Регламенті Жалпы ережелер > «Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту»



Дата08.07.2016
өлшемі152.36 Kb.
#185184
түріРегламент


Павлодар облысы әкімдігінің

2014 жылғы «20»мамыр

№ 171/5 қаулысымен

бекітілген



«Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет

регламенті

1. Жалпы ережелер
1. «Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) 1-қосымшаға сәйкес Павлодар облысының жер қатынастары басқармасы, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жер қатынастары бөлімдері көрсетеді (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру:

көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

«Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Павлодар облысы бойынша филиалы (бұдан әрі – ХҚО) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.

3. Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесі – жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнының бекітілген актісі.



2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылдар тәртібін сипаттау


  1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 16 сәуірдегі № 358 қаулысымен бекітілген «Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту» стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 9-тармағында көрсетілген құжаттар мен өтініш береді.

  2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:

  1. көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері құжаттарды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті алушыға талон береді. Көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы құжаттарды қарастырады және жауапты орындаушыны анықтайды – 1 жұмыс күнінің ішінде;

  2. жауапты орындаушы құжаттарды тексереді және актіні бекітуге дайындайды (бұдан әрі – акт). Көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы актіні қарастырып, қол қояды – 1 жұмыс күнінің ішінде;

3) көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері бекітілген актіні шығыс хат-хабарлары журналында тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға береді – 1 жұмыс күнінің ішінде.

3. Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнының бекітілген актісі кемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесі болып табылады.



3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
1. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

1) көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері

2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы;

3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы.

2. Актіні беруге арналған әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) арасындағы әрбір рәсім (іс-қимыл) бірізділігінің сипаттамасы осы регламенттің 2-қосымшасында (кесте) және блок-сызба 3-қосымшасында қоса берілген.


4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде халыққа қызмет көрсету

орталығымен және (немесе) өзге де көрсетілген қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау
1. Көрсетілген қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ХҚО-ға Стандарттың 9-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды беруі тиіс.

Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:

1) ХҚО қызметкері құжаттар түпнұсқаларының шынайылығын мемлекеттік ақпараттық жүйелерден берілген мәліметтермен салыстырып қарайды және көрсетілетін қызметті берушіге орындау үшін жолдайды – 15 минут ішінде;

2) көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері құжаттарды қабылдауды,

тіркеуді жүзеге асырады. Көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы құжаттарды қарастырады және жауапты орындаушыны анықтайды – 1 жұмыс күнінің ішінде;

3) жауапты орындаушы құжаттарды тексереді және актіні бекітуге дайындайды (бұдан әрі – акт). Көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы актіні қарастырып, қол қояды – 1 жұмыс күнінің ішінде;

4) көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері құжаттарды беру тізілімін құрастырады және актіні ХҚО-ға жібереді. ХҚО көрсетілетін қызметті алушыға бекітілген актіні береді – 1 жұмыс күнінің ішінде.

Құжаттарды көрсетілетін қызметті беруші немесе ХҚО арқылы қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға мыналарды көрсете отырып, тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы талон беріледі:

cұрау салудың нөмірі және қабылданған күні;

сұрау салынған мемлекеттік көрсетілетін қызметтің түрі;

қоса берілген құжаттардың саны мен атауы;

құжаттарды беру күні (уақыты) және орны;

құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған ХҚО қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты;

көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты, көрсетілетін қызметті алушы өкілінің тегі, аты, әкесінің аты және олардың байланыс телефондары.

Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе паспорты туралы мәліметтерді, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамаларды көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) ХҚО қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден уәкілетті адамның электрондық цифрлік қолтаңбамен куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжаттар нысанында алады.

Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ХҚО қызметкері көрсетілетін қызметті алушыдан мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісімін алады.

2. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесін беруді ХҚО қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға жеке басын куәландыратын құжат немесе сенімхат ұсынылған кезде қолхаттың негізінде жүзеге асырады.

Көрсетілетін қызметті алушы дайын құжаттарды алуға ХҚО-ға бір ай өткеннен кейін жүгінген кезде ХҚО бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушіге сұрау салады. Көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды ХҚО-ға жібереді, одан кейін ХҚО дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға береді.

Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мерзімде қызметтің нәтижесін алуға келмеген жағдайда, ХҚО Стандартта көрсетілген мерзімде олардың сақталуын қамтамасыз етеді. ХҚО қызметкері құжаттарды қабылдаудан бас тартқан жағдайда, көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушыға жеткіліксіз құжаттар көрсетілген қолхат беріледі.

Мемлекеттік қызметті көрсетуде қатысқан құрылымдық-функционалдық бірліктердің функционалдық өзара іс-қимылы осы регламенттің 4-қосымшасында блок-сызбада және 5-қосымшасында диаграммада келтірілген.

«Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне

1-қосымша

                                                 

   




Атауы

Мекен-жайы

Байланыс нөмірі

Электрондық

мекен-жайы



1

2

3

4

5

1

«Павлодар облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі

Павлодар қаласы,
Жеңіс алаңы, 17

8-718-2
32-49-57

kense.uzo@
pavlodar.gov.kz

2

«Ақтоғай ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Ақтоғай ауданы,
Актоғай ауылы,
Абай көшесі, 77

8-718-41
2-14-25

aktogaiozo@mail.ru

3

«Баянауыл ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Баянауыл ауданы,
Баянауыл ауылы,
Сәтбаев көшесі, 55

8-718-40
9-13-43

bayanozo@mail.ru

4

«Железин ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Железин ауданы,
Железинка ауылы,
Квитков көшесі, 7

8-718-31
2-12-56

palinal@yandex.kz

5

«Ертіс ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Ертіс ауданы,
Ертіс ауылы,
Бөгенбай көшесі, 97

8-718-32
2-15-46

Zemelniy. irtishsk@

yandex.ru



6

«Качиры ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Качиры ауданы,
Тереңкөл ауылы,
Тургенев көшесі, 85 а

8-718-33
2-11-78

zemotdelkachiry@

rambler.ru





7

«Лебяжі ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Лебяжі ауданы,
Аққу ауылы,
Мира көшесі, 1

8-718-39
2-10-03

1979adlet@mail.ru

8

«Май ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Май ауданы,
Көктөбе ауылы,
Абылайхан көшесі, 30

8-718-38
9-13-77

maiskzem@mail.ru

1

2

3

4

5

9

«Павлодар ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Павлодар қаласы,
Толстой көшесі, 22

8-718-2
32-32-36

Otdzem60@mail.ru

10

«Успен ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Успен ауданы,
Успенка ауылы,
Ленин көшесі, 70

8-718-34
9-17-30

Ozouspenka@yandex.ru

11

«Шарбақты ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Шарбақты ауданы,
Шарбакты ауылы,
Советов көшесі, 49

8-718-36
2-16-51

ozosherbakty@mail.ru

12

«Ақсу қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Ақсу қаласы,
Пушкин көшесі, 42

8-718-37
6-22-46
5-01-25

Ozo_aksu@mail.ru

13

«Екібастұз қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Екібастұз қаласы,
Екібастұз қаласының 50 жылдығы көшесі, 10

8-718-77
5-43-00

co.zemres@mail.ru

14

«Павлодар қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Павлодар қаласы,
Кривенко көшесі, 25

8-718-2
32-48-27

Cityd@nursat.kz

 

 



 

 

 



 

 

Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер



учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне

2-қосымша

1-кесте. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) арасындағы әрбір рәсім (іс-қимыл) бірізділігінің сипаттамасы





Негізгі процестің іс-қимылдары (жұмыcағымының)

1

2

3

4

5

6

7

1

Іс-қимылдың ( жұмыс ағымының) №

1

2

3

4

5

2

Атауы

Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері

Көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы

Көрсетілетін қызметті берушінің

жауапты орындаушысы



Көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы

Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері

3

Іс-қимылдың (процесстің, рәсімнің, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы


Құжаттарды қабылдау және тіркеу

Құжаттарды қарастыру

Құжаттарды тексеру, актіні бекітуге дайындау

Актіні қарастыру және оған қол қою

Шығыс хат-хабарлары журналында тіркеу


4

Аяқтау нысаны (мәліметтер, құжат, ұйымдастырушылық-өкімші шешім)

Талон

Жауапты орындаушыны анықтау

Акт

Бекітілген акт

Бекітілген актіні көрсетілетін қызметті алушыға беру

5

Орындау мерзімдері

1 жұмыс күнінің ішінде

1 жұмыс күнінің ішінде

1 жұмыс күнінің ішінде

6

Келесі іс-қимылдың нөмірі

2

3

4

5

6

«Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне

3-қосымша


Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) арасындағы әрбір рәсім (іс-қимыл) бірізділігінің сипаттамасы


Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері құжаттарды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті алушыға талон береді. Көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы құжаттарды қарастырады және жауапты орындаушыны анықтайды - 1 жұмыс күнінің ішінде








Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері бекітілген актіні шығыс хат-хабарлары журналында тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға береді - 1 жұмыс күнінің ішінде



«Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне

4-қосымша



ХҚО арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуде әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) арасындағы әрбір рәсім (іс-қимыл) бірізділігінің сипаттамасы


Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері құжаттарды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады. Көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы құжаттарды қарастырады және жауапты орындаушыны анықтайды – 1 жұмыс күнінің ішінде


ХҚО қызметкері құжаттар түпнұсқаларының шынайылығын мемлекеттік ақпараттық жүйелерден берілген мәліметтермен салыстырып қарайды және көрсетілетін қызметті берушіге орындау үшін жолдайды – 15 минут ішінде








Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері құжаттарды беру тізілімін құрастырады және актіні ХҚО-ға жібереді. ХҚО көрсетілетін қызметті алушыға бекітілген актіні береді – 1 жұмыс күнінің ішінде
.




«Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне

5-қосымша

ХҚО арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуде функционалды

өзара іс-қимыл диаграммасы 





Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері құжаттарды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті алушыға талон береді. Көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы құжаттарды қарастырады және жауапты орындаушыны анықтайды

Жауапты орындаушы құжаттарды тексереді және актіні бекітуге дайындайды. Көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы актіні қарастырып, қол қояды






15 минут ішінде 1 жұмыс күнінің ішінде 1 жұмыс күнінің ішінде 1 жұмыс күнінің ішінде





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет