Region2. htm 2010 жылдың І тоқсанына арналған Ұлан ауданының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы



Дата25.02.2016
өлшемі93.38 Kb.


region2.htm
2010 жылдың І тоқсанына арналған Ұлан ауданының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы

Ұлан ауданында тұрақты қоғамдық-саяси ахуал сақталуда, оған ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының оң динамикасы, партиялармен, қоғамдық бірлестіктермен жүргізілген жұмыстардың нәтижесі ықпал етуде.

Қоғамдық-саяси, әлеуметтік ахуалды сақтауға әсерін тигізетін бірқатар іс-шаралар өткізілді. Конфессияаралық келісімді нығайту, дін еркіндігін қамтамасыз ету және діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында «Экстремистік, лаңкестік және деструктивтік діни ұйымдар демократиялық қоғам құрудағы қауіп қатер» тақырыбында семинар ұйымдастырылды және шіркеу, мінажат қызметкерлерімен, Құрбан айт, Рождество мерекелері ұйымдастырылды.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында ақпарттық-насихаттық материалдарды аудандық бұқаралық ақпарат құралында жариялау негізінде кесте (график) құрылып, аудандық прокуратура, ішкі-істер органдар мен дербес бөлімдеріге таратылып, жұмыстар атқарылды.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық – Жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау және түсіндіру мақсатында, ақпараттық-насихат топтары 54 кездесу және 14 дөңгелек үстел өткізді. Осындай кездесулер ауданның қоғамдық – саяси жағдайын жақсартуға ықпалын тигізуде.

Аудан бойынша барлық атқарылып жатқан істердің нәтижелері аудан аумағындағы ішкі саяси жағдайдың тұрақтылығын, ұлтаралық келісім мен бірлікті сақтауға, нығайтуға ықпал етеді.

Ауданның агроөнеркәсіп кешені 1189 ауылшаруашылық құрылымын біріктіреді, оның ішінде 1165 шаруа қожалықтары және 24 шаруашылық субъектілері.

Ұлан ауданының аумағы 962481 гектар жерді құрайды, ауыл шаруашылығына арналған жерлер 527877 гектар, оның ішінде: жайылымдар - 323708 га, шабындықтар - 35042 га, егістік - 115551 га және 24686 гектар тыңайған жерлер.

2010 жылдың үш айында ақшаға шаққанда ауыл шаруашылық өнімдерін 1860,8 млн. теңгеге өндірді немесе 14,9 пайызға өсуі байқалды.

2010 жылғы 1 тоқсанда ауданда ірі қара мал - 49601 басты, қой және ешкі - 111669 басты, жылқы -12866 басты, шошқа - 7580 басты және құс - 1077109 басты құрады. Шошқа және жылқы малдарының саны 6,3 және 6,5 пайызға, құс 37,3 пайызға өсуі байқалды.

2010 жылғы 1 тоқсанда 4815,2 тонна ет, 7223,1 тонна сүт, 3457,0 мың дана жұмыртқа. Ет өндірілуі 6,9 пайызға, жұмыртқа өндірілуі 7,4 пайызға өскені байқалды.

Бүгінгі күні ауданда 3993 бас ірі қара малды бордақылайтын 27 алаңша, 1620 бас қой бордақылайтын 3 алаңша,180 бас жылқы бордақылайтын 3 алаңша, 2478 бас шошқа бордақылайтын 4 алаңша жұмыс істеуде.

2010 жылы 1 тоқсанында «Өскемен құс фабрикасы» акционерлік қоғамы 3636,3 тонна сойылған салмақта құс етін өндірді.

Ауданда 3 сүт-тауарлы фермасы жұмыс істеуде, оның ішінде 2059 бас сауылатын сиыры бар. Осы фермолар ағымдағы жылдың 1 тоқсанында 989,5 тонна сүт өткізілді.

2010 жылы 116,7 мың гектар егістік жерлерді игеруі міндеті тұр, оның ішінде 49,4 мың гектарға дәнді дақылдар, 25,2 мың гектарға күнбағыс, 1,0 мың гектарға картоп, 0,250 мың гектарға көкөніс және 28,1 мың гектарда мал азықтық дақылдар егу және 12,1 мың гектар жер тыңайту. Сөйтіп егістік көлемі 2009 жылмен салыстырғанда 7,7 мың гектарға немесе 5,0% ұлғаяды деп жоспарлануда.

2010 жылы ылғал үнемдеу технологиясы бойынша 37 мың гектарға ауыл шаруашылық дақылдарын себу қарастырылды.

Көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге дәнді дақылдарының қажеттілік тұқым мөлшері бар. «КазАгроЭкс» АҚ зертханасына себілетін тұқымның сапасын тексеруге 8467 тонна тұқым, немесе 101% тексеруге жоспарланған көлемі тапсырылды. Тапсырылған тұқымның барлық көлемі тексеріліп 1 класс 5572 тонна (68%), 2 класс 1015 тонна (12%) және 3 класс 1880 тонна (22%) болды.

Бүгінгі күні ауыл шаруашылық құрамаларында 787 барлық маркалы тракторлар бар. Қолда бар барлық ауыл шаруашылық техникалар сапалы және қысқа мерзімде көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге дайын.

Ұсақ шаруашылықтарға көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге ақылы көмек көрсету үшін ауданда «Уланская МТС» ЖШС, «УланАгроСервис» және «Изумруд» шаруа қожалығының негізінде машина технологиялық станциялары қызмет көрсетеді.

Жылдағыдай мемлекет тарапынан көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін ауданның шаруашылықтарына қажетті дизель отыны мен басқа да тауар-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға 111,94 млн. теңге субсидия бөлінді.

Субсидия төлеу ережесіне сәйкес аудандық ведомствоаралық комиссиясы құрылды. Аудандық «Ұлан таңы» газетінде ведомствоаралық комиссияның жұмыс істеу тәртібі және 2010 жылы ауылшаруашылығы өнімін өндірушілерді қолдау мақсатында, «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» және «Аграрлық кредиттік корпорациясы» акционерлық қоғамдар арқылы несиелендіру тәртібі жарияланды.

Жер құнарлығының азаю салдарынан жерге органикалық және минералдық тыңайтқыштар пайдалану қажет. Осыған байланысты, ауыл шаруашылығы құрамаларын қолдау мақсатында мемлекет тарапынан минералдық тыңайтқыштарын құнын 50 пайызға дейін арзандатуға субсидия қарастырылған.

2009 жылы 96 тонна арзандатылған минералдық тыңайтқыштар сатып алынды. 2010 жылы 331,3 тонна арзандатылған минералдық тыңайтқыштарға тапсырыс берілді. Бүгінгі күні тапсырыс берген шаруашылықтар төлем ақысын аударып құжаттарын әзірлеуде.

Ұлан ауданы бойынша барлық суармалы жерлер 11128 га, оның ішінде 2009 жылы игерілген суармалы жерлер 3200 га. 2010 жылы «Украинское» ЖШС суармалы жерлерді игеру мақсаты тұр, осыған 120 млн. теңге қаражат қажет. Сөйтіп, ағымдағы жылы суармалы жерлерді қосымша 400-450 га ұлғайту жоспарлануда.

Ұлан ауданында азық түлік өнімдерін қайта өңдейтін 38 кәсіпорын тіркеліп жұмыс істеуде, оның ішінде 1 құс етін қайта өндеу фабрикасы, 2 диірмен, 18 наубайхана, 6 май айырғыш, 2 дән өңдегіш, 2 сүт өндретін, 2 кондитерлік, 1 шұжық, 1 макарон шығыратын цех, 1 шошқа етін шығыратын, 1 тұшпары және 1 балық ұнын шығаратын цехтар анықталған.

2010 жылдың 1 тоқсанда өнеркәсіп өнімінің өндіріс көлемі 1774,0 млн. теңгені құрады, нақты көлем индексі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 120,6 пайыз. Соның ішінде тау-кен өндірісі 1448,1 млн. теңге былтырғы жылмен салыстырғанда 106,4 пайыз, өңдеу өнеркәсібі 1,4 млн. теңге былтырғы жылмен салыстырғанда 121 пайыз.

2010 жылы ауылдық округтерде барлығы 52 объекттің ашылуы жоспарлануда.

1 тоқсанда шағын және орта бизнес саласында 3 дүкен ашылып, халыққа қызмет етуде.

Шағын және орта бизнестің дамуына қаржылай көмек көрсету мақсатында Шағын несиелеу ұйымы «Көмек» арқылы 2010 жылдың 1 тоқсанына 26 жеке тұлғаға 6,0 млн. теңге несие бөлінді.

«Айыртау Несие» ЖШС арқылы 2 шаруа қоржалықтарына 18,0 млн. теңгеге несие берілді.

2010 жылдың 1 сәуіріне аудандық бюджеттің кіріс бөлігі 100,4 пайызға, оның ішінде меншік түсімдер 101,2 пайызға орындалды, есепті кезеңге жоспардағы 107044,0 мың теңгенің орнына 109103,4 мың теңгеге орындалды, 2059,4 мың теңге болжамнан артық түсті.

Ағымдағы жылдың 1сәуіріне аудандық бюджеттің шығысы 477801,3 мың теңгеге орындалды немесе есепті кезеңнің қаржыландыру жоспарынан 97,0 пайызды құрады.

Қазіргі таңда ауданда 41 білім беру мекемелері жұмыс істеуде.

Жалпы білім беру мектептері - 35, онда 4631 бала оқиды. Екі мектептен тыс оқу мекемелелері: балалар музыка мектебі және облыстық бюджеттен қаржыланатын балалар спорт мектебі. 4 бала-бақша жұмыс істейді, онда 266 бала тәрбиеленуде және 923 баланы қамтитын 28 шағын орталық жұмыс істеуде.

Білім беру мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында, Бозанбай орта мектебіне 1000,0 мың теңге бөлінді (интерактивтік тақта сатып алу). Соның 803,3 мың теңгесі игерілді. Қалған 196,7 мың теңге мемлекеттік сатып алу конкурсының қорытындысымен үнемделді.

2010 жылдың қазіргі таңына 1-4 сыныптарды (1771) ыстық тамақпен қамтуға 8655,0 мың бөлінді. 2010 жылдың І тоқсанына жалпы білім беру қорынан 2571,0 мың теңге игерілді.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде тіркелген жұмыссыздар саны 2010 жылдың 1 сәуіріне 200 адам. Экономикалық белсенді халық санындағы тіркелген жұмыссыздар үлесі 0,8 пайызды құрайды.

2010 жылы 450 адамды жұмысқа орналасу жоспарланған, нақты 298 адам жұмыспен қамтылды.

Жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша 505 жұмыс орнын ашу қаралған болса, нақты 95 жұмыс орны ашылды.

Бағдарлама бойынша 2010 жылы 70 адам жұмыссыз тұлғаларды оқуға жіберуге жоспарланған, нақты 20 адам жіберілді.

Сондай-ақ осы жылы «Жастар-іс тәжірибесін өткізу» жөніндегі арнаулы оқу орындарын бітірген жұмыссыз түлектерді, 2010 жылы 11 адамды осы бағдарламаға жіберуге жоспарланған. Жұмыспен қамту бөлімі арқылы жасасқан келісім шарты бойынша жоғарғы білімді, орта арнаулы жұмыссыздыққа тіркелген 8 адам жіберілді.

Жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша 2010 жылы 15 «Әлеуметтік жұмыс орны» жоспарланып отыр, нақты 2 жұмыссыз тұлға жұмысқа жіберілді.

Нақтылы жұмыс орындарына орналасуға мүмкіндігі жоқ тұлғаларға жұмыспен қамту бөлімі тарапынан ақылы қоғамдық жұмысқа қатысу ұсынылды. 2010 жылы ақылы қоғамдық жұмысқа 630 адам жоспарланды, нақты 216 адам қатысты.

«Жол картасы» бағдарламасы бойынша 2010 жылы ауданда 38 жоба 353 жаңа жұмыс орындары жоспарланды. Оның ішінде: жергілікті бюджеттен:

- Білім беру бөлімінде 19 жоба бойынша 181 адам;

- Жолдарды ағымдағы жөндеуден өткізу 5 жобаға 28 адам;

-Тұрғын үй коммуналдық жүйесін қайта құру және жөндеу жұмыстарына 5 жоба бойынша 55 адам;

- Әлеуметтік жоба бойынша 3 жобаға 67 жұмыс орындары.

Облыстық бюджеттен:

- Денсаулық сақтау бөліміне 4 жоба 11 жұмыс орындары;

- Саратовка ауыл шаруашылық колледжіне 2 жобаға 11 жұмыс орындары жоспарланып отыр.

Жолдауға сәйкес «Жұмыссыздарды оқыту, қайта даярлау» бағдарламасы бойынша 150 адам жоспарланып отыр. Бүгінгі күні Ұлан аудандық ауыл шаруашылық колледжінде «Тракторист», «Газбен дәнекерлеуші», «Есепші» мамандықтарына 110 тұлға оқұға жіберілді. Соның ішінде 7-еуі оралмандар.

Мемлекеттің тең қаржыландыруын пайдалана отырып халықтың нысаналы топтарына арналған «Әлеуметтік жұмыс орындарын ашу» бағдарламасы бойынша 25 жұмыс орны жоспарланған, 2010 жылдың 1 сәуіріне 12 жұмыссыз тұлғалар орналастырылды.

Сонымен қатар «Жастар іс-тәжірибесі» бағдарламасы бойынша 15 жұмыс орнына жіберу жоспарланған, нақты 6 жұмыс орнына мамандықтары бойынша жіберілді.

Бюджеттен «Күміс - Алқа», «Алтын - Алқа», «Материнская Слава» 1 және 2 дәрежелерімен марапатталған, сонымен қатар 4 және одан жоғары 18 жасқа толмаған балалары бар көп балалы аналарға 8 – наурыз Халықаралық әйелдер күніне 480 анаға 5000 теңгеден материалдық көмек бөлінді, барлық сомасы 2400,0 мың теңгені құрады.

Ұлан ауданының 16 елді мекендері орталықтандырылған сумен қамтылған, бұл аудан тұрғындарының 47,4%-ын құрайды. Қалған елді мекендер суды жеке скважиналар мен құдықтардан алады.

2010 жылы ауданның сумен қамту және су торабы жүйелерінің қызмет етуіне 7670,0 мың теңге бөлінді. Бөлінген қаражатқа ауданның елді мекендерінде қоғамдық скважиналарды бұрғылау және ағымды жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Соның ішінде Айыртау ауылында су құбырлар жүйелерін ағымды жөндеуге – 600,0 мың теңге, Асубұлақ кентінде және Тарғын ауылдық округі бойынша қоғамдық скважиналарды бұрғылауға – 2150,0 мың теңге, Каменка және Азовое ауылдарына насос алуға – 600,0 мың теңге, Таврическое, Привольное, Восточное ауылдарындағы су құбырлар жүйелерін ағымды жөндеуге – 2050,0 мың теңге және Огневка кентіне – 270,0 мың теңге бөлінді. Молодежный кентінің канализация жүйелерін ағымды жөндеуге 2000,0 мың теңге бөлінді.

Молодежный кентінің жылу жүйелерін ағымды жөндеуге 3370,0 мың теңге бөлінді. Бөлінген қаражаттардың игерілуі маусым-тамыз айларына жоспарланған.

2010 жылдың 3 айында тұрғын үйді іске қосу 713 шаршы метр құрады, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,9 пайызға артық.

Ұлан ауданы бойынша автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 707 шақырым. Соның ішінде республикалық маңызы бар жолдар 152 шақырым, облыстық маңызы бар жолдар 92 шақырым, жергілікті маңызы бар жолдар 463 шақырымды құрайды.

2010 жылы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын қысқы мерзімде ұстауға 11000,0 мың теңге, көшелерді қардан тазалауға 5250,0 мың теңге және автомобиль жолдарын ағымды жөндеуге 12595,0 мың теңге бөлінді.

Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 2010 жылы 300,0 мың теңге бөлінді.

Аудан бойынша 22 клуб мекемелері халыққа мәдени қызмет көрсетуде. Клуб мекемелері мәдени шараларды ұйымдастыруда және өткізуде Елбасы жолдауларын насихаттауды, ауданның мәдени өміріне жастарды тартуды, олардың шығармашылық және жеке қабілеттерін, эстетикалық танымдарын дамытуды, аға ұрпақты құрметтеуге тәрбиелеуді, мемлекеттік тілді дамытуды негізге ала отырып, мәдени шаралардың әр-түрлі формаларын іске қолдануда.

Ауданда «Халықтық» атағы бар 5 шығармашылық ұжым бар. Олар: Таврия ауылдық Мәдениет үйінің орыс әндері хоры, аудандық Мәдениет үйінің «Бескөл» фольклорлық ансамблі және «Ұлан» драма театры, Бозанбай ауылдық мәдениет үйінің «Жастар» би ұжымы, Завидное ауылдық клубының «Надежда» вокалдық тобы.

Мәдениет мекемелерінің материалдық-техникалық базасы жылдан-жылға жақсаруда.

2010 жылы ауданның мәдениет мекемелерінің қызметіне аудан бюджетінен 48787,0 мың теңге бөлінсе, оның ішінде мәдени-көпшілік шараларды жақсартуға 2500,0 мың теңге бөлінді.

2010 жылы «Жол картасы» бағдарламасы бойынша Бозанбай ауылдық клубының ғимараты мен аудандық мәдениет үйінің электр жүйелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

2009 жыл көлемінде барлығы 1747 мәдени шаралар өткізіліп, 87350 көрерменді қамтыса, 2010 жылдың І тоқсанында аудан бойынша 439 мәдени шара өткізіліп, 15365 адамды қамтыды.

Молодежный кентінде қантар айында оқушылар арасында шаңғы спортынан аудан біріншілігі, еркін күрестен аудан көлемінде ашық жарыс және ер балалар арасында волейболдан аймақтық жарыстар өткізілді.

Сонымен қатар Бозанбай ауылында ақпан айында Ұлы Отан соғысының 65 жылдығына арналған волейболдан ардагерлер арасында В. А. Козловты есеке алу турниры өткізілді.

2010 жылдың 20 ақпанында Привольный ауылында Ауған соғысының жауынгері Мурат Қожановты еске алу турниры шайбалы хоккейден аудан көлемінде оқушылар арасында өткізілді. Бұл жарысқа 6 команда, 90 жас хоккейшылар қатысты. Осы турнирде бірінші орын Привольное, екінші орын Бозанбай, үшініші орын Таврия мектептері иеленді.

Сонымен қатар 2010 жылдың 27 ақпанында ерлер арасында хоккейден Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 65 жылдығына арнайы Совет Одағының Батыры Николай Лутты еске алу турниры аудан көлемінде өткізілді.



Ұлан аудан бойынша 2010 жылдың 6-8 наурыз күні Қазақстан Халықаралық әйелдер күніне арналған ауылдық округтер мен кенттерде барлық спорт түрінен волейбол, баскетбол, үстел теннисі, дойбы, шахмат, гир көтеру, қол күрес, тоғыз құмалақтан жарыстар өткізілді.

Экономика және бюджеттік

жоспарлау бөлім бастығы Е. Турганов


Каталог: files
files -> Мазмұны мамандық бойынша түсу емтиханының мақсаттары мен міндеттері
files -> І бөлім. Кәсіпкерліктің мәні, мазмұны
files -> Програмаллау технологиясының көмегімен Internet дүкен құру
files -> Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты «Сот кабинеті»
files -> Интернет арқылы сот ісі бойынша ақпаратты қалай алуға болады?
files -> 6М070600 –«Геология және пайдалы қазба кенорындарын барлау» 1 «Пайдалы қазба кенорындарын іздеу және барлау»
files -> Оқулық. қамсыздандыру: Жұмыс дәптері
files -> «2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік-разрядты спортшы спорттық разрядтарын және біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы
files -> Регламенті Негізгі ұғымдар Осы «Спорт құрылыстарына санаттар беру»
files -> Спорттық разрядтар мен санаттар беру: спорт шеберлігіне үміткер, бірінші спорттық разряд, біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты нұсқаушы-спортшы


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет