін өмірінің біле тұрып,
Маңдайын пенде бар ма терлетпеген?!
Баз біреу көп ақылға ие болып,
Жұмысын ешбір жанға жөндетпеген,
Баз біреу мал базарын мақсат етіп,
Ауруын адамдықтың емдетпеген.
Ақылдың ауырлығы қорғасындай,
Көңілді бұзық іске өрлетпеген [11:22].
Кете Жүсіптің сүйіспеншілікке арнаған өлеңдеріне назар аударайық:
Өзіңмен бас қосқанның арманы жоқ
(Бибі қызға)
Артықша ақыл, білім, парасатың,
Өзгемен өлшестірсе, биік жалдай.
Бедеудей белің нәзік, сыртың сұлу,
Қайырға шыққан түзу құба талдай.
Қаламдай қасың қара, шашың сүмбіл,
Жаудыр көз, оймақ ауыз, жазық маңдай.
Өзіңмен бас қосқанның арманы жоқ,
Ұжмақта хор қызымен ойнағандай.
Жаннаттың хор қызындай бейне әлпің
(Сәуле қызға)
Қыпша бел, құралай көз, алма мойын,
Жанаттың хор қызындай бейне әлпің.
Қалам қас, оймақ ауыз, пісте мұрын,
Ақ төсің – айдын көлдей суы салқын, - деп аяқтайды.
Омар - Абай поэзиясын құлай сүйіп, одан көп үйренген ақын. Мысалға, ол: «Аталық кеңес», «Төрт асыл мен төрт дұшпан» атты туындысын Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңіне еліктеп жазған сияқты. Алты алашқа айтулы ақын Шораяқтың Омарының артында қалдырған асыл мұрасының ауқымы кең. Оны әр жанр түрі бойынша жеке - жеке әңгіме ету, шығармаларын арнайы зерттеу, ғылыми айналымға келтіру, қоғамдық - саяси идеясын, философиялық көзқарастарын, тәлім - тәрбиелік өсиеттерін жан - жақты талдау - зерттеушілерінің алдында тұрған келелі мәселенің бірі.
Енді халықтың сүйіп тыңдайтын, өзіне сәйкес мақамы бар Шораяқтың Омарының екі-үш өлеңінен үзінді келтірейік, сөз жоқ, олардың әрбір қатарының, сөзінің жастарға тәлім-тәрбие, оның ішінде эстетикалық тәрбие беруге үлес қосады:
Атамыз алыс болғанмен,
Жамиғы қазақ бір туған.
Бір бәлеге жолығар
Есесін таппай сөз қуған.
Тұқымы өскен бір құс бар
Ауазасы кейін аққудан.
Жақсының сөзі шырайлы,
Тілі тәтті бал - судан.
Жаманның сөзі ащы дүр
Адам ішпес зәр удан.
Шойынменен тең болмас
Қалайылы жез құмған.
Басында іспет бермесе
Ағармас күнде бет жуған.
Алысқа шапсам, арыман,
Тұлпардан туған мен будан [12:32].
***
Биік тауға жарасар
Басындағы обасы,
Айдын көлге жарасар
Жағалай біткен қоғасы.
Ақсақалға жарасар
Еліне болса тоғашы.
Бәйбішеге жарасар
Ордадағы сабасы.
Келіншекке жарасар
Емізулі баласы.
Балалыққа жарасар
Еркелеткен анасы.
Ер жігітке жарасар
Қолындағы найзасы
Жақсы болса азамат
Халыққа тиер пайдасы [12:34].
Нұртуған ақынның өлеңдерін жырға құмар, өнерді сүйетін жұртшылықтың бәрі ұнатады. Оның ел аузында айтылып жүрген үш төрт шығармасы кең шалқар қазақ даласына түгел жайылыпты.
Әуелі баршамыз табынатын әділдікті, сыйластықты, пәктікті жырлаған «Адамгершілік туралы» атты толғауын оқиық:
Шекпенің жұқа болса жел өтеді
Білмеген асыл затты жүн етеді.
Жігіттер жас кезіңде өнерлі бол,
Айналмай өмір қызық тез өтеді.
Қолға алған бір ісіңді тындырмасаң,
Жалқаудың ертеңменен күні өтеді.
Сыпайы бірін-бірі қадір тұтса,
Арада сіз біздескен шен етеді.
Өсекке үйірсек жан ақыр түбі,
Досының ақ көңілін кір етеді.
Ұрыншақ, шайпау жанның тілі удай,
Жүрегің шоқ басқандай дір етеді.
Баз біреу толарсақтан сорға батып,
Артықтың түймедейін мін етеді.
Білімсіз надан жанның дабырасы,
Жарығын дүниенің түн етеді.
Өзімшіл ісіп-кепкен ақырында,
Бақытын өз қолымен тұл етеді.
Әккілер екі жүзді әрқашанда,
Айласын көлеңкелеп пұл етеді.
Кейбіреу қолда барды ұқсата алмай,
Қуартып кенезеңді шөл етеді.
Өнерлі, білімді жан кішік келіп,
Ауысып ақылымен көл етеді.
Ақ көңіл, адал жандар даналығыны,
Шешіліп, жасырмай-ақ сыр етеді [13:158].
Осы «Адамгершілік туралы» өлеңінде ақын әр адамның бойындағы көзге көрінбейтін, сырттай да сезілмейтін жұмбақ қасиетін дөп басып, соның сырын ашып берген. Кез келген жанды қуантатын да, ренжітетін де бақытқа қарай жетелейтін де, сонымен қабат тосыннан қайғыға батырып, қапаландыратын да – осы адамның мінез-құлқы.
Абайдың шығармаларын оқып, оларды өзіне ұстаз тұтады.
«Атқа сын» деген туындысында:
Нағыз тәуір ат екен ер мінетін,
Жігітке қолайлы екені көп жүретін.
Сіңірлі, жуан бақай, қалың тұяқ,
Еш пенде кемітпейді ат білетін.
Қоян жон, бөрі қабақ, кері түсті,
Ұрыншақ әдеті жоқ, жеңіл түсті.
Күлте жал, ойық шеке, көзе мойын,
Жуан бел, ат болады бір келісті.
Шекеге түзу біткен қос құлағы,
Киік аяқ, нық берік жер соғары.
Сыпыс құйрық, ұмасы үлбіреген,
Назары ер салғанда сәл жоғары, [13:165]- деп аттың сұлулығын көз алдыңа келтіре суреттейді.
Сонымен, Нұртуған Кенжеғұлұлы – қазақтың бұрынғы өткен атақты ақын, жырауларынан үйрене отырып, жаңаша жыр жазуға талпынып, ұлттық поэзиямызда өзіндік үнін қалдырып кеткен, мақтан тұтуға жарайтын ақын.
Қазақтың ақындық, әншілік тарихында «Нартай мектебі» деген ұғым бар. Ол мектептің іргетасын қалап, қабырғасын тұрғызған – белгілі халық ақыны әрі композиторы Нартай Бекежанов.
Нартай ақын «Қыз сипаты» деген өлеңінде оның сұлулығын былай сипаттайды:
Сипатына қарасам –
Жазық маңдай, қаламқас,
Сөздеріне қарасам,
Әзіл мен шыны аралас.
Аң-таң болып қалыппын,
Толқытып қара қолаң шаш
Кездестім үлкен бір дертке,
Осыдан жаным оңалмас.
Жарқырап күндей қабағы,
Жалтырап айдай тамағы,
Ині салық, мойны ұзын,
Алманың бейне сабағы.
Екі беті қып-қазыл,
Жағылғандай далабы.
Белі нәзік жіңішке,
Ұқсаған еті күрішке.
Хорлардың қызы секілді
Тотыдай толқын жүріске.
Көз жауын алып тұрады,
Форымы ұқсап пүлішке.
Ерні қызыл ақықтай,
Көзі гауһар жақұттай,
Көзі керек, шіркін, көріске! [14:125].
«Айтамын тағы ақылды» деген өлең жастарға арналады:
Байлығыңа шалықтап,
Нашарларға күш қылма.
Қайырғанмен қаз алмас,
Жапалақты құс қылма.
Мақсатына жетпесін
Жаманды қайрап іс қылма.
Бақ қонып, дәулет үйірілсе,
Қоғамды болып қоңсыңа
Жыландай шағып ысқырма.
Ұлық болсаң, кішік бол,
Кекірейгенге пысқырма.
Тілін алып шайтанның
Түске дейін жатып ап,
Алтыныңды мыс қылма.
«Мынау жақсы» дегенге
Құр мақтанып жыртылма.
Жақсы атқа ие бол
Көзін тауып іс қыл да [14:157].
ІІ.2. Жоғары оқу орындарында «Сыр бойы ақын-жыраулары шығармалары негізінде эстетикалық тәрбие беру» атты элективті курсты оқытудың мазмұны, тиімді әдістері және нәтижелері делінген тараушада аталған курстың қажеттілігі, маңыздылығы, оның оқу бағдарламасы, студенттерге арналған силабусы берілген.
Елбасының Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасында «Біздің жас мемлекетіміз өсіп жетіліп кемелденеді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Олар өз ұрпағының жауапты да жігерлі, білім өресі биік, денсаулығы мықты өкілдері болады...» [15] деген болатын. Бүгінгі күн талабына орай білім берудің мазмұны мен мақсаты қайта қаралып, түбегейлі жаңартылуда. Еліміздің өркениетті елдер қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақ бейнесінен көрінеді. Осыдан барып жастарға жаңа ақпараттық технологияларды қолдана отырып, ғылыми негізде білім беру міндеті туындайды. Яғни, білім мазмұнын жаңарту, үздіксіз білім беру жүйесін дамыту - өмірдің өзі талап етіп отырған бүгінгі күннің объективті заңдылығы.
Қоғамның дарынды жастарға деген қажетін қанағаттандыру талабы оқыту, білім беру жүйесінің алдына студенттің әлеуметтік белсенділігінің дамуына жол ашу, шығармашылық тұлға қалыптастыру міндетін қойды. Тәуелсіздік кезеңі тіршілігіміздің алуан саласындағы жаңа да жарқын бетбұрыстарға, жаңғыруларға бастап отыр. Болашақ маман иесі өзін қоршаған табиғатты, әлеуметтік ортаны неғұрлым жақсы білсе, соған өз тарапынан өзгеріс жасауға соғұрлым ынталы, қабілетті. Бұл орайда біздің диссертациямызда сөз етіліп отырған Сыр бойы ақын-жырауларының шығармашылығы да өнер сүйер жастардың ынта-ықыласын оятары сөзсіз.
Егемендіктің тұғыры тұрақталып, мемлекеттің іргесін нығайту және қазіргі уақыттағы жаһандану ұлттық бірегейлікті, тұтастықты сақтау, ұлттық эстетикалық сананың сарқылмауы, тіл мен ділдің баянды болуы үшін болашақ педагог мамандар даярлайтын жоғары оқу орындарының қабырғасында жыраулық өнердің алатын орны ерекше.
Жыраулық өнер – сөз бен әуез өнері. Адамның жүрегі тербетіп, ақылы таразылап, тілі кестелеп айтқан сөз бен әуен орнында тұрса ғана, жыраулық өнер пайда болады. Ғылыми-педагогикалық ұстаным бойынша эстетикалық тәрбие философиялық, педагогикалық, негізінен, ұлттық ізгілікті, психоло-гиялық, тұғырламалық мәдени-рухани көзқарастарға құндылықтарға құрылып, ұлттық таным, ұлттық рухани-гуманистік сананы қалыптастырады.
«Дәстүрлік музыка өнері» мамандығын оқытуда білікті мамандар даярлау үшін оқытушыларға жаңа міндеттер жүктеліп отыр. Бүкіл әлемдік білім кеңістігіне өтуде ұлттық сананы жетілдіру, оқыту әдістеріне ене бастаған жаңа үрдістер кеңінен қолданылуда. Әлемдік білім кеңістігіне кіру білім беру жүйесін халықаралық деңгейге көтеруді талап ететіні сөзсіз.
Қазақтың ақын-жыраулар тарихынан ерекше орын алатын Сыр бойы ақын-жырауларының әдеби-музыкалық мұрасы ұлттық рухани құндылықта-рымыздың үлкен бір саласы болып табылады десек, ақын-жыраулардың өмір, заман жайындағы толғаныстарын, дана өсиеттері мен ақыл-нақылдарын қазіргі жастарға насихаттау – білім мен тәрбиені ұштастырудың негізгі тәсілдерінің бірі. Оның тарихи негіздері де жоқ емес. Студенттерді Сыр бойы ақын-жырауларының шығармаларымен таныстырып, тақырыптық-идеялық, жанрлық, көркемдік эстетикалық ерекшеліктеріне қарай талдауға машықтандыру арқылы ғылыми ізденушілігін, өлке өнерін танып-білуге құлшынысын арттыруға болады.
Студенттерге жыраулық өнердің құдіретін, оның адам баласы жаратылғаннан бері бірге жасасып келе жатқандығын, мәңгілік жаңарып, жасарып отыратын үрдіс екенін курстың алғашқы дәрісінде тағы да айтып, түсіндіре отырып, сол өнерді жасаушылардың бір тобы - Сыр бойы ақын-жыраулары, олардың әртүрлі дәстүрде жазылған шығармалары жайында айтуымыз керек.
Студенттің ақын-жыраулар шығармасын қабылдауы оңай үрдіс емес. Ол – студенттің өзінің жан қалауымен, жүрек сезімімен, рухани әрекетімен жүзеге асатын дүние.
Қандай жақсы шығарма болмасын, студент автордың жан күйзелісін, шалқар шабытын бойынан өткізіп, бейнелеген суретті көз алдына елестетіп, келтіре алмаса, бәрі бос сөз. Оның бойындағы осы сезімді ояту оқытушының қолында. Ол студенттерге музыкалық білім беріп, оның рухани-эстетикалық, адамгершілік қасиеттерін дамыту үшін әдіс-тәсілдерді орнымен қолдануы қажет.
Студенттердің рухани дүниесін байыта отырып эстетикалық, интеллек-туалдық, көркемдік, сезімдік, адамгершілік, азаматтық тәрбие беру; тұрақты ынта-ықыласты, биік талғамды қалыптастыру; жыраулық мұраны және онда бейнелен-ген құбылысты эстетикалық қабылдауына қажетті білім және біліктілікпен қаруландыру; логикалық ойын қалыптастыру – міне, осы мәселелер Сыр бойында жасаған шайырлардың бейнелеген сюжеттерінен алып орындаған шығармаларын студенттерге оқыту барысында кешенді түрде жүзеге асырылуы тиіс.
Оқытушылар қауымы студент міндетіне орындаушылықты қоса отырып, сабақтағы барлық әрекетті студенттің логикалық пайымдауын арттыруға бағыттауы қажет. Бұған қол жеткізу үшін оқыту барысында оқытушы мына жайттарды басшылыққа алғаны жөн:
-
дәстүрлік музыка өнері табиғатына сәйкес оқыта білу, оның идеялық-эстетикалық мән-мағынасына терең бойлап, тебірене қабылдату;
-
шығармалардың ұлттық сипатын, ондағы халықтың әдет-ғұрып, салт-санасының көрінісін, эстетикалық, идеялық-адамгершілік түпкі мазмұн-мәнін түсіндіру;
-
ақын-жыраулар шығармаларын оқуға және орындауға деген студент қызығушылығын ояту, олардың бойында жоғары эстетикалық талғам қалыптастыру;
-
сөз және музыка өнерінің ерекшеліктерін түсініп тануға, ой көзімен зерделеуге негіз болар білім дағдыларын қалыптастыру;
-
студенттің оқу еңбегіндегі ой дербестігін дамыту.
Ақын-жыраулардың поэзиялық туындыларын оқыту – мамандыққа оқытуда кездесетін келелі мәселенің бірі. Осы шығармалардың қатарындағы әр түрлі үлгіде жазылған дастандарды оқыту кезінде студенттердің туындыны түсініп оқуына, туындыны талдай білуге төселдіру керек. Мұны меңгерген студенттің сөз байлығы, танымы артып, өресі биік болары анық.
Сыр бойы ақын-жырауларының шығармашылығында студенттерді өмірде сүйіспеншілікке баулитын дүние мейлінше мол. Соның бірі – талдау әдісін меңгерту үшін студенттерді шығарманың көркемдік әлеміне көз жіберте білуге, шығармашылықпен оқи білуге үйреткен жөн.
Ауыз әдебиетінен білім алу мәтінді білуге, оны шығармашылықпен оқи білуге байланысты. Сондықтан студенттерді таңдау курсында өтілетін Сыр бойы ақын-жырауларының шығармаларын оқыту сабақтарында әдеби-музыкалық талдауға баулу қажет. Шығармаларды талдау әдісі поэзияда да, музыкада да бір ізді. Мысалы:
-
Мазмұндық-тақырыптық және музыкалық талдау. Шығарманы тұтастай ала отырып талдау.
-
Тілдік-эстетикалық талдау. Шығарманың тілдік ерекшелігін, сөз өрнегін, көркем сөз табиғатын, стильдік айырмашылығын таныту.
-
Кейіпкерлік-бейнелік талдау. Шығармадағы кейіпкерлердің бірлік сабақтастығын, олардың шығарма тақырыбы мен оқиға желісіне қатысын айқындауға ықпалын ажырату.
-
Саяси-әлеуметтік талдау. Шығарманың әлеуметтік мәнін, бейімділік, танымдық, тәрбиелік рөлін ұғындыру.
Сыр бойы ақын-жырауларының шығармаларын оқытуда конструкция-лық жобалау технологиясын пайдаланудың да тиімділігі зор. Бұл әдіс бойынша оқытушы көлемді түсініктер мен ұғымдарды тұжырымдап, ғылыми жүйеде түсіндіреді. Мысалы: Мультимедиадан жырау тұлғасына берілген анықтама көрсетіледі. Жыраулар туралы мынадай түсінік беріледі: «Жырау -өлең сөзді қару еткен өнер адамы,халықтың қамын ойлайтын парасатты ел ағасы, замана, уақыт сарынын ақыл таразысына салып, салмақтай білетін тапқыр да шешен, абыз, қисық кеткенді қылышпен емес, сөзбен тоқтататын әділ би. Жыраулар аса мәнді, көкейтесті мәселелерді толғаған».
Сыр бойы ақын-жыраулары шығармаларын оқыту барысында олардың адамгершілік мұрат мәселелерін қозғайтын туындылары негізгі нысанға алынады.
Ақын-жыраулар поэзиясында адамгершілік мұраттардың объективті гуманистік сыр-сипаты адамның рухани өрлеуімен, таным-талғамының тереңдеуімен, жалпы болмыспен гармониялық қарым-қатынас жасауымен, адамзат прогресіне қызмет ететін мүдделерге үйлесуімен де сабақтас екенін көңілге түйген жөн.
Курс барысында кредиттік оқыту жүйесінде Сыр бойында өмір сүрген ақын-жыраулар шығармаларындағы эстетикалық дәстүрді оқытудың тиімді әдістері қолданылып, оқыту үдерісіне енгізілді. Осы орайда рухани-эстетикалық тәрбие беретін Сыр шайырларының шығармаларын оқыту жоғары оқу орнының оқыту үдерісінде арнаулы курс негізінде жүргізілсе деген ұсыныс айтар едік. Өйткені қабылдаудың психологиялық негізі бойынша жастардың эстетикалық тәрбиесі сензитивті деңгейде жүзеге асырылады. Сондықтан арнаулы курс ретінде оқытылатын Сыр ақын-жырауларының шығармаларындағы жыраулық өнерді оқыту арқылы студент қабылдайтын эстетикалық әсерді, оның рухани мазмұнын арттыруға болады. Яғни арнаулы курсты оқытуда жүйелі түрде арнайы бағдарламаларға (sullabus) сәйкес ұйымдастыру арқылы дәріс оқу, әңгімелесу, пікір айту, дискуссия, т.б. жандандыру болады. Біздің зерттеу жұмысымыздың келесі тараушасында Сыр бойы ақын-жыраулары курсын оқыту арқылы студенттердің рухани-эстетикалық тәрбиесін ұйымдастырудың мазмұны мен әдіс-тәсілдері, формалары қарастырылады.
ҚОРЫТЫНДЫ
Сонымен, зерттеу жұмысымыздың қорытындысын мынадай түйін сөздермен жасауымызға болады:
1. «Сыр сүлейлері» деп бөлекше аталған Балқы базар, Дүр Оңғар, Ешнияз сал, Тұрмағамбет, Шораяқтың Омары, Кете Жүсіп, Қарасақал Ерімбет, Жиенбай жырау, Нұртуған, Бұдабай, Нартай жыраулар және т.б. шығармаларының жастарымыздың эстетикалық тәрбиесін дамытып, жан дүниесін рухани сезіммен байытатын мүмкіндігі зор.
2. Жоғары мектепте Сыр бойы ақын-жыраулары шығармаларын оқытудың әдістемелік жүйесі ұсынылады. Болашақ ұрпақты тәрбиелеуде Сыр бойы ақын-жырауларының шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік үлгілер, эстетикалық құндылықтарды білу студенттің жан-жақты қалыптасуына ықпал жасайтындығы дәлелденді.
3. Байырғы түркі өркениеті, қазақтың өзіндік төл дүниетанымдық эстетикалық мұралары тоғыса, тұтаса дамыған сақталған Сырдария бойының ақын-жыраулары мұралары – ұрпақтардың өткені мен бүгінін, келешегін жалғаудағы рухани дәнекер. Сондықтан жыраулық поэзиядан келген бұл үрдістің Сыр бойы ақын-жырауларының шығармалары арқылы жалғасуы қазіргі және болашақтағы ұлттық сөз, ән өнері дамуының дәстүрлі көркемдік негізі болып қала беретіні ақиқат.
4. «Сыр сүлейлері», «Жыраулар мекені» атанған Сыр бойының музыкалық мұрасы бүгінгі күнге дейін әлемнің музыка зерттеушілерінің назарынан тыс қалмай келе жатқаны жасырын емес. Осы орайда музыка мамандары өнертану ғылымына Арал, Қазалы аймағының мақамдарын топтастырып, «Сырлы сарын», «Даланың даналық дәстүрі» және «Аталар аманаты», «Көрұғлы», Қармақшы мақамдарын жинап нотаға түсіріп шығарған еңбектері көпшілік қауымнан оң бағасын алуда. Демек, ғасырдан-ғасырға, атадан балаға ауызба-ауыз, қолма-қол беріліп, үзілмей жетіліп келе жатқан жыраулық дәстүрдің музыкалық мұрасын қазіргі таңда зерттеуге мүмкіндік туды және ол жалғасын табуы керек.
5. Өнер мен жырдың ордасына айналған Сыр өңірі күллі түркі тектес халықтарының тұнық бастауындай десе болады. Боз даланы боздата салған жыраулық дәстүрдің сан қырлы мақамы көне түркі әлеміне жетелейді.
Осындай саф алтындай мұраны алға апарушы Сыр саңлақтарының сара іздерін жаңғырту бүгінгі ұрпақ үшін үлгі мен өнеге. Сырдың бойында 500-ден аса жыраулық өнерді дәріптеушілер болса, солардың рухына арнап, «Сыр сүлейлері» аллеясын салу ұрпақ үшін өшпес мұра болып қалды. Астарлы сөздер мен тұлғалардың бейнелерін көріп, оқып білген, бүгінгі жас ұрпақтың ой-санасы жаңарып, жаңаша көзқарас қалыптастырары анық.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
-
Назарбаев Н.Ә. Тарих толқынында. – Алматы: Атамұра, 1999. -296б.
-
Назарбаев Н.Ә. Қазақстан-2030 стратегиялық бағдарламасы. – Алматы: Білім, 1997. – 256 б.
-
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. //Егеменді Қазақстан». -2000. -11 маусым.
-
Арғынбаев Х. Қазақ халқының өнері. –Алматы, 1987.
-
Әбенбаев С.Ш. Эстетикалық мәдениет негіздері. Оқу құралы. – Алматы. Дарын, 2005. -280б.
-
Ұзақбаева С.А. Өміршең өнер өрісі (Оқушыларға музыкалық эстетикалық тәрбие беру). –Алматы: Мектеп, 1988.
-
Жүсіпов Б. Жыраулық дәстүрдің шығу тегі //Сырдария. -2010. -№3(9). -29-44б.
-
Бес ғасыр жырлайды. Үш томдық. –Алматы: Жазушы, 1985. т.3. -352 б.
-
Базар жырау. Шығармалары. – Алматы: Жазушы, 1986. -200 б.
-
Дырқайұлы Дүр Оңғар. Ерлерім сөйле дегесін. – Қызылорда: «Қоғам», 2009. -128б.
-
Егізбай Н.Ә. Сыр сүлейлері. – Қызылорда. 2002. 123б.
-
Кете Жүсіп (Өлең, толғаулар, дастандар мен айтыстар). – Алматы: «Арыс» баспасы, 2003. -236б.
-
Шораяқтың Омары. Сөйле, тілім, жосылып. – Алматы: Рауан, 1995. -301 б.
-
Еңсегенұлы Т. Сыр бойы ақын-жыраулары. Әдеби зерттеу. – Алматы: Білім. 2000. -243 б.
-
Бекежанов Н. Аманат: Өлеңдер, айтыстар, дастандар. – Алматы: Жазушы, 1990. -272б.
Диссертацияның негізгі мазмұны мен тұжырымдамалары төмендегі басылымдарда жарияланды:
-
Омаров Е.Т., Табулова А.Б. Тұрмағамбет шығармалары негізінде жастарға эстетикалық тәрбие беру мүмкіндіктері //Жердің бірінші жасанды серігін ұшыру күніне арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. –Қызылорда-Киев, 2012. -231-233б.
-
Омаров Е.Т., Табулова А.Б. Ақын-жыраулардың шығармашылығы және жастардың эстетикалық тәрбиесі //«Шоқан тағылымы – 17» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. –Көкшетау, 2013.
-
Омаров Е.Т., Табулова А.Б. Сыр өңірі ақын-жыраулары шығармалары және тәрбие. //«Ғылымның, техниканың және білім берудің басымдықтары» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. –Қызылорда-Киев, 2013. -370-372б.
РЕЗЮМЕ
На реферат магистрской диссертации по теме: «Эстетическое воспитание студентов на основе творчества акынов-жырау Сырдарьинского региона» по специальности 6М010300 – «Педагогика и психология» Омарова Еркебулана Турсынбекулы.
Актуальность исследования. Воспитательные возможности творчества акынов-жырау в народный педагогике неоднократно рассматривались отечественными учеными и педагогами. Однако недостаточно глубоко изучены возможности эстетического воспитания студентов через творчества акынов-жырау Сырдаринского региона, таких как Балкы базар, Т.Изтлеуова, О.Шораяка, Кете Жусупа, К.Еримбета, Дур Онгар, Будабая Қабылулы, Нуртугана Кенжегулулы, Н.Бекежанова и многих других.
Цель исследования: выявление методической базы эстетического воспитания студентов на основе творчества акынов - жырау Сырдаринского региона.
Обьект исследования: процесс эстетического воспитания студентов на основе творчества акынов-жырау Сырдаринского региона.
Предмет исследования: методы и содержание эстетического воспитание студентов на основе творчества акынов-жырау Сырдаринского региона.
Научная гипотеза исследования: если в учебно-воспитательном процессе систематически используются песни и произведения акынов-жырау земли сыра, то у студентов создаются благоприятные условия получения эстетического воспитания.
Новизна и теоретическое значение исследования:
- идеи эстетического воспитания студентов на основе творчества акынов-жырау Сырдаринского региона приведены в научную систему и анализированы с точки зрения педагогики;
На идеи эстетического воспитания студентов через творчества акынов-жырау даны обьективные характеристики, определены содержания,
- показаны преемственность эстетического воспитания творчества акынов-жырау Сырдарьинского региона и казахской народный педагогики через исскуство, подготовлено научно-методические рекомендации для использования их в высших учебных заведениях;
- для формирования эстетического воспитания студентов в учебно-воспитательном процессе подготовлена программа элективного курса «Эстетическое воспитание студентов на основе творчества акынов-жырау Сырдаринского региона», разработаны эффективные методы их применения.
SUMMARY
Of Omarov Erkebulan Tursunbekuly’s magistrate dissertation on the theme: “Esthetical Education of Students on the Basis of akyn-zhyraus of the Syr-Daria Region creative activities”. Speciality: 6M010300-“Pedagogics and Psychology”
The research actuality: The educational importance of akyn-zhuraus creations were often touched upon by the scientist’s and teacher. But the importance and possibilities of esthetic education of students by the creations of the Syr-Daria region akyn-zhyraus such as Balky Bazar, T.Izteluov, O.Shorayak, Kete Zhusup, K.Erimbet, Dur Ongar, Budabai Kabululy, Nurtugan Kenzhegululu, N.Bekezhanov and many others are not been deeply investigated.
The aim of research: revealing the methodical base of students esthetical education on the basis of the Syr-Daria akyn-zhyraus.
The object of research: the process of esthetical education of students on the basis of the Syr-Daria akyn-zhyraus.
The theme of research: methods and content of students esthetical education on the basis of the Syr-Daria region akyn-zhyraus creative activities.
The scientific hypothesis of research: The students are sure to acquire good esthetical education when the songs and other creations of akyn-zhyraus of the Syr-Daria region are systematically used in the educational process of students.
News and theoretical importance of the research:
- the ideas of the students esthetical education on the basis of creation of the Syr-Daria region akyn-zhyraus were systematized and analyzed from the point of their pedagogical importance;
- the creation of akyn-zhyraus were objectively characterized, their contents were given;
- the co-relations of the esthetic educational importance and the Kazakh national pedagogics through art, the scientific – methodical recommendations were prepared for the use of them in the educational process in higher schools:
- the program of on elective course “Esthetical Education of students on the basis of Syr-Daria region akyn-zhyraus” and the effective methods of their usage were prepared.
Достарыңызбен бөлісу: |